- •4. Инфекцияның таралу жолдары. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Трансмиссивті механизм,вертикальді механизмнің таралу жолдарын көрсетіңіз.
- •6. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Гемоконтактты механизм, трансплацентарлы механизімнің таралу жолдарын көрсетіңіз.
- •7.Инфекциялық процестің классификациясын құрастырыңыз.Инфекциялық аурулардың формалары және олардың сипаттамасын көрсетіңіз.
- •13.Инфекцияның таралу нәтижесіне байланысты бөліп көрсетіңіз .Пандемия және эпидемияны өзара салыстырыңыз.
- •16)Антропонозды және зоонозды инфекцияны өзара салыстырыңыз.
- •31. Прионды инфекцияның стерилизациялау жолдарын көрсетіңіз
- •32.Пробиотикалық препараттар және оларды асқазан-ішек жолдарының дисбактериозын емдеуде қолдану жолдарын көрсетіңіз.Сорбцияланған пробиотикалық препараттармен жай формасын салыстырыңыз.
- •34. Аэробты Грам теріс коктар – менингококтар, гонококтар,нейссериялар. Анаэробты Грам оң және Грам теріс коктар әсер ету механизмін көрсетіңіз.
- •46) Өсуді автостимулдаушы немесе өсуді автоингибирлеуші деген ұғымдарды өзара салыстырып анализ жасаңыз.
34. Аэробты Грам теріс коктар – менингококтар, гонококтар,нейссериялар. Анаэробты Грам оң және Грам теріс коктар әсер ету механизмін көрсетіңіз.
Менингококк - Грам теріс түрінің диплококкты Neisseria туысына жататын инфекция. Ол Менингококкты инфекцияны тудырады. Менингококкты инфекция әлі күнге дейін ерекше проблема болып саналады.Соңғы 20 жыл ішінде эпидемиологиялық мәселе шешілмеді. Соңғы жылдары осы аурудан балалардын өлімі де көбейді ІДКИБ бойынша 1998 жылы өлім 10,7 болса, ал 1994жылы 12,4болды. Бұл аурудың күрделі мәселе екендігі осы аурудың жиі кездесетіндігі, осы ауру салдарынан балалардың жиі өлетіндігінде ғана емес, бұл ауру өте ауыр түрде өтеді,уақытында диагноз қойылып, ауруханаға дер кезінде жатқызылмайды.Сондықтан ауырғандардың арасынан бір жасқа дейінгі балалардың саныда өсті.Этиологиясы.Neisseria meningitis немесе оның Вейксельбаум диплококкы деп атайды(1887ж)37өседі ,сыртқы ортада өте тұрақсыз. Аурудан кейін болатын иммунитет ұзақ емес – типіне байланысты.Эпидемиологиясы. Инфекция көзі-ауру адам және тасымалдаушы.Тек адамда кездесетін ауру.Егер де тасымалдаушылар көбейетін болса, онда эпидемия болу қаупі бар.Тасымалдаушылық бірнеше күннен айға дейін болуы мүмкін, орташа -2 апта.Ауру ақпан – мамыр айлары ішінде жиірек кездеседі. Балалар бұл ауруға өте сезімтал.Патогенезі: Менингококктар ауамен мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабатына енеді, сол жерде бала назофарингитпен ауырады,егерде баланың қорғаныс қабілеті жақсы болса, ауру әрі қарай таралмай осыменен аяқталады, ал егер баланың иммунитеті әлсіз болса, онда қоздырғыштар мұрын – жұтқыншақтың лимфо тамырлары арқылы қанға өтеді, қанда менингококкцемия – бактериемия – септицемия, менингокктар өледі, өлген кезде олар токсиндер бөледі. Менингококк көптеген орындарды бұзады. Гематоэцефалдық барьерден өтіп ми қабаттарын зақымдайды.Кейде қоздырғыш қанға өтпестен тор сүйек арқылы периваскулярлы,периневралды лимфа жолдар арқылы жұмсақ ми қабаттарына тікелей өтеді.Гонококк(Neisseria gonorrhoeae)- 1879ж. Нейссер ашқан. Ол зәршығару жолдарының (гонорея) және жаңа туылған сәбилерде көз конъюнктивитіг(бленнорея) тудырады. Neisseria туысына жатады. Олар жұп кокктар,көлемі орташа 0,7X1,3 мкм.Іріңде лейкоциттер цитоплазмасында орналасады,сол жерде тіршілік қабілеттерін сақтайды.Таза культурада әртүрлі пішінді, шашыраңқы орналасқан.Барлық анилинді бояулармен жақсы боялады.Грамтеріс. Клеткаішілік орналасуы бұршақпішінді және грамтеріс бояуымен гонококктар басқа диплококктардан ерекшеленеді.Бірақ дәрілер әсерінен және асқынған ауру кезеңінде олар өзгере алады: грамтеріс гонококктардан басқа әртүрлі формалы грам оң гонококктар. L-формалы гонококктар түзуі мүмкін.Спора түзбейді,қозғалмайды. Гонококк қоршаған ортаға тұрақсыз. 40Cта та 3-6c. Тіршілігін жояды, ал 56C 5мин-та. Суыққа төзімсіз. Іріңде 24сағатқа дейін сақталады. Пенициллинге,стрептомицинге өте сезімтал, бірақ емдеу процесі барысында төзімділік танытады. Антибиотиктер, қоршаған орта әсерінен оңай өзгереді.Гонореямен тек қана адам ауырады. Гонорея әдетте жыныс жолы арқылы жұғады. Нейссериялар- Гонорея қоздырғышын ашқан неміс дерматовенерологы А.Найссердің атымен аталған. Neisseria лар қозғалыссыз аэробты немесе факультативті анаэробты споратүзбейтін грамтерісті диплоккктар. Нейсерияның кейбір түрлерінде капсула және микротүтікшелер болады. Нейссерии — каталаза-, цитохром- и оксидаза-оң, кейбір түрлері сары каротиноидты пигменттер синтездейді. Оптимальды температура 35-37 °С; оптимальды рН 6,0-8,0.Адам үшін патогенді қабілетке ие N. gonorrhoeae (гонококк) и N. meningitidis (менингококк). Адамда және патогенді емес нейсериялар N. sicca, N.flavescens, N. perflava, N. mucosa и N. Lactamica.Бұл түрлерді бастапқыда микробиологиялық диагностикада оларды патогенді деп ойлап қалуға болады.
35.Грам теріс факультативті – анаэробты таяқшалар.Энтеробактерилар әсер ету механизмін көрсетіңіз. Бұл өте қауіпті асқынулардың бірі, көбінесе қол-аяқтың терең сүйекпен қоса зақымдануында сонымен қатар алғашқы жараны сапасыз емдеуді жүргізген жағдайда пайда болады. Алғашқы көрінісі жарақаттанғаннан кейін бірнеше сағаттан, бірнеше күннің арасында болуы мүмкін. Аяқ-қол (көбінесе аяқ) ісінеді, тіндер өлуі өршиді, жалпы жағдайы нашарлайды: токсинмен ағзаның улану белгілері пайда болады. Дер кезінде көмек көрсетпесе (көбінесе зақымданған аяқтың бөлігн амплутациялау) өлім қауіпі туады. Процес басталуынан және ағзаның өлуіне дейін өте тез (сағаттар), жедел (тәуліктер) және баяу ағымда (бірнеше күннен аптаға дейін) дамиды.
Гангренаны бактерияның клостридий түрі шақырады. Олар сыртқы ортада тұрақты, ал споралары қайнатқанда да өлмейді.Жарада оттегі түспегенде дамиды.
Анаэробты қоздырғыштарға (инфекцияларға) сіреспе, газды гангрена және ботулизм жатады.олар жаралар инфекцияланғанда және организмнін басқа да зақымдалуларында жарақат инфекциясы ретінде саналады. Олар жайлы организмнің зақымдалуы туралы бөлімде жан-жақты айтылады.
Сіреспе (лат., ағыл., фр.-tetanus; нем.- starrkrampt; орыс.- столбняк) – сапрозоонозды бактериалды қоздырғышы жанасу механизмі арқылы берілетін орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен бұлшық еттердің сіресуімен асфекция дамуы мүмкіндігімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Аурудың маңызы ауыр клиникалықағымына, өлім деңгейінің жоғарылығына, кең таралғандығына, инфекцияның сапрозоонозды (инфекция көзінің көптүрлілігі) сипатына байланысты
36.Эшерихия, Клебсиелла, Шигелла, Сальмонелла, Протеи, Иерсини, Оба қоздырғыштарына анықтама беріңіз. Морфологиясын, физиологиясын көрсетіңіз.Антигендік құрылымдарын салыстырыңыз. Лабораториялық диагностикасын айқындаңыз. Эшерихия. Escherichia Ішек таяқшасы– ішек инфекциясының қоздырғышы. Escherichia-ларды алғаш ашқан (1886 ж) неміс педиатрі Т. Эшерих. Ол ішек таяқшасын балалардың ішегінен бөлген, олар адамдардың, жануарлардың, жәндіктердің, балықтардың ішек микрофлорасының құрамына кіреді. Ішек таяқшасы судың, тағам өнімдерінің сандық көрсеткіш микроорганизмдеріне жатады. Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері Мөлшері 3 мкм тіке таяқшалар, спора түзбейді, қозғалғыш (перетрихтар). Көптеген штамдары капсула немесе микрокапсула түзеді. Тинкториалдық қасиеті:Грам(-) қызыл түске боялады.
