- •1.Туризмдегі баға қалыптастыруды реттеу әдістері
- •2. Баға мемлекеттің әсері.
- •3.Туризмдегі баға қалыптастырудың методологиясы
- •4.Турфирманың баға саясаты
- •«Қаймағын сүзу» стратегиясы
- •«Жарып өту» төменгі баға стратегиясы
- •5. Туризмдегі баға деңгейіне әсер ететін факторлар.
- •6. Туризмдегі баға қалыптастырудың реттілігі.
- •7.Туристік кәсіпорынның айқын және айқын емес шығындары
- •8.Туристік кәсіпорындардың тікелей және жанама шығындары
- •9.Турфирманың өндірістік және коммерциялық шығындары.
- •10. Турфирманың негізгі және қосымша шығындары
- •11. Бір элементтік және кешенді шығындар
- •12. Туристік өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •13. Инклюзив турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •14. Пэкидж турлардың толық өзіндік құнын калькуляциялау
- •15. Баға қалыптасудың ішкі және сыртқы факторлары
- •16. Баға қалыптасудың әдісі
- •17. Баға стратегиясы
- •18.Жағымсыз сыртқы эффекттер.Жағымды сыртқы эффекттер
- •19. Трансакциондық шығындар Познер теоремасы.
- •20. Ішкі экстернали. Сыртқы экстернали.
- •21Бәсекелестергеқолайсызнарықтықжағдайларынзерттеунәтижелерініңталдауы (Алматы қаласыныңфирмасыныңмысалында)
- •22 Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясат ерекшеліктерін талдаңыз
- •23. Баға құру мақсаттары. Өндірістің мақсаттары: нарықта сақталу, максималдық пайда, айналымның максималдау, сападағы лидерлік
- •24 Бухгалтерлік шегерімдерді пайдалана отырып туристік өнім бағасын анықтау (Алматы қаласының фирмасының мысалында)
- •27.Туристік қызметтердің баға саясаты
- •28. Туристік қызмет бағасы мен жеңілдік дифференциясы
- •29. Баға қалыптастыру туроператордың функциясы ретінде
- •30. Топтық турлардың баға қалыптасуы
- •31. Жеке турлардың баға қалыптасуы
- •32.Туристік қызметке баға қалыптастырудың негізгі факторлары
- •33. Комплекстік қызмет көрсетудегі баға құрастыру үлгілері
- •34. Туристік қызмет ьағасын адаптациялау (модификациясы) жолдары.
- •36. Дирек-костинг әдісі
- •37. Туроператор әр адам басына 7000 тг. - ден экскурсия ұйымдастырды. Әр қызмет түрі 2500 тг. Айлық шығын 12500 тг. Қандай өндіріс көлемінде шығынға ұшырамайды.
- •38. 120 Деп тұратын тур үш этаппен бағаланды және де әр бағалауда бірдей санға өзгерді. Соңғы бағалаудан кейін тур өзіндік құнымен 35,6 деп сатылды. Бірінші, екінші бағалауда қандай бағалар орнатылды.
- •40. Қонақүй кәсіпорнының шаруашылығы келесідей сипатталады: Жалпы шығыны: 3000000 теңге, сатылған түнеу орны саны - 600. Сатылған өнімнің бірлігіне орта шығынды анықтаңыз.
- •44. Шығыс мәліметтері: Жылдық есеп бойынша қонақ үй кәсіпккерлігі өз счетіндегі қаржыға тоқтаусыз шаруашылық жүргізген( млн тг)
- •46 Таза монополмя ерекшеліктері
- •48 Бухгалтерлік өздік баға байланысы және салық салу мақсаттарындағы өзідік баға
- •49. Бағалардың инициативтік өзгеру саясаты
- •50 Баға түрлері: айналымның қызмет көрсету сипаты бойынша, мемелкеттік 0 әсерінен және реттеуіне байланысты нарықтағы конкуренция деңгейі.
- •51. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады.Жиынтық шығыны 500 000 тг,сатылған түнеу саны-400.Сатылған өнім бірлігіне орташа шығынды есептеңіз.
