
- •4. Инфекцияның таралу жолдары. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Трансмиссивті механизм,вертикальді механизмнің таралу жолдарын көрсетіңіз.
- •6. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Гемоконтактты механизм, трансплацентарлы механизімнің таралу жолдарын көрсетіңіз.
- •7.Инфекциялық процестің классификациясын құрастырыңыз.Инфекциялық аурулардың формалары және олардың сипаттамасын көрсетіңіз.
- •13.Инфекцияның таралу нәтижесіне байланысты бөліп көрсетіңіз .Пандемия және эпидемияны өзара салыстырыңыз.
- •16)Антропонозды және зоонозды инфекцияны өзара салыстырыңыз.
- •31. Прионды инфекцияның стерилизациялау жолдарын көрсетіңіз
- •32.Пробиотикалық препараттар және оларды асқазан-ішек жолдарының дисбактериозын емдеуде қолдану жолдарын көрсетіңіз.Сорбцияланған пробиотикалық препараттармен жай формасын салыстырыңыз.
- •34. Аэробты Грам теріс коктар – менингококтар, гонококтар,нейссериялар. Анаэробты Грам оң және Грам теріс коктар әсер ету механизмін көрсетіңіз.
- •46) Өсуді автостимулдаушы немесе өсуді автоингибирлеуші деген ұғымдарды өзара салыстырып анализ жасаңыз.
Инфекционные болезни
1. Микроорганизм және инфекциялық аурулар зерттейтін пәнінің негізгі объектісін атаңыз, оған анықтама беріңіз және пәнаралық байланыстық саласына блок схема құрыңыз.Инфекция- микроорганизмнің макроорганизмге енуі және ондағы көбеюі.Инфекциялық процесс – Микроорганизмнің макроорганизммен селбелесіп (паразитизм) өсуі.Инфекционды ауру –инфекциялық процесстің соңғы түріИнфекция, инфекциялық процесс,инфекциялық ауру. Этиологиялық инфекциялық аурулар. Ауру тудырушы – микроорганизмдердің қасиеттері. Инфекцияның әкелетін қауіп қатері: 1) бактериотасымалдағыш, персистенция, тірі вакцинация; 2) инфекциялық ауру: клиникалық көрсеткіші бар инфекция, бұндай реакциялар организмді өлімге ұшыратады. Микроорганизм және макроорганизмнің патогенетикалық және клиникалық қарым-қатынасы инфекционды ауру деген терминмен белгіленеді. Патогенды микроорганизмдерді инфекциялық ауруларды ауырмаған адамға жұғу арқылы тудырады. Олар организмге белсенді түрде еніп, паразиттік түрде тіршілік етеді. Инфектология - инфекциялық процессті зерттеуші ғылым, Инфекциялық ауру, инфекциялық патология, организмнің шартты және патогенді ауру туғызушы микроорганизмдерімен конкуренцияга тұруы, диагностика әдістерін дайындау, инфекциялық ауруларды емдеу. Медициналық микробиология бактериология, вирусология, микология, иммунология, протозоологияға бөлінеді.Медициналық микробиология ауру адамның инфекция түрін, олардың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын, биологиялық және генетикалық қасиетін зерттейді, оларды өсірудің, идентификациясын, арнайы диагностикасын, емдеуін және профилактикасын құрастырады. МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАНЫҢ ӘДІСТЕРІ: 1. Микроскопиялық әдіс. 2. Микробиологиялық (бактериологиялық) әдіс. 3.Биологиялық әдіс. 4. Иммунологиялық әдіс. - серологиялық, аллергологиялық . 5. Молекулярлы-генетикалық әдіс.