• Ішек таяқшасы – шартты патогенді микроорганизм.Ішек таяқшасы– парентеральды ауру туғызуы мүмкін, менингит, сепсис, пиелонефрит, цистит, холецистит, панкреатит, пневмония, назофорингит, отит, конъюнктивит, операциядан кейінгі асқынулар, жаралы асқынулар. Ішек таяқшасының сероварлары 3 топқа бөлінеді:
• ЭПІТ (энтеропатогенді ішек таяқшасы) – гастроэнтерит тудырады. 1 жасқа дейінгі балалардың диарея қоздырғышы, (0-20; 0-26; 0-55; 0-86; 0-111 т.б.) ішектің шырышты қабатында көбейеді, энтеротоксин бөледі.
• ЭИІТ (энтероинвазивті ішек таяқшасы) – балаларда және ересектерде дизентерияға ұқсас ауру туғызады. (0-26; 0-144; 0-152; 0-112; 0-124 т.б.)
• ЭТІТ (энтеротоксигенді ішек таяқшасы) – балаларда және ересектерде тырысқаққа ұқсас ауру туғызады. Энтероциттердің бетіне жабысады, токсин бөліп су-тұз алмасуы бұзылады. (0-6; 0-15; 0-78 т.б.)
Клебсиелла қоздырғышы Klebsiella туыстығы Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады. (неміс бактериологі Э.Клебс ашқан). Klebsiella капсула түзбейді. Klebsiella туыстығы бірнеше түрлерден тұрады: K.pneumoniae K. Ozaenae K.rinoscleromatis Клебсиеллалар әрдайым адам мен жануарлалардың терісі мен шырышты қабаттарында анықталады. K.pneumoniae - ауруханаішілік және аралас инфекциялалардың қоздырғыштары болып табылады. Клебсиеллалар – Грамтеріс шеттері дөңгелектенген жуан таяқшалар, мөлшерінің өзгеруіне байланысты капсуласыз клебсиеллалалардың мөлшері-0,3-0,6 ,5-6,0 мкм, ал капсулалы клебсиеллалалардың, көбінесе K.pneumoniae, мөлшері -3-5 5-8 мкм, спора және талшықтарды түзбейді, штаммдардың жартысында кірпікшелер болады. Жуан полисахаридтті капсулалар айқын көрінеді. Төменгі температуралардың, өттің, антибиотиктердің, мутагендердің сарысудың, фаггтардың әсерімен капсулалы формаларын бөліп алуға болады. Жалғыз немесе жұптасып орналасады Факультативті анаэробтар, , хемаорганотроф, өсу температурасы 12°С дан 41°С дейін, оптимумы 35-37°С, рН 7,2-7,4. Симмонс ортасында өсуге қабылеті бар, яғни жалғыз көміртек көзі ретінде натрии цитратың қолданады (K.rinoscleromatisтың басқалары). Тығыз қоректік ортада лайланған клегейлі колония түзбейді. Өзе н бактериялары 2-4 сағатта жайылған-жинақы қатар болып, р и о с к л е р о м а – жинақы, п н е в м о н и я- ілмек тәрізді орналасады. ЕПС- да бірқалыпты лайланып, кейде бетінде қабықша пайда болады.
О-және К-антигендері болады. Негізгі патогенді факторы фагоцитозды тежейтін К-анитигендері және эндотоксин болып табылады. Пневмония клебсиеллалары, қосымша термолабильді энтеротоксин өндіреді, олар біріншіден ақуыз, екіншіден әсер етуі бойынша ішек таяқшасының энтеротоксиніне ұқсас. Клебсиеллез көбінесе аурухана ішілік инфекция ретінде кездеседі, инфекцияның көзі ауру адам немесе бактериотасымалдаушы. Экзогенді және эндогенді жолмен жұғуы мүмкін. Жиі тағам, ауа-тамшы, қарым-қатынас арқылы жұғады, көптеген антибиотиктерге тұрақты.
Микробиологиялық диагностикасында ең қолайлысы бактериологиялық тәсіл. Зерттелетін материалдар: ірің, қан, ликвор, нәжіс заттардың жұындысы және т.б. болып табылады. Дифференциалды –диагностикалық ортада К-2 (мочевинамен, рафинозамен, бромтимол кегімен), бір тәуліктен кейін, сары, немесе жасыл-сарыдан ауа көкке дейін, үлкен, жылтыр, клегейлі колониялар өсіп шығады. Одан кейін Пешков ортасына егіп, бактериялалардың қозғалғыштығын және орнитиндекарбоксилаза бар екендігін анықтайды. Бұл қасиеттер клебсиеллаларда болмайды. Соңғы идентификацияны биохимиялық қасиеттері және тірі дақылды К-сарысумен агглютинация реакцияның көмегімен серотопан анықтау арқылы жүргіземіз. Бөлінген дақылдың антибиотиктерге сезімталдығын тексереді. Клебсиеллездың диагностикасында кейбір жағдайда стандартты О-клебсиеллезды антигенмен немесе аутоштаммен агглютинация реакциясын және КБР жүргізеді. Антидененің титрынің төрт есе өсуінің диагностикалық маңызы бар.
Шигеллалар .Enterobacteriaceae тұқымдасына жатады. Алғаш рет жапон бактериологы бактериальды дизентерия қоздырғышын К. Шига сипаттаған. Шигеллалар– тік қозғалмайтын таяқшалар, оксидаза түзбейді, каталаза түзеді. Қоршаған орта факторларына төзімді. Қағазда 1 ай, нәжісте 5 ай, топырақта 3-4 ай, суда 15 күн, көкөніс, жеміс-жидектерде 2 апта, сүт өнімдерінде бірнеше апта тіршілік етеді. 60°С температурада 15-20 минут қайнатқанда бірден тіршілігін жояды. Дезинфекциялық ерітіндіге (хлор) өте сезімтал. “Дизентерия” терминін ғылымға енгізген Гиппократ; 1888 ж.– шигеллездарды зерттеу басталды және бактерияның ауруды қоздырудағы ролі анықталды (Шантемес ж/е Видаль);
Антигендік ж/е биохимиялық қасиеттері бойынша 39 сероварларын ажыратады, 4 түрі белгілі:Shigella dysenteriae (А серовары); Shigella flexneri (В серовары); Shigella boydii (С серовары); Shigella sonnei (D серовары). Эпидемиологиясы. Антропонозды ауру, көбінесе 3 айдан 10 жасқа дейінгі балалар ауырады. Табиғи резервуары – адам. Инфекция көзі– ауру адам, бактерия тасушылар. Аурудың негізгі берілу жолы:фекальді, тұрмыстық контакт арқылы (су, тамақ, сүт), жәндіктер (шыбындар, тарақандар) – қоздырғышты тамаққа түсіреді. Морфологиясы және тинкториалдық қасиеті. Грам (-), ұсақ, тік таяқшалар, спорасы, капсуласы, талшығы жоқ, қозғалмайды. Дақылдық қасиеті: тыныс алуы бойынша факультативті анаэробтар, қоректік орталарға талғамсыз, Дифферианциальді диагностикалық о рталар (ДДО) - Эндо, Левин, Плоскирев: түссіз, S формалы, лактоза (-), колониялар түзеді. Патогенді факторлары. Адгезивтік фактор– кірпікшелер, пили, фимбрилер арқылы – жабысу; Инвазивтік фактор– тінге ену; Агрессивтік фактор– фагоцитозға тұрақтылық, агрессиндер бөлу; Токсигендік фактор– барлығы да эндотоксин бөледі, лейкопения тудырады. Кейбір шигеллалар энтеротоксин, цитотоксин бөледі. Токсин нейротоксикалық әсер етеді. S. dysenteriae – диарея . S. dysenteriae бөлетін энтеротоксин басқа шигеллалар бөлетін токсиннен 1000 есе улы, энтеротоксиннің әсері өлімге әкеліп соқтырады. Патогенез. Қоздырғыш адгезиндер арқылы жабысып, тоқ ішектің эпителиальды шырышты қабатына еніп, онда көбейеді ж/е токсин бөлуімен сипатталады. Тоқ ішекте қабыну процесі дамиды, қан кетуі мүмкін. Тіндер некроз ұшырап, тромба пайда болады. Эндотоксин– жалпы улану туғызады. Энтеротоксин– диарея тудырады.Инкубациялық кезең:1-2 күн. Микробиологиялық диагностикасы. Зерттелетін материал: нәжіс, қан, шырышты бөлік, ірің. Негізгі әдіс: бактериологиялық. Қоректік ортаДДО-ға себу; Түссіз колониялар бөліп алу– Рессель ортасына н/се қиғаш агарға штрихпен себу, таза дақылды бөліп алу; Идентификация– биохимиялық белсенділігін анықтау, қысқа ала қатарға себу. Қысқа ала қатардың нәтижесін бағалау: Аг-дік құрылымы ж/е биохимиялық белсенділігін бойынша қорытынды жасау. Серологиялық әдіс, Аллергиялық әдіс
Сальмонелла Salmonella туысына іш сүзегі және паратиф А, В жатады. Туыстық 4 туыс астына, 65 серотопқа және 2000-ға жуық с ероварлардан тұрады. Олардың 400-700 адамның қауіпті ауруларын тудырады. Грам теріс, қозғалғыш перетрихтер, спора, капсула түзбейді, факультативті анаэробтар. Қоректік орталарға талғамсыз, висмутсульфитті ортада қара түсті колониялар түзеді. Эндо, Плоскирев, Левин орталарында түссіз колониялар түзеді, индол түзбейді, сахароза мен лактозаны ыдыратпайды, маннит пен мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Сальмонелла (S.typhi) көмірсуларды қышқылдарға дейін ыдыратады, көпшілігі H2S түзеді, эндотоксин бөледі Антигендік құрылымы күрделі: соматикалық О-Ag, H-Ag бар
• О-Ag липополисахаридті жасушаның қабырғасында орналасқан, ол термостабильді. Дақылды қыздыру немесе спиртпен өңдеу арқылы О-диагностикумдар дайындайды. О-Ag араб сандарымен белгіленеді. Көпшілік сальмонеллаларда бірнеше О-Ag болады. Ол агглютинация реакциясында анықталады, бұл кезде ұсақ дәнді агглютинат байқалады;
• Н-Ag – табиғаты ақуыз, термолобильді антиген, спиртпен инактивацияланады, 60°С кезінде ыдырайды. Жас қозғалғыш дақылды формалинмен өңдеу арқылы Н-диагностикум дайындалады. Н-Ag 2 фазада кездеседі: спецификалық фаза (а, в, с, d латын әріптерімен белгіленеді) және спецификалық емес фаза (1, 2, 3 санмен белгіленеді);
• Көптеген сальмонеллаларда Vi-Ag кездеседі.
