Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Oftalm_lektsia_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
730.62 Кб
Скачать

8. Глаукоманың негізгі түрлері(3 түрі):

Біріншілік, екіншілік, іштен туа пайда болған.

9. Біріншілік глаукома. Оның даму себебі дренажды жүйеде жергілікті өзгерістер салдарынан КІҚ жоғарлауы. Біріншілік глаукомада екіншілікпен салыстырғанда алдын ала көзде органикалық өзгерістер болмайды.

Біріншілік глаукоманың жіктелуі.

Үш негізгі формасын ажыратады: ашық бұрышты (АБГ), жабық бұрышты (ЖБГ), аралас бұрышты.

Оның арқайысысы 4 сатыдан тұрады: бастапқы, дамыған, алысқа барған, терминальды сатысы.

Бастапқы сатысында басты белгі – КІҚ жоғарлайды, КНД және көру аймағы жағынан өзгерістер жоқ.

Дамыған сатысында көру аймағында танау жағынан 10 градус тарылады. (50 градустан төмен), алысқа барған сатысында көру аймағы көз тігу нүктесінен 15 градустан төмен және қараңғыға бейімделу төмендейді.

Терминальды сатысында затты көру дұрыс емес жарық сезгіштігі сақталмаған.

Глаукоматозды экскавация дамыған сатысында білійнеді. Біртіндеп көру нервісінің семуі дамиды. Глаукомада КІҚ-ың тұрақталуының 3 негізгі белгісі бар: көру қызметінің тұрақтылығы, КІҚ қалыпты деңгейі және көзден сұйықтың ағу жеңілдігі қалыпты.

Егер КІҚ қалыпты, бірақ КІҚ-ың ағу жеңілдігі бұзылса, глаукоматозды процесс тұрақсыз. КІҚ алыпты көрсеткіштері:

А) 17-27 мм.сын.бағ. арасында;

Б) 28-32 мм.сын.бағ.

С) 33 және одан жоғары

10. Ашық бұрышты глаукома (АБГ) ешбір белогісіз өтеді. Қатерлігі осында. Кейбір жағдайларда науқастар бір көзінің көрмей қалғанын сезбей де қалады. Жалғыз белгісі – КІҚ және тонографиялық өзгереді, үнемі жоғары қысымның салдарынан көздің ішінде зат алмасу процесстері өзгереді көру нейрвісінің глаукоматозды экскавенциясы, келесіде оның семуі дамиды. Көру өткірлігі ашық бұрышты глаукомада біртіндеп төмендегендіктен, науқастар оған көп көңіл бөлмейді. Бұл жайда жасына байланысты өзгерістер мен байланыстырады. Қатерлігі де осында. Төмендеген көру өткірлігі көру нервісінің семуінің салдары. Бұл қайтымсыз процесс.

АБГ-ны катарактадан ажырата білу керек. АБГ патогенезі - көздің дренажды жүйесінің қызметінің дистрофиялық және дегенеративті процесстер салдарынан бұзылуына байланысты.

Науқастың бастапқы сатысында бұл өзгерістер біріншілік және жасы ұлғайған сау адамдардағы өзгерістерге ұқсас. Глаукоматозды процесстің дамуы барысында, әсіресе алысқа барған сатысында, дегенеративті өзгерістер екіншілік, яғни олар офтальмотонустың жоғарлауы салдарымен түсіндіріледі.

АБГ- ға сыртқы немесе интресклеральды блок тән. Склеральды синус(Шлеммов канал) тарылады немесе жоғары ішкі қысымның әсерінен трабекуламен толық жабылады.

Бірақ синустың жабылуы анатомиялық тұрғыдан, яғни генетикалық тұрғыдан қамтамасыз етіледі.

АБГ жанұйялық және аутосомды доминантты, сирек рецессивті гендермен бақыланады.

11. Жабық бұрышты глаукома (жбг) белгілері

Жабықбұрышты глаукома ерте белгілер береді: бастлың ауырсынуы, қас үсті ауыру, самайда, желкеде ауырсыну, әсіресе шаршағанда, нершвті-психикалық зорығу салдарынан, салқын тигеннен кейін, ыстық моншаға жуынса, психо-эмоциональды стресстерден соң т.б.

