- •1. Биотехнологиялық процестердің табиғаты мен әр түрлілігі.
- •3.Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы.
- •5. Иммундық жүйенің мұшелері, жасушалары, сипаттамалары беріңіздер, қасиеттері мен қызметтерін сүреттеңіздер
- •6. Иммундық жүйенің ерігіш компоненттері, тізімін келтіріңіздер, қасиеттері мен қызметтерін сүреттеңіздер
- •14. Поликлонды иммундық сарысуды алу әдісін мысалды келтіріп сүреттеңіздер
- •15. Поликлонды иммундық сарысу иммунобиотехнологияда пайдалану тәсілдері
- •Антигендер, түрлері және қасиеттері, иммунобиотехнологияда пайдалану
- •23. Химерлі моноклоналды антиденелерді алу биотехнологиясы
- •24. Моноклонды антиденелерді медицинада пайдалану биотехнологиясы
- •32. Конъюгирленген моноклоналды антиденелер
- •Иммунохимиялық анализ, негізі, иммунобиотехнологиясы, мысалдары
- •Иммуноферменттік анализдің негізі мен түрлері.
- •41. Иммунобиотехнологиялық әдістері, жалпы сипаттамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Иммунотропты препараттарды алу биотехнологиясы
5. Иммундық жүйенің мұшелері, жасушалары, сипаттамалары беріңіздер, қасиеттері мен қызметтерін сүреттеңіздер
Адам және сүтқоректілердің иммунитетінің орталық ағзаларына тимустан басқа сүйек кемігі, ал құстарда фабрициус қалтасы жатады. Көкбауыр, шеткі лимфа бездері, асқазан ішек жолындағы, өкпедегі шоғырланған лимфоидтық тін және қандағы лимфоцит жасушалары иммундық жүйенің шеткі бөлімдері болып есептеледі. Тимусқа тәуелді лимфоциттерді Т лимфоциттер, ал фабрициус қалтасына тәуелді лимфоциттерді В лимфоциттер деп атаймыз. Сонымен қатар Т және В лимфоциттерден басқа таңбасы жоқ лимфоциттер де болады. Олар жалпы лимфоциттердің 10-20% құрайды.
Т лимфоциттер организмдегі жасушалы иммунитетке жауап береді. Олар тимуста пайда болып, шеттегі лимфоидтық ағзалардың тимусқа тәуелді аймақтарында орналасады бірақ сол жерде тоқтап қалмай қанда үздіксіз айнала жүріп бірінші болып антигендермен кездеседі. Ең бастысы, олар иммундық бақылау қызметін атқарып, барлық иммундық хабарды жадында сақтайды және өмірі ұзақ жасушалар қатарына жатады. Иммундық реакция кезінде жасушалық иммунитет медиаторларын, лимфокиндерді бөліп шығарады. Т лимфоциттердің өзі бірнеше түрге бөлінеді:
Хелперлер
Киллерлер
Супрессорлар
Т хелперлер (help-жәрдем) В лифоциттердің плазмалық жасушаларға айналуына көмектеседі.
Т киллер (killer-өлтіруші) жасушалық иммунитеттің негізгі құралы болып, антигендік құрамы өзгерген жасушаларды тікелей жойып жібереді. Бұл үдерісте сенсибилизацияланған лимфоциттерден бөлініп шығатын лизосомалық ферменттер мен мелиаторлар қатысады.
Т супрессорлар (suppression-тежеу) В лимфоциттерде антидене пайда болу үдерісін тежейді.
В лимфоциттер өмірі қысқа, отырықшы жасушалар қатарына кіреді. В лимфоциттердің сыртында әр түрлі антиген қосып алушы рецепторлар болғандықтан электрондық микроскопта олардың үсті бүрлі болып көрінеді. В лимфоциттердің негізгі қызметі антиген әсерінде плазмабласт, плазмалы жасушаларға айналып өзінен иммуноглобулиндер бөліп шығару. Пайда болған антиденелер антигендермен қосылып кешен түзеді. Осылайша антигендік құрамы өзгеше бөгде заттар бейтараптанады немесе организмнен шығарылады. Оған комплимент қосақталғанда иммундық кешен пайда болады. Иммундық кешендерді макрофагтар жояды. Кейбір жағдайларда иммундық кешендер қан тамырларына шөгіп қалып қабыну процесін тудырады. Организмде иммундық реакциялар қалыпты жүруі үшін иммундық жүйенің жүйенің осы негізгі екі жасушасы Т және В лимфоциттер мен ұшінші жасуша макрофагтар бірлесіп қызмет етуі керек. Осы үш жасушалық серіктестік иммунологиялық реакциялар негізін құрайды.
Иммундық жүйе – ағзаны бөтен антигендерден қорғайтын ерекше қорғаныш жүйе.Иммундық жүйе – ағзаның өзінің биополимерлердің антигендік даралығын қорғайды және қолдайды.Иммундық жүйеде қызмет атқаратын ерігіш заттарды әртүрлі ауруларды емдегенде пайдаланады, соның ішінде, мысалы цитокиндерді. Цитокиндердің тобына жатады:
- Интерферондар (ИФα, ИФβ, ИФγ) –вирустарға қарсы белсенді цитокиндер.
-Интерлейкиндер (ИЛ-1 – ИЛ-22) – лейкоциттердің әрекеттесуіне қатнасатын цитокндер.- Ісік некроз факторлары - цитотоксикалық белсенді цитокиндер.- Өсу факторлары – жасушаның пролиферация, жіктелу және қозғалысын реттелуіне қатнасатын қосылыстар.- Колонийларды стимулдейтін факторлар - гемопоэтикалық цитокиндер. Цитокиндердің әсері ағзаның физиологиялық және патофизиологиялық реакцияларымен байланысты.Цитокиндердің негізгі қызметіне жатады:
