Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроба №13,14,15.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.73 Кб
Скачать

Билет№14

1. Бактериялардың қоректенуі. Қоректену типтері.

Бактерия метаболизмінің негізгі мақсаты өсу, дәлірек айтқанда жасушаның барлық құрылымдарының үйлесімді ұлғаюы болып табылады. Бактерия жасушасының негізі көміртегі атомынан тұратын органикалық қосылыстар (ақуыздар, көмірсулар, нуклеин қышқылдары) болғандықтан, жасуша өсу үшін үздіксіз көміртегі атомдарының түсіп тұруын қ/т етеді. Сіңірілетін көміртегі алу көзіне б/ты бактерияларды төмендегі түрлерге бөледі: Аутотрофтар – өз жасушаларын құруда көміртегін ауадағы СО2-нен сіңіретіндер. Гетеротрофтар – көміртегіні органикалық қосылыстардан пайдаланатындар. Жеңіл сіңірілетін көміртегі көздері гексозалар, көпатомды спирттер, аминқышқылдары болып табылады. Энергия көзі ретінде күннің жарығын пайдаланатын организмдерді фототрофтар д.а. Ал тотығу-тотықсыздану реакцияларының нәтижесінде пайда болған энергияны пайдаланатын организмдерді хемотрофтар д.а. Хемотрофтардың ішінде органикалық емес электрондарды пайдаланатындарды литотрофтар, ал органикалық қосылыстардың электрондарын пайдаланатындарды органотрофтар д.а. медициналық микробиология зерттейтін бактериялар гетерохемоорганотрофтарға жатады. Бұл топтың ерекшелігі, көміртегі көзі – энергия көзі болып табылатындығында. Әр түрлі бактерияларда гетеротрофтық дәрежесі біркелкі болмайды. Өлі органикалық заттармен қоректенетін ж/е басқа организмдерге тәуелсіз микроорганизмдер – сапрофиттер ж/е қоректік заттарды макроорганизмнен алуға тәуелді гетеротрофты микроорганизмдер паразиттер деп бөлінеді. Паразиттерді облигатты ж/е факультативті түрлерге ажыратады. Облигатты паразиттер жасушадан тыс жерде мүлдем тіршілік ете алмайды. Оларға микроорганизм жасушасының ішінде ғана көбейе алатын Rickettsia, Coxiella, Ehrlichia, Chlamida тұқымдастығының өкілдері жатады. Факультативті паразиттер, сапрофиттер тәрізді иесінің жасушасынсыз қоректік орталарда in vitro, яғни дәлірек айтқанда организмнен тыс тіршілік етіп көбейе алады.

2. Қызылша қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу ж/е емдеу принциптері.

Қызылша – дене қызбасымен, жоғарғы тыныс алу жолдарының ж/е көздің шырышты қабаттарының катаральдық қабынуымен ж/е де теріде түйіншекті – дақты бөртпелер шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Қызылша вирусын 1954 ж Д.Эндерс ж/е Т.Пиблс бөліп алған. Таксономиясы. Тұқымдастығы: Paramyxoviridae; Тұқымдастықшасы: [Paramyxovirinae]; Туыстастығы: Morbillivirus (латынша: morbilli-ауру, кесел). Инфекция көзі – ауру адам. Негізгі жұғу жолы – ауа-тамшылы, сирек жағдайда жанасу (контакт) арқылы жұғуы ықтимал. Мазасыздану (продромальды) кезеңінде ж/е бөртпе пайда болған кездің 1-күнінде айналасындағыларға науқастың ауру жұқтыру қаупі өте зор, бөртпе пайда болғаннан кейін 5күн өткен соң науқас жұқпалы емес. Бөртпе пайда болудан 1 тәулік бұрын ұрыттың шырышты қабатында майда қызыл жиекпен қоршалған Бельский-Филатов-Коплик дағы пайда болады, ол қызылшаны дифференциялаушы белгі болып табылады. Ауру 9күнге созылады, бөртпе ешқандай із қалдырмай біртіндеп кете бастайды. Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу үшін алынатын заттар: мұрын, жұтқыншақ шайындысы, бөртпе сүрінділері, қан, несеп. Вирусологиялық әдіс (индикациялау): адамдар мен маймылдардың бүйрегінен дайындалған біріншілік ж/е ауыспалы НеLa т.б. жасуша дақылдарына жұқтыру; ЦПӘ (цимпласт түзілуі) ж/е ГАР б/ша индикациялау: ГАТР, БР. Идентификациялау: ГАТР, БР. Серологиялық диагноз қою: ГАТР. Экспресс диагноз қою: ИФР. Емдеуі: симптомотикалық. Арнайы алдын-алу. Қызылшаға қарсы егу үшін бірнеше вакциналар қолданылады: -дақылдық, құрғақ, тірі вакцина (Ресей); -Ривакс (Франция); -паротиттік, қызылшалық дақылдық, құрғақ, тірі вакцина (Ресей); -қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы лиофильденген тірі вацина (Индия); -Приорикс –қызылша +паротит +қызамық вирустарының аттенуацияланған штамдарынан дайындалған лиофильденген тірі вакцина (Англия); - ММR II (қызылшалық, паротиттік, қызамықтық тірі вакциналар қоспасы, АҚШ).