Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Транc мет пос.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39.05 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті

Көлік географиясы

Оқу әдістемелік құрал

АЛМАТЫ-2012

Құрастырғандар: Тоқбергенова А.А – г.ғ.к., доцент, г.ғ.к., доцент Ә.С.Ақашева

«Көлік география» курсы бойынша оқу құралы- Алматы, 2012ж

Пікір жазғандар:

г.ғ.к.доценті Г.Дуйсебаева, г.ғ.к.доценті Калиасқарова З.Қ.

Оқу құралында «Көлік географиясы» курсы бойынша студенттер меңгеру үшін қысқаша дәріс түрлері, тест тапсырмалары берілген. География мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналады.

КІРІСПЕ

Көлік географиясы материалдардық өндірістің өркендеуінің басты элементтерінің бірі. Материалдық .өндірістің басқа салалары сияқты транспорттың басты міндеті адамдарды да жүктерді де тасмалдаумен айналысады.Транспортсыз халық шаруашылығының дамуы мүмкін емес. Сондықтан география мамандығы студенттері халық шаруашылығының өркендеуінде транспорттың алатын орны, оның салалары туралы мәліметтер кең ауқымды танып білуі қажет.Транспорт географиясы экономикалық географияның бір саласы Бұл пән тұрғындар географиясы, экономикалық география пәнімен тығыз байланысты.Студенттерге транспорттың жұмысы, транспорт түрлері. оның тонна километрмен өлшенетін жүк айналымын, транспорт географиясы салаларын халық шаруашылығына қажетін өтеп қана қоймай, сонымен бірге электр энергиясын, отын, металды, ағашты көп жұмсайтын жүк тасымалын, қатынас түрлерін, байланыс және басқару, механикалық құбылыстар туралы мәлімет білу студенттің сауатты көз-қарасын қалыптастырады.

Қазіргі кезеңде география ғылымдарының ғаламдық, аймақтық жаңалықтары ерекше аталып, әлеуметтік тәжірибенің негізгі түрлері – саясат, экономика, ғылым мен білім салаларына ішкеріленіп енуде соның негізінде география мамандықтары студенттері экономикалық география салаларында қажетті білім алу транспорт география салалары; темір жолы, автомобиль жолдары, су жолы, әуе жолы құбыр жолдары және жүк айналымы мен жүк тасымалдаудың қажеттілігін адам өмірінде алатын орнын жетік білу, экономикалық сауатты адам болу бүгінгі күннің талабын қанағаттандырады.

Студенттер экономикалық география саласы материалдардың өндірістік құрамдас бөлігі транспорт географиясының салалары, транспорт түрлерінің даму мәселелері, елдің экономикасының өркендеуіндегі маңызы туралы білім жүйелілігін қалыптастырады.

Пәнді меңгерту желісінде тұрғындар географиясы, экономикалық география, қызмет көрсету салалары, халықаралық өатынастар курстарын игеру қажет.

«География» мамандықтары үшін арнайы жазылған оқу құралында қысқаша лекция мәтіндері, СӨЖ тақырыптары, тест тапсырмалары, блок, емтихан сұрақтарын қамтыған. Лекция мәтіндері Қазақстан Республикасының жаңа бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтерімен, өлкелік құжаттармен толықтырылған. Жоғарғы оқу орындарында география мамандықтар даярлау үшін болашақ жас маманның Қазақстан Республикасы көлік түрлерінің қызметінің аймақтың экономикалық- әлеуметтік жағдайын өркендетудегі маңызын біуде оқу құралының атқаратын рөлі өте зор.

1. ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК КӨЛІК ЖҮЙЕСІ

Көлікпен байланысты басты дүние жүзілік байланыс торабы мен көлік құраларының түсініктерінің бірі- үш анықтамалық көрсеткіштермен айқыналады;1) Байланыс торабы.2) Көліктің жұмысы. 3)Негізгі адам және жүк тасымалы. Дүние жүзілік көлік жүйесін әр түрлі деңгейде қарастыруға болады.Біріншіден,көлік түрлерінің өсу деңгейін бақылау арқылы. Екіншіден, Көлік жүйесінің түрлерінің қазіргі даму деігейін салыстыру арқылы.

Байланыс торабы бұл бүкіл дүние жүзілік көлік байланыс түрлері: яғни көлік және коммуникация.

