- •Көлік географиясы
- •Оқу әдістемелік құрал
- •1990-Шы жылардың соңындағы дүние жүзі елдері бойынша темір жол желісінің ұзынығымен тығыздығы
- •1.2 Дүние жүзілік автомобиль көлігі
- •Жылдардағы автомобиль жолдарының ұзақтығынан алғашқы жиырма ел.
- •1.4 Су көлігі. Дүние жүзінің ірі теңіз порттары.
- •1.5 Дүние жүзілік континерлі жүк тасымалы және көліктік көпірлер.
- •1.6 Халақаралық теңіз каналдары мен бұғаздары.
- •2 Көлік және дүниежүзілік шаруашылық
- •2.1 Дүние жүзілік байланыстың аймақтық айырмашылығы. (Батыс Еуропа).
- •2.4 Австралия.
- •3 Тмд елдерінің көлік жүйесі
- •3.2 Молдова елінің көлік жүйесі.
- •3.3 Кавказ елдеріндегі көлік жүйесі.
- •3.4. Арменияның көлік жүйесі.
- •3.5 Азербайжанның көлік жүйесі
- •3.6 Ресейдің көлік кешені
- •3.7 Балтық жағалауы елдерінің көлік кешені.
- •4. Табиғат жағдайының көлікке тигізетін әсері
- •5 Азия құрлығындағы қазіргі таңдағы транзиттік көлік дәліздерінің қазақтан үшін маңызы
- •5.1. Қазақстанның Еуразя кеңістігінегі көлік қатынасындағы алатын орны
- •5.2. Казақстанның автокөлігінің даму тарихы
- •6 Қазақстанда көлік жүйесінің даму жолдары
- •6.1. Қазақстан Республикасындағы көлік жүйесінің даму болашағы.
- •7 Қазақстан экономикасын өркендетуде көлік географиясының маңызы
- •Жүк тасымалындағы автомобильдің тиімділігі.
- •Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетін халықаралық автокөлігінің транзиттік дәліздері
- •7.2 Қазақстанның теміржол көлігі
- •Қазақстан Республикасының теміржол көлігі
- •Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық темір жол дәліздерінің өтуі
- •Қазақстан теміржолдарын электрлендіру
- •7.3 Қазақстанның әуе көлігінің басты мәселелері
- •«Эйр-Астана» әуе компания қызметінің мәселелері мен болашағы
- •Қазақстанның су көлігі
- •7.5 Қазақстанның құбыр жолдары
- •8. Қазақстанның көлік стратегиясы
- •8.1. Стратегияның негізгі бағыттары
- •8.2. Көліктегі қауіпсіздікті арттыру жолдары
- •4.2 Көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту
- •8.3. Стратегияны іске асыру кезеңдері
- •I кезең: 2006-2010 жылдар
- •II кезең: 2011-2015 жылдар
- •9. Көлік географиясы курсынан тест тапсырмалары
- •Автомагистраль ұғымы.
- •Әдебиеттер мен web сайттар тізімі.
- •Мазмұны
- •2 Көлік және дүниежүзілік шаруашылық
- •3 Тмд елдерінің көлік жүйесі
- •5 Азия құрлығындағы қазіргі таңдағы транзиттік көлік дәліздерінің қазақтан үшін маңызы
- •6 Қазақстанда көлік жүйесінің даму жолдары
- •7 Қазақстан экономикасын өркендетуде көлік географиясының маңызы
- •8. Қазақстан республикасының көлік стратегиясы
«Эйр-Астана» әуе компания қызметінің мәселелері мен болашағы
2005 жылы «Эйр Астана» лизингке 3 «Боинг 757-200» ұшақтарын алды. 2004 жылдың нәтижесінде «Эйр Астана» салықтарынан босағаннан кейін, қалған пайдасы 11,725 млн. доллар құрады (1,7 млн. доллар 2003 ж.), операциялық табысы – 206,748 млн. доллар, операциялық шығындары – 187,9 млн. доллар, салық салымдарынан дейінгі табысы – 19,15 млн. доллар құрады. Ұлтық әуетасымалдаушы 9,84 млн. доллар көлемінде корпоративті табыс салығын төлеп, 2,41 млн. доллар сомасына өз қалтасынан төлеп, әлеуметтік рейстерді ұйымдастырды. Негізгі ақшасы – 13,3 млн. доллар, ағымдағы активтері – 45 млн. доллар, таза активтері – 27,5 млн. доллар, акционерлік капитал – 17 млн. долларды құрады. 3 жыл ішінде әуе компания Бюджетке 30 млн. доллардан астам салық төледі[47].
