
- •4. Инфекцияның таралу жолдары. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Трансмиссивті механизм,вертикальді механизмнің таралу жолдарын көрсетіңіз.
- •6. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Гемоконтактты механизм, трансплацентарлы механизімнің таралу жолдарын көрсетіңіз.
- •7.Инфекциялық процестің классификациясын құрастырыңыз.Инфекциялық аурулардың формалары және олардың сипаттамасын көрсетіңіз.
- •13.Инфекцияның таралу нәтижесіне байланысты бөліп көрсетіңіз .Пандемия және эпидемияны өзара салыстырыңыз.
- •16)Антропонозды және зоонозды инфекцияны өзара салыстырыңыз.
- •31. Прионды инфекцияның стерилизациялау жолдарын көрсетіңіз
- •32.Пробиотикалық препараттар және оларды асқазан-ішек жолдарының дисбактериозын емдеуде қолдану жолдарын көрсетіңіз.Сорбцияланған пробиотикалық препараттармен жай формасын салыстырыңыз.
- •34. Аэробты Грам теріс коктар – менингококтар, гонококтар,нейссериялар. Анаэробты Грам оң және Грам теріс коктар әсер ету механизмін көрсетіңіз.
- •46) Өсуді автостимулдаушы немесе өсуді автоингибирлеуші деген ұғымдарды өзара салыстырып анализ жасаңыз.
46) Өсуді автостимулдаушы немесе өсуді автоингибирлеуші деген ұғымдарды өзара салыстырып анализ жасаңыз.
Бактериялардың өсуін стимулдаушы заттар , гетеротрофты микроорганизмдердің өсуі және өмір сүруі үшін қажетті заттар .Ол заттарды микрооорганизмдер өздері синтездей алмағандықтан қоршаған ортадан алып отырады .Микроорганизмнің өзінде синтезделсе де , өте аз мөлшерде синтезделеді.Ортада микрооргани/дің өсуіне әсер етуші фактордың көп мөлшерде болуы не болмауы , олардың тіршілігінің уақытша тоқтауына алып келеді. Бактериялардың өсу факторларына қажетті заттардың аз мөлшерінің өзі олардың тіршілігін сақтап қалуы үшін жеткілікті болып табылады.Патогенді микроорганизмдерде өсу факторына деген қажеттілік өте жоғары .Бактериялардың өсу факторын қамтамасыз етуші маңызды витаминдер тиамин, рибофлавин, пиридоксин, биотин, дианкобаламин, параамино-бензойная к-та, фолиевая к-та, холин; гемин (фактор X); пуриновые и пиримидинді негіздер (аденин, гуанин, ксантин, гипоксантин, цитозин, тимин, урацил); аминқышқылдары : триптсфан, лизин, холин, глутаминовая к-та, аргинин, метионин, валин, лейцин, треонин, гистидин, фенилаланин т.б. Бұл заттардың микробтардың зат алмасу процесіне тигізетін маңызы мен қызметі зерттелген.Мысалы кейбір бактериялардың өсуін стимулдауға бірнеше түрлі факторлар әсер етеді. Микробтардың белгілі бір өсу факторына деген қажеттілігін олардың өздері өмір сүру барысында реттеп отырады, бұл биологияда аса маңызды.. Өсу факторын стимулдаушы заттар барлық микроорганизмдерде бірдей емес. Ол көбіне қоректік заттың құрамына және табиғи өсу ортасына байланысты болады.Өсуді стимулдаушы заттарды қоректік ортаға азғана концентрацияда қоса-ды мысалы, қышқылдыгидролизат казеині, 0,3% дрожжевой гидролизат, 0,1% щелочной гидролизат. Аминқышқылдары белок биосинтезін реттеп отыру үшін , ал пуринді және пиримидинді негіз нуклеин қышқылын түзу үшін қает.Микроорганизмдердің өсуін стимулдаушы негізінен витаминдер және ферменттердің коферменттері.Мысалы сүтқышқылды бактериялардың қалыпты өсуі үшінбиотина, тиамина, пантотеновой иникотиновой кислот, пиридоксина т.б заттар қажет болады.
|
Начало формы
48)Иммуноглобулин А протеаза және лейкоцидин ұғымдарын түсіндіріңіз, мысал келтіріңіз.IgA-протеаза - адамдағы иммуноглобулин А1 (IgA1)-ны ыдыратуға қабілетті жоғары спецификалық бактериалдық фермент.Бұл фермент адамдағы IgA1-ның белгілі бір пептидті байланыстарына әсер етеді. IgA1 протеаза өнімдері адамдағы кең тараған бактериальды патогендерге тән,мысалы: Neisseria,Haemophilus ,Streptococcus, Bacteroides және т.б.Лейкоцидин (лат.leucocidin) — лейкоциттерді зақымдайтын бактериальды экзотоксин.Лейкоцидиннің нейтрофилдерге, моноциттерге және макрофагтарға активтілігі жоғары.Лейкоцидин —лейкоциттерге токсикалық әсер ететін,стафилоккоктармен өндірілетін зат. Лейкоцидиннің үш түрін ажыратады: бірінші түрі- қояндардың лейкоциттеріне әсер етеді, екінші түрі адамдар мен қояндардың лейкоциттеріне токсикалық әсер етеді және тышқандар мен қойлардың лейкоциттеріне әсер етпейд, ал үшінші түрі адамдардың,қояндардың,тышқандардың лейкоциттеріне кері әсер етедіғ бірақ қойлардың лейкоциттеріне активті емес.
