Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
баа калыптастыру .doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
481.28 Кб
Скачать

10. Турфирманың негізгі және қосымша шығындары

Шығындардың пайда болу уақыты мен өнімнің өзіндік құнына жатқызылуына қарай жіктелуі өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын калькуляциялауда маңызы зор. Бұл белгісі бойынша шығындар ағымдағы, алдағы есепті кезең шығындары, болашақта болуы мүмкін шығындар болып бөлінеді. Ағымдағы шығындар есепті кезеңде орын алған өндірістік шығындардан құралады, ал алдағы есепті кезең шығындарына есепті кезеңде орын алған, бірақ алдымыздағы есепті кезеңге тиісті шығындар сомасын көрсетеді, болашақта болуы мүмкін шығындарға есепті кезеңде әлі болмаған, бірақ өнімнің өзіндік құнын дұрыс анықтау мақсатында жоспарлы мөлшерде жалпы шығындарға қосылатын шығындар. Мысалыға, жұмысшылардың кезекті еңбек демалысына ақы төлеумен байланысты, бір реттік төлемдер түріндегі шығындар. Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің еңбегін, жерді, капиталды – барлық нарық құны бар және оларды балама қолданғанда төлем алуға болатын фаторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолданғандағы табысы да кіреді.

11. Бір элементтік және кешенді шығындар

Өндірістік шығындар құрамы бойынша, түрлері бойынша, пайда болу орындары мен апарылатын көздеріне қарай жіктеледі.

1) Құрамына қарай шығындар бір элементтік, кешендік болады. Бір элементтік шығындар деп бір элементтен тұратын, материалдар, еңбек ақы, амортизация және басқалары. Кешендік шығындар бірнеше элементтерден тұрады, мысалы, құрамына материалдар, еңбек ақы және басқалары кіретін цех немесе жалпы зауыттық шығындар.

12. Туристік өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау

Турөнімнің өзіндік құнын есептейтін туроператордың калькуляциялауын қарастырайық.Калькуляция обьекті болып топтық турда туристер тобына қызмет көрсету құны ,ал жеке туристік турда жеке туристке қызмет көрсету құны саналады.Қазіргі кезде туристердің негізгі ағымын жинақтық топтар құрайды.Бұл дегеніміз турфирма топтық туристерге арналған саяхаттың көтерме бағасын анықтайды.Бұл жағдайларды жаппай көтерме сауда жасағаны үшін туристерге 10 пайыз, ал уақыт ұзақтығына қарай5 пайыз,ал қонақ үйде тұру ұзақтығына байланысты 10 пайыз жеңілдіктер қарастырылған.Турөнімнің өзіндік құнының калькуляцисының ең жеңіл тәсілі – жалпы шығынды барлық іске асырылған . Турөнімнің өзіндік құнын анықтаудың ең оңтайлы тәсілі – шығындардың жалпы көлемін сатылған туристік жолдамаларға бөледі.Бірақ бұл тәсілді тек турфирма стандартты топтық турпакеттер сататын жағдайда ғана қолдана алады. Ал одан қиынырақ тәсіл – индивидуалды турлар арқылы турөнімнің өзіндік құнын есептеу.Бұл жағдайда тікелей шығындар индивидуалды турдың өзіндік құнына қосылады,ал жанама шығындарды аранйы база және реттеу коэфиценттерін қолданады. Турпакет қалыптастырар алдында калькуляциялаудың бірнеше тәсілдерін бөлуге болады.Жоспалы калькуляция,сметалық,нормативтік калькуляциялау

Жоспарлы калькуляция туристік фирманың жылдық немесе тоқсандық тапсырмасы сияқты, себебі турөнім қалыптаспай тұрып оған кететін шығынды болжалды,прогрестік және экономикалық норматив  негізінде калькуляция жасалады. Сметалық калькуляция жоспарлы калькуляция түрі болып табылады.Бұл негізінен бір рет қолданылатын турпакеттердің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады.Сметалық калькуляция турөнімнің бағасын орнату үшін,тапсырысшылармен есеп айырысқанда жіне турөнімнің қалыптасуцына кеткен шығындарды негіздеу үшін керек.

Нормативтік калькуляция - ай басындағы норма мен шығын нормативіне негізделген өзіндік құнын калькуляциялау.Жоспарлы калькуляцияға қарағанда,нормативтік калькуляция сол мезеттегі баға деңгейін көрсетеді.