- •1. Биотехнологиялық процестердің табиғаты мен әр түрлілігі.
- •3.Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы.
- •5. Иммундық жүйенің мұшелері, жасушалары, сипаттамалары беріңіздер, қасиеттері мен қызметтерін сүреттеңіздер
- •6. Иммундық жүйенің ерігіш компоненттері, тізімін келтіріңіздер, қасиеттері мен қызметтерін сүреттеңіздер
- •14. Поликлонды иммундық сарысуды алу әдісін мысалды келтіріп сүреттеңіздер
- •15. Поликлонды иммундық сарысу иммунобиотехнологияда пайдалану тәсілдері
- •Антигендер, түрлері және қасиеттері, иммунобиотехнологияда пайдалану
- •23. Химерлі моноклоналды антиденелерді алу биотехнологиясы
- •24. Моноклонды антиденелерді медицинада пайдалану биотехнологиясы
- •32. Конъюгирленген моноклоналды антиденелер
- •Иммунохимиялық анализ, негізі, иммунобиотехнологиясы, мысалдары
- •Иммуноферменттік анализдің негізі мен түрлері.
- •41. Иммунобиотехнологиялық әдістері, жалпы сипаттамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Иммунотропты препараттарды алу биотехнологиясы
стресс әсеріне қарсы иммундық жүйенің келісілген қызметін қамтамасыздандыру,
эндокриндік және жүйке жүйенің келісілген қызметін қамтамасыздандыру.
6. Иммундық жүйенің ерігіш компоненттері, тізімін келтіріңіздер, қасиеттері мен қызметтерін сүреттеңіздер
Иммундық жүйе ағзаның жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы туру қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бактерияларды, вирустарды, сол сияқты бөлшектерді және бөтен заттарды иммундық жүйе танып жояды да, ағзаны дерттен сақтап қалады. Иммундық жүйенің компоненттері - ерігіш медиаторлары. Иммундық жауап қалыптасу үшін медиаторлар қызмет атқарады. Иммундық жауап қалыптастыру үшін делдал малекулалар ретінде әртүрлі ерігіш заттар қызмет атқарады. Ерігіш медиаторлардың тобына жатады: Антиденелер , Цитокиндер, Қан сарысуының ақуыздары: жедел фазаның ақуыздары, комплемент жүйенің ақуыздары. Цитокиндер.20- ғасырдың 30-жылдары жануарлардың бір вируспен жұқтыруы,оларды басқа вирустардың әсерінен сақтайтыны анықталды.Бұл ағза құбылысын вирустық интерференция деп атады.Вирустық жұқпа кезінде ағза жасушаларында интерферон деп аталатын ақуыз түзіледі.Интерферон вирустардың әсеріне қарсы тұратын ағзаның қорғаныш жүйелерінің ең бірінші заты деп саналады.Интерферондарды үш топқа бөлеміз:альфа,бетта,гамма интерферондар деп.Альфа интерферон-лейкоциттік,бетта интерферон-фибробластық,гамма интерферондар-иммунды интерферон д.а.Интерферондар-жасушалардың қорғаныш қызметін,соның ішінде вирус жұқпаға қарсы жасушалардың реакцияларын реттейтін ақуыздар.Альфа интерферондар-қарапайым ақуыздар,бетта,гамма интерферондардың молекулалары гликозилденген болып келеді.Интерферондар-вирустарға қарсы биологиялық белсенді заттар.Интерферондар ісіктерге,вирустарға қарсы белсенділігін көрсетеді.Суық тию,сүйек тінінің қатерлі ісігі,миолема,жыныс мүше ауруларына қарсы.Тұмау,аденовирус,жұқпалы ауруларды емдеу үшін интерферондарды қолданады,гамма интерферондарды-гепотит ауруын емдеуде,альфа мен беттаны артритке қолданады.