49. Потогенді микро-р және олардың қасиеттері. Патогенді микроорганизм – ауру тудыруға қабілетті микроорганизм; Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік (син. Ауру қоздырғыштық) дəрежесіне қарай барлық микроорганизмдерді үш топқа бөледі: патогенді, шартты – патогенді жəне сапрофитті микроорганизмдер.Патогенді микроорганизмдер (грек: pathos азап шегу, зиян шегу; genis -туылу) – бұлар адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары. Шартты – патогенді микроорганизмдер (патонциалды патогендер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) – Бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі төмендегенде, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына енгенде ауру тудыруға қабілетті микробтар. Сапрофитті микроорганизмдер (грек: sapros - шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенді емес микроорганизмдер – бұл өсімдіктердің жəне жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету барысындағы өнімдермен қоректенетін микробтар. Микроорганизмдердің патогенділік факторлары: адгезивтілік, колонизациялық жəне инвазивтілік, агрессивтілік, токсигенділік қасиеттірі жатады. Патогенды микроорганизмдер инфекциялық ауруларды ауырмаған адамға жұғу арқылы тудырады. Олар организмге белсенді түрде еніп, паразиттік түрде тіршілік етеді. Потогенді микроорганиздер инфекциялық ауру тудыруы үшін, олар тағы бір қасиетке - вируленттілікке ие болу керек, макроорганизмге енуі , оның қорғаныштық механизміне төтеп беруі, нәтижесінде инфекциялық аурудың дамуына септігін тигізуі . Вируленттілік микроорганизмдердің патогенділік дəрежесі. Вируленттілік - түрлік қасиет көрсетпейді, потогенділік сияқты, ол штамдық белгі. Вируленттілік лабильді , яғни, in vivo, так және in vitro секілді төменге де жоғарыға өзгере алады. Вируленттіліктің максимальды төмендеуі потогенді микроорганизмдерде авируленттілікті көрсетеді. Вирулентті микроорганизмдер үнемі потогенді. Вируленттіліктің факторы негізінде олар инфекциялық ауруларды қоздырғыштары болады, олар микрооргаиздердің өзіндік шарттарын бұзады.
50. Патогенділік және вируленттілік. Микробтардың патогенділік факторлары. Вируленттілік факторлары. Вируленттіліктің көрсеткіштері."Патогенділік" - микроорганизмнің ауру қоздыру қабілеті. Ол екі грек сөзінен тұрады: раіһоз - қайғы-қасірет, gепеs - тудыру. Патогенді, яғни ауру тудырушыларға барлық бактериялар жатпайды. Микро- және макроорганизм арасында түрлі симбиоз формалары бар: мутуализм, комменсализм және паразитизм. Патогенділік, немесе ауру тудыру қабілет абсолютты емес. Оның пайда болуы келесі шарттарға байланысты: Микробтардың патогенділігі жануарлардың арнайы түрінде байқалады. Кей бактериялар тек адамға патогенді, басқалары тек жануарларға патогенді, ал тағы баскалары адамға және жануарға да патогенді (оба, бругцеллез, туляремия т.б. қоздырғыштар). Кей жағдайларда (табиги) микробтар макроорганизмге патогенді емес, ал жағдайы өзгергенде сол микроорганизм патогенді болып келеді. Мысалы, табиғи жағдайда тауықтар сібір түйнемесімен ауырмайды, ал егер олардың дене температурасын төмендетсе олар ауырады. Сау адамға патогенді емес немесе шартты патогенді микроорганизмдер организмнің табиғи резистенттілігі (төзімділігі) бәсендесе осы микробтар патогенді болып келеді. Патогенділік ауру тудыру қабілет — бактерияның түр (видовое) қасиеті, түрдің барлығына тән, бірақ түрлі өкілдерде түрлі дәрежеде көрінеді. Сондықган, патогенділік дәрежені бағалау үшін вируленттілік термин пайда болды. Патогенділік және вируленттілік (латын тілінен virulentus - улы) бір мағынада - ауру тудыру қабілет, бірақ вируленттілік дегеніміз саналық баға, яғни пагогенділіктің дәрежесі, өлшемі. Вируленттілікті күшейтуте (ұлғайту) және бәсендету (төмен) болады. Бұны қоздырғышқа түрлі әсер беру нәтижесінде байқауға болады. Л.Пастер сібір түйнемесіне қарсы вакцина алғанда, оның қоздырғышын жоғары температурада өсірді (42"С) - қоздырғыштың патогенділік қабілетіне жауанты плазмида жоғары температурада бұзылады. Л.Пастер қүтыруға қарсы вакцинаны алғанда, ол көжектерге жоғары вирулентті құтыру қоздырғышының штаммын селекциялап адамға патогенді емес штаммын алды. Л.Себип полиомиелитке қарсы тірі вакпинаны полиовирустың үш типтерінің селекциясын жасағанда авирулентті штаммын алды. Микроорганизмнің вируленттілік санын үш әдісте анықтауға болады: микроорганизмнің немесе олардың токсиндерінің минималды өлтіру дозасы — Dlm, Dcl, Dl50, Dlm (letalis minima) - арнайы уақытта жануарларды өлтіретін доза - қатыстық баға, жануар түріне байланысты. Dlm көжекке, итке және теңіз шошқасында әр түрлі болады. Dсl (dosis сertа letalis ) - сөзсіз өлтіретін доза, яғни барлық жануарларды өлтіретін доза; ол да қатыстық доза болып келеді. Сондықтан, статистикада қолайлы болып жұқтырған жануарлардың 50% өлетін доза - Dl50 есептеледі. Бұны Рид. және Менч әдісі бойынша статистикада есептелінеді.
