Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Болжау-емтихан жауаптары).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129.66 Кб
Скачать

42. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде ғылыми болжам жасауға мысал келтіріңіз.

Әлеуметтік болжау тереңдігі, күрделігіне қарай нақтыланып, ашылуы мүмкін түрлі блоктар бойынша қосымша ақпараттар алынады мысалы, ғылыми техникалық, ақпараттық, медико- биологиялық, әлеуметтік -экономикалық, демографиялық, этникалық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру- мәдени, әскери- саяси, геокосимикалық, қала құрлысы бойынша. Қазіргі кезде 150 астам болжау жасаудың әдіс процедуралары бар.Олар негізінен үш топқа бөлінеді: жалпы ғылыми, интерғылыми, жеке ғылыми- оның негізін теориялық және тәжірибелік деректер алынады.

Әлеуметтік тануға байланысты өскен қызығушылық басқа жаңа технологиялардың келуіне себеп болып отыр. Әлеуметтік болжау инновациялық әректпен тығыз байланысты. Мысалы, Дүниежүзілік орталық жасаған «Адамзат 2000 жылы » деген болжам. Глобальді әлеуметтік болжам жасаған жүйелік анализ негізінде Дж. Форрестер.Ол ЭВМ және математикалық әдістерді қолдана отырып қоғамның экономикалық дамуын екі факторды есепке ала отырып: адамдар санын және қоршаған ортаның ластануын. Оның ісін жалғастырушылар Рим клубының өкілдері. Қоғамның дамуын адамның «өмір сапасының » төмендеуімен байланыстырады. 1992 ж олардың «Пределы роста» деген болжамы өмірге келді, оның авторы Д.Медоуза. Болжам жасау негізіне: халық, капитал жұмасу, жер кеңістігі , ластану, табиғи ресурстар алынған. Олардың пайымдауынша экономиканың даму қарқыны, адамдар санының өсуі солай болған жағдайда катастрофаға әкелуі шындық болар еді деген.

Технологиялық жағынан дәлелді болып саналатын « Человечество у поворотного пункта»М.Месаревич және Э. Пестела жасаған жұмыс, онда экономикалық, әлеуметтік , саяси процесстердің, қоршаған ортаның, табиғи ресурстардың кешенді бірі бірімен баыланысты иерархиялық жүйе түретінде көрсетілген.Олардың пайымдауы бойынша экологиялық катастрофадан құтылу мүмкін емес

Сабура Окита былай деп жазған: «Шенеунік даналығы, телефон арқылы немесе ведомстволық нұсқау арқылы экономикаға билік жасауда емес, онсыз кез келген әс жойылып кететін салық жеңілдігі және инвестициялық саясатпен басымды салаларды дамытуға, салалық баланстың келешекті тұжырымдамасын жасауға, бісекелестікті қолдауға көмектесу болып табылады».

43. Модельдерге қойылатын талаптар. Модельдерді бағалау.

Модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;

Модельдеу –көпаспекті зерттеу әдісі болғандықтан оны қолдану шексіз.Оның негізгі міндеті – ұқсастық негізінде түпнұсқаның қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін, аналогін жасау.Ол ұқсас болса да , бірақ түгелдей қайталамауы керек, онда модельдеудің мәні жойылады.

Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект тұпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша тұпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі тұпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе тұпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен тұпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын тұпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен жинақтау әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты тұпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (тұпнұсқаның толық көшірмесі болған модель, модель бола алмайды). Модельдің тұпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, тұпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде тұпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру жөне оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады. Модельдеуде логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.

Қоғам дамуына саралау, талдау жасамаса саналы даму процесінің дамуы мүмкін емес. Саралау нәтижелі болуы үшін объективті ақпараттық базасы болуы керек.Оларды саралауда ЭВМ ді қолдануға болады. Бірақ барлық қоғамдағы әлеуметтік процесстерді өлшеу, тексеруге бола бермейді. Мысалы, әлеуметтік қатынас мәселелерін, себебі олар өте күрделі. Модельдеу түрлі эвристикалық функциялар атқарады: негативті тенденцияларды анықтайды, мәселелердің шешілуінің позитивті жақтарын белгілейді, альтернативті варианттарының түрлерін ұсынады. Модельдеу болжам жасаумен бірлікте болып,оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Модельдердің бірнеше түрлерін бар:танымдық эвристикалық, болашақ моделі, қажет болатын модель. Күрделі әлеуметтік мәселелерді модельдеуде жоғарыда көрсетілген модельдердің барлық типтері қолданылады. Модельдеу түрлі функциялар атқарады: эвристикалық, прогностикалық, прагматикалық.. Модельдеу нәтижелеріне қойлатын талаптар: біріншіден, модель қарапайым, ыңғайлы болуға тиіс, екіншіден, объектінің жақсаруына мүмкіндік туғызуы керек. Негізіне келесідей талаптар алынады: 1) толықтығы, адекватылығы, эволюциялығы; көп көлемді өзгерістерге еңгізу,әлеуметтік объектіні, құбылысты , процестердің көшірмесін жасау, 2) шамамен абстрактілі болуы, бірақ алынатын нәтиже пайдалы болуға тиіс, 3)белгілі уақыт шеңберінде өтуі, ;4) қоғамның даму кезінде қолданысқа ие болатындай болуы,5) әлеуметтік объекті туралы пайдалы, жаңа ақпарат алу, 6) белгілі ұғымдарын пайдалану арқылы, 7) әлеуметтік объектіге сәйкестігі, алынған нәтижені тексеруге мүмкіндіктің болуы.

Әлеуметтік модельдеу принциптері:жасалатын моделмен оның күрделігінің арасындағы компромисс, нақтылықтың балансы, модельдің түрлі элементтері, моделдің көрнекілігі, блок түрінде көрсету, модельдің специализациясы т.б.

Моделді бағалаудың әртүрлі критерилері бар:жаңалықтың көрнісі ( интуитивтік көрніс, жазбаша сапалық , көрнекілік имитация, жүйелік көрсету);

Таралған ( жалпы әлеуметтік сферада, салада, әлеуметтік топта т.б.);

Қарастырылған, зерттелген деңгейі (ұсынылған идея, құрылған кесте, жасалған алгоритм, материализоваланған, формализоваланған жүйе кибернетикалық );

Моделді қолдану деңгейінің көрсеткіштері:

Моделді қолдану мақсаты;

әлеуметтік сферада қолдануға байланысты білімдердің тереңдетілуі;

оқу орындарында мамандарды даярлау жүйесінде, ғылыми білім жүйесінде қолданылуы.

Сонымен қатар моделдердің құрылымын бағалау да маңызды:

Таным объектісінің даму бағытының жиынтығы;

Дамудың қозғаушы күші;

Сыртқы факторлардың ықпалы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]