
- •4. Инфекцияның таралу жолдары. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Трансмиссивті механизм,вертикальді механизмнің таралу жолдарын көрсетіңіз.
- •6. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Гемоконтактты механизм, трансплацентарлы механизімнің таралу жолдарын көрсетіңіз.
- •7.Инфекциялық процестің классификациясын құрастырыңыз.Инфекциялық аурулардың формалары және олардың сипаттамасын көрсетіңіз.
- •13.Инфекцияның таралу нәтижесіне байланысты бөліп көрсетіңіз .Пандемия және эпидемияны өзара салыстырыңыз.
- •16)Антропонозды және зоонозды инфекцияны өзара салыстырыңыз.
- •31. Прионды инфекцияның стерилизациялау жолдарын көрсетіңіз
- •32.Пробиотикалық препараттар және оларды асқазан-ішек жолдарының дисбактериозын емдеуде қолдану жолдарын көрсетіңіз.Сорбцияланған пробиотикалық препараттармен жай формасын салыстырыңыз.
- •34. Аэробты Грам теріс коктар – менингококтар, гонококтар,нейссериялар. Анаэробты Грам оң және Грам теріс коктар әсер ету механизмін көрсетіңіз.
- •46) Өсуді автостимулдаушы немесе өсуді автоингибирлеуші деген ұғымдарды өзара салыстырып анализ жасаңыз.
13.Инфекцияның таралу нәтижесіне байланысты бөліп көрсетіңіз .Пандемия және эпидемияны өзара салыстырыңыз.
Инфекциялық аурулардың таралуы: Инкубациялық кезең –ауруды жұқтырғаннан бастап клиникалық белгілерінің шығуына дейінгі уақыт. Продромальдік кезең-ең алғашқы клиникалық белгілердің көрінуі. Аурудың асқынған кезеңі-аурудың кезеңі. Реконвалесценттік кезең-симптомдардың жойылып, аурудың жазылу кезеңі. Бактерия тасушы-ағзадағы патогенді микробтар ауаға, айналаға тарап, бірақ организм клеткасын зақымдайды. Тасымалдаушының қауіпті кезеңі-ауру организмде 3ай сақталса хронический-ұзақ уақытқа созылады. Инфекциялық аурудың жұғуы-ауру адамнан қоздырғыштар сау адамға жұғуы. Ауру тез шалдыққыш ағзада инфекциялық аурулар жұғушы қасиетін көбейтеді. Инфекциялық аурулардың таралу деңгейін 5топқа бөледі: 1.Ең жиі таралған аурулар (1 000 000 халыққа 1 000 оқиға)-тұмау, ОРВИ 2.Кең таралғандар (1 000 000 халыққа 100 оқиға)-вирустік гипотит А, жедел ішек инфекциялар, қызылша, қарамық т.б. 3.Жиі кездесетіндер (1 000 000 халыққа 10 оқиға)-көк жөтел, вирустік гипотит В. 4.Сирек кездесетіндер (1 000 000 халыққа 1-10 оқиға)-бруцеллез. 5.Өте сирек кездесетіндер (1 00 000 адамға 1 оқиға)-дифтерия, құтыру, сібір жарасы т.б. Эпидемиялық процесс туралы ілімнің негізін қалаған Л.В.Громашевский болып саналады (1941,1949,1965). Ол бірінші болып эпидемиологияның негізгі заңдарын жете зерттеп, құрастырады, инфекцияның берілу механизмінің теориясын және эпидемиялық процестің қозғаушы күштерін анықтады. «Эпидемиялық процесс» деген терминді де бірінші рет енгізген Л.В.Громашевский болды, «Эпидемия» деген ұғымды тар мағынада «Эпидемия» деп, кең мағынада «эпидемиялық процесс» деп екіге бөледі.Әртүрлі жұқпалы аурулар эпидемияларының пайда болу себептерін талдау кезінде Л.В.Громашевский (К.