51. Вируленттілік факторлары және олардың сипаттамасы. Адгезия және колонизация. Патогендердің өзіндік адгезиясын қамтамасыз ететін факторлар. Адгезияның механизмдері. Грамм оң, грамм теріс бактериялардың адгезиндері. Адам ұлпаларындағы клетка рецепторлары. Патогенді (вируленттік) факторлары. Патогенділік бактериялардың биологиялық белгі ретінде үш қасиеттермен нәтижеленеді: инфекциялық, инвазивтік, токсигендік (немесе улылық -токсиндік). Инфекциялык (немесе инфективтік) — бұл қоздырғыштың организмге енуі және ауру тудыруы. "Микробтың ену механизмінің біреуімен енгенде өзінің патогенді қасиеті сақталып беткейлі барьерлерден (тері және кілегей қабығы) өтеу қабілеті". Инвазивтік - қоздырғыш организмнің қорғаныс механизмдерінен сау өтіп, көбейеді, клеткаға өтіп, организмде таралу қабілеті. Бұл қасиет патогенді микроорганизмдерде пагогенді факторлар топтасқанда сипаттама береді. Олар клеткаға енген соң қарқынды көбейеді; фагоцитозды бәсендететін факторлар және фагоцитозды өткізбеуге бейімді факторлар микроорганизмдерде кездеседі; "агрессия және қорғаныс" ферменттері көптеген топтар қалыптастырады. Бактериялардың токсигенділігі олардың экзотоксин бөлуімен сипатталады. Улылық (токсичность) эндотоксин әсерімен байланысты. Экзотоксин және эндотоксин организмге әсер етіп оның оміріне қатерлі жағдай тудырады. Инфекциялық, инвазивтік (агрессивтік) және токсигендік (улылық) қасиеттер бір-бірімен міндетті түрде байланысты емес, әр микроорганизмде олар өзгеше сипатталады. Кей микроорганизмдерде басты бағытта агрессивті (инвазивті) қасиет болады. Мысалы, оба қоздырғышы Ү.реstis экзотоксин түзгенімен («тышқан» токсині), негізгі фактор ретінде организмнің резистенттілігін тежейтін, жылдам түрде клетка ішінде көбеюін және организмге таралуын қадағалайтын патогенді факторлар басым болады. Сонымен қатар, сіреспе, дифтерия және ботулизм қоздырғыштардың иифекциялық қасиеті әлсіз болғанымен, олар өте күшті экзотоксин түзіп ауруды дамытады, оның патогенезі мен клиникасын-қарқынды өткізеді. Сондықтан, осындай күрделі биологиялық қасиеті — патогенділік - пато-генді бактериялардың нақты патогенді факторлармен байланысты, және олар-дың көріністері келесі қасиеттердің пайда болуымен сипатталады. Оларға жатады: Хемотаксис және қозғалыс (талшықтары бар бактерияларда). Хемотаксис көмегімен бактериялар клетка-нысанасын табады, ал олардың талшықтары клеткамен әрекеттесуін жылдамдатады. Кілегей субстраттарын бұзатын ферменттер. Кілегей қабықтарда орналасқан эпителиалді клеткаларды сыртынан қаптайды. Протеаза, нейраминидаза, лецитиназа және басқа ферменттер кілегейді бұзып, микроорганизммен байланысатын рецепторларды ашып, босатады.Адгезия және колопизация факторлары. Бактериялар осы факторлар әсерімен клетка мембранасындағы рецепторларды танып алып, жабысады да клетка беткейінде таралады (колонизация). Бактерияларда адгезия қызметін клетка қабырғасының структуралары атқарады: фимбриялар, сыртқы мембрананың белоктары, ЛПС т.б. компоненттер. Адгезия патогенділіктің бастапқы механизмі. Бактериялар клетка ішінде көбейеді немесе клетка беткейіндегі кілегейде (мембранада), немесе одан өтіп организмде таралады. Сондықтан, барлық бактериялар және вирустарда клетка беткейіне жабыспай (адсорбция) патогенді қасиеттеріи арта алмайды. Сонымен қатар, токсиндер де нысана-клетка мембранасындағы рецепторлармен байланыспай токсикалық қызметін атқара алмайды. Сондықтан, адгезия мен колонизация — ауру дамуының бастапқы, негізгі механизмі.Грам теріс бактерияларда адгезияI – ші типті және жалпы пилия есебінен жүреді. Ал грам оң бактериялардың клеткаларының қабырғаларындағы адгезиндер белокты және тейхой қышқылды құрылымда болады. Қазіргі таңда адам ұлпаларында IgG- ға арналған клетка рецепторларының үш түрі анықталған: Fc-гаммаRI (CD64) , Fc-гаммаRII (CD32) және Fc-гаммаRIII (CD16) .
52.Микроорганизмдердің инвазивтілігі мен агрессивтілігін қамтамасыз ететін патогенділік факторлары. Микроор-дің антифагацитарлық белсенділігін қамтамасыз ететін патогендік факторлары.Микроорганизмдердің патогендік факторларына: адгезивтілік, инвазивтілік, агрессивтілік, токсигендік және антифагацитарлық факторлар жатады. Инвазивтілік (лат. Invasio-шапқыншылық, шабуыл)-микробтардың организмнің қорғаныш барьерасын бұзып, мүшелерге, тканьдерге және мүше қуыстарына еніп, көбейіп, макроорганизмнің қорғаныш қабілетін басып тастауы. Патогенді бактериялардың инвазивтілік қасиеті микробты ферменттермен (гиалуронидаза), капсула және басқада микробтардың химиялық компонентері арқылы қамтамасыз етіледі. Көптеген вирулентті бактериялар клетка мембранасын бұзып, клеткадағы фагоцитозды стимулдайды. Мысалы, оларға: А протеинді стафилококк, vi -антиген сальмонелла, М-протеин пиогенді стрептококк және т.