Сальмонеллалардың антигендік құрылымын анықтау:
• Поливалентті және монорецепторлы сарысулардың көмегімен агглютинация реакциясында сальмонеллалардың антигендік құрылымын анықтуға болады (Кауфман-Уайт сызбасы бойынша).
• Кауфман-Уайт барлық сальмонеллаларды О-Ag бойынша 65 серотопқа бөлді. Олардың ішінде 5 тобы: А, В, С, Д, Е жиі кездеседі.
Лабораториялық диагностикасы 1-апта: гемодақылға қан алынады. Қан бактерицидті қасиетке ие, сондықтан өтті сорпаға 1:10 қатынасында себеді, одан кейін биохимиялық ж/е антигендік қасиеттерін анықтау үшін Рессель ортасына себеді. 2-апта: гемодақылға қанды, уринодақылға зәрді, копрадақылға нәжісті, бөрітпеден розеолодақыл, жұлын мен тіннен сұйықтық алады. Агглютинация реакциясын ( Видаль р-сын) қою – спецификалық антиденені анықтауға мүмкіндік береді. Тифозды О ж/е Н-диагностикум және паратифоз А, В диагностикум арқылы антидененің титрін, аурудың алғашқы кезеңінде науқас адамнан О-Аt, аурып болған адамдарда Н-At анықтауға болады. 3-апта: зерттелетін материал: қан, зәр, нәжіс, сарысу. Бактерия тасушыларда - өт, нәжіс, сарысу. Зерттелетін сарысуда Vi-aнтиденені, ПГАР-да Vi-aнтигенді эритроцитарлы диагностикумның көмегімен анықтауға болады. Әдістері: бактериологиялық, серологиялық;
Қоздырғыш:протеилар -proteus vulgaris
Микробиологиялық құрылымы:көмірсуларды қышқыл мен газға дейінферменттейді
Зерттеу әдісі: бактериологиялық, , Рессель ортасындағы сахаролиттік қасиеті .
Иерсиния инфекция қоздырғышы фекальді-оральді жолмен берілетін иерсиниоз деп аталатын өткір зоонозды бактериалдық ауруды туғызады . Қоздырғыштары – Yersinia pseudotuberculosis (Y.pst) және Yersinia enterocolitica (Y.ent). Versinia туысына, enterobacteria тұқымдасына жатады. О,Н антигендері бар (Vжәне W-вирулентті антиген). О-антигені бойынша 8 (Y.pst) және 51 (Y.ent) сероварианттары бар. Олар инвазияға және клеткаішілік паразиттауға қабілетті. Сонымен қатар эндо және экзотоксин бөліп шығарады. 22-28С (оптимальды) және 2-4С температурада көбейеді, сыртқы ортаға төзімді. Лабораториялық диагностикасы Иерсиниоз диагнозын зертханалық зерттеудің оң (+) қорытындысымен және клинико эпидемиологиялық мәлімет негізінде қояды. Зертханалық әдістер:
• бактериологиялық (фекалин, зәр, қан, ми-жұлын сұйықтығы)
• қандағы, сілекейдегі, зәрде иерсиний антигенін анықтауға ИФА әдісі
• серологиялық (РА, РНГА)
Салыстырмалы диагнозы: иерсиниоздардың салыстырмалы диагнозын ас-токсикоинфекциясымен, сальмонеллезбен, дизентериямен, скарлатиналық және клиникалық көрінісі ұқсас басқа да аурулармен жүргізді. Оба қоздырғышы Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae. Туыстастығы: Yersinia. Түрі: Yersinia pestis . Бұлар грам теріс, спора түзбейтін таяқшалар, оларды биохимиялық, антигендік ж/е т.б. қасиеттері бойынша ажыратады. Оба қоздырғышы - Y.pestis 1894 жылы А.Иерсен ашқан болатын. Морфологиясы ж/е дақылдық қасиеті. Пішіні сопақша, шеттері дөңгеленген қысқа таяқшалар. Метилен көгімен биполярлы боялады. Спора түзбейді, талшықтары жоқ, касуласы бар. Y.pestis қоректік орталарға талғамсыз гетеротрофты бактериялар. 5-37°С температурада өседі. Агарлы ортада шеттері тегіс колониялар (кестелі орамалға ұқсас) түзеді. Сұйық ортада мамық, борпылдақ тұмба түзеді. Оба қоздырғышы гиалуронидаза, фибринолизин, коагулаза, протеиназа ферменттерін өндіреді. Антигендері: Y.pestis бірнеше антигендері бар: Ғ1 антигені– табиғаты ақуыз, бактериальді жасушаның үстіңгі құрылымының негізгі компонентін құрайды; V антиген– табиғаты ақуыз; W антиген– табиғаты липопротеидті комплекс. Бұл екі антиген жасуша қабырғасымен тығыз байланысты. Патогенділігі ж/е патогенезі. Вирулентті факторлары – адгезия. Капсула ж/е жасуша қабырғасының үстіңгі құрылымы адгезияға қатысады. Ферменттер мен токсиндер инвазия ж/е агрессияға қатысады. Y.pestis патогенділігінде негізгі рольді “тышқандық” токсин атқарады. Ол бауыр мен жүректің жасушалық митохондрияларының қызметін тоқтатады ж/е тромбтардың түзілуін тудырады. “Тышқандық” токсин – бактериальді жасушамен тығыз байланысты, ақуызды токсинге жатады. Оның синтезін плазмидалар бақылайды. Лабораториялық диагностикасы:Бактериологиялық әдіс. Идентификация келесі қасиеттері б/ша жүргізіледі: морфологиялық; биохимиялық; серологиялық; обаның бактериофагына сезімталдығы;-биологиялық. Барлық зерттеулер арнайы зертханаларда, арнайы қорғаныш киімдерімен жүргізіледі.
37.Спора түзетін грамм оң бактериялар.Сібір язвасының қоздырғышы.Тырысқақ қоздырғышы.Clotridium perfingens. Clotridium botulinum.Морфологиясы мен физиологиясы. Патогені және патогенезі. Емдеу және профилактикасын айқындаңыз.
Грам оң бактериялар бір қабатты жасуша мембранасынан тұрады.Патогенді микроорганизмдердің көп бөлігі Грам оң бактеиялармен байланыты.Грам оң бактериялардың 6 түрі адамның типті патогендері болып табылады.Стрептокок пен стафилакок коктар деп аталады.Қалғандары таяқша тәрізділер спора түзуіне қарай бөлінеді.Спора түзетіндер:Бацилла,Клостридия. Бацилла-бактериялар класы.Көбісі таяқша пішінді.Бацилдер класының бактерияларына ғана қолданылмай (мыс.Escherichia coli) басқа да бактерияларға қолданылады. Клостридиялар Грам оң бактериялардың түрлері.Эндоспора түзуге қабілетті түрі.Клостридиялар асқазан-ішек жолдарының және әел адамның жыныс жолдарының нормофлор құрылысына кіреді.Кейде олпр ауыз қуысы мен теріде байқалады.Клостридия бактериялармен күшті уландырылған-ботулотоксин,тетанотоксин,е.токсин өндіреді. Сібір жарасы үй малдары мен жабай жануардардың барлық түрлерінде және адамда болатын қауіпті инфекциялық аурудың түрі.Ауру өоздырғыштарды 1849-50жж 3 зертеушінің еңбектерінде жазылған.Ф.Поллендер,Ф.Брауэллем,К,Давен 1876ж Р.Кох таза мәдениетте оны анықтады.Адам үшін барлық патогенді микроптардың ішінде ең 1-ші сібір жарасының қоздырғышы ашылған.Сібір жарасының жалпы қолданыстағы атауы-Карбункул.Сібір жарасының қоздырғышы-бацилла антрацис.