2005жылдың 6 сәуірінде Алматыда өткен пресс-конференцияда «Эйр Астана» президенті Ллойд Пакстон 2005 ж. компанияның табысы 6 млн. доллар болатынын жоспарлайтыны туралы айтты. Табыстың төмендеуін 3 жаңа «Боинг 757-200» ұшақтарын алып, оларға лизингтік төлемдерін төлеумен түсіндірді. Жоспар бойынша бірінші ұшақ Қазақстанға сәуірде, екіншісі – мамырда, үшіншісі – шілде айында келуі керек. Әуе компания президенті ұшақтар лизингінің бағасы соңғы жылдары өсіп, нарықтағы ең олжалы ұсыныс Iberia Airlines испан компаниясының 2000 жылы шығарылған әуе лайнерлері болғанына ерекше көңіл аудартты. Сыйымдылығы - 210 адам ұшақтарын қайта 170 орынға жабдықтап, жолаушылардың ыңғайлығы үшін орындық аралары ашылып, бизнес-класс жолаушылары үшін арнайы орындықтар орнатылады. Басымдағы 7 ұшақ алу жоспарының Пакстон мырза әуе компанияның Астана қаласына ауысқанынан кейін жүзеге асатынын айтты. Қазіргі кезде «Эйр Астана»-ның 11 әуе кемесі бар: бір – «Боинг 737-800», екі - «Боинг 737-700», үш – «Боинг 757-200» және бес – турбовинттік «Фоккер-50». Одан басқа былтыр түрік «Atlas Jet International» әуе компаниясының «Боинг-757» ұшағы уақытша алынып, келіссөз негізінде 2005 жылдың маусым айына дейін «Эйр Астана» атынан ұшып, рейстерді орындайды.
«Эйр Астана» әуе кемелері техникалық беріктіктің жоғары деңгейін көрсетті: 2004 ж. орындалған 11048 рейстерден, тек 91-і ғана техникалық себептермен 15 минуттан астам уақытқа кешігіп ұшатын. 2004 ж. әуе кемелердің техникалық беріктігінің орташа көрсеткіші – 99,7 % құрады. Бұл жоғары салалық көрсеткіш болып есептеледі. Л. Пакстонның айтуы бойынша, осындай нәтижеге әуе компанияның сапа кепілдігі жүйесімен бақыланатын техникалық қызмет көрсету бағдарламасы ішінде әуе кемелерінің ұшу жарамдығын қолдауына ақша салу арқылы жетті. Осылай, «Эйр Астана»-ның запас бөлшектерінің Орталық Азия аймағындағы ең ірі қоймасы бар.
Инженерлері мен техниктері JAR 147 халықаралық стандарттарымен мақұлданған профессионалды дайындау орталықтарында оқытылды (Boeing, CFM, Turkish Airlines, KLM компанияларының оқу орталықтары). Одан басқа «Эйр Астана» әуе кемелерін өндіруші мемлекеттерінің әуе билігімен шығарылатын ұшу жарамдылығы бойынша барлық маңызды директивалардың уақытында орындалуын қамтамасыз етеді (АҚШ, Нидерланды). Жеке алғанда, 2004 ж. ұшу жарамдылығының 31 директивасы орындалды. Атырау және Орал қаласындағы ұшып-қону алқабының нашар жағдайына байланысты «Боинг-757» ұшақтарының шассилеріне күшейтілген подшипниктер орнатылды. Барлық ұшақтарға жермен қауіпті жақындау жүйесі, сонымен қатар Европа навигациялық Бақылау қызметі бөлімінің жаңа талаптарымен байланысты «Боинг-737» және «Боинг-757» ұшақтарына жетілдірілген навигациялық құрал-жабдықтар орнатылды.