б. жатады.Иммундық жауаптың тежелуі немесе агрессивтілік.Көптеген бактериялар вирулентті факторларды туындатады. Мысалы, бактериялар организмнің антиденесімен байланысатын белок бөледі. Капсула полисахариді - макроорганизмнің иммундық жауабын тежейді (ингибирлейді), клетканы қоршап организмде стрептококк (Streptococcus pneumoniae) пайда болады.Адгезивтілік қылшықтар, талшықтар, рибито-тейхой және липотейхой қышқылы, липопротеидтер мен липополисахаридтер арқылы патогенді микроорганизмдер макроорганизмге ене алады. Бұл құбылысты адгезия деп атайды, яғни, сезімтал клеткаға микробтың жұғуы. Мысалы, белокты антигенге сәйкес келетін бактериялардың жіңішке ішектің шырышты қабатына енуін, олардың ішекте көп мөлшерде жиналуын, токсин бөлуін қадағалап және осындай жолдармен макроорганизмдерді жеңетін адгезивтілік факторы эшерихада жақсы көрсетілген (штаммалар К-88, К-99).Мысалы: E.coli энтеротропты, нейротропты, пирогенді әсер ететін эндотоксин түзеді. Энтеропатогенді ішек таяқшасы тобы аш ішектің эпителиіне жабысып немесе адсорбцияланып экзотоксинді түзеді,ол аш ішек қуысында су мен хлоридтің мөлшерден көп бөлінуіне алып келеді және натрийдің кері сіңірілуін бұзады,нәтижесінде ішектің жиырылуын,іш өту мен сусыздануды күшейтеді. Кейбір диареягенді эшерихияларда дизентерия қоздырғыштары сияқты бактериялардың жасушаларға енуіне себепкер болатын инвазиялық факторлар анықталған. Энтеропатогенді ішек таяқшасы ауру тудыруы нефротоксикалық әсерімен және қан кетумен де анықталады. Патогенді факторларға адгезияға себепші болатын кірпікшелер мен ақуыздар мен фагоцитозға кедергі жасайтын микрокапсула жатады. Шартты –патогенді және диареягенді ішек таяқшалары антигенді құрылымымен және патогенді факторлар жиынтығымен ерекшеленеді.Токсигендік (грекше toxicum — у және лат. genus — шығу тегі)-зат алмасу қызметінің бұзу жолымен макроорганизмге қатер тудыратын микроорганизмдердің токсиндер бөлу қабілеті. Токсиндер арасында микробтардың шығу тегі екіге бөлінеді. Экзотоксиндер — активтілігі жоғары у, экзотоксиндер Грам оң микроорганизмдерде болады (ботулизм, сіреспе, газды инфекцияларжәне т.б.). Эндотоксиндер—экзотоксинмен салыстырғанда улылығы төмен. Эндотоксиндер Грам теріс микроорганизмдерде болады (ішек таяқшасы, сальмонелла және т.б.).Антифагацитарлықфакторлар. Жоғары локализациялы капсулалардан және макромолекулярлы құрылымнан тұрады. Бактерия клеткаларына өмірлік маңызды болып саналмайды. Олар гидрофильді. Фагоцитоздан қорғану әртүрлі стадиялық процестер тудыруы мүмкін: тану стадиясы – ену. Капсулалар және капсула тәрізді полисахаридтер арқылы М-протеин стрептококктар, К-антиген грам теріс бактериялар ене алады. Staphylococcus aureus А-протеин және фермент плазмакоагулаза маңында әсер еткенде клетканың айналасында фибринді қап түзіледі, ол бактерия фагоцитінің танылуына бөгет жасайды. Фагоцитоздың енуінен кейінгі микробты клетканың тіршілікке қабілеттілігі. Фаголизосоманың басыңқылық процесі лизосомдық ферменттердің әсер етуін бұзады және гендер патогенділік құрамында (SpI2) шектеліп қалады. Сосын,микроорганизм ішкі фагоцитозға түскеннен кейін экспрессияланады. Фагосома мембранасының тесіктерінің қалыптасуына листериолизин ижәне фосфолипазалар қатысады.
53 Адам организмнде патогенді бактерияларды персистенциялау механизмі Персистенция – патогенді микроорганизмдердің кейбір түрлерінің ұзақ уақытқа ие организмде өмір сүруін тоқтатпауы. Кейбір зерттеушілер персистенцияны патогенді микроорганизмдердің организмде болуын ж/е белсенді түрін айтады. Мысалы,ұзаққа созылатын аурулар және тасымалдаушылар. Кейбір ғалымдар персистенция кезінде тек организмде қоздырғыштардың белсендәі емес түрде де көюеюін,метоболизмінің сақталып қалуы деп түсінеді. Персистенцияның пайда болуынна бірнеше факторлар әсер етеді. Бір жағдайларда патогенді микроорганизмдермен адамдар арачындағы эволюция барысында қалыптасқан генетикалық белгілермен байланысты. Персистенция-қоздырғыш еге организм өлімге ұшырағанда н/е симптомсыз инфекция жағдайында алынып тасталғанда жойылады. Персистенция жағдайын орнату эпидемиялық мағынаға ие. Созылмалы инфекцияда қоздырғыш организмде ұзақ сақталып қалуы-персистенция. Персистенциялану үшін микроорганизм арнайы механизмге ие,яғни,клеткаішілік локализация клеткада жасырынады,клетка қабықшасы жоқ L- формаға өтеді. Осы кезде антигенді мимкрия оболады,яғни клетка егесі мен микробтың антигендік детерминатының химиялық құрамы бойынша сәйкес келуі.Локальды ошақтар мен бас миында жасырынады. Вирустар үшін қосымша персистенция факторы ретінде геномдық вирустың клетка хромосомасымен бірге нысана клеткаға интеграциясы болып табылады. Антитела қызметінің қолжетімсіздігі,иммундық жауаптың әлсіз ықпал етуі осы факторларды толықтырады
