Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баа калыптастыру .doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481.28 Кб
Скачать

13. Инклюзив турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау

Туристік өнімнің құнына ұсынылатын қызмет саны факторы әсер етеді.Туристке өз таңдауы бойынша белгілі бір қызметтер түрі ұсынылуы мүмкін немесе толық қызметтер пакеті ұсынылады.Қызметтердің толық пакеті инклюзив турлар (inclusive tour) мен пэкидж турлардың (packadge tour) сатылуы арқылы тұтынушыларға ұсынылады.

Инклюзив турлар көбінесе әуетасымалдауы бар турларды қолданылады,олардың бағасы арнайы инклюзив тарифтер арқылы жасалады және кәдімгі тарифтерден арзанырақ болады.Сонымен бірге қонақ үйде орналастыру, тамақтандыру және т.б. қызметтерді қамтиды.Бірақ пакеттің жалпы бағасы кәдімгі тарифтен төмен болмау керек,яғни тасымалдау бағасынан жоғары болу керек.Клиенттерге паушальды баға ұсынылады,инклюзив турдың қызметтерінің бағасын бөліп көрсетпейді.Инклюзив турдың өзіндік құнын есептегенде турфирма туристік қызметтердің бағасын есептейді және фирма аппаратын ұстау қаражаты мен жарнамаға кеткен қаржыны есептейді.Инклюзив турлар топтық та жеке адамға да сай келе береді.Бірақ турфирманың көмегінсіз жасалған дәл осындай жеке тур пакетке қарағанда инклюзив тур әлдқайда арзан. .

14. Пэкидж турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау

Пэкидж турлар клиентке толық қызметтер пакетін ұсынады бірақ оның ішінде тасымалдау құны болмауы да мүмкін.Пэкидж турлар алдын-ала арнайы жарнамаланған бағдарлама бойынша ұйымдастырылады.Турдың құрылымы турист баратын елге,туристердің санына.олардың сатып алу қабілетіне,туристік қызметтердің ассортиментіне байланысты құрылады.

15. Баға қалыптасудың ішкі және сыртқы факторлары

Баға қалыптастыру факторлары –қозғаушы күштері, өзекті мәселелері, бағаның қалыптасуына әсер ететін негізгі себептері. Баға қалыптастыру стратегиясын анықтамастан бұрын, баға белгілеуге әсер ететін барлық факторларды қарастырған жөн. Дж. Б. Эванс және В. Берман деген ғалымдар баға қалыптасуға әсер ететін 5 негізгі факторды бөліп көрсетті.Олар: тұтынушылар, үкімет, өткізу каналындағы қатысушылар, бәсекелестер, өндірістік шегерімдер. Өз тауарлары мен көрсетілетін қызметтеріне баға қою кәсіпорын қызметіндегі негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорын баға белгілеу мәселесін өзінше шешеді. Ірі компанияларда баға белгілеу мәселесімен орта деңгейлі басқарушылар айналысады. Ұсақ кәсіпорындарда бағаны эдеттегідей, оның басшылары анықтайды. Өз кезегінде, коммерциялық нәтиже көбіне баға деңгейіне байланысты болады. Баға әрқашан адамдардың сауда жасау кезіндегі таңдауын анықтайтын негізгі фактор болған.

Бағаның тауар құнынан жоғары немесе төмен қарай ауытқуларын анықтайтын факторлар өндірушінің өзіне, басшылары мен ұжымның қызметіне байланысты, ішкі және кәсіпорынға тәуелді емес сыртқы факторлар болып екіге бөлінеді.

Ішкі факторлар:

- жарнама деңгейі (ол қаншама тартымды да ұтымды болса, өндіруші бағаны да соншалыкты көтере алады);

- өндірілген өнімнің ерекшелігі, (оның өңделу деңгейі қаншалықты жоғары, сапасы ерекше болса, бағасы да соншама жоғары болады);

- өндіріс процесінің ерекшеліктері (аз көлемде шығарылатын және жеке өндіріс өнімдерінің өзіндік құны және осыған сәйкес, бағасы да жоғары болады; жаппай өндірілетін тауарлардың шығыны салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, өнімдердің бағасы да онша жоғары болмайды);

-  өндірушінің нарықтық стратегиясы мен тактикасы (бір немесе бірнеше рынок сегменттеріне бағытталған);

-  өнімнің өмірлік кезеңдерінің ерекшеліктері;

-  өндірістік процестің жинақылығы;

-  тауардың өндірушіден түтынушыға дейін жетуінің ұзақтылығы;

-  сату және сатқаннан кейінгі кезеңде сервис қызметін ұйымдастыру;

- өндірушінің ішкі және сырткы нарықтардағы имиджі.

сыртқы факторлар :

- тауар өндірілетін ел мен кәсіпорын өнімдерін сататын елдердегі саяси тұрақтылық;

- еркін нарықта кандай да бір кажетті  ресурстардың (еңбек, материалдык, қаржылық) болмауы;

- мемлекет жүргізетін экономикалық саясаттың сипаты;

- инфляцияның деңгейі және динамикасы;

- нарык көлемі;

- әрекет етуші және болашактағы сатып алушылық сұраныстың көлемі мен ерекше белгілері;

- біртекті өнімді өндірушілер арасында бәсеке болуы және оның деңгейі