Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Транc мет пос.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.05 Mб
Скачать

7.5 Қазақстанның құбыр жолдары

Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері - құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркөсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді.

Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болып келеді, ал құрылысы көп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде көп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан, құбыр жүйесі ең арзан көлік түрі болып табылады.

Қазақстандағы ең құбыр жүйесі дамыған аймақ - Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Олардың басты торабы Атыраудан мұнай құбырлары тармақталып таралады. Осы өлке арқылы қуатты транзиттік «Орта Азия - Орталық» және «Бұқара - Орал» газ құбырлары жүргізілген. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «Омбы-Павлодар-Шымкент-Чаржоу» газ құбыры желісі басып өтеді. Батыстан оған Құмкөл «бұтақшасы» келіп қосылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай «құбыр» кетеді.

Электрондық көлік электр энергиясын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр энергиясымен қамтамасыз етеді.

Еліміздің газ тасымалдау желісі 10 мың шақырымнан асып, жалпы өткізу қабілеті 190 млрд. текше метр болды. Мұнай құбырларының ұзындығы 7,4 мың шақырымнан асып, өтетін мұнай көлемі 40 млн. тоннаға жуықтады. ."ҚазТрансОйл" және «КазТрансГаз» компаниялары мұнай-газ ресурстарын әлемдік аса ірі тасымалдаушылар қатарына кіреді. Бұл тұрғыда Қазақстан тиісінше 4-ші және 11-ші орындар алады. Таяудағы жылдары бұл көрсеткіштер өсе түспек. Көлік экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының қан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан, жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.

Труба қубыр транспортының экономикалык тиімділігі оның жылдам өсуінен-ақ байкалып тұр. Мұнайды бұрғылап, тасымалдауға кеткен шығынды, мұнай өнімдері экспорты мен орындайды. ТМД елдеріндегі мұнай ондіруші орталыктар Батыс, щығыс және киыр шығыс, солтүстік аудандары . Мұнай тасымалдаушы құбырлар Қорған- Құйбышев, Омск Павлода – Ивленкет

Қазіргі уакытта Қара теңіз, Каспий теңіз арқылы тасымалдау басты орында.

Газ ресурстарында Қиыр солтүстіктегі Вулкан – Воркутинск Чероповецке, Кострома, Ярославльге, газ құбырлар Уренгой--Ухтинск-Токмак. Орта-Азия-Орталық, Бухта-Урал ХХғ. 80-ші жылдарынан бері жұмыс жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта труба құбыр тасымалын толық өнеркәсібінің сұйық түрлерін тасымалдауды қолға алған, сонымен бірге мұнай химия өнімдерін тасымалдауға пайдалады. Агинскиде су араластырып майдаландан көмір тасымалдайды.

Атасу – Алашанқай магистральды мұнай құбыры

«ҚазТрансОйл» АҚ Қазақстан Республикасының ірі мұнай тасымалдау кәсіпорны ретінде мұнай экспорты үшін жаңа бағыттар жасау саласында ауқымды жұмыс жүргізіп келеді.

Атасу – Алашанқай мұнай құбырын салу жобасын іске асыру «ҚазТрансОйлдың» да, Қазақстанның бүкіл мұнай тасымалы саласының да экспорттың көп бағытын таңдау мен құбыр жүйесін мейлінше тиімді пайдалану қағидаттарына сүйенген сртатегиялық мүдделеріне сай келеді. Жобаны іске асыру мақсатында «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС бірлескен компаниясы құрылды, «ҚазТрансОйл» АҚ пен Қытай ұлттық мұнай мен газды барлау және өндіру корпорациясы оның тепе-тең үлесті құрылтайшылары болды /27/.

Атасу – Алашанқай мұнай құбыры жоба бойынша Қарағанды облысындағы Атасу мұнай айдау стансасынан Қытай аумағындағы Алашанқай темір жол стансасына дейін салынатын болды. Жобаланып отырған мұнай құбыры жолы Атасу БМАС – Ағадыр – Ақшатау – Ақтоған – Алашанқай бағыты бойынша Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының аумағы арқылы өтеді. Оның ұзындығы 970 шақырым, құбырдың диаметрі 813 мм., өткізу қабілеті бастапқы кезеңде жылына 10 млн. тоннадан басталып, жобаны іске асырудың екінші кезеңінде 20 млн. тоннаға дейін одан әрі артады.

2004 жылғы 28 қыркүйекте Атасу – Алашанқай арналы мұнай құбырын салудың басталу салтанаты болды.

Мұнай құбырын салуды аяқтау 2005 жылдың аяғына, пайдалануға қосу 2006 жылға жоспарланған.

Атасу – Алашанқай іске қосылғанда Қазақстан мұнайын экспорттайтын жаңа бағыт пайда болады. Бұл жоба жүк жөнелтулер үшін тең қол жетімділік қағидатына бірыңғай , икемді және көп бағытты жүйені құру мақсатында мұнай құбырлары жүйесін біріктіру мемлекеттік стратегиясын іске асырға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үш ел – Қазақстан, Ресей және Қытайдың мұнай құбырлары жүйесін бірыңғай мұнай құбыры жүйесіне кіріктіруге мүмкіндік береді, бұл бұдан былайғы өзара тиімді серіктестік үшін берік негіз болады.