Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Oftalm_lektsia_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
731 Кб
Скачать
☆

2 .Қазақстан Респуликасында офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру.

Барлық отандық медицинаны ұйымдастыру негізінде науқастардың алдын алу бағыты жатыр және бұл принцип балалар мен ересектердің көруін сақтауда және көз ауруларын емдеу негізінде жатыр.Мемлекет пен Деңсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтармен қаулылары офтальмологиялық қызыметтің дамуына бағыталған.Іштен туа пайда болатын көз ауруларын ( катаракта,глаукома,қылилық,ісік аурулары)ерте анықтау мақсатында балаларда акушерлер немесе неонатологтар көз ағзасын қарауы қажет (қарашықтардың жарыққа рекациясы арқылы,жалпы қозғалыс реакциясы бойынша ),келесіде поликлиниканың педиаторы- баланың алғашқы жылында көздерін сырттай қарау тәсілімен,жанынан жарық түсіру арқылы, өтпелі жарықта қарауы қажет;поликлиника офтальмологы мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларда рефракцияның аномалиясын атропин тамызып,мидраз жағдайында скиаскопия тәсілімен (6 айдан асырмай),көз түбіндегі өзгерістерді қосымша- офтальмоскопия және биомикроскопия тәсілдерімен қарауы қажет.Республикада офтальмологиялық қызметтің амбулаторлы тарамының дамуына және сапасының жақсаруына көп көңіл бөлінеді.Себебі бұл жүйеде барлық офтальмологтардың 3/4көп бөлігі қызмет етеді.Емханада төсектер қысқ артылатындықтан поликлиникалық жұйенің жұмысының ұлғаюын талап етеді: яғни,науқастардың

келесіде емханадан шыққаннан соң әрі емделуі поликлиника-

ларда жүзеге асырлады Келесіде поликлиникалық жұйенің жұмысының қарқыны ұлғаяды;консервативті емі,амбуаторлы хирургия ,диспансеризация,медициналық байқаулар,еңбекке жарамдық сарапатамасы және т.б.поликлиниканың міндетінде болады.

Амбулаторлы қызметтің негізі мақсаты балалардың көз ағзасын сақтау.,іштен туа пайда болған ауруларды ( қылилық,миопия ),басыр және т.б.ауруларды анықтау, дер кезінде ( консервативті және хирургиялық ) ем тағайындау, көз ауруларының алдын алу,сапалы да тиімді диспансеризация.

Біздің мемілекетте балалардың көру қабілетін сақтау кабинеттері қызмет етеді.

Олар техниканың соңғы талабына сай жабдықталған.Мектеп жасына толмаған балаларға арнайы балалар бақшалары ұйымдастырылған.Жазғы айларда арнайы

лагерьлер қызмет етеді.Ірі облыс орталықтарында емханаларда көз бөлімдері ашылған.Қазақстан Республикасының Деңсаулық сақтау және білім министірлігі бұйрығы бойынша балалар бақшасында тәрбиешілер мен мектептің оқытушылары

балаларда көз ағзасының қызметінің бұзылуын аңықтауға қатысады.Олар «қатер топты »аңықтап,оларды окулистке бағыттайды.( 3-жаста,5-7 жаста,3-ші ,8-ші сыныпта) Көптеген жылдар окулисттің байқауында болатын балаларға келесіде

мамаңдық таңдауға,армия қатарына алынғанда қажетті кеңес беріледі.Біздің елде балалардың көз ағзасын сақтауда көп еңбек сіңірген ғалым профессор Э.С.Аветисов.Ересек тұрғындарда көз ауруларының алдын алуда,емдеудеуде,басты жауапкершілік ЖДА дәрігерлеріне ,мекемелердің,заводтар мен өңдірістердің медициналық қызметкерлеріне жүктеледі.Қазақстан Р еспубликасының денсаулық сақтау министірлігінің қаулысына сай глаукоманың алдын алу мақсатында 40 жастан жоғары адамдарға тонометрия жүргізу (кез келген дәрігерге келсе де), емхана жағдайында диагнозды аңықтау,,келесіде диспансеризацияны жүзеге асыру және глаукоманы тиімді емдеу жұктеледі.

