
- •Билет № 13
- •1. Қоректік орталар. Қоректік орталарға қойылатын талаптар. Қоректік орталадың жіктелуі.
- •2. Қызамық қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу ж/е емдеу принциптері.
- •3. Топырақ жұқпалы аурулардың берілуші негізгі факторы. Топырақтың өзіндік тазалану үрдісінің санитарлық-гигиеналық маңызы.
- •Билет№14
- •1. Бактериялардың қоректенуі. Қоректену типтері.
- •2. Қызылша қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу ж/е емдеу принциптері.
- •3. Ауаның санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдері. Епм ауасын санитарлы-микробиологиялық зерттеу әдістері.
- •Билет№15
- •1. Бактерияның тыныс алуы. Бактерияның тыныс алуы типі б/ша жіктеу. Мысал
- •2. Аденовирустық инфекция қоздырғышы. Микробиологиялық диагностикалау, алдын-алу ж/е емдеу принциптері.
- •3. Қоғамдық мекемелер, тұрғын үй ауасы ж/е атмосфералық ауа микрофлорасы. Ауаның санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдері.
Билет № 13
1. Қоректік орталар. Қоректік орталарға қойылатын талаптар. Қоректік орталадың жіктелуі.
Бактерияларды in vitro жүйесінде дақылдандыру қоректік орталарда жүзеге асырылады. Жасанды қоректік орталар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
Бактериялардың барлық тіршілік процестері суда өтетіндіктен кез-келген қоректік ортада жеткілікті мөлшерде су болуы қажет.
Гетеротрофтық бактерияларды дақылдандыру үшін ортада органикалық көміртегі көзі болуы керек. Бұл қызметті түрлі органикалық қосындылар атқарады: көмірсулар, аминқышқылдары, органикалық қышқылдар, майлар.
Ақуыз, нуклеотидтер, АТФ, коферменттер синтездеу үшін бактерияға азот, күкірт, фосфат және басқа да минералдық заттар мен микроэлементтер қ/т.
Азот көзі ретінде пептон болуы мүмкін, с.қ. көптеген бактериялар азот көзі ретінде аммоний тұздарын пайдалана алады.
Күкірт пен фосфорды бактериялар бейорганикалық тұздар ретінде пайдалануы мүмкін: сульфаттар және фосфаттар күйінде.
Көптеген микроорганизмдердің өсіп-өнуінде орта рН маңызды орын алады. Ортаның рН-ын белгілі бір деңгейде ұстап отыру, бактериялардың өздерінің тіршілік өнімдерінің нәтижесінде пайда болған улардан өліп қалмауы үшін қажет. Осы мақсатта қоректік ортаны фосфаттық буфер көмегімен буферлеп қояды. Қоректік ортаға кальций карбонатын қосады.
Ортаның белгіленген осмостық қысымы болуы кк. Бактериялардың көпшілігі изотониялық орталарда өседі, ал ортаның изотониялық болуы NaCl-дің 0,87%-дық концентрацияда қосу арқылы жеткізіледі. Кейбір бактериялар тұз концентрациясы 1%-дан төмен орталарда өсе алмайды. Бұндай бактерияларды галофильді бактериялар д.а.
Қоректік орталар стерильді болуы тиіс.
Консистенциясына б/ты қ.о/р сұйық, жартылай сұйық ж/е тығыз болып келеді. Орта тығыздығы агар-агар қосу арқылы жасалады.
Агар-агар – балдырлардан алынатын полисахарид. Ол 1000С t-да балқып, 45-500С-та қатады. Жартылай сұйық орта жасау үшін 0,5% ж/е тығыз орталар үшін 1,5-2% концентрацияда агар қосылады. Құрамы мен қолданылу мақсатына қарай орталарды қарапайым, күрделі, элективті, минималды, дифференциалдық-диагностикалық ж/е аралас қосарланған орталар деп бөледі.
Құрамына қарай орталар қарапайым ж/е күрделі деп бөлінеді. Қарапайым орталарға пептонды су, қоректік сорпа ж/е ет-пептонды агар жатады. Осы қарапайым орталардың негізінде күрделі орталар жасалынады, м/ы: қантты ж/е сарысулы сорпа, қанды агар.
Ортаны қолданылу мақатына қарай элективті, байыту, дифференциалдық-диагностикалық деп бөледі.
Элективті деп белгілі бір түрге жататын микроорганизм ғана жақсы өсетін ортаны айтады. м/ы рН 9 болатын сілтілі орта тырысқақ вибрионын бөліп алуға пайдаланылады. Басқа бактериялар, атап айтқанда ішек таяқшасы, сілтілік жоғары болғандықтан өспейді.
