Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Транc мет пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.05 Mб
Скачать
    1. Қазақстанның су көлігі

Еліміздегі кеме және теңіз тасымалы саласын дамыту үшін екі салалық бағдарлама қабылдау жоспарланып отыр. Ол бағдарламаларда белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру теңіз арқылы тасымалданатын жүктер көлемін — 50 миллион, езен арқылы тасымалданатын жүктер көлемін 7-8 миллион тоннаға дейін жеткізуге жағдай жасайды деп күтілуде.

Бүгінгі күні көліктегі инфрақұрылымдық міндеттерді шешу жөніндегі Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясын жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 3,4 триллион теңге көлемінде болатын ондаған инвестициялық инфрақұрылымдық жобалар қарастырылуда. Оның 214,3 миллиард теңгесі биылғы жылға арналған.

2004 жылы сыртқы сауда қатынасындағы негізгі жүк тасымалы теңіз көлігінің үлесіне келді. Теңіз кемелері 6,76 млрд. тонна әрқилы экспорттық-импорттық жүктерді тасымалдаған, мұның өзі сыртқы саудадағы бүкіл жүк көлемінің шамамен 80%-ын құраған. Ал енді теңіз тасымалындағы бүкіл көлемнің 34,3%-ы — 2,32 млрд. тоннасы танкер флотының үлесіне келеді, яғни осынша мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдаған.

Кемелер 2004 жъшы 4,44 млрд. тонна құрғақ жүк тасымалдаса, соның 1,59 млрд. тоннасы тауарлардың бес түріне — астыққа, көмірге, рудаға, боксит пен фосфатқа келген екен.

Теңіз тасымалының әлемдік рыногы нағыз өрлеуді бастан кешуде, кеме жасау верфтері тапсырыстар астында қалып, жаңа кеме жасаудың бағасы бұрын-соңды болмаған деңгейде өсіп отыр.

Қазақстан теңіз тасымалын өрістете түсуде. Ақтау, Атырау, Баутино, Құрлық порттары кеңейтіліп, нығайып келеді. Олар арқылы мұнай тасымалдау көлемі жыл сайынғы 10 млн. тоннадан 2015 жылға қарай 38 млн. тоннаға дейін, құрғақ жүк бойынша 3 млн. тоннаға дейін өспек. "Қазмортрансфлоттың" танкер флоты 3-тен 41 кемеге дейін ұлғайып, Ертіс және Жайық арқылы өзен тасымалының транзиттік әлеуетін қалпына келтіру шаралары қолға алынып жатыр.

Теңіз порты ТМД елдерінде географиялық орналасу қасиеттеріне қарай 5 топқа және 15 бағытқа бөлінеді.

І. Европалық топтар ТМД елдерінен Европа елдеріне қарй – Италия, Франция, Испания, Норвегия Швеция, Дания, Белгия, Нидерландия.

ІІ. Таяу-Шығыстық топтар- Таяу Шығыс- Африка, Таяу шығыс- Турция, Сирия, Ливан, Қызыл теңізден- Судан Эстония, Парсы шығанағы арқылы Иран, Ирак, Османға.

ІІІ. Африка, Азот теңізі - Солтүстік Америка елдеріне, Алжир,Тунис тағы басқа, Үнді мұхмты арқылы Шри Ланка, Бірлік т.б.

IV. Қиыр-Шығыс-ТМД- елдерінінің порттары аралығында. Қиыр Шығыс және Оңтүстік Азия, КХР, КХДР, Индонезия және Автралия, Жаңа Гвинея, Жапонияға.

V. Америкалық топтарға- құбырларға Солтүстік Америка,Канада, АҚШ елдері порттары Мексика, Оңтүстік америка порттары жолаушы, жүк тасмалдайды.

Көлік қызметінің әлемдік рыногында жүк жеткізудің контейнерлік әдісіне бағдарлану нәтижесінде жүк ағыны барған сайын өскелең бола түсіп, халықаралық жүк тасымалының контейнерлендіру үрдісін танытады. 1986 жылдан бастап әлемде контейнерлік тасымал көлемі жылына орта есеппен 8-10%-ға ұлғайып отыр. 2003 жылы, "Drewery Shipping" мәліметі бойынша ол 280 млн. контейнер ТЕU (контейнерлік тасымал көлемінің өлшем бірлігі ретінде 20 фунттық баламаны пайдалану қабылданған) болған екен.