2.Микроорганизмдер және ифекцилық аурулар пәнінің даму тарихына сипаттма беріңіз.Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады.Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғалым.Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді. Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Микробиология — микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролі қарастырылады.Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері-ашу процесі.Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады. Микробиология тарихында римнің профессоры Афанаси Қирхердің (1601-1680)есімі де аталуы тиіс. Қирхер сасыған ет, щарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінің байқады.Ол қанды қарап, онда түрлі клеткаларды көреді. Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктің (1632-1723)есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен көп айналысқан ол, заттарды 160-300есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Орыс оқымыстысы И.И.Мечниковтың 1845-1916 еңбегі зор. Ол микробиологияда бір қатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И.И.Мечников фагоцитоз және оның иммунитетттегі ролі туралы тыңғылықтық ілім жасады.Бактериялар-бір клеткалы ағзалар, хлорифилі жоқ, өсімдіктердің бір түрі. Олар көптеген инфекцияның ауру қоздырғыштарынан тұрады. Олардың өте үлкен және ұсақ, орташа түрлері болады. Ең ірі бактериялар сібір жарасы, гангрена қоздырғыштары.Бактериялардың негізгі 3 түрлі формалары бар:шар тәрізді коккалар, таяқша тәрізді бактериялар, бациллалар және клостидиялар және спирал тәрізді спирилла және виброндар.Шар тәрізділер түрлері форма-коккалар сыртқы пішіні шар тәрізді строфилкоккалар, ст.рептоктар.Көптеген коккалар-сапрофиттер, олар спора түзбейді. Қозғалмайды, табиғатта кең таралған. Коккалар жеке-жеке бір-бірмен қосылмаған-микрококктар деп аталады Диплококктардан адам ағзасында ауру туғызатын қоздырғыштар, гонореия, минингит қоздырғыштары.Таяқша пішінді түрлері- спора түзушілер және спора түзбейтін түрлері болады. Пішініне қарай ірі, орташа ұсақ таяқша түрлері, цилиндр, овал формалары түрлері кездеседі.Спирал пішінді түрлері-табиғатта кең таралған. Оларға споралар және виброндар жатады. Споралар тығын тәрізді спирал формалы болып келеді.Спирохиттер-штопр тәрізді иілген формалы бактериялар және қарапайымдардың аралық формасы. Көлемі, ені-0,3-1,5м, ұзындығы-7-500м. Клетка қабықшасы жоқ, ядросы болмайды. Спирохиттер қозғалғыш. Бөліну арқылы көбейеді.Бүктелу және қозғалғыш қасиеті орталық жіпше арқылы жүзеге асады. Саңырауқұлақтар-хлорофилсіз өсімдік әлеміне жатады. Дифферециялық ядросы бар, спора арқылы көбейеді. 5 классқа жіктеледі.1.Архилициттер класы (archimycetes)-жыныссыз жолмен көбейетін қарапайым саңырауқұлақтар. Жоғары сатылы өсімдіктердің паразиттері. 2.Фикомициттер класы(Phycomycetes)-жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.Жұқа бұтақша пішінді саңырауқұлақтар. Бұл классқа мукор үлпілдек мақта тәрізді плесень түзіледі. Мукор мақтасы жынысты жолмен де көбейеді. Адамда өкпе, құлақ қалқандарын ауруға ұшыратады. 3.Аскомициттер класы(ascomycetes)-тағамдарда, қанның бетінде кездеседі. Адамдарда тыныс жолдарын, көз, құлақты зақымдайды 4.Пенициллин(penicillium)-көп клеткалы, пенициллин алады. 5.Акомицитез класы- ашытқы саңырауқұлақтар. Нан өсімдіктерде, шарап өндіруде қолданады.Қарапайымдылар бактерияларға қарағанда күрделі дамыған. 4 классқа жіктеледі:70 мың түрлері бар. 1.Саркодиналар класы-тынымсыз қозғалады, қабықшасы болмайды,дене пішіні тұрақсыз, бөліну арқылы көбейеді. 2.Спорофиттер(Sporozoa)- жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді,арнайы қозғалу органы жоқ. 3.Жгутиктілер(Flogollata)-овал және шар тәрізді, белсенді қозғалады. Бөліну арқылы көбейеді. 4.Талшықтар(Infusoria)-инфузориялар кірпікшелер арқылы қозғалады, адамда ішек инфузориясы кездеседі.Гнотобиология-микробсыз жануарлар ғылымы. Жасанды ортада өсірілген, табиғатта микробсыз жануарлар кездеседі. Сүтқоректілер ұрығы жатырда стерилді ортада дамиды. Оларды гнотобионттар деп атайды.Инфекциялық аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқықабықтардың аурулары болып бөлінеді. Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін.
3. Микробиологиялық ж\е вирустық инфекцияға анықтама беріңіз. Инфекциялық процестің жүзеге асу схемасын көрсетіңіз. Инфекциялық ауру. Инфекциялық процестін сатылары мен даму жағдайлары. Инфекциялық аурулардың ерекшелігін көрсетіңіз. Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.
Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады. Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді. Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі. Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ. Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін. Жұқпалы аурулардың түрлері. Жұқпалы аурулар инфекциялық аурулар (лат. іnfectіo–жұқтыру) – 1)тірі организмдерге ауру тудырушы микроорганизмдердің (бактерия, риккетсия, вирус, саңырауқұлақ) енуінен пайда болатын кесел; 2) осы аурулардың белгісі мен даму барысын зерттеп, оның дәл диагнозын қойып, емдейтін клиникалық медицинаның арнайы бір саласы. Жұқпалы аурулар туралы деректер ертеден белгілі болған. Ежелгі грек ғалымы Гиппократ, ортағасырлық ғалым Әбу Әли ибн Сина өз еңбектерінде кейбір аурулардың науқас адамнан, жануарлардан жұғып, тез таралатыны, оған көзге көрінбейтін “миазмалар” себепкер болатыны туралы айтқан. 15 ғасырда жазылған Ө. Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты еңбегінің қолжазбасында дерттің пайда болуын адам денесіне құрттардың (көзге көрінетін және көрінбейтін) енуімен түсіндірген. 19 ғасырда бактериология, микробиология және иммунология ғылымдарының дамуы Жұқпалы ауруларды толық зерттеуге мүмкіндік берді. Әсіресе, француз ғалымы Л.Пастер, неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910), орыс ғалымдары И.И. Мечников (1845 – 1916), Н.Ф. Гамалея (1859 – 1949), т.б. еңбектерінің маңызы зор болды. Жұқпалы аурулар пайда болуының үш факторы бар: ауру қоздырғышы (микроб), сыртқы орта және қабылдаушы сезімтал организм. Ауру қоздырғышына әр түрлі патогенді микроорганизмдер (мыс., бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, риккетсия, микоплазма, хламидия, т.б.) жатады. Бұлар адам организміне әр түрлі жағдайда енеді. Мысалы, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, т.б. – су, тағам, шыбындар арқылы; тұмау, қызылша, дифтерия, т.б. – ауру адамнан; әр түрлі тері дерттері – ауру адам мен жануарлардан; бөртпе сүзек, кене энцефалиті, безгек – сау адамға ауру адамнан (жануарлардан) қан сорғыш буынаяқтылар (мысалы, бит, безгек масасы, кене, т.б.) арқылы; сондай-ақ құрсақтағы анасының қанымен жұғады. Жұқпалы аурулар жасырын (инкубациялық), күмәнді (продромалдық), ауру дамуы және айығу (реконвалесцениттік) кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезеңнің өту мерзімі аурудың түріне, организмнің жағдайына байланысты болады. Жалпы Жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдарға ортақ белгі: селсоқтанып мазасы кетеді, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, ұйқысы қашады. Бауыр мен талақтың ісінуі мүмкін. Осындай ерекше белгілеріне қарай іш сүзегін тырысқақтан, безгекті бөрте сүзектен, т.с.с. ажыратуға болады. 20 ғасырда диагноз қою, емдеу және одан сақтану әдістерінің жетілдіруіне байланысты Жұқпалы аурулардың кейбір түрлері жойылды. Бірақ микроорганизмдердің эвол. даму өзгергіштігінің, әлеуметтік, экология, ғұрып-дәстүрлік, т.б. себептердің нәтижесінде Жұқпалы аурулардың жаңа түрлері пайда болды. Мысалы, жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, гепатиттің ерекше түрлері, т.б. Жұқпалы аурулардың белгісі білінісімен-ақ санитарлық-эпидемиология стансаларға хабарлануы тиіс. Науқас адам ауруханаға алынып, аурудың түріне қарай емделеді. Жұқпалы аурулар клиникалық медицинаның арнайы бір зерттейтін саласы болғандықтан – бактериология, вирусология, иммунология, эпидемиология, паразитологиямен тығыз байланысты.
4. Инфекцияның таралу жолдары. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз. Трансмиссивті механизм,вертикальді механизмнің таралу жолдарын көрсетіңіз.
