- •31.Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері және жоба белгілерін атаңыз
- •32. Әлеуметтік- экономикалық болжам принциптеріне талдау жасаңыз.
- •33.Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
- •34. Болжаудың және жоспарлаудың жалпы методологиялық (әдістемелік) негіздеріне ғылыми сараптама жасаңыз
- •35. Әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындап көрсетіңіз.
- •36. Болжаудағы жүйелік әдіс-амалдарына сипатама беріңіз.
- •37. Болжаудың қателіктерін және сенімдік интервалдарына ашық пікір білдіріңіз.
- •38. Әлеуметтік жұмыста когнитивтік моделдерді талдау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •39. Болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған шетелдік ғалымдардың да көзқарастары және артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсеткен ғалымдар?
- •40. Жазбаша және ауызша ақпараттар көзі қосалқы тәсіл ретінде белгілі бір болжам мен мақсат нәтижесінде қалай қарастырылады?
- •41. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың мәні мен мақсатын ашыңыз.
- •42. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде ғылыми болжам жасауға мысал келтіріңіз.
- •43. Модельдерге қойылатын талаптар. Модельдерді бағалау.
- •44. Өмір сүру сапасын болжау кезінде қолданылатын негізгі технологияларды сипаттаңыз.
- •45. Болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар туралы мәліметтер қарастыру.
33.Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
1. Әлеуметтік жұмысты жобалық құжаттандыру.
2. Әлеуметтік паспортқа сипаттама.
3. Әлеуметтік жобалар белгілері.
4. Әлеуметтік жобаның негізгі принциптерге сәйкестілігі.
Нақты жобаны орындауда, оның мазмұнын орындауда түрлі мамандар әрекетестікте болады. Жобаны орындауда қажетті жобалық құжаттандыру іске асады.
Әлеуметтік жобаның инстументалдық бөлімі әдістемелік мәселелерді шешуге арналған. Нақты жобаны орындауда тәжірибелік іс шаралар іске асады, олар арқылы жобаның басталуы,аяқталуы,мазмұны, бағыттары, қосымша ресурстар кезеңдер бойынша өтеді.
Жобалық құжаттар жобалау процесін басқару, іске асыру үшін қажет. Сондай құжаттарға әлеуметтік паспорт жатады. Әлеуметтік паспорт объектіні паспортау негізінде жасалады. Объектіні паспортау –ол үрдіс, жүйе, құбылыс жайында нақты мәліметтер алу, оларға сипаттама беру.
Әлеуметтік паспорт- құжатта жүйенің сандық, сапалық параметрлері, объектінің дамуын, қызмет атқаруын көрсететіні беріледі, элементеріне саралау жасалған.
Әлеуметтік паспорт құрылымында келесілер қарастырылады:
1. Параметірлердің сипаттамасы, жіктелуі, дифференциациясы жүйенің қызмет атқару, дамуы.
2. Паспортың формасын жасау (паспортағы көрсеткіштер, олардың басқару жүйесі арқылы өзгеруі).
3.Паспортың формасын толтыру.
Әлеуметтік жобалауда « Ақпараттық массив » деген ұғым бар.
«Ақпараттық массив» әлеуметтік объектіге кешенді сипаттама беретін ғылыми негізделген параметірлер, факторлар жүйесі. Әлеуметтік зерттеу материалдары, басылымдардағы материалдарды саралау, статистикалық мәліметтер- «Ақпараттық массив» көздері болып саналады. Әлеуметтік жобалаудың спецификалық басқару қызметінің негізгі мақсаты - әлеуметтік жобалау проектісін жасау. Әлеуметтік жоба коммуникат ретінде знактар жүйесі, үйлесіп, байланысып орналасқан, ғылыми саналы дәлелденген сипаттқа ие, қажет ететін болашақта әлеуметтік жүйе не үрдіс. Әлеуметтік жоба ол прескрептивтік модель. Жоба болашақ жүйенің қажет еткен көрнісі,адамдардың әрекеті арқылы өтетін, ол қажетті материалдық еңбек, қаржы, энергетикалық т.б. ресурстардың, сонымен бірге танымдық, интелектуалдық, эвристикалық құндылықтардың болуы арқылы іске асады.
Жобаланатын объектінің жалпыланған параметірлер жүйесі. Барлық ғылыми түрде жасалған әлеуметтік жобаларға келесі белгілердің болуы: 1) міндетті түрде жобаланатын объектілерде болуға тиіс сипаттамалар, 2) әлеуметтік тапсырысты орындауға мүмкіндік туғызатын параметрлер, 3) белгілі бір уақыт мерзімінде орындалуға мүмкіндік беретін сипаттамалар.
Әлеуметтік жүйенің, үрдістің, құбұлыстың болашақтағы халы келесі жағдайларға сәйкес болулары қажет:ол ғылыми негізде орындалып,әлеуметтік құндылықтарға , тапсырысқа,адамгершілік нормаларға қарамақайшы келмеуі, қолдануда нәтиже беретіндей болуы керек.
Әлеуметтік жоба келесідей негізгі бес принциптерге сәйкес болуы керек: бір мағналы, қажетті, толық, қарамақайшы келмейтін, оптималды.Жобадағы ақпарат қажетті және толық болуы міндетті. Жобалар реалды, реалды емес,яғны орындалмайтын болулары да мүмкін.
