
- •31.Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері және жоба белгілерін атаңыз
- •32. Әлеуметтік- экономикалық болжам принциптеріне талдау жасаңыз.
- •33.Әлеуметтік жұмыс саласындағы ұйымдардың, мекемелердің қызмет көрсету органдарының нормативтік базасы.
- •34. Болжаудың және жоспарлаудың жалпы методологиялық (әдістемелік) негіздеріне ғылыми сараптама жасаңыз
- •35. Әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктерін айқындап көрсетіңіз.
- •36. Болжаудағы жүйелік әдіс-амалдарына сипатама беріңіз.
- •37. Болжаудың қателіктерін және сенімдік интервалдарына ашық пікір білдіріңіз.
- •38. Әлеуметтік жұмыста когнитивтік моделдерді талдау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •39. Болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған шетелдік ғалымдардың да көзқарастары және артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсеткен ғалымдар?
- •40. Жазбаша және ауызша ақпараттар көзі қосалқы тәсіл ретінде белгілі бір болжам мен мақсат нәтижесінде қалай қарастырылады?
- •41. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың мәні мен мақсатын ашыңыз.
- •42. Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде ғылыми болжам жасауға мысал келтіріңіз.
- •43. Модельдерге қойылатын талаптар. Модельдерді бағалау.
- •44. Өмір сүру сапасын болжау кезінде қолданылатын негізгі технологияларды сипаттаңыз.
- •45. Болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар туралы мәліметтер қарастыру.
Болжам және әлеуметтік жұмыстағы болжау түсініктеріне анықтама беріңіз.
Болжам – бұл болашақ жайындағы ғылыми білімдер жүйесі ол философия, социология, тарихпен, психологиямен, математикамен байланысты. Болжау аппараттары, объект, мазмұны. Әлеуметтік философиямен социологидағы әлеуметтік болжау. Дж.Бернала, Н.Винера, Г.Тейла, Ф.Полака, И.В.Бестужева-Лада, Ж.Т.Тощенко, В.И.Курбатова және т.б. еңбектерін де қарастырылған.
Болжау-әлеуметтік таным теориясы. Ол теориялық доктриналармен, тұжырымдамалармен, жүйелермен спецификалық әрекетестікте болып, болашақты объекті ретінде қарап, оның мәселелерін теориялық, психолого-интуитивтік, тәжірибелік тұрғыдан зерттейді. Бұл ғылымның негізгі ұғымдары:прогностика, болжам,болжау,әлеуметтік болжау принциптері, әлеуметтік тәжірибедегі болжау.
Прогностика- болашақ туралы жүйелі ойлау әдістері, тәсілдері туралы зерттеумен айналысатын білім саласы. Прогностикалық зерттеу басқа ғылымдардың теориялық жетістіктеріне сүйенеді:философия, әеуметтану, психология, тарих,педагогика.
Болжам – бұл болашақ жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Зерттеу объектісінің даму жолдары, нәтижесі туралы көп вариантты гипотезасы.Болжам мақсаты- туындаған проблемаларға байланысты пайда болған сұрақтарға жауап беру.
Болашаққа прогноз қою – бұл болжам жасаудың формасы, мақсат қоюдан, құбылысты басқарудан, дамудың тенденциясын, формасын нықтаудан тұрады.
Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.
Болашаққа болжам жасау- тар мағынада-болжамдау, кең мағынада –уақиғалар, құбылыстар туралы бар білімдер, бірақ тәжірибеде кездеспейтін.
Ғылыми болжам уақиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді.
2.Әлеуметтік болжаудағы қолданылатын ғылыми пәндер мен әдістемелерге сипаттама жасаңыз
Сыртқы белгісіне сәйкес, болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалык әдістер.
Интуициялык әдістер, (эксперттік баға әдістері) екі топқа белінеді: дербес эксперттік бага беру және коллективтік эксперттік бага беру әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалык анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия кұру; коллективтік идеяны жинақтау («дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі кіреді.
Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер кұру әдістері. Бірінші топка ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұраксыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа кұрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.
Жоспар жасау логикасы — барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:
1. жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының максаттарының жүйесін калыптастыру (логиканың негізгі пункті);
2. базистік кезеңдегі экономика дамуын талдау және оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;
3. жоспарлы кезеңдегі қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен кұрылымын аныктау;
4. қоғамның қорлары мен кажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;
5. жоспар жобасын талқылау және бекіту.
Жоспар жасау логикасы жоспарлау кағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жаткызуға болады:
1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті заңдарының талаптары, отандық және шет елдік тәжірибе мен ғылымының жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылымң нақтылануы жиналған тәжірибені, нақты қалыптасқан жағдаиларды елемеумен және жоспарлаудағы жагымпаздыкпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.