.Ерекше көңіл көз жарақаттарына бөлінеді,себебі дер кезінде тиімді көмек көрсетілмесе,,(40% жағдайда ) жағымсыз шешімдерге әкеледі.Көз ағзасын микрохирургиялық оперативті жолмен емдеудің ерекшелігі­ көзге жасалатын операциялар кезінде көзде кіші тілімдер жасалады, микроструктурасына операция жасау мүмкіндігі, арнайы микроқұралдармен микроскоп астында (үлкен ұлғайту жағдайында ) жасалады. .Микрохирургия тәсіліді Қазақстанда облыстық емханалардың офтальмологтары игерген,Емханалар бұл тәсілге сай жабдықталған,хирургтар арнайы циклдарда даярланады.Офтальмологиялық ауруларға арнайы көмек көрсету дамыған:тамырлы ауруларда,тор қабық ауруларында, жарақаттарда, вирусты ауруларда,лазерлік терапия,хирургия жәнет.б.Қазақстанда арнайы жоғарғы офтальмологиялық орталық Алматы қаласындағы

ҚҒЗ көз аурулары институты ( ғылыми клиникалық мекеме )Бұл мекеме медицинаның соңғы жетістіктеріне сай жабдықталған .Бұнда көз ауруларын аңықтап,тиімді емдеумен бірге офтальмологиялық кадрлар мен микрохирургтар даярлайтын мекеме .Қазақстан Республикасы мемілекетінің өз азаматтарының деңсаулығын сақтау мақсатында офтальмологиялық қызметтің түрлі деңгейлерде әрі жетілдіруде.

Бақылау сұрақтары:

1.Қөз ағзасының адамға маңыздылығы неде?

2. Офтальмологияның басқа медициналық пәндер арасында алатын орны қандай ?

3.Акушерлердің адамның көз ағзасын сақтау мақсатында атқаратын шаралары қандай ?

4.Педатрмен көз ағзасын сақтап қалуда атқаратын шаралары қагндай?

5.Мектептердің медицина қызыметкерлерінің көз ағзасын сақтауда атқаратын аралары қандай?

6.ПЕдагогтардың көз ағзасын сақтауда атқаратын қызыметі

қандай?

7.Соқырлық пен нашар көру деген не?

8.Мүгедектік деген не және оларды спауықтандыру шаралары ҚР қалай жүзеге асырылады?

9.Соқырлық пен нашар көрудің негізгі себептері қандай?

Дәріс

Тақырыбы :.Соқырлық пен нашар көру туралы түсінік,оның түрлері және нашар көру мен соқырлықтың себептері. Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру.

Дәріс мақсаты.:Офтальмология туралы түсінік,оның басқа медициналық пәндер арасында алатын орны.Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру туралы түсінік беру.

Офтальмология – көз туралы, көз аурулары туралы ілім.Көру қабілетінің адам өмірінде қаншалықты маңызды екендігі туралы өте жақсы М.Горький былай дейді : « Көру қабілетінен айырылудан қорқынышты ештеңе жоқ.Ол сөзбен айтып жеткізілмейтін өкініш және ол адам әлемнің оннан тоғыз бөлігінен айырады.Шынында адам өзін қоршаған орта туралы 90% мәліметті көз ағзасы арқылы алады.Мың рет естігеннен бір рет көрген жақсы »деп бекер айтылмаған.Қазақта ең қымбат затты көзінің қарашығымен теңестірген.Бұл тегін айтылған сөздер емес.Біз көз арқылы қоршаған ортамен танысып қана қоймаймыз,табиғаттың сұлу көрінестерінен ляззат аламыз.келешекте мамандық таңдауымыз да көзімідің көру қабілетіне байланысты.Көз ағзасы ең күрделі ағза және үнемі оны күтіп .сақтай білу керек.