Интерлейкиндер. Иммундық жүйенің белсенділігі жоғары ерекше қан жасушалары және ұлпаларының үйлесімді қызметімен белгіліеді, ал қызметі ерекше заттармен реттеледі. Бұл заттар интерлейкиндер, иммундық жүйенің гормондары болып саналады. Қазірде 22 интерлейкин белгілі,көбісінің қызметі алі анықталмаған. Олар ағзада иммундық және қабыну реакцияларының реттегіш жүйесінің медиатор ретінде қызмет атқарады. Содан лимфоциттерді стимульдейді де иммуниттеттің қажетті деңгейін қамтамасыздандырады, ағзаның температура реакциясының дамуын қамтамасыздандырады, қан түзілу элементтерінің түзілуін стимульдейді. ОРталық және шеткі жүйенің реакцияларына қатысыды. Жақсы зерттелгендері 2 интерлейкиндер. 133 аминқышқылы қалдықтарынан құралған полипептид, молекулалық салмағы 15,5. 2 интерлейкинді иммуностимулятор ретінде пайдаланады. 1-ші егудің тиімділігін ұлғайту үшін ,себебі ағзаға антиген түскеннен кейін 2-интерлейкин т және в лимфоциттердің ұрықтануын стимульдейді.В гепотитке қарсы интерлейкин құрамында бар вакцинаны сынау нәтижесінде адамға 2-ИЛ дің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталынды. 2-ші эксперименттік қатерлі ісіктердің 2ИЛ көмегімен имуноемдеуі жүзеге асады. Ісік некроз факторлары – цитотоксикалық белсенді цитокиндер. Өсу факторлары – жасушаның пролиферация, жіктелу және қозғалысын реттелуіне қатнасатын қосылыстар.Колонийларды стимулдейтін факторлар – гемопоэтикалық цитокиндер. Цитокиндердің негізгі қызметіне жатады: стресс әсеріне қарсы иммундық жүйенің келісілген қызметін қамтамасыздандыру, эндокриндік және жүйке жүйенің келісілген қызметін қамтамасыздандыру.
Антиденелердің көмегімен: а) Адам мен жануарлардың бөтен заттың зиянды әсеріне қарсы тұрақтылығы дамиды; ә) бактерия уыттылары (токсиндерді), жылан улары, қан құрамына түскен вирустар бейтараптанады; б) ұлпа құрамында, биологиялық және басқа сұйықтықтарда әр түрлі заттарды теңестіреді.
12.Клеткалық иммунитеттің сипаттамасы, қатысатын клткалары мен ерігіш компонентері, қалыптасатын механизмін сызбан түрінде сүреттеңіздер.Әр сатысын түсіндіріңіздер.
Иммуниттетің жасушалық негізін Т- және В-лимфоциттер, плазмалық жасушалар, макрофагтар құрайды. Т– және В-лимфоциттер арасында өзінің қызметі жағынан және басқа көп сипаттамалары жағынан ерекшеленетін субпопуляциялары анықталып отыр.
Сонымен қатар иммунитет жауабына қатысатын, бірақ Т және В-жасушалар қатарына жатпайтын лимфоциттер табылып отыр. Жасушалық иммунитет реакциялары тимустан шығатын Т-лимфоциттермен іске асады. Тимуспен Т-лимфоцит жасушалық иммунитет жүйесін, басқаша айтқанда Т-жүйені құрайды. В-жүйенің қызметін Т-жүйе қадағалайды.Т-жүйенің орталық мүшесі айырша без, шеткісі – көк бауырдың, лимфа түйіндерінің және басқа лимфа шоғырларының Т-тәуелді аймақтары. Тимус тегі бойынша ескі лимфоидтық орган. Ол лимфа жүйесін түзіп, оның қызметін реттеп, иммунитет жүйесін дамытуға әсер етеді. Тимус қыртысты және милы қабаттардан тұратын бөліктерден құралады. Қыртыс денесінің негізі жұлдызша тәрізді эпителиалдық жасушалардан тұрады. Қыртыс қабатта негізінен иммунитеттен хабарсыз, жоғары митоздық белсенділігі бар лимфоциттер болады.
