Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Oftalm_lektsia_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
730.62 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

сЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ШАКЕНОВА НҮРГҮЛ СЕРІКҚАЗЫ ҚЫЗЫ

ОФТАЛЬМОЛОГИЯДАН ДӘРІСТЕР

(оқу құралы)

Семей

2012

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

сЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ШАКЕНОВА НҮРГҮЛ СЕРІКҚАЗЫ ҚЫЗЫ

ОФТАЛЬМОЛОГИЯДАН ДӘРІСТЕР

(оқу құралы)

Семей

2012

УДК 617.7(075.8)

ББК .5677

Ш.12

Рецензенттер:

С.И.Ботабаев – хирургия №3,дерматовенерология, дәлелдеу

медицинасы кафедрасының менгерушісі,

м.ғ.д., профессор

М.А. Жанасбаев – Травматология және профилактика кафедрасының

менгерушісі ,м.ғ.к.

Ш.12 Шакенова Н.С. Офтальмологиядан дәрістер. – оқу құралы. – Семей қаласы . – 2012 жыл. – 117 б.

Аннотация: Офтальмологиядан дәрістер жинағы 2006 жылғы типтік ҚР типтік оқу бағдарламасына және 2006 жылғы ГОСО – ға және медицинаның соңғы жетістіктеріне сай жасалған, ресей оқу әдебиеттерінің ескі және жаңа басылымдары негізінде құрастырылған. Дәріс жинағы 16 тақырыпты қамтиды. Оқу құралында көз ауруларының түрлері, этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, емдеу әдістері, асқынулары, ажыранды белгілері және жедел жәрдем сұрақтары енгізілген.

Оқу құралы медициналық жоғарғы оқу орындарының 3 курс стоматология,4,5 курс жалпы медицина студенттеріне, интерн- хирургтарға және ЖТД арналған.

ББК 56.7

Семей мемлекеттік медициналық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді және басылымға ұсынылды.

№ ___ хаттама 20.04. 2012ж.

© Н.С. Шакенова, 2012

Кіріспе

Оқу құралы медициналық жоғарғы оқу орындарының 3 курс стоматология,4,5 курс жалпы медицина студенттеріне, интерн- хирургтарға және ЖТД арналған.

Ұсынылған жұмыста көз ауруларының түрлері, этиологиясы, потогенезі, клиникалық белгілері, емдеу әдістері, асқынулары, ажыранды белгілері және жедел жәрдем сұрақтары баяндалған.

Дәрістер жинағы 16 дәрістен тұрады.

Оқу құралының тілі мазмұны түсінікті жазылған. Мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқу құралдарының тапшылығы офтальмологиядан негізгі негізгі тақырыптардың баяндалуын ескере отырып, оқу құралын баспаға ұсынуға болады.Оқу құралында орын алған стилистік, терминдік кемшіліктер қаралып, автормен келісіліп, түзетілді.

ДӘРІС.

Тақырыбы :.Соқырлық пен нашар көру туралы түсінік,оның түрлері және нашар көру мен соқырлықтың себептері. Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру.

Дәріс мақсаты.:Офтальмология туралы түсінік,оның басқа медициналық пәндер арасында алатын орны.Қазақстан Республикасында офтальмологиялық көмекті ұйымдастыру туралы түсінік беру.

Оқу уақыты 50 минут

Көрнекті құралдар

Дәрісті өткізетін орын:топпен аудиторияда тәжрибелік сабақ

  1. кестелер – көз анализаторымен,көз ағзасын зерттеу тәсілдерінен,көру анализаторының құрлысы.

2.Түсті слайдтар

1.Кіріспе.

Офтальмология – көз туралы, көз аурулары туралы ілім.Көру қабілетінің адам өмірінде қаншалықты маңызды екендігі туралы өте жақсы М.Горький былай дейді : « Көру қабілетінен айырылудан қорқынышты ештеңе жоқ.Ол сөзбен айтып жеткізілмейтін өкініш және ол адам әлемнің оннан тоғыз бөлігінен айырады.Шынында адам өзін қоршаған орта туралы 90% мәліметті көз ағзасы арқылы алады.Мың рет естігеннен бір рет көрген жақсы »деп бекер айтылмаған.Қазақта ең қымбат затты көзінің қарашығымен теңестірген.Бұл тегін айтылған сөздер емес.Біз көз арқылы қоршаған ортамен танысып қана қоймаймыз,табиғаттың сұлу көрінестерінен ляззат аламыз.келешекте мамандық таңдауымыз да көзімідің көру қабілетіне байланысты.Көз ағзасы ең күрделі ағза және үнемі оны күтіп .сақтай білу керек.