54 Созылмалы инфекциялар мен бактериятасушылықтың пайда болу механизмдерін анықтаңыз. Тасушылықтың түрлері, олардың эпидемиялық мәнін түсіндіріңіз. Созылмалы инфекция дегеніміз - Адамдармен жануарлардағы ең үлкен топқа жатыды. Бұл инфекциялық ортақ қасиет созылмалы инфекция. Созылмалы инфекцияның 2 түрі бар . Біріншілік және екіншілік. Біріншілік бірінші кезден ақ созылмалы инфекцияны жұқтырады. Бұл инфекция пайда болғаннан кейін ауру асқын түрлері кездеседі. Бірақ аз фазада болуы мүмкін Мысалы сифилис, фрамбезия, пинта трохома, лейшманиоз туберкулез, микробактериоз тб Екіншілік созылмалы инфекция ( немесе асқынған созылмалы инфекция. Оның үш ену жолы болады. Созылмалы, Асқынған және екі фазалы. Екінші фазаға асқынған және созылмалы кіреді. Созылмалы инфекция туа пайда болуы мүмкін., өсе келе микробтар жұқтыруы мүмкін. Бактерия тасымалдаушы – өзінің ағзасында қоздырғышты тасымалдап жүретін сау адам. Жедел ішек жұқпасының қоздырғышы асқазанға ауыз арқылы енеді де сол жерде көбейе бастайды, улы заттар бөле отырып, ағзаның кейбір жүйесіне зақым келтіреді. Науқас адам немесе бактерияны тасымалдаушы жеке гигиенаны ұстанбай, кір қолдарымен қоздырғыштарды әртүрлі заттарды қолға алған кезде жұқпаны тасымалдай алады. Сау адам сол заттарды қолымен ұстаған кезде микробтарды ауыз қуысы арқылы ағзаға өткізіп алады. Әсіресе, бұл мәселеде суық қалпында пайдаланылатын тағамдық өнімдер қауіпті болып келеді: әртүрлі салаттар, құйылып әзірленетін тағамдар, сүтті өнімдер, тартылған ет. Себебі, оның әзірлеу процесінде ет араласып, микробтар барлық масса бойынша жайылады. Микробтар ауызға кір жолдар арқылы жұғуы мүмкін, көбінесе кішкентай балалар ауруға тез шалдығады. Сырқаттылықтың 43 пайызы жағдайында кеуде сүтіндегі балалардың сырқаттылығында қоздырғыш көзі анасы болып табылады. Сатылып жатқан өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құ-жаттары жоқ, санкцияланбаған сауда орындарынан тағамдық өнімдер сатып алуға болмайды. Таратушы – бұл инфекцияны тарататын кез-келген тiрi организм. Ол инфекциялық бастамасын тасымалдаушы немесе резервуар деп аталатын организмнен алады. Мысалы, бүргелер тиф және оба (бубонды оба немесе «қара өлiм») сияқты бактериалды аурулардың тасымалдаушысы, ал олардың резервуарлары егеуқұйрықтар. Құтыру вирусы бiр жануарда сақталып таратылады, мысалы итпен немесе жарғанатпен а) тасымалдаушы мен және б) резервуармен. Бұл жағдайларда денесiнде патогендi микроорганизм көбейе алатын тасымалдаушы екiншi қожайын ретiнде шыға алады. Насекомдар ауру қоздырғыштарын денесiнiң сыртқы жабындарында тасымалдай алады. Мысалы, шыбындар тырысқақ, дизентерия сияқты iшек ауруына шалдыққан адамдардың нәтижесiнде жорғалап және қоректенiп жүрiп мiндеттi түрде бұл аурулардың қоздырғыштарын денi сау адамдар пайдаланатын азық – түлiктерге тасымалдауы мүмкiн.
55)Бактериялардың токсиндері .Токсиннің түрлері .Токсиндердің әсер ету механизмдері .Токсигенділік.Микробтық токсиндер.Классификация және сипаттама беріңіз.
Бактериялардың токсиндері - макроорганизмнің спецификалық жасуша-ларына тікелей улық әсер ететін немесе биологиялық белсенді заттар түзілуінің нәтижесінде жанама түрде улану симптомдарын дамытатын метаболизм өнімдері.Инфекция процестерінің дамуындағы маңызды рөлді токсиндер алады. Бактерия токсиндері өте улы зат. Бактерия токсиндерінің үлкен бөлігі белокті, полипептидті немесе липополисахаридті жоғары молекулалы байланысқа және антигенді қасиетке ие. Қазіргі уақытта 150 шақты токсиндердің түрі анықталған. Бактерия токсині биологиялық қасиетіне байланысты екіге бөлінеді: Экзо және эндо токсиндер . Токсиндер – организмде белгілі бір өзгерістер туғызатын, микроорганизмдер түзетін улы белоктік заттар. Экзотоксиндер – миркобтардың сыртқы ортаға бөліп шығаратын не олар өлгеннен кейін босап шығатын тіршілік әрекетінң өнімдері. Эндотоксиндер - микроб клеткасының денесімен тығыз байланысты.Бұл клетка бұзылғаннан кейін ғана босап шығады. Экзотоксиннің клеткаға әсер ету механизміне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: цитотоксиндер, мембранотоксиндер , функциональды блокаторлар, эксфолианттар, эритрогеминдер.Бактериялардың ақуызды токсиндер түзу қабілеттілігі токсигенділік деп аталады. Құрылымы бойынша ақуызды токсиндер қарапайым және күрделі деп бөлінеді. Қарапайым токсиндер бірыңғай полипептидті тізбекшеден немесе функциялық тұрғыдан белсенділігі жоқ прототоксиндерден пайда болады. Күрделі токсиндер- олар А суббірлігімен байланысқан бір немесе бірнеше В суббірліктерден тұратын дайын күрделі бифункциялық құрылымдар, мысалы, тырысқақ қоздырғышының энтеротоксиннің А суббірлігі ілмелеуші бес В суббірліктермен қоршалған.
