Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
immuno_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.88 Кб
Скачать
  1. Антигендер, түрлері және қасиеттері, иммунобиотехнологияда пайдалану

Антиген – бұл органикалық биополимер, макроағза үшін генетикалық бөтендігі, ағзаға түскенде заттың бөтендігін ағзаның иммундық жүйесі таниды, имундық реакциялар қалыптасады да бөтен зат жойылады.Антиген *антиденелермен ерекше байланысатын зат;ағзаға сырттан түсу немесе ішінде түзілу мүмкін; ынталандыратын иммундық жауаптың денгейі әртүрлі болады.Ағзаның иммундық жауабын ынтыландыру қабілетті антиген иммуноген деп аталады.Тегі микробты емес антигендерге жатады;тозаң; жұмыртқа ақуызы; ауыстырып салған ұлпа мен мұшелердің ақуыздары; қан құю нәтижесінде қан жасуша мембранасының сыртқы жағында орналасқан ақуыздары.Антигендер – бұл заттар:шығутегі әртүрлі, генетикалық бөтендік белгілері бар,иммундық реакцияларды қалыптастырады(гуморалды, клеткалық, иммунологиялық төзімділігін, иммунологиялық ессін).Антиген ретінде болу мүмкін: ақуыздар, полисахаридтер, нуклеин қышқылдар, ақуыздармен байланысқан түрінде,липидтер, ақуыздармен байланысқан түрінде,қарапайым заттар (гаптендер) тасымалдаушы ақуызбен байланысқанда ерекше антиденелердің түзілуун ынталандырады. Ақуыздық антигендердің иммуногендігі ең жоғары, соның ішінде бактерия экзотоксиндер, вирус нейраминидазасы.Антигендерді топтастыру үшін негізіне алатын белгілері: тегі, бөтендігі, химиялық құрамы.Антигендердің классификациясы. Антигендердің топтастыруы: Тегінің негізінде: табиғи антигендер:ақуыздар,көмірсулар,нуклеин қышқылдар,бактерия экзо- және эндотоксинтер,ұлпа мен қан клеткалардың антигендері;жасанды антигендер:динитрофенил топтармен модифицияланған ақуыздар,динитрофенил топтармен модифицияланған көмірсулар;синтетикалық антиденелер:химиялық синтезбен жасалған полиаминоқышқылдар,химиялық синтезбен жасалған полипептидтер.Тегіне байланысты антигендерді бөледі:экзогенді антигендерге, эндогенді антигендерге,аутоантигендерге. Экзогенді антигендер дем алу мұшелер, ас қазан-ішек жолы, инъекция арқылы ағзаның ішіне сыртқы ортадан енеді.Эндогенді антигендер - бактерия немесе вирустық жұқпаның нәтижесінде немесе метаболизм барысында ағзаның ішінде түзіледі Аутоантигендер – ағзада қалыпты жағдайда үнемі болады, аутоиммунды аурулар дамығанда иммундық жүйе бөтен деп таниды.Антигендің ерекшелігі Ақуыздардың антигендік ерекшелігі тәуелді: амин қышқылдардың бірізділігіне, ақуыз молекуласыны жалпы конформациясына; молекуланың сыртқы жағында детерминанты топтарының орналасуына; соңғы амин қышқылы қалдықтарына.

21.Гаптендер, түрлері және қасиеттері, иммунобиотехнологияда пайдалану.

Гаптен

-кішкентай химиялық молекула;

-өзідігінен антиденелердің түзілуін ынталындырмайды,

-антиденелермен әрекеттеседі,

-ақуызбен байланысқанда антигендің ерекшелігін қамтамасыздандырады.

-ағза үшін бөтен болады,

-антигенді қасиетіне ие,

-ақуызбен байланысқанда ғана иммуногенді,

-антигендің ерекше лігіне жауапты

мысалы — динитрофенол. Гаптен-ақуыз антигендің жауапты:

*ерекшелігіне гаптен бөлігі,

*иммуногендігіне –тасымалдаушы бөлігі, көбінесе ақуыз.

Гаптеннің антигендігі белгілейді:

* ерекшелігін,

*антиденелер мен лимфоциттердің рецепторларымен ерекше әрекеттесу қабілетің

*иммунологиялық реакцияларымен анықтауын.

22. Гуманизделген моноклоналды антиденелерді алу биотехнологиясы

Адам ақуыздың компонетерін тышқан антидене молекуласында жоғарлатқанда алынған антиденелер гуманизилденген антиденелер деп аталды Кейбір антиденелер толық адам антиденелері болып табылды. Гуманизилденген моноклоналды антидененің құрамында 90% компоненті адам ақуызы; 10% — тышқан ақуызы: Алемтузумаб (Кэмпас), Даклизумаб (Зенапакс) и Окрелизумаб. Гуманизилденген антидене молекуласы құрылысы: - тышқан немесе басқа жануар антидененің әр тізбегінің варибельды доменінің ұш қысқы гипервариабельды бірізділігі, антигенмен комплемнтарлы байланысуын белгілейтін учаскілері (CDRs) , адам антидененің вариабелды доменіне енгізілген. Гуманизилденген антиденелерді алу - Тышқан антидененің V аймағын кодтайтын геннің адамдың гамма немесе каппа/лямда константы домені бар векторда клондайды - Тышқан меланома клеткаларының себіндісіне трансформациясын жүзеге асады.- Трансформацияға ұшраған клеткаларын себінді ортаға енгізеді, инкубациялайды.- Скрининг арқылы антиденелерді синтездейтін клеткаларын табады. Гуманизилденген антиденелердің адам ағзасында *иммунопаталогиялық реакциялардың интенсивтігі төмендейді,*өмір сүретін уақыты ұзарады,*биологиялық активті түрінде болған уақыты ұзарады. Генді-инженерия әдістің көмегімен адам моноклонды антиденелерін жасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]