Тырысқақ-антропонозды жіті ішек жұқпасы,Халықаралық медициналық-санитарлық режелерге сәйкес карантинді жұқпаларға жатқызылады.Жұқпа таралуының жалғыз көзі-ауру адам немесе тырысқақ бойынша қолайсыз аймақтан келген қоздырғышты нәжіс немесе құсық арқылы бөлетін вибриотасымалдағыш.Мұндай жұғу жолы-ауыз-нәжістік деп аталады.Қоздырғыш жұқтырылған тамақ және су арқылы адам ағзасына түседі,ауру адаммен қатынаста болғанда немесе тұрмыстағы заттарды пайдаланғанда жұғады.Қоздырғыш суда,сүтте,ағынды суларда ұзақ сақталады және қайнатқанда жойылады. Vibrio cholera ры ас қорыту органдарына түсе салысымен сұйық,ауырсындырмайтын,жиі іш өткізуге әкелетін токсин бөледі.Ал жалпы улану тоқтаусыз құсуға әкеледі.Адам өзінен көп көлемде сұйықтық шығара бастайды,нәтижесінде ағза сусызданып,адам өліп кетуі де мүмкін.апқыда микробиологиялық диагностикада оларды патогенді деп ойлап қалуға болады.
38.Грам оң бактериялар.Коринебактериялар. Микобактериялар.Морфологиясы мен физиологиясы.Потогенділігі және патогенезі. Емдеу және профилактикасын талдаңыз. Грам оңға (стафилококктар, стрептококктар)жатады. Стафилококктар. Ең алғашқы рет стафилококктарды іріңнен 1878 жылы Кох, 1830 жылы Пастер тапқан. 1881 жылы Огюстон оларды стафилококк деп атауды ұсынды (стафилос- грекше 7 “жүзім” деген) . Таза дақылдарын бөліп алып,оны жан-жақты зерттеген Розенбах (1874). Терісі іріңдеп қабынған ( тілме) науқастан (1874 Бильрот ),іріңді аурумен сепсис болғанда (1879, Пастер) стрептококктарды табады. Таза дақылын Фелейзен (1883) және Розенбах (1884) бөліп алады,қасиеттерін толық зерттейді Пневмониялық стрептококкты (пневмококкты) бірнеше зерттеушілер әр кезде ашып,оның белгілерін анықтаған (Кох – 1871,Клебс – 1875,Пастер-Шамберлан,Ру- 1881).Таза дақылын 1885 жылы Френкель боліп алады.1886 жылы Вексельбаум жан- жақты зерттейді. Стафилококктар – морфология: жузім тәріздес, Грам +. Дақылдандыру: факультативті анаэробтар,аэробтар,элективті орталар – сарыуызды- тұзды агар, тұзды және қан қосылған орта. ЕПА-да домалақ,мөлдірсіз,жылтыр,шеттері тегіс,доңес колониялар. Пигментт –алтынды,лимонді,сары,ақ.Сорпада – тегіс лайлану береді және түбінде тұнбаға туседі. Стрептококктар:полиморфті,ұсақ кокктар,шар тәріздес,сопақша,жаңа бөленген дақылдарда кейде капсула тұзеді. Дақылдандыру: факультативті анаэробтар.Ұсақ,сопақ, сүр тұсті,гемолиз +,минус.Көмірсу,қан,сарысу қосыл-ған орталарда өседі.Коринебактерия морфологиясы. - тік немесе имектелген қозғалмайтын таяқшалар, ұзындығы 1.0-8.0 мкм және көлемі 0.3-0.8 мкм., спора, капсуласы жоқ, кей штаммдарында микрокапсула бар. Таяқша бір немесе екі шетінде бұршіктері бар, волютин дәндерінен тұрады, олар метилен көкпен бояғанда көгілдір-пурпур түс береді. Нейссер әдісімен бояғанда таяқша сары түсте, ал волютин дәндері - қоныр-қара түсте боялады. Коринебактериялар грам оңды таяқшалар, бірақ полиморфты - тұрып қалған дақылда және антибиотиктер әсерінен грам теріске ауысуы мүмкін. Бір дақылда әр түрлі көлемді таяқшалар рим әріптері V, X немесе түйіршек секілді орналасады. Ал патогенді емес коринебактериялар - дифтероидтар және жалған дифтериялық таяқшалар - бір-біріне жабысқан күйінде, волютин дәндері тек бір жағында орналасады немесе мүлдем болмайды. Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі. Коринебактерия (Corіnebacterіum dіphtherіae) төменгі температураға тұрақты, бірақ жоғары температурада тез жойылады: 600С - 15-20 мин, қайнатқанда - 2-3 мин жойылады. Барлық дезинфектанттар (лизол, фенол, хлорамин, т.б.) 5-10 мин. жояды. Сонымен қатар, қоздырғыш құрғап қалсада ұзақ уақыт тіршілік ете алады, әсіресе кеуіп қалған кілегейде, сілекейде, топырақ шаңында. Аэрозолда дифтерия таяқшасы 24-48 сағат тіршілік етеді, балалар ойыншықтарында 15 тәулік сақталады, ал суда - 6-20 тәулік. Патогенді факторлары. 1. Адгезия, колонизация және инвазия факторлары Дифтерия таяқшасы клеткаға жабысуы (адгезия) қоздырғыштың клетка қабырғасы компоненттері көмегімен атқарады. Қоздырғышты” инвазивтік қасиеті гиалуронидаза, нейраминидаза және протеаза патогенді ферменттері түзілуімен байланысты. 2. Қоздырғышты” клетка қабырғасындағы улы гликолипид. Оны” химиялық құрылысы - 6-6,-диэфир трегалоза, құрамында корине-микол қышқылы және коринемиколин қышқылы бар. Улы гликолипид қоздырғыш е”ген жеріндегі ұлпа клеткаларын зақымдайды. 3. Экзотоксин, қоздырғышты” патогенділігін күшейтеді және ауруды” патогенезін сипаттайды. Экзотоксині жоқ штаммдар дифтерия ауруын тудырмайды. Экзотоксин активті емес түрде түзіледі. Оны” белсенуі бактерияны” протеазасымен байланысты. Экзотоксин түзетін коринебактериялар хромосомасында ортанғы конвертациялық профаг гені болу керек, сондықтан оларды” активтенуіне лизогенизация процесі қажет. Емі. Дифтерияның арнайы емі - дифтерияға қарсы антитоксикалық сары су (1 мл -2000 МЕ). Сары суды бұлшық ет ішіне 10000-40000МЕ дозада енгізеді, дозасы ауру ауырлығына байланысты. Эффективті емі ретінде антибиотиктерді (ПЕН, ТЕТ, ЭРИ) және сульфаниламидті препараттарды қолдану. Микобактериялар Mycobacterium тұқымдастығының Mycobacteriaceae туысына жатады. Морфологиясы жағынан микобактериялар тік немесе аздап қайырылған таяқша тәрізді ұзындығы 1-10мкм және ені 0,2-0,6мкм. Кейде бұтақталған түрлері және жіп тәрізді формалары кездеседі, яғни саңырауқұлаққа ұқсас, сол себепті «микобактерия» деп атаған. Қышқыл- сілтіге тұрақты, грам оң. Бұл туыстықтың көп өкілдері қоректік орталарда баяу өседі. Барлық микобактериялар адамға және жануарға патогенді, шартты 38 патогенді және сапрофитті болып бөлінеді. Патогенді түрлеріне жатқызамыз: M. tuberculosis, M. bovis, M. leprae, M. Africanum, M. Paratuberculosis, M. Microti, M. Lepraemurium. Шартты-патогенді микобактериялар, микобактериоз тудырушылар, және сапрофиттер Е. Раньон зерттеуі бойынша атипті микроорганизмдерге жатады, сол себептері пигменттүзу, өсу жылдамдығы, культуралдық және биохимиялық қасиеттеріне байланысты 4 топқа жіктелінеді: 1. Фотохромогендік микобактериялар, жарық әсерінен пигмент тудырады, баяу өседі. Осы топ өкілі M. kansasii адам өкпесінің аурулары кезінде көрінеді. 2. Скотохромогендік микобактериялар, қараңғыда сары, жарықта қызыл немесе қызғыш пигмент, баяу өседі. M. scrofulaceum балаларда лимфаденит тудырады. 3. Хромогендік емес микобактериялар, пигмент түзбейді, баяу өседі. Бұл топ өкілі M. аvium құстарда туберкулез ауруын тудырады, кейде адамда да болуы мүмкін 4. Тез өсуші микобактериялар, (1-2 күннен 14 күнге дейін). Бұл топ өкілі M. Smegmatis адамда ауру туғызады.