2. Жоспарлаудың үздіксіз болуы. Ұзақ мерзімдік жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан кұрылуы тиіс.
3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар мен жеке адамдардың мүдделерімен қаншалықты тиімді үйлескеніне байланысты. Аталған мүдделерді назарға ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.
4. Жетекші салаларды белгілеу аркылы экономикада тиімді үйлесімділікті (сандық катынастарды) қалыптастыру қағидасы. Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу — бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
5. Жалпымемлекеттік жоспарлардың бірлігі мен кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі — жоспардың методологиясының, көрсеткіштер жүйесі мен реттегіштерінін бірлігі, екіншіден-материалдык бірлігі. Жоспарлардың кешенді болуы кез келген
деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.
Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау), нормативтік, баланстык, экономикалык-математикалық, бағдарламалық-мақсатгықт.б. әдістер.
3. Болжау мен жоспарлау арасындағы айырмашылықтарды ажыратыңыз
Жоспарлау-ғылыми және тәжірибеде дәлелденіп белгіленген мақсат, міндеттер, орындалу уақыты, темпі,құбылыстың даму барысы,қоғамның қажеттілігіне байланысты іске асу жолдары.
Әлеуметтік жоспарлаудың әдістері, олардың әлеуметтік жоспарлау әдістерінің жалпы ғылымдық топтасытылуы: мәселелік-ќұрылымдық; бағдарламалық-құрылымдық; құрылымдық-технологиялық; жүйелік талдау әдісі; мәселелік-жүйелік; бағдарламалық-жүйелелік және т.б. бөлінеді.
Жобаны жоспарлауда мақсат міндеттерге сай іс шаралар реттеліп қарастырылады. Жоспарлауда ресурстар, уақыт,өту орны, кейнгі нәтиже есепке алынады.
Одан кейін әлеуметтік жоспардың орындалу жолдары қарастырылады: іс шаралар реттері, оларды орындайтын адамдар, қажетті ресурстар, жұмыстарды орындау шарттары, қажетті материалдар, жабдықтар.Орындалу нәтижесі әлеуметтік бағдарлама, жоспар, сондай ақ қажетті расчеттар, календарлық уақыттқа бөлінген.
Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.
Ғылыми болжам уақиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді. Модельдеу болжам жасаумен бірлікте болып,оның құрамдас бөлігі болып есептеледі.
4.Әлеуметтік болжау зерттеуіндегі пәні мен объектісіне анықтама беріңіз.
Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.
Болашаққа болжам жасау- тар мағынада-болжамдау, кең мағынада –уақиғалар, құбылыстар туралы бар білімдер, бірақ тәжірибеде кездеспейтін.
Ғылыми болжам уақиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді.
Зертеу объектісі- адамның, қоғамның өміріне қатысты болашаққа болжам жасау үрдісі.
Зертеу пәні-адамның, қоғамның өміріндегі түрлі өзгерістердің орын алуы, келу, қалыптасу жолдарын алдын ала болжау жолдары.
Мысалы,болжаудың социологиялық аспектісіне жатады: отбасы келіспеушіліктерін болжамдық зерттеу мәселесі. Әлеуметтік болжау жүргізудің технологиясы. Еңбек нарығындағы жағдайларды болжау. Өмір сүру деңгейін болжау. Зейнетақы қамтамасыздығын болжау. Экологиялық процестерді болжау. Демографиялық процестерді болжаудың технологиясы. Мүгедектермен, қарт адамдармен, жетімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты маңызды элементі ретінде болжау.
Әлеуметтік жұмыстағы болжаудың атқаратын қызметі мен принциптері.
Әлеуметтік жұмыста болжаудың атқаратын қызметі зор оны іске асыруда келесідей принциптерді басшылыққа алу керек: вариативтік принцип, стратегиялық шешімдерді қабылдауда көп критериалдық, ұйымдастыру формаларында конкурстық негізде түрлі технологияларды қолдану оның мәні келесідей:
- болашақта халыққа әлеуметтік қолдау көрсету үшін әлеуметтік экономикалық және ғылыми техникалық жағдайды болжамдау;
- тұлғаның қоғамдық даму жағдайында рөлінің өзгеруін көрсету;
- халықтың сұраныстарының өсу динамикасын, маманықтарға сұраныстардың өсуін;
- әлеуметтік жұмыстың мазмұнының, ұйымдастырылуының, құрылымының өзгеруі. т.б.
