Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sintaxis.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.5 Кб
Скачать

1.Сөздердің тіркесу тәсілдері мен формаларының топтастыру принциптерін анықтаңыз.

Сөздердің байланысу тәсілдері.Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады: Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады. Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады. Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады. Сөзтіркесіне енген сөздерді байланыстыру үшін тілде мынадай тәсілдер жұмсалады: 1. Жалғаулар (септік, тәуелдік, көптік, жіктік жалғаулар). 2. Шылаулар (жалғаулық, септеулік). 3. Сөздердің орын тәртібі. 4. Интонация.

Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.

Сөздердің байланысу түрлері:

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін дейміз.

Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз. Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару

Матасу деп сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысқан немесе матасу дейміз Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.

2.Етістікті сөз тіркестері, байланысу формалары, мағыналық қатынастарын атаңыз.

Етістікті сөз тіркестеріне қабысу амалы арқылы бағыныңқы компонент ретінде қатысатын сөздер мыналар: сын есімдер, сан есімдер, көсемшелер, үстеулер, еліктеуіш сөздер. Етістікті сөз тіркесіне бағыныңкы болып сын есімдер жаппай еркін қатыса бермейді. Етістікпен мол тіркесетіндер -дай, -дей, -тай, -тей, -сыз, -сіз жұнақтары арқылы жасалған сын есім сөздер: сынаптай құбылды, шайдай ашылды, дамылсыз сөйледі.

Сапалык сын есім сөздердін. бағыныңқы болып етістікті сөз тіркеске кіруі аз. Бұлардың көбі күрделі көсемшенің шегерілуі негізінде қалыптасқан: (ұзын қылып кесті—ұзын кесті, қалың болып шъқты—қалың шықты), Сын есімді қабыстырып катыстырған етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді.

Сан есімдер етістікті сөз тіркесіне негізінен дүркіндік, көлемдік мағыналы рет, есе сөздерінің жетегінде кірігеді: екі рет сүңгіді, екі есе өлшеді. Тек ауызекі сөзде немесе осы стильге еліктеген жазба тілде сан есім етістікпен тікелей қабысып тіркеседі: ол ұзағанша артына үш қарады. Соңғы тіркес — толық варианттың шегерілген түрі. Үш рет қарады — үш қарады. «Атау тұлғалы зат есім — етістік» типті тіркестер компоненттерінің тығыз байланысты болуына, айтуға ықшам болуына сай қимыл атауларын жасау үшін көп жұмсалады. Көз тікті, құлақ тікті, жол салды, әрекет істеді. Үстеулер қимылға тән амалды, сапаны, мезгілді, мекенді атайтын сөздер болғандыктан, олар етістіктермен мол тіркеседі және олар морфологиялық өзгеріске түсе алмайтын болғандыктан етістікпен тек қабысып тіркеседі. Тіркескен үстеу сөз бен етістік мынадай мағыналық катынаста тұрады:

1. Мезгілдік — жаңа қарады, ерте бітті, биыл көшті. 2. Мекендік — әрі отырды, кері бұрылды т. т. 3. Амалдық — шапшаң көнеді, бастан-аяқ айтты, қасқырша ұлиды.

Сөздердің еліктеуіштік мағынасы оларды белгілі етістіктермен ғана тіркесуге мәжбүр етеді. Мысалы, қарш-қарш. тек шайнады етістігімен, бұрқ-бұрқ — қайнады, қарқ-қарқ — күлді етістігімен тіркеседі. Еліктеуіш сөз-дердің бәрі бірдей түбір күйінде тікелей етістікке тіркесе алмайды. Мысалы, шіңк-шіңк, жалт-жұлт, адыраң-адыраң, қылп-қылп тәрізді көптеген еліктеуіш сөздер көмекші етістіктің жәрдемімен көсемшелік тұлға алып тіркеседі: жалт-жұлт етіп. жарқырады, шіңк-шіңк етіп сөйледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]