39. Риккетсиялар.Хламидиялар.Морфологиясы және физиологиясы.Патогенділігі және патогенезі.Емдеу және профилактикасы.Риккетсиялардың морфологиялық сипаттамасы.Риккетсиялар— микроорганизмдер көлемі 0,2-н 30 мкм-ге дейін.Олардың жасуша қабырғасы екі қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады. Риккетсиялар пішіндері бойынша таяқшалы,жіпшелі және конус тәрізді болады. Барлық риккетсиялар жасуша ішілк паразитер, сондықтан олар тек тірі ағзада ғана көбейе алады. Олар бөртпелі сүзек және әртүрлі қызбалық инфекциялық ауруларды тудырады.Тасымалдаушылары болып: кенелер, биттер, бүргелер табылады.Осылардың ағзаларында риккетсиялар көбейеді. Эпидемиология. Таулы жердегі дақты қызба трансмиссивті табиғи ошақты зооноз. Инфекция көзі жабайы кеміргіштер және бірқатар ірі сүтқоректілер (ит, ірі қара малдар). Жылықанды жануарлар қоздырғыштардың уақытша тасымалдаушысы. Тұрақты резервуар мен арнайы тасымалдаушы иксодты кенелер: Dermacentor andersoni (орманды кене), D. Variabilis. Адамдар орманды жерлерде және жайылымдарда зақымдалған кенелер шаққан соң жарақатталады. Ауру риккетсиоздар инфекциясына жатады. Инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге дейін. Аурудың продромальды кезеңі: әлсіздік, бас ауруы, терлеу, тәбеттің төмендеуі. Ал кей жағдайда кенеттен дене қызуы көтеріледі, қатты бас ауру, бұлшық ет пен буындардың ауруы, жүрек айнуы, мұрыннан қан кету. Қызбаның ұзақтығы 2-3 апта, дене қызуы 39-410 С, таңғы ремиссия дене қызуының 0,5-1,50 С. Аурудың 3-4 күнінде шынтақ терісінде, алақанда, тізебуынында ұсақ папулезді бөртпелер пайда болады. Бөртпе орнында пигментация мен қабыршақтар жиналады. Ауру жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Науқастарды қатты бас ауруы, ұйқысыздық, ал ауыр жағдайда психикалық бұзылыстар, қалшылдау, бас сүйегінің салдануы, параплегия, гемиплегия кейде өлім жағдайымен болатын күйреумен аяқталады. Емдеуі. Антибиотиктер колдануға болады: тетрациклин және левомецитин 2 гр. тәулігіне ішке береді. Емдеуді дене қызуы төмендегенше және соңғы 2-3 күн жүргізеді. Әдетте дене қызуы антибиотикотерапиядан соң 48-72 сағат қалыпқа келеді. Хламидиялар (грек. chlamyda мантия)- адам, жануар және құстарда әр түрлі ауру қоздыратын бактериялар. Хламидиялар клетка ішінде өніп-өсіп, паразиттік тіршілік етеді. Зақымданған клеткаларда олар мантия (сырттан киетін ұзын шапан) сияқты қабықша түзетіндіктен, аты осыған байланысты аталған. Хламидияның бірнеше түрі бар: C. trachomatіs, C. psіttacі — адамдарда; C. pecorum, C. abortus, C. felіs — жануарларда ауру қоздырады. Ұсақ, пішіні шар тәрізді. Хламидия адамдарда көз ауруларын (басыр, конъюнктивит, т.б.), несеп-жыныс жолдарының (уретрит, простатит, эндометрит, сальпингит, т.б.), шап бездерінің вирусты ауру (шап лимфогранулематозы) және өкпенің қабынуы (бронхит,пневмония, орнитоз, т.б.) ауруларды қоздыруға себепкер болады. Қоздыратын ауру түріне байланысты жұғу жолдары да әр түрлі болып келеді. Көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы (тікелей жанасу немесе тұрмыстық заттар арқылы), жыныстық жолмен және тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Хламидия қоздыратын ауруларды жалпы атпен хламидиоздар деп атайды. Хламидиозбен ауырып тұрған адамда иммунитет ұзаққа созылмайды, сондықтан қайталап ауруы мүмкін. Ауруға диагноздысерол реакцияның көмегімен науқастың қан сарысуындағы арнайы антиденелердің деңгейін анықтайды Ұрықтанған тауық жұмыртқасына немесе клетка дақылдарына жұқтыру арқылы науқастан алынған заттан Хламидияның таза дақылын бөліп алып зерттейді. Емі: антибиотиктер, иммунды-стимулдеуші препараттар, т.б. беріледі. Жеке бастың гигиенасын, құс өсіретін кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасын сақтау. Хламидияға қарсы егу әдісі қолданылмайды
40. Вирустардың құрылысы ж\е көбеюі. Вирустық инфекциялардың қоздырғыштары. Вирустық инфекцияның механизмін көрсетіңіз. Вирустар (латын. ауд.- у) Vira патшалығына жатады. Бұлар тек тірі клетка ішінде көбеюге қабілетті, өлі және тірі заттардың арасында тұрған өте кішкентай субклеткалық объектілер. Табиғатына қарай клетка ішілік және клеткадан тыс даму кезеңдерінен тұратын автономиялық генетикалық элементтер. Қазіргі кезде өсімдіктер, жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялар (бактериофагтар немесе фагтар) клеткаларында көбейетін вирустар белгілі. Сонымен қатар басқа вирустарды зақымдайтын вирустар (вирустар сателлиттер) да табылды. Соңғы онжылдықта вирустар туралы ғылым вирусология қарқынды даму үстінде. Мұның себебі вирустар маңызды генетикалық, молекулалық, биологиялық, эволюциялық және басқа да мәселелерді шешуге негізделген алмаспайтын табиғи объектілер мен моделдерге айналды, ал вирусологияның өзі генетика, биохимия, молекулалық биологияның идеялары мен әдістерін пайдалану арқылы қызықты зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіншілік алды. Баяу инфекция — инфекциялық патологияның өзгеше бір түрі. Оның ерекшеліктеріне вирустың организмде ұзақ сақталуы, аурудың жасырын мерзімінің ұзақтығы және сылбыр өтуі, алғашқы кездердегі клиникалық белгілерінің анықсыздығы жатады және міндетті түрде өліммен аяқталады. Ауру қоздырғышының туріне сай баяу инфекция екіге бөлінеді. Бірінші топқа ДНҚ және РНҚ-ды вирустар туғызатын 14 аурулар жатады. Олардың ішінде құтыру, СПИД, жасөспірімдердің склероздаушы панэнцефалиті,лимфоцитарлық хориоменингит т. б. бар. Екінші топқа приондар туғызатын трансмиссивті кеуекті энцефалопатиялар жатады. Олардың ішінде ең көп зерттелгендері куру, скрепи, Крейтцфельда-Якоб аурулары. Қалғандарының қоздырғыштары әзір белгісіз. Вирустар көптеген аурулардің қоздырғыштвры болып табылады, мыс, респираторлы инфекцияны 200 – ден астам вирустар қоздырады, олардың серотипті вирустың топ түрлері А, В, С, адамның 4 түрлі паротипі болады, реовирус (115 серотип), ішек вирустары, коронавирус, адено¬вирус (42 серотип) ж\е т.б. Вирусты инфек-циялардың ішінде ең танымал инфекция болып корь «қызылша) ж\е герпетикалық инфекция болып саналады. Белгілі бір аудандарда насекомдар арқылы жұғатын арбовирусты инфекциялар таралған, (кене мен маса). Вирустар баяу инфекцияның қоздырғыштары болып табылады, ОЖЖ-сін зақымдайтын вирус болып сипатталады. Вирустар органикалық дүниеде өте маңызды фактор болып саналады. Түрлік тосқауылдарды жеңіп, вирустар бөлек гендерді н\е гендердің топтарын бір клеткадан екінші бір клеткаға тасымалдай алады. Механизм. Барлық вирустар облигатты клеткаішілік паразиттер б.т. Вирустардың бетінде белоктар болады, олар ағзаның клетка бетіндегі спецификалық белок рецепторларымен байланыса алады, ж\е бұл ре-цепторлардың функциясы көбісіне жақсы таныс. Сонымен қатар белгілі клетка типінің ішінде вирустардың репликациясы жүріп жатады. Вирионның н\е оның геномы бар бір бөлігінің енуі, ж\е толық вирустың спецификалық полимераз транслокация жолымен қалыптасуы плазматикалық мембранадан өтуі, вирус қабықшасы мен клетка мембранасының қосылуынан н\е вирустың эндоцитоз рецепторының көмегімен ж\е эндосом мембранасымен қосылуының нәтижесінде енеді. Репликация процессі кезінде вирус белгілі клетка ферменттерін қолданады. Вирусты инфекция абортивті болуы мүмкін (вирус репликация циклының толық емес кезінде), латентті (мыс, герпес вирусы нерв ганглияларында перси-стирует) ж\е персистирующей (әрқашан вирион синте¬зделіп тұрады).