5.Болжау мен жоспарлаудың жүйелігі қалай құрылуы қажет? Мысал келтір
«Жүйе» термині грек сөзінен шыққан, мағынасы – толық, бөлшектерден және қосындылардан құралған дегенді білдіреді.
Жоспарлау жүйесі негізінде ұйымдастырушылық үлгілер мен әдістердің жиынтығын құрайды, олардың негізінде қоғамның экономикалық заңдарының талаптары іске асырылады.
Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық, әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді. Сонымен жоспарлау мен болжау адамдардың саналы түрде, белгілі бір экономикалық заңдарға бағына отырып, бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.
Жаңа шаруашылық қатынастар кезеңінде, яғни әміршіл-әкімшіл жүйеден нарыққа ауысуынан жоспарлау жаңадан өзіне тән бағыт-бағдар мен міндеттерді алады. Сапалы жоспарлаудың бір қыры ол әкімшілік тарапынан ғана емес, сондай-ақ басшылықтың келісімімен қатар, аймақтық, жергілікті ұйымдармен қоса кәсіпорындар тарапынан да қызу талқыға салынады. Яғни, жоспарлау процесіне барлық мүшелер қатысады деген сөз. Нарық өнімділікті жомпарлауда бірден-бір сарапшы және тексеруші рөлін атқарады және барлық субьектілермен тығыз қарым-қатынас жасауға бағыттайды. Мысалға, аймақтық және жергілікті ұйымдардың кәсіпорындармен қарым-қатынасы.
Нарықтық экономика жүйесінде бәсекелестік пен жеке меншік толықтай дамыған кезеңде мемлекет экономиканы өсіру үшін жоспарлауды да қолданады. Нарық жүйесінде мемлекеттен бастап барлық субьектілер өніиділік пен өнімді жоспарлаусыз жұмыс істей алмайды.
Нарықтық бостандықта ешқанда да декларация немесе кодекстер емес, тек жоспарлау ғана көптеген елдерде тиімді жұмыс істеп келеді. Жоспарлау мен болжаудың қажеттігі келесідей себептерден туындайды:
Біріншіден, экономиканың өсу қарқынымен қатар ҒТР, жаңа технологиялар дамып келе жатыр. Өнім арттырудың инновациялық, ұтымды тәсілдері, еңбек күшінің техникамен алмастырылуы қарқынды өсіп келе жатқандықтан, нәтежиесін жоспарлау мен болжау қажет,
Екіншіден, жоспарлау мен болжау экономиканы реттеу үшін мемлекет тарапынан жиі қолданылады. Экономикалық циклді реттеп отыру үшін қажетті. Халықтың әлсіз топтарының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін де мемлекетке тиімді.
Жоспарлау мен болжау – бұл, Экономиканың обьективті тәуелділігі мен себеп-салдар нәтежиесінде, әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрессте, қоғамдық өнімділіктің дамуы мен нәтежиесін алдын-ала ғылыми тұрғыдан көре білу.
Зерттелетін процеске қарамастан болжаудың үш сатысы болады:
Алға қойған мақсаттың орындалуында жоспарлау мен болжау келесідей жолдармен жүзеге асырылады:
- Экономиканың даму бағытын анықтау;
- Мақсатқа жету үшін ұтымды жолдар мен шешімдер табу;
- Нәтежиеге қажетті ресурстарды анықтау;
6. Бақылауда жүргізілетін болжау мен жоспарлаудың рөлдеріне сипаттама беріңіз
Әлеуметтік жобалау – бар әлеуметтік мәселелерді өткеруге, оң өзгерістерге, әлеуметтік жағдайды дамытуға бағытталған әлеуметтік әрекеттер жүйесін құрылымдаудың шығармашылық процесі.
Әлеуметтік жобалау нақты мақсаттар, міндеттер, шаралар және оларға қол жеткізудің әрекеттерінің тілі бойынша қоршаған ортаны жақсартудың көріністі идеясының тәсілі, сондай-ақ аталған ниетті нақты жүзеге асыру және сипатталған мақсаттарды орындаудың нақты мерзімдеріне арналған қажетті қорлардың сипаттамасы болып табылады.
Әлеуметтік жобалау – бар әлеуметтік мәселелерді өткеруге, оң өзгерістерге, әлеуметтік жағдайды дамытуға бағытталған әлеуметтік әрекеттер жүйесін құрылымдаудың шығармашылық процесі.
Әлеуметтік жобалау нақты мақсаттар, міндеттер, шаралар және оларға қол жеткізудің әрекеттерінің тілі бойынша қоршаған ортаны жақсартудың көріністі идеясының тәсілі, сондай-ақ аталған ниетті нақты жүзеге асыру және сипатталған мақсаттарды орындаудың нақты мерзімдеріне арналған қажетті қорлардың сипаттамасы болып табылады.
