Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Oftalm_lektsia_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
730.62 Кб
Скачать
  1. Қасаң қабықтың ауруларын емдеудің жалпы принциптері.

Кератиттердің жалпы этиологиясын анықтау және тиімді ем тағайындау мақсатымен, микробтардың дәріге сезімталдылығын анықтауға коньюктива қуысынан, жараға бактериалық зерттеулерге жағынды алынады.

Көп жағдайларда кератиттердің этнологиясын анықтау мүмкін емес. бірақ тез арада қабынуға қарсы ем тағайындау керек . Процесстің ауырлығына байланысты қабынуға қарсы жалпы және жергілікті ем (кең спектірлі антибиотиктер, сульфаниламидттер, десенсибилизациялы симптоматикалық ем және т.б.), қасаң қабықтың коректенуін, эпитемизациясын жақсартатын, гормондық және ферменттік ем және т.б. Жергілікті коньюктива қуысына тамшылар тамызу, май жағу, коньюктива астына антибиотиктер, кортикостероидттар, физио ем (Бургенвань бойынша электрофарез, ванна арқылы, синусоидальды – модульярланған тоқ, ультодыбыс және т.б.)

  1. Кератиттердің алдын алу.

        1. Сауықтандыру, алдын алу шараларын жүргізу

        2. Организімнің жалпы жағдайы, инфекциялық және инфекционды аллергиялық аурулады ( мерез, туберкулез, ревматизм, бруцилез және т.б.) және вирусты ауруларды анықтау.

        3. Созылмалы инфекция ошақтарын тазарту

  2. Керамиттердің шешімдеріен емдеу.

Қасаң қабықтың беткей қарауытуларында, әсіресе ерте кезеңде биостимуляторлар (алое экстракты, торфот немесе отгон торфа ----,----- инъекциялар етінде, электрофорез,------- ферменттер(лидоза, химотритсин, колламизин және т.б.), ультодыбыс, дионин 1-2 % сары сынап майы және т.б. Өте терең қаруытуларда кератопластика.

Алғашқы рет кератопластика туралы 1816-1818 жылдары Гимм мен Резингер ондай мүмкіндікті айтқан. Алғашқы операциялар нәтежиесіз болады. 1965 жылы Умри, одан кейін Эльшниг, Ашер және т.б. толық оптикалық нәтежие алды. Ресейде алғашқы рет 1912 жылы 1915 жылдары В.И.Филатов кератопластика жасады. Ал 1992 жылы Филатов оқушуларымен кератопластиканы кең көлемде жасай бастады. В.П.Филатов инженер А.П.Марцинковскимен арнайы трепан (қасаң қабықты ойын алуға арналған) ойлап тапты. Трепан әлі күнге дейін қолданылып келеді. Кеңінен кератопластикаларда мәйіттің қасаң қабығы қолданылады. Олар алдын ала өңделіп таза жағдайда сақталады.

Мақсаттарына байланысты кератопластикалардың түрлері:

1.Оптикалық (толық немесе жартылай) – қарауытқан қасаң қабықты ауыстыру, көру мақсатында

2. Тектоникалық – жартылай эктазиялар, стафиломаларды, птеригиумды жою үшін

3. Косметикалық мақсатта жартылай және толық ақ шелдерде, соқыр көздерде стафиломаларда қолданылады.

4. Мелиоративті - қасаң қабықтың ақ шелінде қасаң қабық элементтерін еңгізу мақсатында, кератопластиканың алдында дайарлау кезеңі ретінде.

5. Емдік қасаң қабықтағы патологиялық процесті емдеу мақсатында. Трансплонтат қаруытуды емдеуге, мөлдірлендіруге қатысады.

Кератопластиканың техникасына байланысты түрлері.

