- •1. Биотехнологиялық процестердің табиғаты мен әр түрлілігі.
- •3.Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы.
- •5. Иммундық жүйенің мұшелері, жасушалары, сипаттамалары беріңіздер, қасиеттері мен қызметтерін сүреттеңіздер
- •6. Иммундық жүйенің ерігіш компоненттері, тізімін келтіріңіздер, қасиеттері мен қызметтерін сүреттеңіздер
- •14. Поликлонды иммундық сарысуды алу әдісін мысалды келтіріп сүреттеңіздер
- •15. Поликлонды иммундық сарысу иммунобиотехнологияда пайдалану тәсілдері
- •Антигендер, түрлері және қасиеттері, иммунобиотехнологияда пайдалану
- •23. Химерлі моноклоналды антиденелерді алу биотехнологиясы
- •24. Моноклонды антиденелерді медицинада пайдалану биотехнологиясы
- •32. Конъюгирленген моноклоналды антиденелер
- •Иммунохимиялық анализ, негізі, иммунобиотехнологиясы, мысалдары
- •Иммуноферменттік анализдің негізі мен түрлері.
- •41. Иммунобиотехнологиялық әдістері, жалпы сипаттамасы, артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •Иммунотропты препараттарды алу биотехнологиясы
3.Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы.
Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті иммунитет деп аталады.
Адам мен жануарларда екі түрлі иммунитет болады:
- іштен туа біткен иммунитет
жүре пайда болған иммунитет,
Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы ағзада ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады.
Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.
Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:
макрофагтар,
моноциттер
нейтрофилдер.
Ағзаға бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады: сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.
- комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.
Жүре пайда болған иммунитет - бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың әсерінен қалыптасады, бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың түріне жоғары ерекшелігін көрсетеді.
Жүре пайда болған иммунитеттің:
негізгі жасушалары лимфоциттер.қасиеттері:
- бөтен заттың түріне жоғары ерекшелігі иммунологиялық есте сақтау.
Иммундық жауаптың түрі:
- гуморалдық
- жасушалық иммундық жауап.
Иммундық жүйе жауабының кезеңі:
- иммундық жүйе бөтен затты таниды,
ботен заты жою үшін біртізбекті көптеген реакциялар іске асады.
Иммундық жүйенің қасиеттері:
Иммундық жүйенің ерекшелігі жоғары, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.
3.Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы.
Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті иммунитет деп аталады.
Адам мен жануарларда екі түрлі иммунитет болады:
- іштен туа біткен иммунитет
жүре пайда болған иммунитет,
Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы ағзада ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады.
Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.
Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:
макрофагтар,
моноциттер
нейтрофилдер.
Ағзаға бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады: сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.
- комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.
Жүре пайда болған иммунитет - бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың әсерінен қалыптасады, бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың түріне жоғары ерекшелігін көрсетеді.
Жүре пайда болған иммунитеттің:
негізгі жасушалары лимфоциттер.қасиеттері:
- бөтен заттың түріне жоғары ерекшелігі иммунологиялық есте сақтау.
Иммундық жауаптың түрі:
- гуморалдық
- жасушалық иммундық жауап.
Иммундық жүйе жауабының кезеңі:
- иммундық жүйе бөтен затты таниды,
ботен заты жою үшін біртізбекті көптеген реакциялар іске асады.
Иммундық жүйенің қасиеттері:
Иммундық жүйенің ерекшелігі жоғары, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.
Иммундық жүйе ағзаның өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігіне ие.
Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады.
Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің
реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады,
антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.
Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады.
Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.
Иммундық жүйе мүшелері:
орталық иммундық жүйе мүшелері: тимус (айырша без), сүйек кемігі;
перифериялық иммундық жүйе мүшелері: көкбауыр, лимфа түйіндері, әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары.
Сүйек кемігі – діңгек жасушалар түзілетін мүше. Діңгек жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.
Тимус – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.
Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық
элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.
Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі.
Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады,
Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі.
Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.
Иммундық жүйенің жасушалары:
лимфоциттер, фагоциттер, базофилдер, бағана жасушалар, тромбоциттер, басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары. Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары.
4. Иммундық жүйенің құрылымы.
Иммундық жүйе ағзаның жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы туру қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Бактерияларды, вирустарды, сол сияқты бөлшектерді және бөтен заттарды иммундық жүйе танып жояды да, ағзаны дерттен сақтап қалады. Иммундық жүйенің қызметі қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.Иммундық жүйе мүшелері:орталық иммундық жүйе мүшелері: тимус (айырша без), сүйек кемігі; перифериялық иммундық жүйе мүшелері: көкбауыр, лимфа түйіндері, әр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары. Сүйек кемігі – діңгек жасушалар түзілетін мүше. Діңгек жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі. Тимус – Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі. Көкбауыр – қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады. Лимфа түйіндері – лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.Иммундық жүйенің жасушалары: лимфоциттер; фагоциттер; базофилдер; бағана жасушалар; тромбоциттер; басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары. Барлық жасушаларының тегі – плюропотентті бағана жасушалары. Лимфоциттер - жүре пайда болған иммунитетті қалыптастырады. Иммундық жүйеде қызмет атқаратын лимфоциттердің түрі: Т-лимфоциттер; В-лимфоциттер; NK жасушалар (лимфоциттердің 15%–ға жуығы).В-лимфоциттер – кішкене ядерлік жасушалар, диаметрі – 8,5 мкм, сүйек майының қызыл кемігінде дамиды да жіктеледі, гуморалды иммундық жауаптың негізгі жасушалары, ағзаны бактериялар мен вирустардан қорғайды.Т-лимфоциттер клеткалық иммундық жауапты қалыптастырады, В-лимфоциттердің репродукциясы (ұрпақтануы) мен оларда антиденелер түзілуіне мүмкіндік туғызады, вируспен жұқтырылған және қатерлі ісік жасушаларды жояды.НК-жасушалар (NK - natural kіllers, табиғи Өлтіргіштер) – табиғи киллер-жасушалар, цитотоксикалық Т-жасушалардан басқа киллер-жасушаның түрі. Олар ағзаның вирустарға қарсы ең бірінші реакциясына қатысады, ісік жасушаларына қарсы қорғаныш қызмет атқарады, кейбір ісік жасушаларды және вируспен жұқтырылған жасушаларды танып жояды.Фагоциттер – іштен туа біткен иммунитетке жауапты, ағзаға түскен антигендерді, патогенді микроорганизмдерді жұтып алады да ыдыратады.Адамдарда екі түрлі иммунитет болады: іштен туа біткен иммунитет; жүре пайда болған иммунитет. Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы ағзада ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары: макрофагтар; моноциттер; нейтрофилдер. Ағзаға бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады. Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады: сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар; комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар. Жүре пайда болған иммунитет - бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың әсерінен қалыптасады, бөтен заттардың, аурулар қоздырғыштардың түріне жоғары ерекшелігін көрсетеді. Жүре пайда болған иммунитеттің: негізгі жасушалары лимфоциттер. қасиеттері: бөтен заттың түріне жоғары ерекшелігі; иммунологиялық есте сақтау. Ағзаға бөтен зат түскенде иммундық жүйе активтенеді де иммундық жауап қалыптасады.