Болжау-әлеуметтік таным теориясы. Ол теориялық доктриналармен, тұжырымдамалармен, жүйелермен спецификалық әрекетестікте болып, болашақты объекті ретінде қарап, оның мәселелерін теориялық, психолого-интуитивтік, тәжірибелік тұрғыдан зерттейді. Бұл ғылымның негізгі ұғымдары:прогностика, болжам,болжау,әлеуметтік болжау принциптері, әлеуметтік тәжірибедегі болжау.
7. Әлеуметтік болжау технологиясы және үрдісті технологизациялау ұғымына түсініктем бере отырып сиппатаңыз.
Әлеуметтік болжау технологиясы (грек тілінен алғанда prognosis алдын ала болжау, көру) деген мағнаны білдіріп- әлеуметтік мәселелерді зерттеп шешудеігі еш нәрсемен алмастыруға болмайтын әлеуметтік болжам жасаудың инструментариі, құралы.
Кез келген әлеуметтік құбылыс өзгеріп тұрады, стихиялық түрде дамиды. Алды ала болжаудың бір артықшылығы керсінше дамудың алдын алуға болатындығында. Болжаудағы дамумен нақты даму идеалды түрде сәйкес келмеуі мүмкін.
Әлеуметтік болжау технологиясының мазмұны, мақсаты дамудың алдын ала болжау ғана емес, дамуды қажетті жаққа бұруды, жақсартуды көздейді.
Атақты академик П.К. Анохиннің пікірі бойынша әлеуметтік болжау бұл болашақтағы болатын шындықтың бейнесі деген. Белгілі бір әрекетті орындамастан бұрын адамның миында «қажетті болашақтың» моделі құрылады, ол модельмен алынған нәтижелер салыстырылып отырады. Әрине, алдын ала шындықты бейнелеудің әлеуметтік деңгейдің биологиялық деңгейден айырмашылығы бар. Әлеуметтік болжау деңгейдің құрылымыфилософиялық аспектілері және технологиялық жолдардың бірлігі ретінде қарастырылады: 1) гносеология және ғылыми алдын алудың логикасы ; 2) әлеуметтік алдын ала болжаудың методологиясы; 3) әлеуметтік болжам жасаудың әдістемесі( анкеталау, модельдеу, экстрополирование, патентерді саралау).
Үрдісті технологизациялау ұғымына түсінік. Кез келген әлеуметтік технологияларды
еңгізу мақсатты түрде нәтижеге жетуді көздейді, бұл процесс технологизациялау арқылы жүзеге асады. Технологизациялаудың ережесі:1) процессті қалыптастыру; 2)мақсатты белгілеу; 3)әлеуметтік процессті оптимизациялау; 4) әлеуметтік процесстің тұрақты лығын қамтамасыз ету; 5) өзін өзі реттеу механизімін жасау; 6) жағымды қажетті жағдай
тудыру. Сонымен, әлеуметтік технология-ол әлеуметтік ықпал ету мақсаттында әрекеттесуді орнату үшін қажетті әдіс, әдістемелерді қарастыру, ұсыну.
Әлеуметтік технологиялардың әдістерден айырмашылығы, олардың вариативтігі,динамизімдігінде,кез келген жағдайда қолдануға болатындығында.
Әлеуметтік технологиялар құрал ретінде пәнаралық негізінде қарастырылады, Бұл зерттеу мәселесі жан жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
8. Болжау әдістемелердің классификациясы қалай құрылады? және болжам классификациясына білімдік талдау жасаңыз.
9. Болжаудың негізгі функцияларын атап көрсетіңіз
Болжамдарды жасауда келесі талаптарды ұстану маңызды болып табылады. 1) Нұсқаулық – жұмысшы гипотезаның ерекшелігінен мақсатты қоюдан (нормативті болжауда) және болжамды қабат (фон) нұсқаулардан шыға отырып, болжамның бірнеше нұсқасын жасау.
2) Верифицируемость – үздіксіздік – болжау объектісі туралы жаңа деректер түскенінде қажеттілік бойынша болжамдарды түзеуді қажет ететін болжау принципі. 3) Рентабельділік – болжамды қолданудан экономикалық әсердің, болжамды жасауға деген шығыннан көбеюі, жоғарылауы. 4) Жүйелілік – болжанушы көрсеткіштердің барлығының сонымен бірге болжам өлшемдерінің өзара байланысы. 5) Келісу (келіскендік) – түрлі табиғаты бар нормативті және іздеу болжамдарының келісуін талап ететін болжау принципі.
