Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15-дәріс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
145.13 Кб
Скачать

15-Дәріс

Тұтынушылар құрылымы және олардың электрлік жүктемесінің графиктері туралы түсінік

Атқарылып жатқан қызметтерге байланысты, қуат көзін энергияжүйесімен қамтамасыз етуге, электрэнергиясы мен қуатты пайдалану режимі мен көлеміне байланысты, электрэнергиясын пайдалану ережелерінің ерекшеліктеріне байланысты тұтышушыларды келесідей екі топқа жіктеуге болады: өнеркәсіптік және өнеркәсіптікке теңестірілген, оған өндірістік, ауылшаруашылық, тұрмыстық, қоғамдық-коммуналдық (бірлестіктер, ұйымдар, қоғамдық тамақтану және сауда-саттық кәсіпорындары негіздер) жатады.

Өнеркәсіптік тұтынушыларға келесі кәсіпорындар теңестіріледі: құрылыс, көлік-құралдар, шахталар, кен орындары, кеніш шығаратын орындар, мұнай орындары, байланыс, коммуналдық шаруашылық пен тұрмыстық қызметтер. Өнеркәсіптік тұтынушылар электрлік энергия көп қолданатын топ болып табылады.

Әр топтың тұтынушылары белгілі бір анықталған жұмыс режиміне ие. Мысалы, коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың электрлік қуаты қолдануының жүктемесі тәуліктің әр уақытында әр қалай болып келеді және де бірқалыпты емес. Күндіз жүктеме аса үлкен емес, ал кешке қарай ол максималдылыққа ұмтылады, түнде бірден төмендеп кетеді де, таңға жуық қайта өсе бастайды. Өнеркәсіптік ұйымдарда электрлік жүктеме күн бойы бір қалыпты болып келеді және ол тікелей өндірістің түріне, жұмыс күнінің режиміне, ауысу сандарына байланысты болады.

Электрлік жүктеменің уақыт бойынша өзгерісінің көрінісі «жүктеме графигін» бере алады. Ұзақтығына байланысты тәуліктік және жылдық болып бөлінеді. Графиктің абсцисса осіне тәулік уақыттарын, ордината осіне әр уақытта тұтынылатын қуатты максималды мағынасында пайызбен көрсететін болсақ, тәуліктік жүктеме графигін аламыз.

Қала тұтынушылары үшін электржабдықталуының сенімділігі

Электржабдықталуының сенімділігі деген түсініктің астарында -электржабдықталу жүйесінің қабілеттілігінің электрқабылдағыш объектілерді уақыт тәртібіне сәйкестенген шарт бойынша, қуатты үздіксіз қуат көзімен қамтамасыз ету деген түсінік жатыр. Қуаттың сенімділігі негізінен қабылданған электржабдықталу жүйесінің сызбасына, сонымен қатар электржабдықталудың жекелеген элементтеріне (тізбектер, трансформаторлар, электрлік аппараттар және т.б) байланысты.

Электрқабылдағыштардың кей бірі электржабдықталудың біркелкі сенімділігін талап етпейді. Мысалы, өрт сораптарының электрлікқозғалтқыштары мен көпқабатты үйлердің түтін шығару, баспалдық шақпақтарының қауіпсіздік жарықтары – пәтерлердің жарықтарына қарағанда әлде қайда сенімді болуы керек. Кейбір электрқабылдағыштардың электржабдықталуы кезінде болатын үзілістеріне, мейлі ол аз уақытқа ғана болса да, рұқсат етілмейді, ал басқа тұтынушылар тобының электрқабылдағыштары өндіріске де, жұмысшылар өміріне де еш қатерін тигізбей аялдап, үздікпен жұмыс жасап тұрады.

ПУЭ-ға сәйкес барлық электрқабылдағыштарды қажет етілетін сеніміне байланысты үш санатқа жіктейді.

Бірінші санатқа – электржабдықтарының аз уақытқа болсын үздіксіздігі адамдардың өмірі үшін қауіптілікке, қомақты экономикалық шығын, бағалы құрал-жабдықтардың бұзылуына, өнімнің көп массасының жарамсыздығына, технологиялық үдерістің ауыр божуына әлелетіндер жатады. Бұл санатқы мысал болатын электржабдықтарының қатарына: өндірістік қондырғылардың өртке қарсы қондырғыларының жанында электрқабылдағыштарының орын алуы, химиялық қауіпті цехтардағы ауаны алмастыру жүйесінің орналасуы, сутөккіш және көтерме қондырғылардың шахталарда орналасуы т.б. Қала желілерінде бірінші санатқа: кәріз жүйесі мен суқұбырлары станцылары, автомат-телефон станцысы, радио және теледидар, биік құрылыстардағы жеделсаты қондырғылары жатады.

Бұл санаттың электрқабылдағыштары екі тәуелсіз қайнар көздің қуатымен қамтамасыз етілуі керек және де электржабдықтарының үздіксіздігінің бұзылуы орын алғанда олардың тек бірі ғана автоматты қосу уақыты мүмкін болып, қордағы қуат көзіне шегіну керек. Электржабдықтарының бұзылуы орын алғандағы уақыт аралығы бірінші санат құрылғылары үшін 1 минуттан көп болмауы керек.

Тәуелсіз қуат көзі деп – басқа көздерде қуат жоғалуы кезінде өз бойына қуатты жинақтап отырушы құрылғы жатады, мысалы, екі орталық қуат көздеріне бірдей таратушы құрал, бір орталықтағы екі бөлімше (мұндағы бөлімшелер екі бөлек қуат көзіннен қуат алып отырады, бір-біріне байланыссыз, тәуелсіз).