Авиациялық жүк тасымалы бүгінгі таңда азаматтық авиацияның ең жедел өсуші қызметі болып табылады. Жүйелі авиатасымалдың әлемдік рыногы 50 млрд. долларға бағаланады. Болжам бойынша 2015 жылы ол 105 млрд. доллардан асып түседі. Алдағы 20 жылда жолаушы тасымалының көлемі 2 еседен астамға өспек, соның ішінде Азия-Тынық мұхиты өңірі 2025 жылы әлемдік тасымал рыногының үштен бірін алатын көрінеді.
Сарапшылардың бағалауы бойынша, авиациялық жүк тасымалының рыногына қызмет көрсету үшін таяудағы 20 жылда 3600-ге дейін авиалайнер керек болады, оның 800-і зауыттарда жасалса, қалғаны пайдаланудағы жолаушы лайнерлерін қайта жабдықтау есебінен толықпақ.
Қазір "Боинг" компаниясы шығарған барлық жүк ұшақтарының үлесіне әлемдегі авиациялық жүк тасымалының 90%-дан астамы келеді. Еуропаның авиажасаушы «Airbus» мәлімдеген есептеулер бойынша, 2025 жылға дейін әлемдік авиатасымал рыногының сұранысы 22,7 мыңға жуық жаңа магистралдық жолаушы және жүк ұшақтарын құрайды. Олардың жалпы құны 2,6 трлн. долларға жетпек.
Алматы қаласының халықаралық әуе-жайы қазірдің өзінде жылына 4,5 мыңнан аса транзиттік жүк авиарейстеріне қызмет көрсетеді. Ол Орталық Азиядағы аса ірі хабка айналып келеді. Қазақстанның бірқатар әуежайлары (Астана, Атырау) іске қосылуымен республиканың авициялық жүк тасымалындағы әлеуеті шүғыл өседі. "Қазаэронавигация" РМК республика аумағының үстімен өтетін әуе дәліздерінің санын 63-ке дейін жеткізді, қызмет көрсетілетін бұл дәліздердің ұзақтығы 63 мың шақырым болып отыр. 2009 жылға қарай бұл көрсеткіштер 3 еседен астамға ұлғаяды.
Республика аумағы үстімен ұзақгығы 60 мың шақырымды құрайтын 80-нен астам халықаралық әуе жолдары өтеді. Ел экономикасы дамуындағы жақсы динамиканы және авиациялық рыноктағы оң үдерістерді ескергенде 2015 жылға қарай Қазақстанда жолаушьшар тасқынының жылына 12 миллион адамға жетуі мүмкін.
Сондықтан отандық азаматтық авиация саласының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінен шаралар кешені өзірленді. Қазіргі кезде Ақтау мен Атырау қалаларының әуежайларында құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жеке инвесторлар тарту мәселесі ойластырылуда. Жалпы, биылғы жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта еліміздің — 9, ал 2011-2015 жылдары қалған 7 әуе-жайында қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Сол сияқты, авиакомпаниялардың әуе кемелері паркі он жыл ішінде 65 бірлікке дейін артуға тиіс. Ол негізінен жаңа ұшақтар, соның ішінде 220-250 адамдық әуе кемелерін сатып алу арқылы жүзеге асырылатын болады.
Қазіргі уақытта Көлік және комуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен МАК Астана және Алматы қалаларының аэродромарын Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) III санатына сәйкес пайалану үшін сертификаттау келісімін әзірлеуде екен.ИКАО-ның бұл санаты бойынша аэродромдар ең қолайсыз ауа райында а ұшақтарды қабылдауға мүмкінік алады.