10. Әлеуметтік - экономикалық болжам принциптеріне нелер жатады
Экономиканың обьетивті түрде өсуі өндірушілер мен еңбек күшінің бөлінісін толық, әрі жоспарлы түрде зерттеуден басталады. «Анти-Дюринг» еңбегінде Ф. Энгельс дамыған қоғам туралы: «Өндірістегі анархия енді қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін және қоғамның әр мүшесінің қажеттіліктерін қамтитын жүйемен алмасады» деп жазды. Өз заманында К. Маркс та қоғамдық жүйені өзгертуді, соның ішінде еңбек бөлінісін дұрыс ұйымдастыруға шақырды.
Жалпы экономикада халықаралық, халық шаруашылығы, салааралық, әр саланың саланың өз ішінде, өндірісаралық және аймақтық жүйелер арасында белгілі бір тепе-теңдік пен тығыз байланыс бар. Бұл көрсетілгендердің барлығы бір-біріне тәуелді болып келеді және бұлардың барлығы халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуына және жоспардың жасалуына алып келетін алғышарттардың бірі болып табылады. Олар экономиканың өсу қарқынын, тұрақтылығын, қоғамдық еңбек бөлінісі мен өнімділікті анықтайтын, экономиканың өсу қарқынын көрсететін, белгілі бір уақытта жоспарланған жоспардың орындалуын көрсетеді. Сонымен жоспарлау мен болжау адамдардың саналы түрде, белгілі бір экономикалық заңдарға бағына отырып, бір-бірімен тығыз байланысты өндіруші жүйелерді ұйымдастыруы мен қолдану қызметін атқарады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығында үлкен маңызға ие. Мақсаты, экономиканың өсу кезеңіндегі жағымсыз және белгісіз әсер етуші факторлардың алдын алу болып табылады.
Жоспарлау:
экстенсивтілігімен (әлеуметтік саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды)
қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлаудың мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі). Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
11. Болжаудың және жоспарлаудың жалпы методологиялық негізіне талдау жасаңыз.
12. Болжам модельдеріне анықтама беріңіз.
Болжау моделі жалпы түрде 8 кезеңнен тұрады.
1) Болжамның алдындағы бағдар – болжамға және оған кіретіндерге деген тапсырманы орындаудан алдыңғы, шаруалар жиынтығы: а) объектті анықтау; б) болжаудың мақсаттары мен міндеттері; в) негіздеу кезеңі және г) болжамды бекіту кезеңі. 2) Болжамға деген тапсырманы, яғни болжамның мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын және оны өңдеудің тәртібін белгілейтін құжатты жасау.3) Болжамдық ретроспекция – болжау объектісінің және болжамдық қабаттың (фон) даму тарихын олардың жүйелі сипатын алу мақсатында зерттеу. 4) Болжамдық диагноз – болжау объектісінің және болжамдық қабаттың (фонның) жүйелі сипатын олардың даму тенденцияларын білу, көрсету мақсатында зерттеу.5) Болжамдық проспекция – болжамды диагноз нәтижелері бойынша болжамды жасау. 6) Болжам верификациясы – болжамның сенімділігін және дәлдігін бағалау немесе оның негізділігін тексеру. 7) Болжамды түзету – болжамды, оның верификациясы және қосымша деректер негізінде нақтылау, айқындау. 8) Болжамдар синтезі – жүйелі болжамды жасау, өңдеу.
13. Әлеуметтік жобалаудың жіктелуі және әлеуметтік жобалаудың ерекшеліктері.
Әлеуметтік жобалаудың мәні Объектінің даму варианттарын белгілеу, онымен әрекеттесу стратегиясын,оны басқару, оған ықпал жасау технологиясын, жаңалықты еңгізу жолдарын білу- әлеуметтік жобалаудың мәні болып саналады.
Жобалау шындық көрінісінің озық формасының түрі. Ұйым қандай да бір әрекетті жасамас бұрын әрқашан да ең алдымен өзіне лайықты деген бірнеше нұсқаны ойластырады. Әлеуметтік проблемалардың шешілуінің әртүрлі варианттары жасалған кезде әлеуметтік мақсатқа бағытталған әрекеттің пайда болуы орын алады.
Әлеуметтік жобалау ғылымы айналысатын мәселелері: жалпы принциптер, әдістер, тәсілдер және объектілердің құру ережелері, әлеуметтік күрделі міндеттерді шешуге бағытталған спецификалық жоспарланған әрекет туралы ғылым. Әлеуметтік жобалаудың айналысатыны әлеуметтік даму мәселесі емес, объектінің қазіргі жағдайы, оның содан бастап дамуы.
Әлеуметтік жобалауға – ол әлеуметтік объектілер, әлеуметтік сапалар, әлеуметтік үрдістер және қатынастар жобалауға кіреді.
Әлеуметтік жобалау нақты мақсаттар, міндеттер, шаралар және оларға қол жеткізудің әрекеттерінің тілі бойынша қоршаған ортаны жақсартудың көріністі идеясының тәсілі, сондай-ақ аталған ниетті нақты жүзеге асыру және сипатталған мақсаттарды орындаудың нақты мерзімдеріне арналған қажетті қорлардың сипаттамасы болып табылады.
Әлеуметтік жобалау спецификалық білім саласы ретінде өзіне қатысты ұғымдары бар.Оларға келетін болсақ: құрастыру(конструирование), жүйе, жобалау субъектісі, объект, әлеуметтік технология (операциялар жиынтығы)
14. Болжаудың типтері. Ұзақ және қысқа мерзімді әлеуметтік-экономикалық болжауға талдау жасаңыз.
Болжамның типі әлеуметтік болжаудың мақсатына, міндетіне, нысанына, әдіс-тәсіліне, мәселесіне, сипатына, бекітілген кезеңіне, әлеуметтік жұмысты болжау әдістерін ұйымдастыру әдісіне құрылуы мүмкін. Бұл процесс, біздің ойымызша, екі болжамнан: нысандардың жай-күйін, әлеуметтік болжам негізі: болжаудан және себеп-салдарлық байланыстарды болжаудан құралады. Болжау сипаты және басты мақсатына тәуелді қосалқы міндеттер сатысын айқындау маңызды. Оны қай бағыт бойынша құру керек: мемлекеттік институттар құрылымына сәйкес көлбеу бағытпен бе, салалар бойынша тікелей тәуелді ме дегн сауалдардан тұратын бағдарламалық-мақсаттық қырынан қарастыру болып табылады. Басқаруды нақтылау сипаты критерийі бойынша болжамдардың мынадай қосалқы типтері бөліп көрсетіледі: ізденісті және нормативтік болжамдар.
Әлеуеттік ізденістік болжам – болашақтағы әлеуметтік жұмыс субъектісінің мүмкін болатын жай-күйін анықтау. Мұндай болжам “ бар тенденциялардың сақталу жағдайында әлеуметтік жұмыстың ыққтимал ісі қандай болады?” – дегн сауалына жауап береді.Әлеуметтік жұмыстағы нормативтік болжам – мақсат тұрғысында қабылданатын құбылыс ретіндегі әлеуметтік жұмыс субъектісінің мүмкін болатын жай-күйіне жетудің мерзімі мен жолдарын анықтау. Мұндай болжам: “іштей және сырттай орнықты әлеуметтік қызмет субъектісін қалыптастыру қандай жолдармен жүзеге асырылуы қажет?” – деген сауалға жауап береді.
1. болжамдардың нысандары бойынша – а)әлеуметтік болжам (демография, қажеттіліктер, тұрмыс деңгейі, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет), ә)экономикалық болжам (өндірістің құрылымы мен серпіндері, жағдаят, баға, қаржы, тиімділік, басқарудың дамуы, институттық өзгерістер); б)ғылыми-техникалық болжам (ғылымның, өнертабыстық қызметтің, инновациялардың дамуын, техника буындарының, технология ұстындардың ауысуын болжау); в)табиғи-экологиялық болжам (табиғи ресурстардың ұдайы қалпына келтірілуінің табиғи және экология үдерістерінің серпінін болжау); г)сыртқы экономикалық болжам (әлемдік шаруашылық пен нарықтың, сыртқы экономикалық байланыстардың серпінін көре білу);
болжам ауқымы бойынша – ағымдағы, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, аса ұзақ мерзімді болжам;
15. Эксперттік болжауларды қалай құрады? Мысал келтіріңіз.
Эксперттік бағалау тəсілдеріне мамандардан математикалық модель құруға қажетті ақпарат алуға, жиналған ақпаратты талдауға , өңдеуге жəне тиімді шешімдер қабылдауға қолдануға бағытталған логикалық жəне математикалық процедуралар кешенінен тұратын формалсыз тəсілдерді жатқызамыз. Эксперттік бағалау тəсілдерін келесі екі топқа бөлуге болады : эксперттік топтың ұжымдық жұмыс тəсілдері жəне эксперттік топ мүшелерінің жеке пікірін (бағасын) алу тəсілдері
Эксперттік бағалау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде эксперт-мамандар арқылы өндірістік процеске , соның ішінде бензолдың көлемі мен сапасына , əсер ететін кіріс жəне режимдік параметрлері мен олардың рангтері анықталады.