Қазіргі кезде Батыс Еуропа мен Шығыс Азияның арасында 250 млрд. доллар тұратын 6 млн. ТЕU-ден астам жүк тасымалданады. 2005 жылдың басында әлемде сыйымдылығы 7,2 млн. ТЕU 3,2 мың контейнер тасымалдаушы кеме болған. 2004 жылы Гонконг порты 21,93 млн., ТЕU, Сингапур — 20,6 млн., Шанхай — 14,57 млн., Шеньжень — 13,65 млн., Пусан порты 11,43 млн. ТЕU өңдеп шыққан. Гонконг тәулігіне 60 мың контейнер өңдеп, жайғастырады екен. Теңіздегі контейнерлік тасымалдың көшбасы — "Маersk SeaLand" компаниясына әлемдік осындай тасымалдың 16%-ға жуығы тиесілі болса, екінші орындағы М8К компаниясы 10%-ын тасымалдапты.

Біздің елімізде өзен және теңіз көліктері Ресей және Украинадағыдай рөл атқармайды, ірі өзендер еліміз аумағының шет жақтарымен ағып өтіп, онша ұзын емес. Ал республиканың оңтүстік, орталық және батыс бөліктеріндегі өзендер қысқа болып, жазда түрлі бөліктерге бөлініп, теңіздерге құймай, құмдарға сіңіп кетеді. Өзендердің басымы егіншілік пен мал жайлымдарын суаруға пайдаланылады. Сондықтан су көлігінің еліміздің жалпы жүк айналымындағы үлесі шамалы ғана.

Қазақстанның пайдалануға болатын су жолдарының ұзындығы 6 мың шақырым болса, соның 4 мың шақырым өзен көлігіне келеді. Республика өзен көлігінде жетекші орынды Ертіс өзені алады, оның ұзындығы 1700 шақырым. Ол Шығыс және Солтүстік Қазақстан аудандарын бір-бірімен жалғастырады. Ертіс өзенімен руда, тұз, құрылыс материалдары т.б. жүктер тасылады.

Орал өзені 1100 шақырымдық қашықтықта Орал және Атырау қалалары арасындағы байланысты жүзеге асырып, онымен басым түрде ауыл шаруашылық шикізаттары, тамақ өнімдері жіберіледі. Сырдария, Есіл өзендерінің кейбір бөліктері ғана кеме қатынасына пайдаланылады.

Іле өзенінің Қапшағай су электр станциясы мен су қоймасын салғанша елеулі көліктік маңызы болып, елді-мекендерді өнеркәсіп бұйымы, тамақ өнімдерін қамтамасыз етіп келді. Қазір Қапшағай су қоймасының спорттық, демалушы халықтарды серуендету бағытында ғана маңызы бар. Ал Іле өзенінің орта, төменгі ағысында тек жергілікті ғана көлітік маңызы бар.

Жалпы алғанда өзен көлігімен басым тасылатын жүктерге минералдық құрылыс материалдары, мұнай және оның өнімдері, тұз, астық, көмір жатады. Өзен көлігінде 6 порт болса, соның ірілеріне Павлодар, Атырау, Орал және Өскемен жатады. Қазақстанның басқа өзендерінің көліктік маңызы жоқ, олар аз сулы жол қатынасына қолайсыз. Өзендердің басымы егістік суаруға пайдаланылады.

Қазақстанның теңіз көлігінде де басқа елдердегідей онша рөлі жоқ, ол еліміздің қазіргі дербестік дамуы жағдайында қалыптасу сатысын басынан кешіруде. Теңіз көлігі негізінде Каспий теңізінде қалыптасып, дамуда. Каспийден Волга және Орал өзендері бассейіндеріне шыға алады. Каспий теңізі арқылы Қазақстанның Ресейдің Еділ және Дағыстан республикасымен, сонымен бірге Әзербайжан, Түркімениямен байланысы жүзеге асады. Қазақстанда екі теңіз порты бар, Ақтау теңіз портын, қайта жөндеу жүзеге асты, ал екіншісі Баутино порты. Қазақстанның қазіргі егеменді ел ретінде дамуы жағдайында өзінің теңіздік шекарасын қорғау мақсатында Каспий жағалауында әскери теңіз флоты қалыптасып дамуда, АҚШ т.б. елдерден әскери катерлер сатып алынуда.

