
- •Қонақжайлық индустрияда мейрамхана бизнесінің маңыздылығын дәлелдеу
- •Мейрамхана бизнесінің даму тарихын ашып көрсету
- •Ежелгі замандағы мейрамхана бизнесінің тарихын ашып көрсету
- •Орта ғасырлардағы мейрамхана бизнесінің тарихын ашып көрсету
- •Жаңа замандағы мейрамхана бизнесінің тарихын ашып көрсету
- •Қазіргі кездегі мейрамхана бизнесінің дамуын дәлелдеу
- •Тамақтандыру мекемелерінің жіктемесін ашып көрсету
- •Тамақтандыру мекемелерінің қызмет көрсету мәдениетін сипаттап беріңіз
- •Жұмысқа қабылдау процесін ашып көрсету
- •Қызмет көрсетудегі қауіпсіздік және экологиялық тазалық түсініктерін түсіндіріп беріңіз
- •Интерьер эстетикасы, комфортты қызмет көрсетуге жағдайлар жасау
- •Мейрамхана бизнесін ұйымдастыру мәселелері мен артықшылықтарын көрсету
- •Тамақтану мекемелерінің басқару құрылымын анықтау
- •Басқару бөлімі қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау
- •Кадрларды іріктеу барысында ақпарат көздерін жасау
- •Өндірістің технологиялық үрдісіне сипаттама беріңіз.
- •Тамақтану мекемелерінің сауда бөлмелерін сипаттап беріңіз
- •Тамақтану мекемелерінде өндірудің негізгі түрлерін анықтау
- •Тамақтану жағдайларын ашып көрсету жағдайлары
- •Тамақтануда қызмет көрсетудің негізгі әдістерін анықтау
- •Таңғы астың негізгі түрлерін анықтау
- •Тамақтанудың негізгі әдістерін анықтау
- •Сервис түрлерін сипаттау
- •Қонақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету процесін ашып көрсету
- •Банкеттерде қызмет жасау
- •Мейрамханалардағы қызмет сапасын басқару
- •Қызмет сапасының түрлерін анықтау
- •Жалпылама сапалық басқару
- •Мейрамхана бизнесінде қолданылатын Демингтің постулаттарын ашып көрсету
- •Мейрамхана келушілеріне қызмет көрсету
- •Үстелдерді сервистеу. Аспаздық ыдыс, приборлар
- •Даяшынының жұмысқа жеке дайындығын көрсету
- •Келушілерді қарсы алу. Тапсырысты қабылдау және орындау ережелерін көрсету
- •Тағамдарды, сусындарды ұсыну ретін көрсету
- •Даяшы жұмысының техникасын ашып көрсету
- •Барлар, олардың түрлерін анықтау
- •Мейрамханадағы қызмет көрсетудің арнайы түрлерін ашып көрсету
- •Ұшақтарда тамақтандыру қызметтерін ұсыну ерекшеліктерін таңдау
- •Теплоходтарда тамақтандыру қызметтерін ұсыну ерекшеліктерін таңдау
- •Қазақстандағы мейрамхана бизнестің және қоғамдық тамақтандыру мекемелерінің тарихын ашып көрсету
- •Туристерді тамақтандырудың технологиялық схемасын жасау
- •Мәдениетті қызмет көрсетудің негізгі элементтерін құрастыру қысқарту керек
- •Мейрамхананың ас мәзірін құрастыру
- •Смиттің әдісі бойынша мәзірдің анализін жасау
- •Мейрамхананың бизнес-жоспарын құрастыру
- •Тамақтандыру мекемелерінің өндірістік орындарына қойылатын жалпы талаптарды құрастыру
- •Қызмет көрсету стандарттарының жүйесін анықтау
- •Банкеттердің классификациясын жасау
- •Бардағы жұмысты ұйымдастыру жолдарын құрастыру
- •Туризмдегі тамақтандыру мекемелерін жіктеу
- •Сусындар және олардың классификациясын жасау
- •Мейрамхана басшының жеке қасиеттерін құрастыру
- •Жұмыс істеу мезгілі бойынша тамақтандыру мекемелерінің бөлінуі
- •Үстелді сервистеудің негізгі ережелерін қалыптастыру
- •Даяшыларға қойылатын талаптарды құрастыру
- •Ішімдіктердің ұсыну ережелерін құрастыру
- •Қызмет көрсетудің түрлері бойынша тамақтандыру мекемелерінің бөлінуі
- •Өнім ассортименті бойынша тамақтандыру мекемелерінің жіктелуі
- •Банкет ұйымдастырғанда тапсырыс қабылдау ережелерін құрастыру
- •Американдық сервистің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •Қызметкерлерді бағалау критерияларды құрастыру
- •Туризмде тамақтану мекемелеріне қойылатын талаптарды құрастыру
- •Ағылшын сервисінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •Француз сервисінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •Неміс сервисінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
- •Өндірістік-сауда жұмыстарының сипаттамалары бойынша тамақтандыру мекемелерін жіктеу
- •Орналасу орны бойынша тамақтандыру мекемелерін жіктеу
- •Метрдотельге қойылатын талаптардың тізімін жасау
Сервис түрлерін сипаттау