Экспертті жүйе шығуы. Экспертті жүйелердің ерекшелігі тек шешімді ғана емес, түсіндірулерді де алу мүмкіндігі. Түсіндірулердің екі түрі:
-сұраныс бойынша берілетін түсіндірулер. Қолданушы кез-келген уақытта экспертті жүйеден өз іс-әрекетін түсіндіруді талап ете алады.
-проблеманың шешілуінің түсіндірілуі. Шешім алынғаннан кейін қолдану экспертті жүйеден шешім қалай алынғанын түсіндіруін талап ете алады. Жүйе шешімге қалай келудің әрбір қадамын түсіндіреді
16. Әлеуметтік болжамдардың құрылу заңдылықтарына талдау жасаңыз.
Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе. Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерін әртүрлі тұрғыдан қарастыру, оны ғылыми түрде дәлелдеу біздің осы жұмысымыздың алына қойған мақсаты болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерінің типологиясынын жасауда жұмыстың басты мақсатына енеді. Ауқымы кең, жан-жақты проблема болғандықтан оны оны әлеуметтанудың бір саласы деп қабылдауға болады. Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі, пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды.Ақпараттандыру ғасырында бұл жетістіктерге қол жеткізу қиындық тудырмайды. Осыған орай бітіру жұмысында шетелдік ғалымдардың да көзқарастары беріледі. Ресей ғалымы И.В.Романенко өз еңбегінде әлеуметтік және экономикалық болжаудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар болжау әдістерінің жіктелуін ғылыми тұрғыда қарастырған. АҚШ ғалымдары Майкл Мескон, Майкл Альберт болжау әдістерін басқару стилінің тәсілі ретінде қарастырған.
17. Әлеуметтік-экономикалық болжаудың мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз.
Экономикалық болжам – экономиканың келешек кезеңдердегі даму үрдістерін – экономикалық даму қарқынын, экономика құрылымы мен бағаның нарықтық жағдаятын, экономикалық басқару жүйесінің, т.б. өзгеруі үрдістерін алдын ала болжап, көре білу. Экономикалық болжам экономикалық жоспарлаудың белгілі бір уақыт кезеңі бойына жалпы ішкі тепе-теңдік шарттарын алдын ала болжап, көре білуге мүмкіндік беретін негізгі құралдарының бірі болып табылады. Экономикалық болжамның көмегімен бағыттарды айқындап, экономикалық саясаттың нақты шешімдерін дайындауға, сондай-ақ олардың ықтимал нәтижелерін бағалауға болады[1].
Экономикалық болжам, әдетте, өткен кезеңдердегі есептік деректерге негізделіп құрылады және белгіленген номенклатуралар мен ұлттық шоттарды жүргізу ережелерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Болжау – нарықтық стратегияны әзірлеудің, мақсатты бағдарламаларды негіздеудің, шаруашылық шешімдер қабылдаудың негізгі элементі. Нарықтық экономикада болжау негізгі үш атқарымды орындайды, Олар: болашақта шаруашылықты жүргізу нысандарының және қоршаған ортаның өзгеруі үрдістерін болжай білу; қабылданатын шаруашылық шешімдердің (тауарлар шығару мен қызметтер көрсету, бағалы қағаздар шығару, инвестициялық жобаларды қаржыландыру, баға белгілеу, т.б.) ықтимал салдарларын бағалау; қабылданған шешімді, қажет болса, дер кезінде түзету үшін оны орындау нәтижелерін күнделікті болжап отыру.
18. Тұрғындардың өмір сүру деңгейін болжау арқылы қалай жүзеге асырылады?
Қоғамда болып тұратын әртүрлі құбылыстарды алдын-ала болжаумен білудің маңызы өте зор. Болжау- экономикалық әлеуметтік техникалық салалардың келешекте дамуы жөнінде ғылыми негізделген топшылық.
Болжау объектілеріне: макроэкономикалық көрсеткіштер құрылымдық заңдылықтар салалардың келешекте даму келешегі жатады. Макроэкономикалық болжау құрамына демократиялық болжауларда кіреді. Мерзіміне қарай болжамдарды төмендегідей жіктеуге болады:
Оперативтік болжам – айлық, тоқсандық 1 жылға дейін.
Қысқа мерзімдік болжам – жылдық немесе 3 жылға дейін.