41.Патогенді қарапайымдылар.Трипаносомалар.Лейшмания.Лямблиялар және трихомонадалардың әсер ету механизмдерін көрсетіңіз және емдеу жолдарын сипаттаңыз.Трипоносомалар-трипоносомалар тұқымдасына жататын адамдар мен жануарларда көптеген паразитарлы ауруды тудыратын паразиттік бірклеткалылардың туысы.Трипаносомалардың негізгі иесі сүтқоректілер,тасымалдаушы-насекомдар.Цеце шыбыны үйқы ауруының қоздырғышы Tryponosoma brucei-ді тасымалдайды. Tryponosoma brucei-дің екі түрі бар:gambiense,rhodesiense.Трипоносома ұйқы аурын тудырады,тасымалдаушы цеце шыбыны арқылы әсер етеді.Аурудың симптомдары:лихорадка,бастың ауруы,буындардың ауруы.Бұл белгілер,шаққаннан соң 1 аптамен 3 апта аралығынла пайда болатын,бірніші стадиясы.Бірнеше аптадан соң немесе айдан соң екінші стадия симптомдары байқалады:естің нашарлауы,іс қимыл координациясының бұзылуы,ұйқының бұзылуы.Емдеу жолдары:бірніші стадиясында пентамидин,сурамин препараттары қолданылады.Екінші стадияда эфлорнитин,нифуртимокс,меларсопрол препараттарын қолданады.Лейшмания-лейшманиоз ауруын тудыратын қарапайымдылардың туысы.Лейшманияны тасымалдаушылар:Lutzomyia,Phlebotomus туыстарын жататын москиттер.Лейшманиоздың екі түрі бар:ретикуло-эндотелиальды жүйенің органдарын зақымдайтын висцеральды және тері лейшманиозы.Тері лейшманиозын L.tropica,ал висцеральды лейшманиозды L.donovani тудырады.Емдеу жолдары:висцеральды лейшманиоз кезінде мынандай препараттарды қолданады:сурьманың 5 валентті препараттары:солюсурьмин,неостибозан,глюкантим.Тері лейшманиозында қолданылатын препараттар:мепакрин,мономицин,уротропин,бербирин сульфаты.Лямблия-лямблиоз ауруын тудыратын,жалған аяқтылар туысының дипломонодида қатарына жататын паразитті қарапайымды.Лямблия адамның,басқада сұтқорекітелрдің,құстардың ашы ішегінде паразиттік тіршілік етеді.Лямблиоз бауыр,өт,ішек жұмысының бұзылыстарына,нерв жүйесінің зақымдалуына,әртүрлі аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.Лямблияның ішектің сілемейлі қабығына жабысуы,майлар мен көмірсуларды сіңіруді,қабырғалық асқорытуды бұзып,оның секреторлы мотролы қызметіне әсер етеді.Симптомдары:іштің жоғарғы және кіндік бөліміндегі ауыртулар,іштің үрленуі,жүректің айнуы,запор,дерматит,шаршағыштық,әлсіздік,тәбеттің болмауы,басты айналуы және ауруы,ұйқының бұзылуы.Емдеу жолдары:тинидазоол,тиберал,фуразолидон,мепакрин,албендазол,метронидазол препараттары.Трихомонада-трихомонада туысына жататын бір клеткалы паразит.Бұл паразит трихомониаз ауруын тудырады.Қоздырушысы-қынап трихомонадасы (Trichomonas vaginalis).Бұл ауру көптеген қиындықтарға алып келіп соқтыруы мүмкін:бедеулік,жүктіліктің әртүрлі патологиялары.Паразиттің кездесетін негізгі мүшелері ер адамдарда:уретра,қуықасты безі,әйел адамдарда:қынап.Әйел адамдағы аурудың симптомдары:қынаптан сұйықтың бөлінуі,сыртқы жыныс мұшелерінің қышуы,зәр шығару кезіндегі ауыртулар,жыныстық қатынас кезіндегі ауырсыну,қынаптың шырышты қабықшасы тез қанайды және іріңді бөлінділермен жабылған.Ер адамдардағы симптомдары:зәр шығару каналынан бөліну,зәр шығару кезінде ауырсыну,қуықасты безі зақымдалғанда простатиттің белшілері байқалады.Емдеу жолдары:комплексті және индивидуальды түрде болуы мүмкін.Трихомонадаға қарсы препараттар мен бірге,иммунотерапия,физиотерапия,қуықасты безінің массажы қолданылады.Препараттар: метронидазол, тинидазол, секнидазол, ниморазол, тернидазол
42. Патогенді токсоплазмоздар. Амебиоз қоздырғыштарын көрсетіңіз және емдеу жолдарын сараптаңыз? Токсоплазмоз – іштен туа бітетін немесе жүре пайда болатын, айқын клиникасында ОНЖ, жүрек, көз зақымымен көбінесе латентты және созылмалы формада өтетін зоонозды жұқпалы ауру. Токсоплазмозды – Т.Гонди деген қарапайымдар тудыратын, көбінесе мысықтар арқылы тарайды. Негізінде бұл өте кең тараған ауру, бірақта әлі күнге дейін дәрігердің көбі оған көңіл аудырмай, тіпті клиникасы мен диагностикасында біліңкіремей қоймайды. Бұл инфенкцияның маңызы келесі жағдайларға байланысты: 1. ауру қоздырғышы табиғатта кең тарауда 2. көптеген адамдар осы қарапайымдармен инфекцияланған (дүние жүзінде 6-9% аралығында, бұрынғы СССР-де 25-30%) 3. осы инфекция анадан іштегі баласына жұғуы мүмкіндігі өте жоғары. Нәтижесінде баланың ОНЖ зақымданып, кемтар, жарымжан балалар туады 4. осы инфекция көбінесе кезде нығаяды ( әсресе СПИД көрінісі) 5. бактериологиялық қарулар тобына кіреді. Ас қорыту жолы арқылы-регионарлы лимфа түйіндеріне көбейеді- қабыну өзгерістер – инфекциялық гранулемалар. Лимфа түйіндерінен қанға өтуі мүмкін –бауыр, көк бауыр ОНЖ, миокард, бет, көзге т.б. Цисталар көп жылдар латентты түріне өтеді, сақтылынады. Патогенезінде өте маңызды роль аллергиялық өзгерістер (ГЗБ) 95-98%-инфекцияланған адамдарда – латентті инфекция (ГЗТ+ZdJ) (алл.пр.) (Егерде инфекцияланған кезде әйел адам жүкті болса, ІІІ-УІ айларында қауіпті). Амебиаз (Amobiasis — амеба+иаз амебиаз) — Қарапайымдылар ішінде ішек амебасы тудыратын жұқпалы ауру.Амебиазда бір өршіп, бір басылып, ұзаққа созылатын жаралы колит болады. Ауру қоздырғышының ішектің басқа мүшелерге қан арқылы таралуымен туындайтын, амебиаздың ішектен тыс түрі сирек кездеседі. Амебиаз - Entaemoeba histolytica тудыратьш тоқ ішектің ойық жарасымен сипатталатын жұқпалы ауру; әртүрлі мүшелерде абсцесстің пайда болуы мүмкін; созылмалы түрде өтеді.Коздырғыш Protozoa, Sarcomastidophora типіне, Sarcodina тип астына жатады. 1875 жылы орыс ғалымы Ф.АЛеш ашты. Морфологиясы және дакылды өсіру; Қоздырғыштың дамуының екі кезеңі бар: вегетативті және дистальды. Вегетативті кезеңі бірнеше пішіннен тұрады (тіндік, үлкен вегетативті, қуыстық және циста алды). Циста сопақша (тыныштық кезеңі) пішінді. Жұқтырылу коздырғыштың цистасының ішекке түсуі кезінде жүреді, онда ішектік вегетативті пішіні пайда болады. Қуыстық пішін баяу жылжиды, тоқ ішектің қуысында қауіпсіз комменсал түрінде мекендейді, бірақ белгілі бір жағдайларда патогенді болып тінде немесе инвазионды пішінге айналады. Резистенттілігі. Қоздырғыштьін тіндік және қуыстық пішіпдері ағзадан тыс жылдам жойылады (30 минуттын, ішінде). Цисталар коршаған ортада тұрақты, нәжіс пен суда 20°С температурада бір айдай сақталады. Тағам өнімдерінде, көкөніс пен жеміс жидектерде цисталар бірнеше күн сақталынады. Эпидемиологиясы. Амебиаз - антропонозды ауру. Инвазияның көзі адам болып табылады. Таралу механизмі - фекалды-оралды. Жұғу тағам өнімдерімен, әсіресе көкөніс пен жеміс жидектермен, кейде су, тұрмыстық заттар арқылы цисталардың енуі арқылы жүреді. Цисталардың таралуына тарақандар әсер етеді.Амебиазға карсы иммунитет тұраксыз. Амебиаз біздің елімізде өте сирек кездеседі. Бұрын ол біршама кең тараған болатын (Астрахань губерниясы, Кубань). Алайда оның қоздырғыштары ыстық жақтардан көкөністер арқылы келуі мүмкін. Сондықтан оларды сатылымға тек карантиннен соң ғана жібереді. Карантин 7 күнге созылады. Аурудың маусымды (июньнен октябрьге дейін) болатын себебі бұл кезде шыбындар өте көп болады, жеміс-жидек, көкөніс көп пайдаланылады, оның үстіне санитарлық қағидалар сақтала бермейді. Сондықтан шыбындармен күрес, әжетханаларды, жуынды шұңқырларын, қоқыс жәшіктерін дәрілеудің аса үлкен маңызы бар. Емделу жолдары. 1.Әмбебап әсердегі амебоциттер: метронидазол 0,5 г-нан күніне 3-4 рет (7-10 күн), тинидазол 2 г 1 рет күніне (3-5 күн), фурамид 2 г күніне 3 рет (5күн). 2.Тура әсерлі амебоциттер (контактты):энтеросептол 1-2 таб күніне 3-4рет тамақтан кейін (10-12 күн), интестопан 2 таб 3 рет тамақтан кейін (10-12 күн).(ішекте). 3.Тура емес әсерлі амебоциттер:тетрациклин, окситетрациклин, хлортетра-цциклин 0,25 г 4 рет күніне (10 күн).(ішек қабырғаларында). 4. Ұлпалы амебоциттер:эмитин гидрохлорид 2% ерітіндіні 1-2 мл-ден күніне 1-2 рет(5-7).(ішек қабырғаларында, бауыр және басқада органдарда). 5. Ұлпалы амебоциттер.(бауыр және басқа рогандарда ішектен басқа). Емделу 28 күн жүргізіледі.Препараттың ішінен метроидазол, амбильгар, хингамин көп қолданылады.
