- •1.Сөздердің тіркесу тәсілдері мен формаларының топтастыру принциптерін анықтаңыз.
- •3.Есімді сөз тіркестері, байланысу формаларын, мағыналық қатынастарын атаңыз.
- •4.«Зат есім- Зат есім» типті сөзтіркестері, байланысу формалары, семантикалық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •5) Бастауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •6) Баяндауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •7)Пысықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •8) Толықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •9) Анықтауыш, құрамы, жасалу жолдарын саралаңыз.
- •9.Анықтауыш,құрамы,жасалу жолдарын саралаңыз.
- •11.Номинативті және етістікті сөйлемдер,олардың жұмсалуындағы ерекшеліктерді атаңыз.
- •12.Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері:толымды,толымсыз сөйлемдердің қызметіне жасалу жолдарына тоқталыңыз.
- •25. ҚҰрмалас сөйлемді құруға интонацияның қатысуы, интонацияның негізгі компоненттері.
- •37. Үлестес сабақтас құрмаластар: жасалуы мен қызметіне тоқталыңыз.
- •39. Обьектілік қатынасқа ұүрылған іргелес салалас құрмалас сөйлемдер: жасалуы мен қызметіне тоқталыңыз.
3.Есімді сөз тіркестері, байланысу формаларын, мағыналық қатынастарын атаңыз.
Зат есімді сөз тіркестері негізінен үш формада – қабысу, меңгеру, матасу арқылы құралады. Қабыса байланысқан зат есімді сөз тіркестерінің ішінде өнімді жұмсалатындардың бірі- екі зат есімнен- атау септік зат есім - зат есім болып құралатыны: қол орамал, ағаш күрек. «Сын есім - зат есім» типті сөз тіркестерінің құрамындағы сөздпер анықтауыштық қатынасты білдіреді: қызыл түс, ауыр жүк. Сан есім –зат есім қабысу амалы арқылы сөз тіркесін құрғанда олар өзара анықтауыштық қатынасқа түседі. Бағыныңқы компонент ретінде енген сан есім сөз заттың сандық сынын, сапасын білдіреді. Тіркеске сан есімнің жинақтық деп аталатын түрінен басқасы түгел қатыса алады: екі концерт, екінші қатар. « Есімдік- зат есім» типті қабыса байланысқан сөз тіркестеріне бағыныңқы компонент ретінде сілтеу, сұрау, жинақтау есімдіктері қатысады: мын көпір, қай жыл, нешінші қатар, бүкіл халық. «Есімше - зат есім» типті свөз тіркестері. Зат есімді сөз тіркестеріне бағыныңқы компонент ретінде есімшелердің -атын, -етін, -ар, -ер,- ған, -ген, -қан, -кен тұлғаларының баолығы да қатысады: келген кісілер, келетін кісілер, келер кісілер (келді) «Үстеу - зат есім» типтес сөз тіркестері. Үстеудің бағыныңқы компонент ретінде зат енсімді сөз тіркестерін қатысуы өте сирек. Зат есім баяндауыштық қызметте келгенде ғана үстеу сөзді қыбылдап, қабыса байланысқан сөз тіркестерін құрайды: бүгін кезекші, қазір инженер, жылма-жыл бастық. Матасу амалы арқылы құрылған зат есімді сөз тіркестері. Матасу деп сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне- бірі іліктес грамматикалық формалар алып байланысу амалы айтылады. Бұл формалар – ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы. Басым сөз тәуелдік жалғаулы формада тұрып, бағыныңқы сөз ілік септікті тұлғада тұрады. Сөз тіркесі анықтауыштық қатынасты білдіреді: көшенің жиегі, машинаның кабинасы. Меңгеліле байланысқан зат есімді сөз тіркестері. Меңгеру амалы арқылы құрылатын зат есімді сөз тіркестері өлшеулі синтаксистік аяда көрінеді. Бұл сөз тіркесінің бағыныңқы сөзі барыс септік дормасында меңгеріліп, зат пен заттың арасындағы қатыстық байланысты білдіреді: Асқарға інімін, үйірмеге мүше. Меңгеру амалымен құрылған сын есімді сөз тіркестері. Сын енсім басыңқы компонент ретінде жұмсалып сөз тіркесін құрағанда, бағыныңқы сөз ретінде зат есім , есімдік, есімшелер, тұйық рай етістіктер қатысады. Бұл сөздр барыс, шығыс, көмектес септік тұлғаларында меңгеріледі. а) бағыныңқы компонент зат еісм барыс септік тұлғада тіркескенде, сын есімді тіркес зат пен сапаның арасындағы қатыстық байланысты білдіреді: шаруаға пысық, іске шыдамсыз. ә) Бағыныңқы шығыс септік тұлғада меңгеріліп тіркескенде, сын есімді сөз тіркесі салыстыру, салғастыру қатынасын білдіреді: желден жүйрік, ағаштан биік. б) Бағыныңқы компонент көмектес септік тұлғадағы зат есім, басыңқы сөз сын есім болып келген сөз тіркесі екі сөздің арасындағы амалдық қатынасты білдіреді: ісімен жарасты, мінезімен сүйкімді. Сан есімді сөз тіркестері. Сан есімдер басыңқы компонент болып негізінен матасу формалы сөз тіркесін құрайды. Сан есімді тіркестер бағыныңқы компонент ретінде бөлщекке түсетін заттарды атайтын зат есім сөздерді, субстантивті сын есімдерді қатыстырып, тұтас, көп зат пен оның бөлшегінің қатынасын білдіреді: балардың төртеуі, қызылының біреуін (бер). Матасып байланысып «сан есім- сан есім» құрамында құралған сөз тіркестері кісінің жас мөлшерін атау жағдайында күрделі сан есімдердің орнына жұмасалады: жиырманың екісінде, алпыстың үшінде.