Дүние жүзілік Деңсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, әлемде 40 миллионға жуық екі көзге соқыр және 50 миллион адам соқырлыққа жақын жағдайда күн кешуде. Сол себепті офтальмологияның өзекті мәселелерінің бірі- .Қазақстан Респбуликасыда

офтальмологиялық көмекті дұрыс және тиімді ұйымдастыру.Дәрігер мамандығын таңдаған адам өзін ойша соқыр адамның орнына койса-көзсіз жарық дүние қараңғы екеніне ,қаншалықты бақыттсыздық екеніне көз жеткізеді.Осыған байланысты деонтология сұрақтары ерекше орын алады.

Егер организмнің тұтастығын алға тартатын болсақ,организмнің ағзаларында болатын өзгерістер көз арқылы білінеді.25% жағдайда жалпы аурулар көз ағзасы арқылы білінеді.

Офтальмолог көз тұбінің қан тамырлыры мен көру нервісінің дискісі жағдайына карап,наукасты сұрамай диагноз коя алады.Терапевтер,невропатологтар,акушер гинекологтар,нейрохирургтар және т.б. мамандар окулисттің кеңесінсіз консервативті немесе оперативті ем туралы сұрақтарды шеше алмайды.

Көптеген жұйелі ауруларда көз ағзасымен бірге басқа ағзалар да зақымдалады.Мысалы,гипертониялық ауруда,васкулиттерде,қантты диабетте,бұйрек ауруларында,коллагеноздарда, және т.б.Бұл жәй офтальмолог емес мамандарға офтальмологияны оқудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Офтальмологтармен бір қатарда соқырлықпен күресте басқа мамандықтың дәрігерлері мен орта медицина қызыметкерлері түруы керек.Бір педиатр дәрігерге 800 бала,терапевтке -2000 тұрғынан келсе,окулистке 30.000- 50.000тұрғыннан келеді.

Соқырлық ­ көру өткірлігінің екі көзде күрт төмендеуі немесе көрмей қалуы.Соқырлық іштен туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді;егер көру орталығындағы ми қыртысы зақымдалса ­қыртыстық соқырлық.Сонымен бірге абсолютты немесе медициналық соқырлықты (тіпті жарықсезгіштік болмаса,vіs =0) және азаматтық соқырлықты (ең жақсы көретін көзде vіs =0.03,яғни наукас өздігінен еркін қозғалып,өзін ­өзі алып жүре алмайды) ажыратады.;

Амовроз ­ ешбір көзге көрінерлік анатомиялық өзгеріссіз абсолюты соқырлық. Ол ОНЖ іштен тау және жүре пайда болған ауруларының,,функциональды бұзылыстардың салдары.(мысалы,истерия).

Нашар көру ­ көру өткірлігінің жақсы көретін көзде 0,04 тен 0,3 дейін төмендеуі.

Көз ағзасының көру қабілетінің төмендеуі мүгедектікке апарады.Көруден мүгедек­түрлі аурулардың,жарақаттардың салдарынан көру қызыметенің түрақты төмендеуі бар және өздігінен өмір сұруде шектеулер бар ,социальды қамқорлықты талап ететін адамдар.Мүгедектігі бар адамдар медициналык социальды сараптамадан өткізіледі.Соқырлықпен нашар көрудің алдын алу ҚР мемлекеттік мәселелерінің бірі.Оны шешуде ғылыми,тәжрибелік офтальмологиялық мекемелер,медициналық социальды сараптама қызыметі және т.б.мекемелер мен қоғамдық мекемелер қатысады.

Соқырлықпен нашар көрудің 3 себептері бар:

1.рефракцияның аурулары ( рефракцияның аномалиясы)

2.көздің оптикалық жүйесінің мөлдірлігінің бұзылуы

3.тор қабық пен көру нервісінің аурулары( көз түбінің ауруларың )

Балаларда соқырлық пен нашар көрудің негізгі себептері көру нервісінің сем уі,асқынған жақыннан көргіштік,жоғары амблиопия,тор қабықтың аурулары,катаракта,көбінесе олар ОНЖ іштен туа пайда болған және тұқым қуалайтын ауруларының себебі ретінде,жұрек тамыр аурулары.Жасы 18-40 жастағылар арасында соқырлық пен нашар көрудің себептері арасында басым орын алатындар ­глаукома,катаракта, асқынған миопия, тор қабықтың дистрофиясы,диабеттік ретинопатия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]