Қонақтардың контингентіне қарай әр түрлі сервистер қолданылады: -француздық; -ағылшын; -американдық; -орыс сервисі; -неміс сервисі. Француздық сервис – асханасы жоғарғы дәрежедегі мейрамханаларда көрсетіледі. Француздық сервис әлемдегі ең қымбаты деп саналынады. Қонақтың сол жағынан келіп даяшы тәрелкесіне тамақтар салады. Француздық сервисі үшін құрамы мынадай бүтіндей бір бригада керек: 1. мейрамхана менеджері (maіtre d'hotel) 2. аға даяшы (eneg de rang), төрт үстелге жауапты. Ол қонақтарды қарсы алады, тапсырыстар қабылдайды, қызмет көрсетілудің жылдамдығын қадағалайды, өзі қонақтардың тәрелкесіне тамақтар салып, еттерін кесіп береді және т.б. 3. аға даяшының көмекшесі (demі chef de rang) – ішімдікке тапсырыстар қабылдап, тағамдарды әкеліп тұрады. 4. су беруші даяшы (commіs de rang). Ол тапсырыстарды асханаға беріп, одан тележкамен тамақтар тасыйды, үстелдерді тазалайды. 5. Шарап таратушы даяшы (sommelіer). Француз сервисінің кемшілігі – жұмысының көптігі. Ағылшын сервисі (жақын қойылған столиктен қызмет жасау). Даяшы қонақтардың тәрелкесіне осы жерден тамақ салып, сосын оны
қонақтың сол жағынан барып үстеліне қояды. Егер де қонаққа қосымша тамақ керек болса, онда оны жаңа тәралкемен береді. Ағылшын сервисінің артықшылығы: -қонақтармен байланыстың жақсы болуы; -қызмет көрсетушілер еркін қозғалады. Ағылшын сервисінің кемшілігі – уақыттың көп кетуі. Американдық сервис. Тамақтар асханада дайындалып, сол жерде тәрелкелерге салынады. Даяшылар оны таратып, қонақтардың үстеліне қояды. Сервистің бұл тұрі өзінің қарапайымдылығына және ыңғайлылығына қарай жиі қолданылады. Американдық сервистің артықшылығы: -жұмысының жеңілдігі; -көп адамның керек еместігі. Американдық сервистің кемшілігі: -қонақтармен байланыстың нашарлығы; -бекітілген порция мөлшері. Неміс сервисі. Тамақ үлкен тәрелкеге салынып, үстелдің ортасына қойылады, сосын қонақтар өз тәрелкелеріне салып алады. Неміс сервисінің артықшылығы: -қонақ өзі тойғанша жейді; -жұмысының жеңілдігі; Неміс сервистің кемшілігі: -қолданылатын ыдыс санының көптігі. Орыс сервисі. Неміс сервисі сияқты тамақты үстелдің ортасына қояды, оны даяшы порцияларға бөледі, сосын қонақтар өз тәрелкелеріне
салып алады. Орыс сервисінің артықшылығы - қонақ қанша жегісі келеді өзі анықтайды. Орыс сервисінің кемшілігі: -жұмыстың, ыдыстың көптігі; -қонақтар өз тәрелкесіне салғанда тамақты шашуы мүмкін.
Қонақ үй нөмірлерінде қызмет көрсету процесін ашып көрсету
онақ үй нөмірлеріне қызмет көрсету үшін қызметкерлерді ерекше дайындықтан өткізу қажет. Ол қызметкердің нөмірде өз-өзін ұстау ережесімен байланысты. Қонақ үйдің қонақтары телефон арқылы метрдотелге немесе горничныйға тапсырыс жасайды. Тапсырысты қабылдағанда міндетті түрде мыналарды ескеріп жазып алу керек: -бөлме нөмерін, таңғы, түскі немесе кешкі тамақ; -қонақтардың санын; -тапсырыс берген тағамдар мен ішімдіктердің нақты аттары мен санын; -тапсырыстың уақытын. Қонақ үй нөмірлеріне қызмет көрсету үшін арнайы асхана ыдысы мен приборлары, тік бұрышты подностар, сервистік тележкалар
қолданылады. Қонақтарға нөмірде қызмет көрсету үшін арнайы ережелер бар: 1. Тапсырыс (таңғы, түскі, кешкі ас) подноспен немесе жылжымалы тележкалар арқылы беріледі. Подноспен бергенде даяшы оны сол қолымен алып жүруі керек, оң қолымен есікті ашып және оны жабады. Коридормен жүргенде даяшы подносты қарының тұсында ұстайды тек нөмірге кірер алдында оны кеудесіне дейін көтереді. 2. Нөмірге келгенде алдымен есігін қағады, рұқсат алған соң ішіне кіреді. 3. Кірген соң қонақтармен амандасады. 4. Егер қонақ төсекте жатып ішкісі келсе онда подносты кереуеттің жанынан береді. Егер екі адам болса, онда жеке-жеке поднос береді. 5. Тапсырысты сервировка жасағанда (бір адам үшін) подносқа барлығы мейрамхананың үстеліндегі сияқты ретімен қойылады. 6. Егер қонақ үстел басында немесе балконда ішемін десе, онда үстелге жапқыш жауып подносты қояды немесе подностан барлығын үстелге қояды. 7. Нөмірде даяшы керек уақыттан артық болмауы керек. Қонақтармен сөйлеседі сонда ғана, егер одан бір нәрсе сұраса.