Токсин сипаттамасы |
Токсин типтері |
|
Эндотоксиндер |
Экзотоксиндер |
|
Продуцент
|
Грам теріс бактериялардың клетка қабырғасының аутолиз өнімдер |
Грам оң және теріс бактериялардың ұабырғаларының аутолиз өнімдер
|
Локализациясы |
Клетка ішінде |
Клетка ішінде және сыртында |
Химиялық табиғаты |
ЛПС,Белок + ЛПС |
Белоктар, полипептидтер |
Температураға сезімталдығы |
Температураға аз сезімтал (термостабильді) |
Жоғары температураға сезімтал (термолабильді) |
Клеткаға әсер етуі |
Активтелген цитокиндер арқылы ісер етеді |
Тікелей және спецификалық әсер етеді |
Биологиялық белсенділігі |
Барлық токсиндерге ортақ |
Әрбір токсинге өзіне ортақ белгі тән |
Иммуногенділігі |
Иммуногенділігі жақсы |
Иммуногенділігі жоғары |
56. Экзотоксиндердің класси-ы. Экзотоксинді оң грамды жəне теріс грамды бактериялар түзеді. Оң грамды бактерияларда экзогоксин ЦПМ жəне клетка қабырғасында қарқынды синтезделіп сыртқа шығарылып тұрады. Теріс грамды бактерияларда (тырысқақ вибрионы, токсигенді ішек таяқшасы, салмонеллдер) кей экзотоксиндері (энтеротоксин) арнайы қолайлы жағдайда түзіледі, яғни инфицирленген организмде жəне цитоплазмада сақталады, клетка бұзылғанда сыртқа шығады. Экзотоксиндер әсер ететін клетканың түріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: Экзотоксиндер – грам оң және грам теріс бактериялармен түзіліп, қоршаған ортаға бөлінетін заттар. Эндотоксиндер – грам теріс бактериялармен түзіліп клетка ішінде түзіледі. Нейротоксин - жүйке жүйесіне таңдамалы түрде әсер ететін, биологиялық туындылы улы заттардың жалпы атауы Антитоксиндер - инфекциондық аурудың қоздырғыштары өндіретін токсиндерді залалсыздандыратын антиденелер. Барлық анықталған бактериалді экзотоксиндер — белоктар, термолабилді жəне термостабилді. Экзотоксинін негізгі қасиеттері олардың химиялық құрылымы белоктан тұратынынан байланысты: олардың токсигенді əсері өте күшті (табиғатта ең күші жоғары токсиндер - микробтар арасында), латентті кезең өткен соң спецификасы өте жоғары (лабораторлық ÿÿÍÿ€+____жануарларды сіреспепіп қоздырғышымеп токсиндерімен жұқтырғанда клиникасы бірдей көрінеді). Экзотоксиндер күшті антигендер, кей түрлері — суперантигендер. Оларға организмде антиденелер түзіледі, яғни антитоксиндер—олардың əсерін нейтрализациялайды. Экзотоксинді формалинге салса олар жойылады да анатоксинге өтеді. Анатоксиндерде токсикалық қасиеті болмайды, бірақ антитоксин синтездеу сақталады. Сондықтап, дифтерия, сіреспе, ботулизм т.б. ауруларда жасанды иммунитет қалыптастырута кең қолданады. Экзотоксиндер, екі фрагменттен тұрады - А жəне В. Əр фрагмент өзінше активті емес. Токсии қасиеті екеу бір-бірімен байланысқанда байқалады. Фрагмент В екі қызмет атқарады — акцепторлы (мембранада рецепторларды танып, олармен байланысады) жəне мембрана ішілік канал құрайды. Фрагмент А сол канал ішімен клетка ішіне енеді де токсикалық активтігін қамтамасыз етіп клетка метаболизмін бұзады. Осындай структура мысалы, тырысқақ вибрионы жəне теріс грамды бактерияларда кездеседі.
57) Эндотоксиндер, классификациясын атаңыз және оларға сипаттама беріңіз. Әсер ету механизмдерін көрсетіңіз? 55тегі сызбаны сызуға болады Эндотоксиндер - кейбір бактериялардың құрылымдық компоненттері болып табылады. Эндотоксин теріс грамды бактерияларда ғана бар. Ол ЛПС жəне онымен байланысты белоктар. Эндотоксиндер термостабилді(температураға төзімді), тек бактерия бұзылғанда сыртқа шығады. Эндотоксин экзотоксинге қарағандаспецификасы байқалмайды. Олардын улылығы жəне пирогенділігі теріс грамды бактериялардың ЛПС құрамына кіретін белок А-мен байланысты. Эндотоксиннің пирогендік əсері бас миының термоорталығымен байланысты емес. Олар полиморфты ядролы лейкоциттерден пирогенді заттар бөлінуін стимуляциялайды. Эндотоксин " қабыну агенттер ретінде болады: капиллярлардың өткізгіштігін артадыжəне клеткаларды бұзады. Олардың қабыну жəне пирогенді əсері бейспецификалы. Эндотоксин менуланудың көптегеп көріністері жалғыз ЛПС əсерімен мұқтаж емес, эндотоксин биологиялық белсендізаттар бөлінуін қамтамасыз етеді -- гистамин, серотонин, простагландин, лейкотриен т.б., барлығы 20 астам. Осы биологиялық белсенді заттар организмнің мүшелері мен тіңдерін зақымдайды. ЛПС үш компоненттері липид А, полисахаридтің ядросы жəне оның қабырғалы тізбегіндегіқанттар қатары - күрделі антигенді қасиеттермен сипатталады. ЛПС интерферон синтезінстимуляциялайды, комплемент жүйесін классикалық жолмен белсендіреді, лимфоциттерге митогендіжəне аллергенді əсер береді. Эндотоксиннің токсикалық қасиеті экзотоксинге карағанда, формалингесалғанда жойылмайды, ал ЛПС анатоксинге өтпейді.
