Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпора ресторанный бизнес.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.3 Кб
Скачать
  1. Ағылшын сервисінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Ағылшын сервисі (жақын қойылған столиктен қызмет жасау).Даяшы қонақтардың тәрелкесіне осы жерден тамақ салып, сосын оны қонақтың сол жағынан барып үстеліне қояды. Егер де қонаққа қосымша тамақ керек болса, онда оны жаңа тәралкемен береді. Ағылшын сервисінің артықшылығы:

-қонақтармен байланыстың жақсы болуы;

-қызмет көрсетушілер еркін қозғалады.

Ағылшын сервисінің кемшілігі – уақыттың көп кетуі.

  1. Француз сервисінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Француздық сервис – асханасы жоғарғы дәрежедегі мейрамханаларда көрсетіледі. Француздық сервис әлемдегі ең қымбаты деп саналынады. Қонақтың сол жағынан келіп даяшы тәрелкесіне тамақтар салады. Француздық сервисі үшін құрамы мынадай бүтіндей бір бригада керек:

1. мейрамхана менеджері (maіtre d'hotel)

2. аға даяшы (eneg de rang), төрт үстелге жауапты. Ол қонақтарды қарсы алады, тапсырыстар қабылдайды, қызмет көрсетілудің жылдамдығын қадағалайды, өзі қонақтардың тәрелкесіне тамақтар салып, еттерін кесіп береді және т.б.

3. аға даяшының көмекшесі (demі chef de rang) – ішімдікке

тапсырыстар қабылдап, тағамдарды әкеліп тұрады.

4. су беруші даяшы (commіs de rang). Ол тапсырыстарды асханаға

беріп, одан тележкамен тамақтар тасыйды, үстелдерді тазалайды.

5. Шарап таратушы даяшы (sommelіer).

Француз сервисінің кемшілігі – жұмысының көптігі.

  1. Неміс сервисінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау

Тамақ үлкен тәрелкеге салынып, үстелдің ортасына қойылады, сосын қонақтар өз тәрелкелеріне салып алады. Неміс сервисінің артықшылығы: -қонақ өзі тойғанша жейді;-жұмысының жеңілдігі; Неміс сервистің кемшілігі: -қ

  1. Өндірістік-сауда жұмыстарының сипаттамалары бойынша тамақтандыру мекемелерін жіктеу

Өндірістік-сауда жұмыстарының сипаттары – ең басты критериясы болады. Соған байланысты барлық тамақтану мекемелері мынадай түрлерге бөлінеді:- мейрамхана;- кафе;- бар;- буфет;- дәмхана;- асхана және басқалар.Мейрамхана – қонақтарға кең ассортиментте фирмалық тағамдар,ішімдіктер, кондитерлік өнімдер ұсынатын тамақтану мекемесі. Қонақ үй жанындағы мейрамхана осында тұратын қонақтарға да және басқа да келушілерге қызмет көрсетеді. Мейрамхананың көбісінің концерттер өткізіп тұруға өзінің музыкалық бағдарламасы бар.Кафе – қонақтарға шектеулі ассортиментте тағамдар, ішімдіктер,ұннан жасалынған кондитерлік өнімдер ұсынатын, көңіл көтеріп демалуға арналған тамақтану мекемесі.Бар – қонақтарға әр түрлі ішімдіктер, десерттер, тәтті тағамдар ұсынатын мамандандырылған тамақтану мекемесі. Барда жайлі жағдайда музыка тыңдап, көңіл көтеріп демалуға мүмкіндіктер бар.Буфет – шектелген ассортиментте салқын тамақ, бутербродтар,ішімдіктер, ұнды және кондитерлік өнімдер, тәтті тағамдар сатады және оны сатып алушылар сол жерде пайдаланады.Дәмхана – өздері жеңіл тамақтар дайындап, оны сол жерде сатады, қолданады.Асхана – тамақтану мекемесі ретінде көбінесе курорттық қонақ үйінің құрылымында болады. Ол тағамдарды дайындап таңертең, түсте,кеште адамдарды тамақтандыруға арналған. Сонымен қатар, ұсыныстарға қарай әр түрлі қосымша да қызметтер көрсете алады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]