- •53. Мәліметтер: Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •55. Шығыс мәліметі: Турфирма екі типті мәлімет көрсетеді а және б. Ол келесідей сипатталады(мың тг )
- •60. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •61. Төрт жұлдызды отельдің бәсекеге төтеп бере алу жағдайы эксперттермен анықталып,келесідей мәліметтер көрсетеді:
- •65. Қызмет өндіруге кеткен толық шығын 9000 теңге. Жоспар бойынша бекітілген шығын рениабельдігінің нормативі 15%.Қызмет бағасын анықтаңыз?
- •66. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •67. Қонақ үй кәсіпорынның шаруашылығы келесідей сипатталады:
- •71. Туристік мекеменінің құлдырауы кезінде қолданылатын баға саясатын көрсетіңіз. Не себепті сол баға саясатын таңдадыңыз? Тұжырымды дәлелдеңіз
- •72 Бағаны анықтаудағы тәуекелді бағалау (алматы қаласының фирмасының мысалында)
- •73. Халықаралық турлардың калькуляциясы (шығу туризм) (Алматы қаласының фирмасының бір өнім мысалында)
- •74 Туристік өнімге сұранысқа байланысты баға құру саясаты ерекшеліктерін талдаңыз
- •75 Бәсекелестерге қолайсыз нарық жағдайларын зерттеу нәтижелерінің талдауы (Алматы қаласының бір фирмасының мысалында)
- •1. Туризмдегі баға қалыптастыруды реттеу әдістері
48 Бухгалтерлік өздік баға байланысы және салық салу мақсаттарындағы өзідік баға
Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 4310 «Кейінге калдырылған табыс салығы» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салык есебінің талаптарындағы айырманын нәтижесінде пайда болған уақытша сомалары көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында каралған және есеп стандарттармен қарастырылған кағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық емепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен аныкталады. Бүл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгіқұүрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі күнның, сондай-ақ акша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік кызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады. Бухгалтерлік және салық есебі арасындағы мәліметтердің тендігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады. Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ак уақытша айырмашылықтардан салықтык тиімділік туындайды. Тұрақты айырмашылықтар — бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен занды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылыктар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.
Тұракты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:
- жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылык жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейінге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;
- бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;
- нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең, шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді.
- коршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезен, шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол жылдық жиынтык, табыстан шегеруге жатпайды;
- марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығыска жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;
- несие бойынша, соның ішінде қаржылык лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта каржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банк аралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.
- сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — ол шегеруге жатпайды, егер ол шегеруге жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде ғана жүзеге асуы мүмкін;
- кәсіпкерлік қызметіңде пайдаланбайтын объектілердің пайдалануы мен күтіп-ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде есептелінеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды.
- және баска да шығыстары;
Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде баска есептік кезенде есептелінеді. Сондықтан біріңде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалға:
- материалдык емес активтер мен негізгі кұралдар бойынша жасалатын амортнзациялық аударымдар.
Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебіндетек калдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ак екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін.
- бухгалтерлік есепте негізгі кұралды жөндеу шығындарын толық көлемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;
- 15% асқан сомасы нсгізгі құралдың құндық балансына косылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды.
- бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салык есебінде аталған зиянды құнның есімінің есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;
- салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын коспағанда) бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде — шегерімге тек төленген салық кана алынады;
- теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады, салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады.
Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезендердің іздестіру барсында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады;
Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Бұл арада тұрақты айырманы келесі есептік кезеңде жоюга болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе. Уакытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.
Халықаралық практикада жалпы қабылданған пікір бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сөйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.
Есептік кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі 4310 «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотында көрініс табады.
Салықтық төлем міндеттемесінің әдісіне сәйкес, олар кезең барысыңда, өзіне мынаны енгізеді:
- салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет етіп тұрған заңға сәйкес есептелінеді, оның деңгейі былайша аныкталады:
Бухгалтерлік тұрақты уақытша
Табыс айырмасы айырмасы
- уақытша айырманың салықтык эффектісі сол есептік кезеңде не төленеді, не жойылады, оның мөлшерін ағымдағы кезеңнің салықтық мөлшерлемесі бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан аныктайды. Егер де келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өзгеретін болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады.
- кейінге қалдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы 4310 шотта көрініс табады.