58.Адам орг қалыпты микрофлорасын айқындап көрсет,асқазан ішек жолдарының микрофлорасын сараптауға арналған анализ жасалу барысын схема түрінде көрсет. Қалыпты микрофлора деп – дені сау индивидтердің белгілі бір денесінің аймақтарында қалыпты мөлшерде жиі кездесетін микроорганизмдердің жиынтығы.Белгілі бір түрге тән микрофлораиндигендідеп аталады. Адам ағзасы мен жануарлардың микрофлорасы эволюциялық процесс кезінде микрофлора мен макроорганизмнің өзара байланысы нәтижесінде түзіледі. Ағзаның әр облысы үшін белгілі бір микрофлора тән. Жаңадан туылған нәресте стерильді, ал 6-10 сағаттан кейін оның ағзасынан бір қатар микробтар табуға болады.Адам ағзасының микрофлорасы бұл дені сау адамның ағзасында болатын микробтар биоценозының бірлестігі. Қалыпты микрофлора тұрақты (облигатты,резидиентті)және кездейсоқ (факультативті) түрде болады. Мекендеу ортасының ерекшеліктеріне байланысты адам денесінің әр жеріндегі (тері,ауыз қуысы, тыныс алу, ішек-қарын және несеп-жыныс жолдары) микрофлора құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Қалыпты микрофлораның түрлік құрамы адамның жасына, жынысына, ағзаның иммунологиялық реактивтілік жағдайына, қоректену тәртібіне, географиялық, маусымдық, әлеуметтік факторларға байланысты.Қалыпты микрофлора көпшілік адамдарда бір типтілігімен және ұқсастығымен сипатталады. Олардың құрамы бұзылған жағдайда жылдам бұрынғы қалпына келеді. Қалыпты микрофлораның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары көп: патогенді микробтарға антагонистік әсер етеді., иммундық жағдайдың қалыпты болуына әсер етеді, асқорыту, зат алмасу процесінеқатысады, витаминдерсинтездейді. Асқазан-ішек трактысының микрофлорасы Бактериялар асқазан-ішек трактысында активті орналасады. Асқазанның қышқыл ортасы және ащы ішектің жоғарғы бөлігінде микроб саны 1мл – 1000 аспайды. Көбісі ащытқылар: энтерококктар, ішек таяқшасы, бифидобактериялар, лактобацилла.Ал тоқ ішекте стабильді түрде 300-дей әртүрлі микроорганизмдер кездеседі.Қазіргі уақытқа дейін әлемде бұл микроорганизмдерді бөліп және түрлерін идентификациялаған жоқ. Адам бөліндісінің 40% өлі және тірі микробтар болады. Ішектегі барлық микроорганизмдер салмағы – 1,5кг жетеді. Бактероидтар Кампилобактериялар Клостридия Копрококктар Эубактериялар Руминококктар Спирохеталар Вейлонеллалар Фузобактериялар Пептококктар Пептотсрептококктар Протеонобактериялар және т.б .Көптеген зерттеушілердің айтуынша сау адамдардың асқазан микрофлорасы болмайды немесе өте аз мөлшерде кездеседі. Асқазанның микробсыз жағдайда болуының себебі, асқазан сөлі мен бактерицидті заттардың әсері деп түсіндіреді.Ащы ішек пен тоқ ішектің «стерильді» немесе микроб жайлағаны жөнінде толық жауап жоқ. Қолдағы анықтамалар бойынша, 12-елі ішекте микрофлора болмайды немесе онда кейбір сапрофиттер болуы мүмкін: энтерококктар мен лактобацилдер, біршама саңырауқұлақтар мен сарциналар.Ащы ішектің дистальді бөлігінде микрофлора саны көбейе береді және оның спектрі де әртүрлі болады. Көптеген анаэробтар, ішекті және сүт қышқылы таяқшалары мен фекальді стрептококктар мен энтерококктар.Әсіресе тоқ ішек пен үлкен дәрет микрофлораға өте бай және алуан түрлі. Адамның тоқ ішегінде орта есеппен 1,5 кг микроорганизмдер, ал 1г үлкен дәретте 250 млрд микроорганизмдер бар екендігіесептелінеді. Ішек микрофлорасының микроорганизмдері 8-10 түрлі туыстар мен 60 шақты түрлер мен туыстарға жатады.Облигатты ішек флорасына жататындарға: бифидобактериилер, бактероидтар, лактобактериилер, ішек таяқшалары мен энтерококктар жатады.Бифидобактериилер жас нәрестенің тоқ ішегіндегі ана сутімен қоректенетін негізгі флорасы болып есептелінеді. Отандық ғалымдардың жұмысы, олардың адамдардың ағзасында доминатты мөлшерде кездесетінін анықтап көрсетті. Факультативті ішек флорасының тобына патогенді және шартты-патогенді бактерия түрлері мен сапрофиттер жатады.Мектеп жасындағы балалардың флорасы үлкен адамдардың флорасынан ешқандай ерекшеленбейді.Емшектегі балалардың тоқ ішегінде бифидобактериилердің көбеюінен: аэробты ассоциацияның интенсивті көбеюі азаяды.