  1. Қасаң қабықтың

А) жартылай

Б) тотальды және субтотальды

В) склерамен

Г) көздің алдыңғы бөлімін ауыстырып салу

II. Қасң қабықты қабатты ауыстыру

А) жартылай

Б) тотальды(толық) және жартылай (субтотальды)

Донарлық материал: 1. мәіттің қасаң қабығы алынады:

А) t-+2+40 ылғалды камерада

Б) селикогельмен кептіру

В) гамма – глобулинде

Г) төмен температурамен әсер еткен (криоконсервация) және т.б.

Трансплантаттар биоклеймен, жіптерімен және коньюктивальды тіндерімен бекітіледі.

Операциялардың нәтежиесі қарауытулардың түріне байлангысты.

В.П.Филатов және Д.Г.Бушлич ақ шелдерді 5 категорияға бөледі:

I- II категорияларда (жәй, шектелген, тамырсыз) нәтежие – 80-85 %жағдайда қасаң қабық мөлдір.

III категорияда (тамырлар бар, жеке синехиялар) – 60-65 % жағдайда қасаң қабық мөлдір.

IV-V категория ( тегістелген немесе созылған ақ шелдерде, афакияда, глаукомада, ксероз және т.б.) –нәтежие 10-15%жағдайда.

Көру өткірлігі трансплаттатың мөлдірлігне ғана байланысты емес, тор қабық, көз нервісі, көз бұршағы, шыны тәрізді дене жағдайларына байланысты.

Аллопластика және кератопротездер.

Алғашқы қасаң қабықтың ақ шелін аллоплпнтпен емдеген Барракер(1962) және Кордон (1962). Кейінен И.М.Краснов, С.Н. Федоров, Б.Я. Бедило, Н.Н. Пучковская және т.б.

Аллопластикалық материал ретінде жасанды биологигиялық инертті пластмасс протездер қолданылады.

Экзогенді кератиттер

Семей аумағында экзогенді кератиттерден + қасаң қабықтың жылжымалы жарасы жиі кездеседі. Оны шақырушы пневмоккты инфекция, сирек моракс – Аксенфельд дипломбацилласы, стрептококк. Қасаң қабықтың жылжымалы жарасының қыздырғышын анықтау үшін үдемелі қырынан жағынды алынады.Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы микрожарақаттардан кейін дамиды. Эпитемиц ұсақ бөгде заттарымен ( өндірісте және тұрмыста ағаштың бұиағымен, құрғақ жапырақтармен, шөппен және т.б.) зақымдалады. Қасаң қабықта жылжымалы жара даму үшін микрожарықтанумен бірге инфекция жараға ену керек. Инфекцияның қадырғышы бөгде затпен бірге қасаң қабыққа енеді 50% жағдайда инфекцияның қыздырғышы жас жолдарында (дикиоцисиститте) коньюктивада (коньюктивиттер) орналасады.

Науқас жедел қасаң қабық синдромымен басталады. Қасаң қабықта, жиі ортасында сұрғұлт-сары түсті инфильтрат пайда болады, келесіде ол ыдырайды да диск формалы жараға айналады. Жараның түбінде ірің көрінеді, ал жараның екі қыры анықталады: үнемі, ашық формалы, күрт қабынған, жараның үстінен көтеріңкі, «қалта» тәрізді орналасады; ал екінші қарама-қарсы қыры регрессивті, тазара бастаған, тегіс, эпителимен жабылған. Үдемелі қырының маңында қасаң қабық ісінген,дифузды қарауытқан. Үдемелі қыры тез арада сау қасаң қабықтың бетімен тарап ғана қоймай, тереңге қарай өтеді де артқы шекаралық м ебранаға (десцемет қабатына) жетеді. Десцемет қабаты іріңді процесске төзімді. КІҚ-ың әсерінде десцемет қабаты созылып қара болып көоінеді. Бұл жағдайда қасаң қабықтың тесілу қауіпі бар. Қасаң қабықтың жылжымалы жарасында қан тамырлар қасаң қабықта болмайда\ы немесе өте аз. Науқастың алғашқы күндері процесс қасаң қабық арқылы шатыраш қабық пен күйікті денеге өтеді. Көзде аырсыну үдейді, шатыраш қабықтың түсі өзгереді, қарашықтарылады, артқы синехиялар салдарынан қарашықтың формалары өзгереді. Алдыңғы камераның түбінде іріңді экссудат (гипопион) қалыптасады. Гипопион фибринен, лейкоциттерден тұрады. Жара тесілгенше гипопион зарсызданылдырады.