Сталлибрасс,1936 сияқты) үш жағдайға көңіл аударды. Эпидемия пайда болу үшін бірінші ,ең қажет жағдай,инфекция қоздырғышының көзі болуы қажет. Инфекция көзі болмаса, ешқандай эпидемия да,тіпті, жеке ауру да пайда болуы мүмкін емес. Бірақ эпидемиялық процестің пайда болуы үшін міндетті түрде екінші бір қажетті жағдай керек болады. Ол сыртқы ортадағы азды-көпті өзіндік факторлар арқылы қоздырғыштың эстафетамен (үзілмей) берілу мүмкіншілігінің болуы болып табылады. Бұл процесс эволюциялық дамуы кезінде қоздырғыштың жұққан организмнен қабылдаушыға жылжу әдісі арқылы іске асады (берілу механизмі).Эпидемиялық процестің пйда болуы үшін үшінші міндетті щарт осы аурудың қоздырғышын қабылдаушы халықтың болуы қажеттілігі.Осы көрсетілген үш алғы шарттың ( инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі,қабылдаушы халық)қосылған жиынтық жағдайында ғана жұқпалы аурудың,яғни эпидемиялық процестің пайда болу мумкіндігі туады. Керісінше, осы көрсетілген үш шарттың тек біреуі ғана болмай қалса, онда жұқпалы ауру ,яғни эпидемиялық процесс пайда болмайды. Л.В.Громашевскийдің осы теориялық тұжырымдамасы эпидемиологияда толыққанды заңның негізін қалады. Ол заңның тұжырымы былай: «Эпидемиялық процестің пайда болуы және үзілмеуі үшін оның міндетті үш элементінің өзара әрекеті қажет: инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі,осы ауруды қабылдағыш халық. Осы элементтер болмаса немесе олардың өзара әрекетін үзсе,онда эпидемиялық процесс тоқтайды». Л.В.Громашевский эпидемиялық процестің үш құрамдас бөлігін оның тұрақты (ішкі) тікелей қозғаушы күштері деп атады. Олардың маңызы толық бірдей емес.Бірінші бөлік инфекция қоздырғышының көзі-жұқпаның сақтаушысы болып есептелінеді,онда қоздырғыш өсіп-өніп, көбейеді,қоздырғышты сыртқы ортаға шығаратын да сол болып саналады. Эпидемиялық процесте ол басты роль атқарады. Екінші бөлік –қоздырғыш факторын тасымалдау (берілу механизмі) - оның қоздырғыштың таралу процесінде белсенді ,шешуші маңызы бар. Үшінші бөлік – қабылдағыш халық. Оның ролі елеусіз болады. Бұл бөлік белгілі дәрежеде сұрыптаушылық роль атқарады: организмнің қабылдаушылық қабілеті болса, қоздырғыш жұғады және ауру пайда болады., ал ол жоқ болса.яғни қабылдаушылық қабілеті болмаса (мысалы иммунды организм), ауру пайда болмайды.
Пандемия дегеніміз - жұқпалы аурудың дүние- жүзіне таралуы немесе үлкен аумақта таралуы.Жалпы танымал пандемия:1.қара шешек 2.Оба 3.тырысқақ 4.сүзек 5.тұмау 6.туберкулез 7. безгек 8.алапес проказа 9.ВИЧ инфекциясы
14. Эпидемиологиялық процесстің интенсивтілігі деген ұғымды түсіндіріңіз, оған мысалдар келтіріңіз? Эпидемиология” (эпидемия және грек. logos – ілім) – жұқпалы және инвазиялық аурулардың пайда болуы мен таралу заңдылықтары, сол ауруларды жою шаралары туралы ғылым. Эпидемиология екі бөлімінен тұрады: 1) жалпы Эпидемиология – жұқпалы аурулардың заңдылықтары мен олармен күресу, жою және олардың алдын алудағы теорияның, әдістемелік және ұйымдастыру негіздері туралы білімнің жиынтығын қамтиды; 2) жеке Эпидемиология – белгілі бір жұқпалы ауруға тән ерекшеліктерді жан-жақты зерттейді. Эпидемиология микробиология, гигиена, паразитология, иммунология, жұқпалы аурулар клиникасы, т.б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты.