Милы дененің стромасы жақсы дамыған эпителиалдық жасушалардан тұрады. Онда лимфоциттер саны көп емес. Сонымен қатар милы қабатта ретикулярлы жасушалар, макрофагтар, Гассаль денелері болады. Антигенді айырып тану макрофаг, Т, В-лимфциттер кооперациясы кезінде жүреді. Антидене синтезделу үшін В-лимфоцит екі сигнал алу керек: арнайы және өсіргіш (пролиферативті). Бұл гуморалдық иммунитет реакциясының қажетті шарты болып табылады. Арнайы сигналды В-лимфоцит антиген детерминантасымен әрекеттескенде қабылдайды. Ол антиген өзгешелігін қамтамасыз етеді. Ал В-лимфоциттерді көбейтетін сигналды антиген детерминантасының тасымалдаушысын айырып таныған Т-лимфоциттен алады. Осы процесте антигенді қорытып шығаратын макрофагтар зор роль атқарады. Олар Т-лимфоцитке антигенді тануға көмектеседі. Қазіргі кездегі тұжырым бойынша макрофаг антигенді айырып, қорытылмай қалған бөлігін суперантиген күйінде мембранасына шығарады. Сол антигенді Т-лимфоцит айырып таниды. Макрофаг бетіне шыққан антиген 1а-ақуызбен қосылысатыны эксперимент жүзінде дәлелденген. Т-лимфоциттер жасушалардың тегі өзгермеуін қадағалай отырып түрі өзгерген гистосәйкестіктің антигендерін айырып таниды, сол кезде медиатор бөліп шығарып Т-В-хелпердің көмегімен В-лимфоциттердің көбеюіне нұсқау береді, ал олар антидене жасап шығарады. Антигенннің химиялық құрамына байланысты және оның әртүрлі гистотіркестіктің антигендерімен әсерлесуіне байланысты, Т-лимфоциттердің белгілі бір субпопуляциясы дамып саны көбейеді. Егер негізінен Т және В-хелперлер көбейіп дамыса, онда иммунитет жауабында антигенге қарсы антидене синтезделеді. Т-лимфоциттер субпопуляциясы және қызметтеріТ-лимфоциттер субпопуляциясы көптеген қасиеттері бойынша ажыратылады: үстінің антигендік маркерлері бойынша, жасуша диаметрі, антигенге қарсы рецепторы, F-фрагмент пен С3-компоненттердің рецепторы, өмір сүру ұзақтығы, организмде қозғалу бағыты бойынша, химиялық агенттер мен радиоактивті сәулелерге сезімталдығы бойынша ажыратылады. Бұл ерекшеліктері бойынша олардың субпопуляцияларын бір-бірінен бөліп алуға болады. Осы субпопуляциялардың антиген әсерімен кейбіреуінің ерекшелініп иммунитет жауабына пайда болуы антиген детерминантасының әсерімен және иммунитеттеу әдісімен тығыз байланысты. Т-лимфоциттердің эффекторлық реакциясы:Жасушалық иммунитеттің эффекторлық реакцияларын Т-лимфоциттердің ішіндегі Т-өлтіргіштер және б.ж.а.с. Т-эффекторлары іске асырады. Б.ж.а.с. Т-эффекторлары цитотоксикалық әсерімен қатар қабыну реакцияларының комплексін жүргізетін бірқатар медиаторлар жасап шығарады. Осы жасушалар иммунитеттік қабыну ошағын қалыптастырады. Ол баяу жүретін аса сезімтадық жолымен жүреді. Т-өлтіргіштер нысана жасушаларға қарсы цитотоксикалық әсер жүргізеді. Нысана жасушалар бетіндегі тегі бөтен антиген детерминанталары болады. Бұл жасушалар (Т-өлт) трансплантат және ісік жасушалары аластатып организмнің тегі өзгерген мутант жасушаларын жасушаларын жояды. Осы жасушалар арқылы аутоиммундық аурулардың жасушалық реакциялары іске асады. Т-өлтіргіштер нысана жасушаларға түйісу механизмі арқылы тікелей цитотоксикалық әсер етеді.Т-өлтіргіштердің нысана жасушаларға әсерінің негізгі кезеңдері:1Т-өлтіргіштертер мен нысана жасушалардың түйісуі2Өлтіргіш соққы3Нысана-жасушалардың ыдырауы (лизисі)Арнайы жүретін реакцияның бірінші кезеңі, Т-өлтіргіш рецепторы нысана жасушаның антиген детерминантасымен түйісу. Бұл процесс антиген организсге екінші рет кіргенде жүреді. Оғандамыған осы антигенге сезімталданған Т-лимфоциттер: Т-өлтіргіштер қатысады.