Дүние жүзілік Деңсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне жүгінсек, әлемде 40 миллионға жуық екі көзге соқыр және 50 миллион адам соқырлыққа жақын жағдайда күн кешуде. Сол себепті офтальмологияның өзекті мәселелерінің бірі- .Қазақстан Респбуликасыда

офтальмологиялық көмекті дұрыс және тиімді ұйымдастыру.Дәрігер мамандығын таңдаған адам өзін ойша соқыр адамның орнына койса-көзсіз жарық дүние қараңғы екеніне ,қаншалықты бақыттсыздық екеніне көз жеткізеді.Осыған байланысты деонтология сұрақтары ерекше орын алады.

Егер организмнің тұтастығын алға тартатын болсақ,организмнің ағзаларында болатын өзгерістер көз арқылы білінеді.25% жағдайда жалпы аурулар көз ағзасы арқылы білінеді.

Офтальмолог көз тұбінің қан тамырлыры мен көру нервісінің дискісі жағдайына карап,наукасты сұрамай диагноз коя алады.Терапевтер,невропатологтар,акушер гинекологтар,нейрохирургтар және т.б. мамандар окулисттің кеңесінсіз консервативті немесе оперативті ем туралы сұрақтарды шеше алмайды.

Көптеген жұйелі ауруларда көз ағзасымен бірге басқа ағзалар да зақымдалады.Мысалы,гипертониялық ауруда,васкулиттерде,қантты диабетте,бұйрек ауруларында,коллагеноздарда, және т.б.Бұл жәй офтальмолог емес мамандарға офтальмологияны оқудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Офтальмологтармен бір қатарда соқырлықпен күресте басқа мамандықтың дәрігерлері мен орта медицина қызыметкерлері түруы керек.Бір педиатр дәрігерге 800 бала,терапевтке -2000 тұрғынан келсе,окулистке 30.000- 50.000тұрғыннан келеді.

Соқырлық ­ көру өткірлігінің екі көзде күрт төмендеуі немесе көрмей қалуы.Соқырлық іштен туа пайда болған және жүре пайда болған болып бөлінеді;егер көру орталығындағы ми қыртысы зақымдалса ­қыртыстық соқырлық.Сонымен бірге абсолютты немесе медициналық соқырлықты (тіпті жарықсезгіштік болмаса,vіs =0) және азаматтық соқырлықты (ең жақсы көретін көзде vіs =0.03,яғни наукас өздігінен еркін қозғалып,өзін ­өзі алып жүре алмайды) ажыратады.;

Амовроз ­ ешбір көзге көрінерлік анатомиялық өзгеріссіз абсолюты соқырлық. Ол ОНЖ іштен тау және жүре пайда болған ауруларының,,функциональды бұзылыстардың салдары.(мысалы,истерия).

Нашар көру ­ көру өткірлігінің жақсы көретін көзде 0,04 тен 0,3 дейін төмендеуі.

Көз ағзасының көру қабілетінің төмендеуі мүгедектікке апарады.Көруден мүгедек­түрлі аурулардың,жарақаттардың салдарынан көру қызыметенің түрақты төмендеуі бар және өздігінен өмір сұруде шектеулер бар ,социальды қамқорлықты талап ететін адамдар.Мүгедектігі бар адамдар медициналык социальды сараптамадан өткізіледі.Соқырлықпен нашар көрудің алдын алу ҚР мемлекеттік мәселелерінің бірі.Оны шешуде ғылыми,тәжрибелік офтальмологиялық мекемелер,медициналық социальды сараптама қызыметі және т.б.мекемелер мен қоғамдық мекемелер қатысады.

Соқырлықпен нашар көрудің 3 себептері бар:

1.рефракцияның аурулары ( рефракцияның аномалиясы)

2.көздің оптикалық жүйесінің мөлдірлігінің бұзылуы

3.тор қабық пен көру нервісінің аурулары( көз түбінің ауруларың )

Балаларда соқырлық пен нашар көрудің негізгі себептері көру нервісінің сем уі,асқынған жақыннан көргіштік,жоғары амблиопия,тор қабықтың аурулары,катаракта,көбінесе олар ОНЖ іштен туа пайда болған және тұқым қуалайтын ауруларының себебі ретінде,жұрек тамыр аурулары.Жасы 18-40 жастағылар арасында соқырлық пен нашар көрудің себептері арасында басым орын алатындар ­глаукома,катаракта, асқынған миопия, тор қабықтың дистрофиясы,диабеттік ретинопатия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]