Эпидемиологиялық процесстің интенсивтілігі бұл белгілі бір жағдайда белгілі бір территорияда инфекциялық жағдайдың шығу жиілігі. Аурушаңдық халықтың 100 мың, 10 мың, 100 адамдар көрсеткіштерімен көрінеді. Бұл көрсеткіштер аурушаңдық деңгейін әр түрлі халықтар арасында, әр түрлі уақытта, әр түрлі территорияда қоюға мүмкіндік береді. Эпидемиялық аурушаңдық – спорадикалыққа қарама – қарсы, инфекциялық аурудың уақытша жоғарылауы. Эпидемиялық бұрқ етпе – 1-2 инкубациялық периодқа созылатын бір коллективтің көлеміндегі аурушаңдықтың қысқа уақытты көтерілуі. Эпидемия – бір жыл мезгілін қамтитын және бүкіл бір облысты қамтитын аурушаңдық деңгейінің көтерілуі. Пандемия – бірнеше жылға немесе онжылдықтарға созылатын және бүкіл бір континентті алып жататын аурушаңдық деңгейінің көтерілуі.
15.Эпидемиологиялық процесс деген ұғымға анықтама беріңіз және инфекция көзі,таралу механизмі және қабылдағыш топтарын айқындап мысал келтіріңіз. Эпидемиология-инфекциялық аурулардың пайда болуын және таралуын сонымен қатар олармен күресу жолдарын және алдын алу шараларын зерттейтін ғылым.Эпидемиологиялық процесс-аурудың ауру адамнан сау адамға берілуі.Эпидемиологиялық процесс бір-бірімен байланысты 3 негізгі бөлімнен тұрады:1)микроорганизмдерді бөлу көзі-қоршаған, ортаға микробтарды бөлуші.Ол адам немесе жануар болу мүмкін.Олардың әрқайсысы ауру.емделуші,бактериотасымалдаушы болуы мүмкін.2)берілу механизмі.3)ауруды қабылдағыш адам.Инфекция көзі-ауру қоздырушыларының тіршілік ететін ортасы,инфекцияның таралуы.Инфекция көзі адам немесе жануарлар,қоршаған орта болуы мүмкін.Инфекцияның таралу механизмі:1.Ауа тамшылы-сілемейлі тыныс алу қабатында орналасу арқылы организмді зақымдауы.Таралу механизмі:1.түшкіру,жөтелу,сөйлеу,демалу арқылы шығарылуы.2.сыртқы ортада тамшы және шаң фазасы түрінде болуы.3.қабылдағыш организмге енуі.2.Фекальды-оральды.Құсу және фекальдердің бөлінуі арқылы көрінеді.Қабылдағыш организмге ауыз арқылы жұғады.Сальманеллез,диарея,дизентерия,холера ауруларын жатқызуға болады.Таралу механизмі:1.қоздырғыштардын организмнен бөлінуі (түкірік,кал,құсу арқылы).2.сыртқы орта (су,тағамдар).3.қоздырғыштың қабылдағыш организмге ауыз арқылы енуі.3.Трансмиссівті-қоздырғыш қан жүйесінде және лимфада болады,спецификалық және спецификалық емес тасымалдаушылардың шағуынан туындайды.Мысалы:маса-малярияны,бүрге-чуманы,кне-энцефалитті жұқтырады.Берілу механизмі:1.қоздырушы қанда болады.2.сыртқы ортамен тасымалдаушылар арқылы байланысады.3.қоздырғыштың тері арқылы енуі.4.Контактілі-туыстық ортақ заттар арқылы жұғады.Мысалы ортақ сүлгі арқылы сифилис жұғады.Берілу механизмі:1.Антропоноз (сифилис,спид,гонорея).2.Зооноз (сап,содока,құтырма).3.Атропоноз (столбняк).5.Вертикальды-анадан балаға жұғатын ауру.Берілу механизмі:1.Жатыр ішіндегі аурулар.2.Плацентарлы аурулар.3.Герминтативті аурулар.Анасынан жұғатын арулар:Гепатит В,свинка,корь,цитомегалиялар,спид және т.б.6.Гемобайланысты-қан арқылы берілетін аурулар.Спид,гепатит тағыда басқада аурулар.Қабылдағыш топтар дегенімзі инфекциялық аурудың қоздырғыштарын жұқтыратын организм.Мұндай организм адам және жануарлар болуы мүмкін.