Баста ауырсыну, жанған жарыққа қарағанда айналасында кемпірқосақ пайда болумен өтеді, көз алдында шыбын-шіркей ұшып жүргендей, көзде ауырлық; көзде қысым сезіну; көзде жас тұрғандай сезіну. Аталған шағымдарамен науқастар емдеу мекемелеріне келеді. Глаукоманың бастапқы сатысында аккомадация бұзылады; үнемі науқас көз әйнегін ауыстыруға мәжбір. Объективті белгілері: алдыңғы кірпіктің веналары кеңейген және иректелген («кобра симптомы»), қасаң қабық қарауытқан, алдыңғы камера кішірейген, шатыраш қабықта сему ошақтары бар, көру өткірлігі төмендеген, көру аймағы тарылған, көру нервісінің экскавациясы. Бұл патологиялық өзгерістер сатысына байланысты дамиды.

Глаукоманың жедел ұстамасы.

5-10 % жағдайда ЖБГ глаукоманың жедел ұстамасы ретінде өтеді. Процесс бір жақты, көзде қатты ауырсыну; көздегі ауырсыну сол жақ басқа, самайға, тіске, құлаққа, үшкіл нервтің бойымен беріледі. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, кейде коллапсқа жақын белгілер бар: суық тер, пульс баяулаған, жүрек айну, құсу, қалтырау, кейде дене температурасы жоғары. Бұл белгілер науқасты дұрыс анықтауда кедергі тудырады.

Глаукоманың жедел ұстамасының белгілері: жанған жарыққа қарағанда оның айналасында кемпірқосақ пайда болады (қасаң қабық ісінгендіктен және көз алды тұманданғындықтан); айқын сүйелденген инъекция («кобра» симптомы), қасаң қабық ісінген, қарашық кеңейген (сфинктердің салдылығы салдарынан КІҚ күрт жоғары).

Шатыраш қабық ісінген, қарашықтың бойымен артқы синхиялар түзіледі. Кейде ісінген КНД көрінеді., шекарасы анық емес, тор қабықтың орталық артериясының пульсы көрінеді, КНД-де, оның маңында қан құйылған. КІҚ – 60-80 мм.сын.бағ. дейін көтеріледі, көзден сұқйықтық ағып кетуі толық тежеледі. Гониоскопияда алдыңғы камераның бұрышы толық жабық.

Әрбір ұстамадан кейін гониосинхия, артқы синехия және шатыраш қабықта сему қалады. Глаукоманың жедел ұстамасы иридтен ажырату керек. Созылмалы ағымменн ЖБГ-ны және АБГ-ны анықтауының келесі белгілері бар: КІҚ жоғарлауы, көзден сұйықтық ағуы тежелген, глаукомаға тән көру аймағының тарылуы, көру нервісінің глаукоматозды экскавациясы. АБГ-ың ЖБГ-дан айырмашылығы ЖБГ-да алдыңғы камераның бұрышы шатыраш қабықтың түбімен немесе гониосинхиялармен жабылады.ЖБГ-ың патогенезде басты роль алдыңғы ұңғылдың шатыраш қабықтың түбімен жабылуы, ол қарашықтың функциональды блогы нәтежиесінде дамиды. Қарашықтың функциональды блогінің дамуын тудыратын жәй – көз бұршағының алдыңғы орналасуы. Шатыраш қабық үлкен аймақта көз бұршағының алдыңғы бетіне тығыз жанасын отырады., соның салдарынан артқы камерадан алдыңғы камераға сұйықтың өтуі тежеледі.

Артқы ұңғылда қысым жоғарлайды, шатыраш қабық алдыға қарай ығысады. Осы ығысудың салдарында алдыңғы ұңғыл шатыраш қабықтың түбімен жабылады.

Қарашықты функциональды блоктың дамуы іштен туа пайда болған анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты: көз алмасының мөлшері кіші, көз бұршағының мөлшері ұлғайған, кірпікті дене алдыңғы орналасқан. Бірақ бұндай көз алмасының құрылысы сау, жасы ұлғайған адамдарда кездеседі. Дегенімен глаукома жағымсыз факторлардың әсрімен генетикалық тұрүғыдан қауіпі бар адамдарда дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]