Инфекцияның 6 таралу механизмі бар: Ауа-тамшы жолы немесе аэрозольды Фекальды-оральды Трансмиссивті Контакты Вертикальды Гемобайланысты 1,Трансмиссивті инфекцияның таралу механизмі- инфекцияның таралу механизмінде, инфекция қоздырушысы қантамырлары және лимфада орналасады.Спецификалық және спецификалық емес таратушының шағуы арқылы беріледі.Мысалы, жәндіктер немесе кенелер. Трансмиссивті инфекцияның таратушылары: қансорушы жәндіктер: Биттер- бас биті,қайтымды тиф, вопындық лихорадка;
Масалар – Anopheles(аналық)-малярия,Aedes- сары лихорадка.Блохи-чума Кенелер (дернәсіл,нимфа, жетілген кене-әрбір стадия өз қожайымен қоректенеді.)Қоздырушының трансовариальді берілуі(тек қана таратушы емес,табиғи резервуарда). Иксодалы- кенелі энцефалит,омск және крымдық гемморагиялық лихорадка, марсельдік лихорадка, туляремия. Аргасалық –қайтымды кенелі тиф,Ку-лихорадкасы. Трансмиссивті механизм таралу жолдары: 1. Қоздырушы қанда орналасады(жабық система); 2. Қоршаған орта(таратушы); 3. Қабылдағыш организмге қоздырушының енуі (қанда)
>Қоздырушының адам организміндегі негізгі локализациясы- қанда. >Қоздырушының биологиялық түр ретінде сақталуы (эпидемиологияның 11заңы) оның бір индивидумнан екінші индивидумға берілуі тек қана таратушы көмегімен жүзеге асады.Сол организмде ол тек қана сақталмайды, белгілі даму циклдары өтеді.>Таралу механизмі-трансмиссивті. > А.В.Грамашевскии классификациясы бойынша- қанды инфекциялар. Трансмиссивті механизм таралу жолдары:
Антропоноздар- адамнан адамға беріледі (малярия, сыпной тиф, қайтымды тиф)
Зоонозды (туляремия, кенелі энцефалит,боррелиоз,гемморрагиялық лихорадка)
Источник қоздырушысы ретінде адамда бола алады, немесе жануар,көбіне кеміргіштер (чума, гемморрагиялық лихорадка,сібірлік язва)
Әртүрлі таралу механизмдері бар инфекциялар (чума, туляремия, гемморрагиялық лихорадка , сібірлік язва)
2,Вертикальды механизм таралу жолдары . Вертикальды механизм- (герминативті, жатырішілік,трансплацентті) инфекция қоздырушысы ұрыққа анасынан туылғанға дейінгі бүкіл период кезінде беріледі.
Вертикальды (трансплацентті)- бұл ауру қоздырушысының берілу жолы плацента арқылы анасынан ұрыққа берілуі.Вирусты инфекция үшін әсіресе трансплацентті берілу жолы маңызды. Вирустар: қызылша, цитомегалик,ветрянка, Вгепатиті, энтеровирустар. Бактериялы инфекциялар арасында: мұндай берілу жолы пептоспироз,стафилококкты, стрептококкты инфекцияларда мүмкін. Трансплацентті берілу жолы бар инфекциялар: >cаңырауқұлақтар
>бактериялар, көбінесе шартты патогенді
> вирустар.
Қызылша
Цитомегалик
Герпес
Коксаки
Гепатит
Респираторлы вирусты инфекциялар (грипп,парагрипп,аденовирусты инфекциялар)
Адам иммунотапшылығы (СПИД)
5. Инфекцияның таралу механизмдерін атаңыз.аэрозольды,фекальды-оральды механизмнің таралу жолын көрсетіңіз. Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі«ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Инкубациялық кезең ауыруды жұқтырғанннан бастап клиникалық белгілердіңшығуына дейінгі кезең.
6 түрі бар:
1.Ауа тамшылары арқылы аэрозольды.
2. Контактті
3. Трансмиссивті
4. Фекальді оральді
5. Вертикальді
6. Гемоконтактті
Ауа тамшылары арқылы: түшкіргенде, жөтелде ауа тамшылары арқылы тарайды.
Фекальді оральді: Ішек жолдарындаболады. Іш өткенде диарея күйінде болады. Ауыз қуысы арқылы ластанған тағамдардан немесе судан всқвзвн ішек жолдарына түседі.