43.Тулермия қоздырғышы.Ботулизм қоздырғышы.Көкжөтел қоздырғыштарын анықтаңыз және емдеу жолдарын сараптаңыз. Туляремия-қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, зоонозды жедел инфекциялық ауру. Инфекция көзі:әр түрлі жабайы омыртқалы жануарлар (кеміргіштер, қояндар, тышқандар)ауылшаруашлық жануарлар (қой, шошқа, ірі қара малдар, солтүстік бұғысы)үй жануарлары (иттер)инод кенелері (қосымша резервуар) Таралу механизмі:контактілі, қарым-қатынас арқылы (зақымдалған тері жабыны, шырышты қабат арқылы).тағам арқылы ауа-шаң трансмиссивті (тістеп алса немесе кене, масаны езіп жіберсе жұғады) Патогенезі:туляремия патогенезінде 3 маңызды фактор бар: 1. инфекциялық 2.токсикалық. 3.аллергиялық Қоздырғыш ағзаға жарақатталған тері арқылы немесе тыныс жолдарының және көздің шырышты қабаты арқылы енеді. Кіру қақпасы аурудың клиникалық түрін анықтайды. Кіру орнында инфильтрация мен қабыну ошағы дамиды, жиі қоздырғыш жергілікті лимфа түйіндеріне түседі, онда көбейіп, біртіндеп өледі. Эндотоксин бөледі, ол қанға сіңіріліп (токсинемия), интоксикацияға әкеледі. Регионерлік лимфа түйіндерінде некрозбен іріңді қабыну дамиды (біріншілік бубондар). Инфекциялық процестің дамуына байланысты ЖСБТ бойынша организмнің аллергиялық құрылысы өзгереді. Клиникасы:Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, кейде 10 күн болады. Туляремияның клиникалық жіктелуі: Клиникалық түрі Жұғу жолдары бубонды түрі көздің шырышты қабаты, тері арқылы жаралы-бубонды осы сияқты көз-бубонды осы сияқты ангинозды-бубонды ауыз арқылы өкпелік (бронхиттік және пневмониялық түрлері) тыныс жолдары арқылы генерализивті немесе біріншілік септикалық түрі кез-келген жұғу түрінде кездеседі, әлсіз адамдар ауырады Ағым ұзақтығы бойынша:жедел (3 айға дейін)-жеделдеу (6 ай және ұзақ) рецедивтер-Ағым ауырлығы бойынша:-жеңіл түрі-орташа ауыр түрі-ауыр түрі Клиникасында 2 синдром бар:-.интоксикация-.жергілікті өзгерістер Емі:-этиотропты препараттар -патогенетикалық дезинтоксикациялық заттар -физиотерапия Ботулизм - (лат. botulus— колбаса) — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурудың ауыр түрі. Аурудың қоздырғышын 1896 ж. голландия ғалымы Э. ван Эрменгем ашқан. Ботулизм Clostrіdіum botulіnum таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген тамақтан жұғады. Б-нің қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм адамдарға көкөністен, саңырауқұлақтан, еттен, балықтан технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда жұғады. Ауру белгісі 2 — 12 сағаттан кейін байқала бастайды, адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, аузы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте даусынан айрылады (афония). Ботулизмнің алғашқы белгісі білінісімен науқасты ауруханаға жатқызу керек. Оған жедел түрде Ботулизмге қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай сарысуды науқаспен бірге болып, уланған консервімен тамақтанған басқа адамдарға да егу қажет. Бұл аурудан сақтану үшін азық-түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитарлық-гигиеналық ережелерді мұқият орындау қажет.Ботулизм ауруы-бұл тамақтан уланудың ауыр түрі, уақытында дәрігерге көрінбесе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ,баклажан, көкөніс салат,ет , балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Белгілері – әлсіздік , іш ауруы , құсудың пайда болуы , көз алды торланып , бұлдырайды, бір нәрсе екеу болып көрінеді , ішкен асы тамақтан өтпей , шашалады , жұтыну қиындайды, даусы қарлығып , мұрын арқылы сөйлейді. Аурудың алдын алу мақсатында базар , сауда нысандарынан , белгіленбеген сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған , қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ , көкөніс салат , ет , балық өнімдерін сатып алуға болмайды. Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде сақтайтын , пайдаланатын уақыт мерзімін қараңыз , қақпағы күмпиген (бомбаж) салаттарды пайдалаңбаныз . Үй жағдайында ет , балық , саңырауқұлақ консервілемеген дұрыс. Жеміс-жидек , көкөніс консервіленген кезде оларды жақсылап жуып , тазасын , бүлінбегенін пайдаланыңыз. Көкжөтел (лат. pertussіs) – жедел таралатын, көбінесе, 8 жасқа дейінгі балаларда болатын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы қысқа таяқша тәрізді бактерия (Bordetella pertussіs). 1906 ж. Көкжөтелді бельгиялық ғалым Ж. Борде (1870 – 1961) ашқан. Қоздырғыш бактериялар науқас бала жөтелгенде оның демі мен қақырығы арқылы тарап, сау балаға жұғады. Бактериялар баланың тыныс органдарында өсіп-өнеді. Ауру қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз, бірақ ол өте сирек те болса сырқат баланың тұтынған заттары (ойыншығы, ыдысы) арқылы жұғуы мүмкін. Көкжөтелмен бір рет ауырған бала қайталап ауырмайды, өйткені аурудан кейін организмде тұрақты иммунитет пайда болады. Аурудың білінбейтін (инкубациялық) кезеңі 2 – 15 (көбінесе, 5 – 7) күнге дейін созылады. Көкжөтел, әдетте, 6 – 7 аптаға созылады. Алғашқы кезде бала жөтеледі, мұрны бітіп ұйқысы қашады, дене қызуы 38,5 – 39°С-қа дейін көтеріліп, тамаққа тәбеті тартпайды. Бірте-бірте жөтелі күшейеді (әсіресе, түнге қарай), 2 – 3 аптада жөтел жиі ұстағанда бала булығып қысылады, қызарып-көгеріп, көзінен жас ағып, тілі аузына симай, кейде кіші дәретін де ұстай алмай қалады. Жөтел қақырық түскеннен кейін басылады. Бұл кезең 2 аптадан кейде 2 айға созылады. Содан кейін дерттің беті қайтып, тұншықпалы жөтел азая бастайды, бала 2 – 3 апта “жай” жөтеліп жүреді де, бірте-бірте аурудан айығады. Аурудың алдын алу үшін балалар емханасында баланың 5 айлығынан 14 жасқа дейін мезгіл-мезгіл вакцина егеді, аурумен жақын араласқан 7 жасқа дейінгі балаларды басқалардан оқшаулап (2 аптаға, ал егер сырқатпен бірге тұрған болса – 25 күнге дейін) карантин жариялайды. Ауру баланы қалалық көлікпен алып жүруге болмайды. Көкжөтелді жоғары қысымды таза ауамен (баротерапия) емдейді. Науқас балаға витамині мол құнарлы тамақ ішкізу қажет. Режим сақтап, тек дәрігер белгілеген әр түрлі антибиотиктерді уақытымен қабылдауы керек. Ауырған адаммен қарым-қатынаста болғаннан кейін бір немесе екі аптадан кейін басталады. Қызу көтеріледі, тұмау мен жөтел пайда болады. 2 аптадан кейін қатты (күшейген) жөтел (көкжөтел) басталады. Бала ауыз шырышынан жабысқақ қақырықты түкіріп тастағанша дем алмастан, үздіксіз жетеле береді, сондай кезде ауа шуылымен қатты дыбыс шығара (қиқылдау) өкпеге барып енеді. Бала жөтелге булығып, оның ерні мен тырнақтары ауаның жетіспеушіліктерінен көгеріп кетуі мүмкін. Жөтел ауруы үстағанда бала құса бастайды. Жетел ұстамаған аралықта баланың дені сау болып көрінеді. Көкжетел әдетте 3 ай немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Көкжөтел, әсіресе, бір жасқа дейінгі емшектегі балалар үшін қауіпті, сондықтан көкжөтелге қарсы екпені мүмкіндігінше ерте жасаған дұрыс Көкжөтел сәбилерде білінбей өтеді, сол себепті оның диагнозын дұрыс қою қиынға соғады. Егер сәби қатты жетелсе және көздері ісіп кетсе, сонымен қатар айналаңызда кекжөтелмен ауырғандар болса, дереу көкжөтелге қарсы ем қолданыңыз;
Емдеу жолдары Антибиотиктер жөтел ауыруы үстамастан бұрын, көкжөтелдің алғашқы сатысында ғана көмектеседі. Эритромицин немесе ампициллин беріңіз. Хлорлы амфеникол да көмектеседі, бірақ ол қауіпті. Ауырудың алғашқы белгілері бойынша сәбилерді 6 айға дейін емдеу өте қажет. Аса ауыр жағдайларда, әсіресе бала үйықтай алмаса немесе конвульсия (қалшылдау) болған кезде кекжөтелге фенобарбитал көмектесе алады. Егер баланың жетелден соң тынысы тоқтап қалса, онда баланың басын төмен қаратып саусағыңызбен аузындағы шырышты алып тәстаңыз, содан кейін алақаныңызбен арқасынан қағыңыз. Салмағын жоғалтпауы үшін және тамаққа жарымай қалуын болдырмау үшін баланың құнарлы тамақтануын қадағалаңыз. Бала ішіндегіні құсып тастағаннан кейін оны бірден тамақтандырыңыз.