Алғашқы гипопион сары жолақ тәрізді алдыңғы камера түбінде орналасады. Ірің сұйық толғандықтан науқас жатқанда, тұрғанда қозғалады (орын ауыстырады). Келесіде экссудат ұлғайады. Фибрин ұйығандықтан ірің қоюланады және жабынбыға (пленкаға) айналып қасаң қабықтың артқы бетіне жабысады. Кейде гипопионның ыдырату әсерінен эндотэмий мен десцемет қабаты балқиды. Процесс ауқымды шатыраш қабықпен бітіскен лейкомасымен (ақ шелмен) қасаң қабықтың тегістелуімен аяқталады. Сирек екіншілік глаукома дамиды.

Жара тесілгенде тазарады, қасаң қабықта қарауыту қалыптасады. Кейбір жағдайларда жара тесілгенде инфекция көздің ішіне еңеді – эндофтальмит дамиды. Эндофтальмит көздің барлық қабаттарының іріңді қабынуы эндофтальмит эвисцерациямен немесе көз алмасының селеуімен аяқталады.

Емі: Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы емханада ғана емделеді.

1.кең спектірлі антибиотиктер (коньюктива астына), жалпы ( б/е, қ/т, ішке)

2.сульфаниламидттер және фермиттер (химотрипсин)

Кең спектрлі антибиотиктер ( неомицин 0,1 кг дене салмағына, х6р күніне, полимиксин 250000 ЕД, х4р күніне, мономицин 25000 ЕД 4-6 рет күніне, морфоциклин және т.б.). Онымен бірге ішке тетрациклин қатарынан, левомецитин; жергілікті - 30% альбуцид күніне 6 рет тамызылады, пеницилин (100000 ЕД 1мл), синтамицин эмульсиясы 1-2 %, 30% альбуцид майы. Нитрофуран қатарындағы дәрілерді қолдану: фуразолин 1:3000( альбуцидтен күшті). Оны күніне 6 рет тағайындайды. Онымен бірге ішке фуразомедон 0,1х4 рет күніне. Соқырлыққа қарсы ем: нистатин 100000 ЕД 1мм, амфотерицин 3-5 мг -1 мл диц. Суда және т.б.

Қасаң қабықтың жарасында хирургиялық ем қолданылады ( термокаутеризация, диатермокоапуляция, жараның түбін қырып, 5% иодтың спиртті ертіндісімен, 10 % ляпсиспен күйдіру). Соңғы кезеңде консервативті ем жақсы нәтежие береді. Жақсы нәтежиені ферменттер береді.( рибонукмаза, коллогеназа, лидаза, коллализин және т.б.). Қосалқы аурулар болса, мысалы ириридациклиттерде мидридиктер, дакриоциститте – оперативті ем. Көзге таңба астында ұстануға болмайды. Егер гипопион ыдырамаса, алдыңғы камераның көп бөлігін алса, парацентез арқылы алдыңғы камераны пеницилин ертіндісімен жуады. Папрацинтезді қасаң қабықтың жарасының тесілу қауіпі жағдайында да жасайды. Егер консервативті ем тиімсіз болса, яғни жара қасаң қабықтың бетімен және тереңге тараса емдік қабаты кератопластика көрсетілген.

Алдын алу шаралары:

        1. өндірісте және ауыл шаруашылығында көз жарақаттарының алдыналу

        2. қасаң қабықтың сәл жарақаттарында жедел медициналық көмек көрсету ( альбуцид, антибиоиктен майлар)

        3. коньюктивиттер мен дакриотиститтерді дер кезінде емдеу

Егер 1-2 күнде амбулаториялық емнен көздің жағдайы жақсармаса, жедел көз емханасына бағыттау.

Дәріс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]