Теңіз көлігі саласының маңыздылығын айқындайтын бірнеше мемлекеттік бағдарлама бар. Олар – «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға дейінгі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы» және «Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға дейінгі теңіз көлігінің даму бағдарламасы». Теңіз көлігінің ел экономикасындағы орнының қандай екенін осы бағдарламалардан да көруге болады. Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты күні бүгін өзінің өндірістік қуатын толық пайдаланып отыр деп айта аламыз. Себебі оның жоспарланған қуаттылығы – жылына 10 млн тоннадай мұнай өнімін, 1,5 млн тонна құрғақ жүк, оның ішінде металл, бидай және басқа да өнімдерді жөнелтіп отыру. Жоғарыда атап өткен мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес, порт өзінің белгіленген жоспарын түгел орындап келеді. Қазақстанның нарығы, экономикасы күннен-күнге дамып келе жатқаны байқалып отыр. Сол себепті 2006 жылы мемлекет тарапынан Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту туралы шешім қабылданды. Оның себебі – қазіргі нарықтың сұранысына порттың қуаттылығы толық жетпейтіні көзге көрініп тұр. Көптеген мұнай кеніштері ашылып жатыр. Мұнай өндіретін кәсіпорындар да жылдан-жылға өздерінің жұмыс көлемін ұлғайтып отыр. Осы жағдайларға байланысты порттың орналасуын солтүстік бағытқа кеңейту көзделіп, қолға алынды. Жобаның жалпы құны 330 млн АҚШ долларына бағаланған. Оның 133 миллионы теңіз-сауда портының өз қаражаты болмақ. Осы мақсатпен порт Қазақстанның даму банкісінен несие алған. Бүгінде бағаны көтеру, тереңдету және толқынға тосқын қою жұмыстары істеліп жатыр. Қалған 167 млн доллардың жұмысын «Мобилекс» деген ЖШС жасауға керек. Қазірдің өзінде Астрахань, Оля, Махачкала порттарымен салыстырғанда, Ақтау теңіз-сауда портының қабілеті жоғары. Себебі  Ақтаудың бір артықшылығы – қыс мезгілінде жағалауы қатпайды. Порттың жыл бойына жұмыс істейтін мүмкіндігі бар. Ал мәселен, Оля портында қыста жағалау қатып жатады. Теңіздің әр жағалауының климаты әртүрлі. Оля порты Еділ өзенінің сағасында орналасқандықтан, тұщы су қатып, соның салдарынан айлақ қыстыгүні жұмыс істей алмайды. Біздің порттың да бір кемшілігі бар, ол – қатты желі. Жел бір тұрса, үш күннен он күнге дейін басылмай кетеді. Сол кездерде бір келеңсіз жағдайлар туғызады. Ал жалпы, географиялық орналасу жағдайларына байланысты оның басқа порттардан артықшылықтары көп. Енді порттардың қуаттылығы жағына келсек, алдыңғы орында Әзірбайжанның порты тұр. Кейінгі орындарда – Ресей, Иран порттары, төртінші орында барып – Қазақстанның Ақтау порты. Дей тұрғанмен, Каспийдегі порттардың жұмысына жасалған талдауларды қарап отырсақ, қуаттылығын ең жоғары деңгейде пайдаланып отырған – Ақтау порты. Ғалымдардың болжамы бойынша, 2012 жылға дейінгі Каспийдегі жүк тасымалында транзиттің жалпы көлемі 46 пайызға өседі. Бұл – теңізге шығу мүмкіндігі аз, жалғыз теңізі бар ел үшін, әрине, жоғары көрсеткіш. Қазіргі уақытта Қазақстанғы су көлігі Каспий өңірінде ұсынылатын қызметтері әлемдік сапа мен технология стандарттарына сәйкес келетін бір ғана Ақтау халықаралық теңіз сауда портымен танылып отыр.