Жиынтық қуат орын алғандағы бірінші санаттағы электрқабылдағыш тәуелсіз қуат көзі ретінде - қозғалысты немесе ішкі қозғалтқыш жану қуаты бар тұрақты-қозғалыссыз автоматталған электрстанцылары, электрэнергиясын қолданатын объекттер жанында орын алатын шоғырлағыш батареялар болады.

Екінші санаттағы электрқабылдағыштар: электржабдықтарының үздіксіздігі тікелей өндірістің демалыссыздығына байланысты болады, қарапайым адамдардың, механизмдердің көптігі, өндірістік құрал-жабдықтар, қала тұрғындарының қомақты санының қалыпты жұмысының өзгеруіне тікелей байланысты болып келеді. Мектептер, балалар мекемелері және бес қабатқа дейінгі тұрғын үйлер екінші санатқа жатады.

Механикалық, темірді қайта өңдеу салалары, құраушы цехтардағы электрқабылдағыштардың ішінен 2-ші санатқа жататындарына: станок қондырғысының электр қозғалтқыштары, көтерме-көліктер құрылғылары мен ауа ауналасын реттегіштер, кедергі пештері, дәнекерлеу агрегаттары және т.б кіреді. Бұл санаттың электрқабылдағыштары бір ортадан қуат алып отырады, резервтегі қуат көзін оперативті бригада не кезекші тұлға қосатын уақыт арасында белгілі бір уақытқа демалу-үздікті болуымен ерекшеленеді. Электржабдықтарының бұзылуы орын алғандағы уақыт аралығы екінші санат құрылғылары үшін 30 минуттан көп болмауы керек.

Орталықтанған резерв болғанда станцылық қуат көзі бір тансформатордан да жіберіліп отыруы мүмкін.

Үшінші санаттағы электрқабылдағыштарға – бірінші және екінші санаттағыларға жатпайтын құрылғылар жатады. Бұл санатқа қосымша цехтардағы, жөндеу шеберханаларындағы, жауапкершілігі жоқ бағыттағы қоймалдарындағы, өндірістегі сериялы емес цехтардағы аса үлкен емес коммуналды кәсіпорындар және т.б жатады. Бұл санаттағы электрқабылдағыштары үшін үздіксіздік тек қана – жөндеу жұмыстары үшін, электржабдығының белгілі бір элементі бұзылғанда оны ауыстыру үшін кеткен уақытқа ғана мүмкін болады, оның өзі бір тәулік уақыттан аспайы қажет.

Электржабдықтарының сенімді әрі ұтымды сызбасына қол жеткізу үшін электрқабылдағыштардың нақтылы қай санатқа, қай топқа жататынын анықтап алу керек.

. Қалалық кәсіпорындарды электрлік жабдықтау

Кәсіпорынды электрожабдықтау олардың энергиясыйымдылығына байланысты болып, бір немесе екі электрлік желі арқылы жүзеге асып отырады. Бірінші жүйе (сыртқы электрожабдықтау) әуе және шоғырсымның сатылы болып келеді.

Кәшәгәрәм объекттерде және әр түрлі кернеулерінен тұрады, олар арқылы энергия негізі аудандық энергияжүйесі станцыларынан кәсіпорынның қабылдау пунктеріне дейін (ГПП, ЦРП, РП, ТП) жеткізіліп отырады. Келесі жүйе (ішкі электрожабдықтау) шоғырсымның 6...10 кВ болатын қуат желілерінен тұрады, олар кәсіпорын аумағында орналасады, энергия желісі ГПП, ЦРП, РП, ТП арқылы жіберіліп отырады.

ЦРП. Орталық тарату пункті (ОТП) – ірі кәсіпорын аумағында орналасатын, қуат көзін 6...10 кВ негізінде орталық пунктен алып отыратын және электрэнергиясын РП және ТП кәсіпорындары арасында таратып отыратын таратушы құрал.

ГПП. Негізгі төмендетуші станцы (ГТС) – ірі энергиясыйымды кәсіпорын аумағында орналасқан, электр қуатын 35...110 кВ аралығында және одан жоғары негізде алып отыратын, 6...10кВ қуатын РП мен ТП аралығында таратып отыратын трансформаторлық станцы болып табылады.

Ірі емес қуат көзі орналасқан кәсіпорындардың электрожабдықталуы қалалық шоғырсымдар арқылы ОП немесе ТП негізінен 6...10 кВ тасымалданып, іске асып отырады. Орташа энергиясыйымдылығы бар кәсіпорындардың электрожабдықталуы бірнеше ТП цехтары бойынша екі желілі жүйе арқылы (шоғырсымдардан жинақталған, электрэнергиясын ОП-дан ОТП-ға не РП-ға, ал соңғысы ТП цехтарының кәсіпорындарына) іске асып отырады.

Энергиясыйымдылығы үлкенірек, бірнеше ТП цехтық жүйесі бар сыртқы кәсіпорындар үшін электрожабдықталынуы әуе сызықтары қуаты 35...110 кВ және одан жоғары (терең су) құаттарынан құралады. Олар энергияны ГПП-лы кәсіпорыннан алып, әрі қарай жіберіп орытады. Сыртқы электрожабдықталу жүйесі қуаты 6...10 кВ болатын шоғырсымдардан құралады, олар кәсіпорынның аумағында орналасады, электрэнергиясын НТС-дан алып РП-ға және цехтық ТП кәсіпорнына жеткізіп отырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]