44. Биоқабықтың ішіндегі антибиотикке персистентті бактериялардың биоқабықтан тыс бактериялардан айырмашылығын көрсетіңіз? Биоқабық- субстратқа жабысқан микроорганизмдердің қауымдастығы және олар бір-бірімен бөлінген клетка сыртындағы полимерлы матрикспен қорғалған. Олар өзгерген фенотипке ие, және арнайы геннің экспрессиясы параметрлеріне ие. Өзара айырмашылығы 1)колония тәріздес қауымдастыққа- бір түрге тән бактериялар колония түзеді. 2) аралас микробты қауымдыстың- әр түрлі бактерия қауымдастын. Биоқабықтың бактериялырдың антибиотикке тұрақтылығы. Оның негізінде бактериялардың матрикске байлнысты болуы. Биоқабықтың матриксі антибиотикті өткізбейді, оны өзіне байланыстырады немесе инактивтейді нәтижесінде тұрақтылық пада болады. Персистерлер барлық антибиотикке тұрақты болып келеді. Оның себебі: 1.Антибиотиктің енуінің қиындығы 2.Биоқабықтың ішінде бактериялар қоректік ортада таралады, соның нәтижесінде олардың бөлінуі қиындайды. 3.Адаптивті реакциялар пайда болады.4.Персистеуші биоқабықтағы бактериялардың гені өзгергіш болып келеді.
45.Медициналық тәжірибеде жиі биоқабық түзуші микроорганизмдерді атаңыз және Quorum sensing механизмін тұсіндіріңіз.Биоқабық-субстратқа жабысқан микроорганизмдердің қауымдастығы және олар бір бірінен бөлінген клетка сыртындағы полимерлі матрикспен қоршалған.Биоқабық 15 % тірі клеткадан, 85 % клетканы қоршайтын матрикстен тұрады,ішінен және сыртынан мембранамен қапталған.Өзара айырмашылығы:1.Колония тәріздес қауымдастық-бір түрге тән бактериялар колония түзеді.2.Аралас микробты қауымдастық-әр түрлі бактерия түрлерінің қауымдастығы.Бтоқабықтың пайда болуы қоршаған ортада өте қажетті биологиялық мағынасы бар,себебі,микробты клетканы антимикробты фактордан,туа біткен иммунитеттен,этиотропты препараттардан,қолайсыз жағдайлардан қорғайды.Медициналық тәжірибеде жиі биоқабық түзуші микроорганизмдер:Staphylococci Coagulase,Enterococcus spp,Pseudomonas aeruginosa,Staphylococcus aureus,Klebsiella pneumoniae.Бұл микроорганизмдер:жасанды жамбас протезі,жасанды дауысты протез,орталық веноздв катетер,жүректің протезирленген клапаны,несеп,катетері аппараттарында биоқабық түзеді.Quorum sensing (OS)-Кворум сенсинг бактериялардың социалды қасиеті.Кворум сенсинг жеткіліктілікті сезіну-кейбір микробтық процесстердің микроорганимдердің жееткілікті тығыз концентрациясы болғанда ғана жүзеге асуы.Кворум сенсинг сигналды механизмге негізделген.Сигналды механизм рецепторлы регуляторлы белоктармен әсерлесетін,жоғары тығыздықта бактериялармен бөлінетін спецификалық химиялық заттар.Көпшілік грамтеріс бактериялар молекулалық сигнал ретінде N-ацил-гомосеринлактонды қолданады.Микроорганизмдердің бірқатарында тығыздыққа тәуелді гендік жүйелер,циклдік АМФ-қа тәуелді басқа регуляторлық механизмдердің бақылауында болады.Кворум сенсинг микроорганизмдердің көптеген метаболитикалық процесстерінде қосымша қызмет атқарады.
47. Инвазия терминіне анықтама беріңіз. Активті және пассивті инвазияға мысал беріңіз, нейроминаза және коагулаза деген түсініктерді өзара салыстырыңыз. Инвазия жабайы және үй жануарлары арасында таралады. Үй жануарларының ішінде ең үлкен эпидемиологиялық қауіп тудыратыны (тіпті жалғыз қауіп тудырушы десек те болады) шошқалар. Негізінен шошқа, иттер және мысықтар деп алынады, бірақ иттер мен мысықтардың етін адам жемейтін болғандықтан олар тек трихинеллездің антропургиялық ошағын құрайды, яғни залалданған ит немесе мысықтың өлексесін, тамақ қалдықтарын, нәжістерін жегенде залалданады. Бәрімізге белгілі болғандай шошқа өте лас жануар болып келеді, ол абсолютті түрде тағам талғамайды, сондықтан тек жалғыз трихинеллезді емес бәлкім кез келген ауруды жұқтырып алу қаупі ең жоғары болған хайуан. Шошқа сонымен қатар ауру кемірушілерді жеу арқылы трихинеллездің табиғи ошағы мен антропургиялық ошағының байланыстырушысы болып та табылады. Паразиттердің организмге кіруінің екі жолы бар активті және пассивті. активті жол кезінде паразиттер қожайын организмге жараланбаған сау тері аркылы немесе буынаяқтылар шағып алған кезде енеді . Мысалыстронглидия мен анкилостом құрттарының личинкалары топырақтан адам терісіне жабысып аладыда, сол жерден кіші ойық жасап ішіне кіріп алады, ал шистозом личинкасы – лас судан жұғады. Ал пассивті жолмен паразиттер су, тамак, шаң - тозан, ауа аркылы енеді. Бұл жол көбінесе ішек паразиттері мен көптеген гельминттерге тән. Нейраминидаза – гликозил – гидролаза тобына жататын фермен болып табылады. Номенклатуралық аты - экзо-α-сиалидаза. Нейраминидаза – табиғатта өте кең таралған. Ол кей бір вирустардың қабықтарының құрамына кіреді. Сонымен қатар патогенді бактериялардың, анығырақ газды гангренаның қоздырушысы - Clostridium perfringens бактериясының культурасынан ең алғашқы рет табылған. Соңғы кездерде омыртқалы және омыртқасыз жануарларда да байқалады. Ал өсімдіктерде кездеспейді. Бұл ферментті ең алғашқы рет вирус вирионының құрамынан 1942 жылы Херстом тапқан болатын. Ол эритроциттердің вируспен инкубациялап, гемагглютинация реакциясын бақылай отырып, агглютинация тұрақты емес екендігін дәлелдеді. Бұл фермент кетозидті байланыстың конфигурациясына әсері жоғары болып келеді. Лабораториялық практикада кең қолданылатын газды гангренаның қоздырушысының құрамында болатын нейраминидаза α-2→3- и α-2→6 кетозидті байланыстарын ажыратуға қабілетті. Бұл фермент кофакторды қажет етпейді, бірақ кейбір түрлері Са2+ иондарымен активтенеді. Коагулаза – кейбір ауру туғызушы микроорганизмдерден, соның ішінде Staphylococcus бактерияларының өкілдерінен бөлінетен фермент болып табылады. Бұл фермент жануар қанын қоюлату қабілетіне ие. Патогенді ферменттердің қатарына жатады. Стафилококкты коагулаза адам және қоян қанының плазмасына активті болып келеді. Пробиркада қараған кезде коагулаза түрлі химиялық заттармен, әсіресе қышқылдармен, антибиотиктермен, соның ішінде пиницилинмен ингибирленеді.