Демек оған қол жеткізген соң Астана мен Алматы әуежайлары үшін бұрын қолайсыз ауа райына байланысты шет елдердің қосалқы аэродромарына қонуға мәжбур болып келген әуе кемелерін қабылдай беруге мүмкіндік тумақ. Әзірше олардағы физикалық ахуалдарды,апаттық –құтқару деңгейін көтеру мақсатында қону алаңдары радио техникалық және жарықпен белгі беру хәм метреологиялық құрал-жабдықтарын жарақталуда.Астана әуежайының аэродромын жабдықтау аяқталып та қалған.Ал Алматы әуежайында ИКАО – ның III санатындағы ұшақтарды қабылдау – ұшыруды қамтамасыз ететін жасанды ұшу -қону жолағы (ЖҰҚЖ) жаңадан салуда. Аумағы 4500х 60см,болатын ЖҰҚЖ жобасының құны 6,5 миллиард теңгеге бағаланыпты.
Республикамыздағы барлық әуәжайды қайта жаңғыртуда әуежайлардың жер үсиіндегі инфрақұрылымын жаңарту қазірдің өзінде кезең-кезеңмен жүргізлуде.Мысалы,Павлодар қаласының әуежайы аэродромын а Астана мен Алматыдағыдай ИКАО –ның III санаты талаптарына сәйкестендіру бағытындағы шаралар іске асырылып жатыр.Ондағы ұшу-қону жолағына 200 метрге дейінгі көру қашықтығына ақ әуе кемесін қабылдауға мүмкіндік беретін жоғары интенсивті белгі-шамдар орнатылған.Ол ұшу-қону жолағы ұшу салмағы 400 тоннадан асатын «Боинг»- 747типтес ауыр әуе кемелерін қабылдауға қабілетті.
Жоспар бойынша Шымкент қаласы әуежайының ҰҚЖ да қайта салынып,Көкшетау әуежайы ҰҚЖ –ның жарықпен белгі беретін шамдары жабдығы алмастырмақ.Оған қоса Ақтау, Атырау қалалары әуежайларын қайта салу жобалары концессияға берілетін нысандар қатарына енгізіліп отыр.
Тағы бір қуанышты жағдай жолаушылар рейт келісімдерінен кейін Амстердам, Франкфурт қалалары арқылы басқа әуе компаниялардың әуе желілері бойынша саяхат жасай алады. «Эйр Астана» Еуропа мен АҚШ-қа осындай 280-дей бағыттарды ұсынады.
Компания өз бетімен ұшақтарға техникалық қызмет көрсетудің сызықтық формаларын жасайды. Одан басқа батыс өндірісінің ұшақтар үшін жинақтарының Қазақстандағы ең ірі қоймасы бар және «Эйр Астана» JAR 145 нормалары бойынша сертификаты бар мемлекеттік жалғыз компания болып табылады.
Бүгін «Эйр Астана» Алматыдан Астанаға аптасына 26 рейс орындайды. Ал егер де халықаралық рейстерді Астана қаласына ауыстыратын болса, Алматыға аптасына 56 рейс орындалатын болады. Астана қаласына компания 2008-09 жылдары көшуді жоспарлап отыр. «Эйр Астана» болашақ жоспарларында Астана қаласын Еуропа мен Азия арасындағы маршруттарда басты транзиттік торапқа айналдыру. Қазіргі уақытта транзиттік жолаушылар саны аз, бірақ та Лондон – Астана – Пекин, Франкфурт – Астана – Сеул маршруттарының болашағы бар деп ойлайды.
Британдық ВАЕ Systems Ltd. акциясының 49 %-ын иеленетін «Эйр Астана» әуе компаниясы ұшу географиясын кеңейту үшін әуе кемелері паркін үлкейтуді мақсаттайды. Бұл туралы Астанада премьер министр Даниял Ахметовтың басшылығымен өткен кеңесте белгілі болды.
«Эйр Астана» әуе компаниясының өкілдері өкімет басшысына ұшудың жиілігі мен географиясын кеңейтіп, осыған байланысты әуе кемелерінің көбейтетіні туралы хабарлады.
Шетел әуе компанияларының рейстерін Астанаға көшіру және астаналық әуежайдың мемлекеттегі негізгі әуе көлігі торабы ретінде дамуы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ЖАҚ «Эйр Астана» ішкі және халықаралық рейстердегі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін қосымша жеті ұшақ алуды жоспарлайды. Осы бағдарлама іске асырылса «Эйр Астана» тек Астана мен Алматы арасында рейстер көлемін аптасына 56-ға дейін көбейтуі күтілуде.