Көліктің жүмысы адам және жүк тасымалдаудың мөлшерімен анықталады. Жүк тасмалы екі түрлі бағытта сипаттауға болады. Біріншіден, өткен ғасырағы дүние жүзіндегі 100 млрд т жүк тасмалы. Екіншіден, жүк айналымының алыс-жақындығы жүк тасмалындағы салмағының тонна /км өлшемі.Өткен ғасырдың 1950 жыларындағы дүние жүзілік жүк тасмалы 7трлн т/ км болса,2000 жылдары ол50трлн т /км- ден асты.Сонымен бірге көлік түрлерінің жүк айналымы да өзгерді. 1950 жылары теміржолдар дүние жүзілік жүк тасмалының 31%, автомобиль көлігі 7.5, ішкі сукөлігі 5.5,теңіз көлігі52, трабақұбыр көліктері4% құрады.Ал, қазіргі ауқытта дүние жүзілік жүк айналымының 80% иеңізжолдары құрайжы. Теңізжолдары арқылы сұйық отындар, мұнай өнімі, газтәрізід отын түрлерімен қатар адамдар тасымалы артуда.Себебі автомобиль көлігі арқылы жүк, адамдар тасымалының оташа қашықтығы 30км құраса, теңіз жолдары арқылы7-8мың км құрайды екен.Қазіргі ауқытта біздің көлік түрлеріміз 1трлн тонна аамары тасмалдайды.

Адам және жүк тасымалы континетаралық және құрлыұтық болып бөлінеді Соның ішінде континетаралық ( құйылатын, шашылатын, газ тәріздес) жүктер теңізжолдары арқылы тасмалданады..

Дүниежүзілік көлік жүйесіндегі географиялық айырмашылықтар:екі топқа жататын елдер, аймақтар.дүние жүзіндегі жүк және жолаушылар тасымалы географиялық тұрғыдан алғана өте әркелі таралған.

Эканомикасы дамыған елдердің көлігі, әдетте, техникалық деңгейдің жоғары балумен және әр түрлі сала тармақтарының өзара әрекеттесіп отыратындығымен көзге түседі.Дүнеиежүзілік көлік желісі жалпы ұзындығының, дүниежүзілік жүк және жолаушылар айналымының 75-80%-і осы елдерге келеді. Мұна көлік желіссін қамтамасыз етілу, онаң жиілігі (тоғыздығы), халық көшіп- қону да барынша жоғары.

Соңғы 20-30 жыл ішінде дамушы елерде де көптеген өзгерістер болды.Осыған қарамастан, бұл елерың көпшілігінде ауыл шаруашлығымен секілді көлік те-эканомиканың артта қалған саласы болып отыр.Көлік жүйесінің калыптасуы олардың дамуын, табиғи байлықтардын игерілуін, эканомикалық аудандардың түзілуін қиындатады.Сонымен қатар, көліктің бір түрінің басым болуы тән елдер; темір жолы(Үндістан, Пәкістан, Бразиля, Аргентина), құбыр (Таяу және Орта Шығыс елдері ), өзен(Тропиктік Африка елдері) көлігі. Теміржолдарда поровоздар, түрліше табанды жолдар сақталуда.Халықтың көлікпен жүруі дүние жүзілік орташа көрсеткіштенәленеше төмен. Жүк тасмалау үшін арба, тең артатын көлік, жүк тасушылар әліде кеңінен пайдаланылады.Дүние жүзілік көлік жүйесін әр түрлі екі бөлікке бөлумен қатар, аймақтық көләк жүйелеріне де бөлінеді. Бұлар; ТМДның,Слтүстік, Латын Америкасының, Шет елікЕвропаның, Оңтүстік Азияның т.с. сияқты көлік жүиелері.Көліктің барлық түрі маңызы мен деңгейі жөнінен бірей емес,сандай-ақ олары қолану салаларына қарай датоптастырылады.Бұлжағайда құрлық(жер беті), су және әуе көлігі болып көрсетіледі.

1.1 Дүние жүзілік темір жол көлігі

Өнеркәсіптік революция дәуіріне пайда болған темір жол көлігі ХIХ ғасырдың барлық кезеңдерімен ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы басты көлік түрі болып қалы.Ең алғашқы темір жолдары Англиядағы Ливерпуль- Манчестер жолы 1830 жылдары ашылы. Сол жылы АҚШ-да Чарлстонмен Огаста қалаларын жалғайтын алғашқы темір жолдары жұмыс істей бастады, іле шала Францияда өзінің темір жол жүйелерін іске қосты.1835жылы германия мен Белгия мемлекеттері темір жолдар жүйесін іске қосты. Патшалық Ресейде алғашқы Петербург- Патшалық Село(26км) темір жолы 1837 жылы алғаш рет іске қосылды.185О-1900 жылдары барлық жерлере қарқыны түрде темір жолдары салына бастады.Дегенмен ХХ ғасырдың 20- шы жылдары дүние жүзінде автомобиль, теңіз, әуе жоларының дамуына байланысты темір жолдарынсалу, пайдалану қарқыны төмендеді.Сол жылардағы темір жолдарының қашықтығы бойынша адамар тасымалын келесікестелен байқауға болады(1-кесте)