59 Дисбактериоз індетін айқындайтын негізгі жолдар және таралу механизмі.Дисбактериозды сараптауға арналған лиздің жасалу барысын схема түрінде көрсетіңіз. 60тағы кестені қоссандар болады ДИСБАКТЕРИОЗ (dysbakteriosis) — ағзаның қалыпты микрофлорасының өзгеруі. Мыс.: ішек дисбактериозында ішек таяқшаларының саны азайып олардың басқа патогенді микроорганизмдерге қарсы күресу мүмкіндігі шекараланады, осыған байланысты әр түрлі ішек сырқаттары пайда болады. Бұл жағдай әдетте антибиотиктерді тиімді қолданбағанда туындайдыДибактериоз. бұл микроағзалардың ерекшелігі ішектің табиғи санымен сапасын қалыпты жағдай кезіндегі өзгерісі: бактериялар, қышыма, вирустар, микроэкологияның тез бұзылуы нәтижесінде ішек құрылысының бейімделеуіне әкеледі. Дисбактериоз» термині алғаш рет 1916 жылы ішек микрофлорасының антагонисті функциясының төмендегендігін көрсету үшін енгізілген. Қазіргі кезде дисбактериозға ішек нормафлорасының сапалы және сандық өзгерістерін жатқызу қалыптасқан. Ішек дисбактериозы – бұл бірқатар ауру мен клиникалық жағдай кезінде пайда болатын клиникалық-зертханалық синдром. Нормафлора құрамының сапа және/немесе сан жағынан өзгерістерінен басқа да олардың өкілдерінің өзіне тән емес биотоптарға транслокациялануы мүмкін. Дисбиозбен ауырған пациенттердің ішінде клиникалық симптомдары барларында метаболитті және иммундық бұзылыстар болуы мүмкін. Дисбактериоздың таралу жағдайлары: Қазіргі заманғы өмір жағдайы, есеңгіреу жағдайы,қоршаған ортаның жағымсыз әсері, антибиотиктерді қабылдау үнемі әсер етпеуі, химиялық препараттар, гармоналды амал, дұрыс тамақтанбау. Дисбактериозды айқындайтын факторлар: -дәреттің екі түрлі бұзылуы: диарея , іш қату;иістенген, шіріген диспепсия;жан - жаққа таралу диспепсия;сарылып ішіпетін тамақ түрлерінің бұзылуы;гиповитаминдер;аллергиялық синдромы;ұйқының бұзылу, әлсіздік, шаршау;семіздік;ағзадағы электролиттің бұзылуы Дисбактериозды сараптауға арналған микробиологиялық кесте:
60.Дисбактериозды емдеу жолдары,механизмдері және оны сараптауға арналған анализдің жасалу барысын схема түрінде көрсетіңіз: ДИСБАКТЕРИОЗ (dysbakteriosis) — ағзаның қалыпты микрофлорасының өзгеруі. Мыс.: ішек дисбактериозында ішек таяқшаларының саны азайып олардың басқа патогенді микроорганизмдерге қарсы күресу мүмкіндігі шекараланады, осыған байланысты әр түрлі ішек сырқаттары пайда болады. Бұл жағдай әдетте антибиотиктерді тиімді қолданбағанда туындайдыДибактериоз. бұл микроағзалардың ерекшелігі ішектің табиғи санымен сапасын қалыпты жағдай кезіндегі өзгерісі: бактериялар, қышыма, вирустар, микроэкологияның тез бұзылуы нәтижесінде ішек құрылысының бейімделеуіне әкеледі. Дисбактериозды емдеу жолдары:Салауатты өмір салтын қалыптастыру, еңбек пен демалыс уақытын реттеу ауруды емдеу жолдары толыққанды баланыстандырылған ұйымдастырылған тамақтануды есеппен диспепсия характері және дәреттің бұзылуы медикаментозды терапияны өткізу. Дисбактериоз кезінде жүйелі тамақтану. Ағзаның биоритмін қалпына келтіру үшін екі үш сағат сайын уақытында тамақтану. Микрофлордың тез бұзылмауы үшін, жағымсыз әсер етпеу үшін рационалды азықты қабылдамау: консервілер, жартылай фабрикатты ет, балық, бауыр, бүйрек, ми, қойытылған сүт, газдалған сусындар, балмұздақтар, шоколад. Симптомның басталу кезінде тез диспепсия қажет: рационға қою сүт қолданбау, қарапайым көмірсумен ( қант, тәттілер, картоп пюресі, сүт ботқасы, кисел, жеміс, ақ нан тоқашы, стемумиралды газ тәріздес тағамдар: банан, жүзім, қырыққабат, жаңғақ, қияр, бұршақ. Рационда піскен майсыз ет, омлет, майсыз ірімшік, қарақұм ботқасы, және көкеніс жармасы, қышқыл сүт тағамдары. Шіріген диспепсияның басын бастау кезінде жануарлардың ақ уызы мен майын шектеу, көмірсутектің көбеюі піскен бұқтырылған және шикі көкөніс есебінен.
Дисбиоз дәрежесі |
Жуанішек ішіндегісіне жасалатын микробиологиялық зерттеу нәтижелері |
Клиникалық зерттеу нәтижелері |
I дәреже |
Микрофлораның негізгі өкілдерінің жалпы санының (бактероидтер, бифидо- және лактобактериялар) 108-107 КОЕ/г дейін төмендеуі; ферментативті белсенділігі дұрыс ішек таяқшасының 106 КОЕ/г дейін азаюы; шартты патогенді энтеробактериялардың, алтын стафилококтардың, 103 КОЕ/г дейінгі Candida түріндегі саңырауқұлақтардың деңгейі. |
· тәбеті өзгерген; · метеоризм; · нәжісінің тұрақсыздығы; · нәжіс түсінің бірдей болмауы |
II дәреже |
Микрофлораның негізгі өкілдерінің жалпы санының 105 КОЕ/г дейін төмендеуі; лактозонегативті ішек таяқшаларының дұрыс формалары санының төмендеуі негізінде 104-105 КОЕ/г дейін артуы; шартты патогенді энтеробактериялар, алтын стафилококтардың, Candida түріндегі саңырауқұлақтар деңгейінің 104 КОЕ/г дейін артуы. |
· тұрақты метеоризм; · ішөту мен ішқатудың анық көрінуі; · тамақ ішкеннен кейін ішкебуді сезіну; · іш аурудың миграциялаушы, анықталмаған түрі; · гиповитаминоз белгілері; · кекіру, қыжыл; · терінің аллергиялық реакциясы |
III дәреже |
Ішек микрофлорасының негізгі өкілдерінің жалпы санының 103-104 КОЕ/г дейін төмендеуі; ферментативті белсенділігі дұрыс эшерихияның толымсыз штамдар сандарының артуы негізінде; шартты патогенді энтеробактериялар, алтын стафилококтардың, Candida түріндегі саңырауқұлақтар деңгейінің 104 КОЕ/г дейін артуы. |
· Асқазан-ішек диспепсиясы симптомдарының күшеюі; · трофикалық бұзылуы |
IV дәреже |
Анаэробтық микрофлораның негізгі өкілдерінің болмауы; ферментативті белсенділігі дұрыс эшерихияның болмауы; шартты патогенді энтеробактериялардың, алтын стафилококтардың 108 КОЕ/г дейін Candida түріндегі саңырауқұлақтардың болмауы. |
· жалпы уыттану белгілері; · нәжісте патологиялық қоспаның болуы; · ағзаның жалпы статусының бұзылуы; · ағза өте нашарлаған кездегі процестің генерализациялануы |