Байыту орталары – бұл белгілі бір бактерияның өсуіне жоғары мүміндіктер жасап, басқа бактериялардың өсуін басатын орталар.
Дифференциалдық-диагностикалық орталар бактериялардың ферментативтік белсенділігін зерттеуде қолданылады. (Гисс ортасы)
Аралас (қосарланған) орталар, бірлескен флораның өсуін басатын элективті орта мен микроб бөлетін ферменттің белсенділігін анықтайтын дифференциалдық-диагностикалық орталар біріктіріліп жасалады. (Плоскирев ортасы, висмут-сульфит)
Қоректік орталар
Бактерияларды дақылдандыру үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.
1. Құнды қоректік ортаның болуы. Кез-келген қоректік орта құрамының күрделілігі мен пайдалану мақсатына қарамастан негізі судан, энергия мен көмірсутегінің органикалық көзінен, тұрақты рН пен осмостық қысымға ие болуы қажет.
2. Дақылдандыру температурасы. Көбею жылдамдығына температура әсерін тигізеді. Температураға бактериялар әрқалай жауап береді:
- мезофилдер 20-400С температуралық аралықта көбейеді. Адамдарда ауру тудыратын бактериялардың кӛпшілігі мезофилдерге жатады;
-термофилдер 40-600С температуралық диапазонда өседі. Термофилдерге актиномицеттер, кейбір споратүзуші бактериялар жатады;
- психрофилдер 0-200С температуралық аралықта көбейеді.
3. Дақылдандыру атмосферасы. Қатаң аэробтар өсіп көбею үшін ттегі қажет. Аэробтар Петри табақшасындағы агардың бетінде немесе сұйық ортаның жұқа беткі қабатында жақсы ӛседі. Қатаң аэробтардың сұйық ортаның терең деңгейлерінде өсуін қамтамасыз ету үшін оттегі бүкіл қоректік ортаға диффузды түрде таралуы қажет. Бұған қоректік ортаны үздіксіз араластырып немесе сілкіп отыру, атап айтқанда аэрациялау, арқылы қол жеткізіледі. Аэрациялау арнайы аппаратттармен – сілкілегішпен іске асырылады. Факультативті анаэробтарды дақылдандыру үшін жоғарыда аталып
кеткен әдістерді қолданады, себебі оттегі бар жерде оларға энергетикалық қамтамасыз етуде оксидативті метаболизм ферментациядан тиімді болады. Микроаэрофилдер оттегінің парциалдық қысымы төмен жағдайда көбейеді. Бұған ауадағы СО2-нің парциалдық қысымы 0,03%-ға қарағанда
дақылдандыру атмосферасындағы СО2 парциалдық қысымын 1-5% концентрациясына көтеру арқылы қол жеткізіледі. Бұл үшін арнайы СО2- инкубаторлар қолданылады, немесе себінділерді жанып тұрған шырағдан қойылған эксикаторларға орналастырады.
Облигатты анаэробтар өсу және көбею үшін ауадағы оттегінің ортаға түспеуін талап етеді. Бұған келесі шаралар арқылы қол жеткізіледі:
- қоректік орталарға оттегіні редуциялайтын заттар қосу арқылы: тиогликоль қышқылын, аскорбин қышқылын, цистеин, сульфидтер;
- сұйық қоректік орталарды қайната отырып оттегіден құтылып, сонан соң орта құйылған ыдысты резинка тығынмен жауып қою арқылы;
- сілтілі пирогаллол және тағы да басқа оттегіні сіңірушілерді пайдаланып, герметикалық жабылатын ыдыстарға - «газпактарға» салып қою арқылы. Бұл әдіс (Gaspack) аэротолерантты бактерияларды дақылдандыруда қолданылады;
- ауадағы оттегіні механикалық жомен ығыстырып, орнына ыдысты инертті газбен толтыру арқылы (бұл мақсатта анаэростаттар мен анаэробты бокстар қолданылады).
Хемо – және автотрофты бактерияларды дақылдандыру үшін СО2-мен қанықтырылған атмосфера жасалынады.
4. Дақылдандыру уақыты генерациялау уақытына байланысты. Бакатериялардың көпшілігі көрнекті өсу беру үшін 18-48 сағат аралығында дақылданады. Көкжөтел қоздырғышын дақылдандыру үшін 5 тәулік керек, ал M. tuberculosis-ті дақылдандыру үшін 3-4 апта қажет.
5. Жарықтандыру. Фототрофты бактерияларды өсіру үшін жарық қажет. Шартты-патогенді бактериялардың кей түрлері жарықтандыруға байланысты о пигмент түзеді, оны идентификациялау кезінде пайдаланады.