Ұзақ мерзім 10 жылдан жоғары болып бөлінеді
Мемлекеттік болжау-мемлекеттің әлеуметтік даму бағыттары туралы ғылыми негізделген жүйесі.Мемлекеттік болжау-даму болашағын алдын ала анықтауға ғана емес кәсіпорындар мен компанияларға мемлекеттің іс-әрекеті жөнінде саяси ақпараттар беріп отыруға да мүмкіндік береді.
Барлық болжамдарды мынадай екі топқа бөлуге болады, олар: базалық және әлеуметтік-экономикалық.
19. Эксперттік бағалау дегеніміз не? Эксперттік бағалау әдістемелеріне талдау жасаңыз.
Эксперттік бағалау тəсілдеріне мамандардан математикалық модель құруға қажетті ақпарат алуға, жиналған ақпаратты талдауға , өңдеуге жəне тиімді шешімдер қабылдауға қолдануға бағытталған логикалық жəне математикалық процедуралар кешенінен тұратын формалсыз тəсілдерді жатқызамыз. Эксперттік бағалау тəсілдерін келесі екі топқа бөлуге болады : эксперттік топтың ұжымдық жұмыс тəсілдері жəне эксперттік топ мүшелерінің жеке пікірін (бағасын) алу тəсілдері
Эксперттік бағалау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде эксперт-мамандар арқылы өндірістік процеске , соның ішінде бензолдың көлемі мен сапасына , əсер ететін кіріс жəне режимдік параметрлері мен олардың рангтері анықталады.
Экспертті жүйе шығуы. Экспертті жүйелердің ерекшелігі тек шешімді ғана емес, түсіндірулерді де алу мүмкіндігі. Түсіндірулердің екі түрі:
-сұраныс бойынша берілетін түсіндірулер. Қолданушы кез-келген уақытта экспертті жүйеден өз іс-әрекетін түсіндіруді талап ете алады.
-проблеманың шешілуінің түсіндірілуі. Шешім алынғаннан кейін қолдану экспертті жүйеден шешім қалай алынғанын түсіндіруін талап ете алады. Жүйе шешімге қалай келудің әрбір қадамын түсіндіреді.
20. Әлеуметтік жұмыс объектісін болжауды әзірлеу тәсілінің неше түрі бар және оларға жеке- жеке сипаттама жазыңыз.
Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.
Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай дедйді: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.
Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу.
Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерін әртүрлі тұрғыдан қарастыру, оны ғылыми түрде дәлелдеу біздің осы жұмысымыздың алына қойған мақсаты болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерінің типологиясынын жасауда жұмыстың басты мақсатына енеді. Ауқымы кең, жан-жақты проблема болғандықтан оны оны әлеуметтанудың бір саласы деп қабылдауға болады.
Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі, пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды.
21. Әлеуметтік жобалауда қандай ғылыми әдістер пайдаланылады? Оған сипаттама беріңіз.
Әдетте әлеуметтік жобалауды жасау алға .қойған мақсаттарға жетумен қатар материал дық, еңбектік , және қаржылық ресурсқа байланысты болады
Интерактивті әдіс. Оқу процесінде оқу ақпаратын меңгеру және қабылдау өзара танымдык карым-катынас арқылы жүзеге асырылады. Интерактивті әдіс ретінде біз мұғалім мен оқушының өзара байланысын, яғни оқу-танымдық ойын түріндегі іс-әрекетін түсінеміз. Мұның нәтижесінде оқушыда оқу процесінде табыска жетуге деген ұмтылыс, ішкі сезімі мен т.б. сфераның жетілуі мүмкіндіктері туындайды.
Әлуметтік жобалау әдістері:
- матрица идеясы әдісі- бірнеше тәуелсіз ауыспалылар негізінде түрлі варианттағы шешімдердің қабылдануы. Белгілі жағдайда жобаның тиімді іске асу жолы.
-ролге ену әдісі- жобалаушы адамдардың қажеттіліктерін, мүделерін ескеру арқылы іске асу үрдісін терең зерттеп, жобаның іске асуын түсінуі.
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
Ассоциация - жинақталған білім негізінде жағдайды жақсарту үшін түрлі тәсілдерді бейімдету,модифиқалыптасады.кациялау және қайта құру.
Синектика (миға шабуыл әдістемесін дамыту) - ұқсастыққа құралған әртүрлі элементтерді біріктіру әдісі: тура ұқсастық (ұқсас міндеттердің шешілуі);жеке немесе эмпатиялық ұқсастық (тапсырма объектісі көзқарас бойынша пайымдау); символдық ұқсастық (тапсырма мәніне бейнелік анықтама беріледі); фантастикалық ұқсастық (осы тапсырманы ертегі кейіпкерлері мен басқа планеталықтар қалай шешер еді).
Миға шабуыл-қиын проблемаларды бірлесе ізденісте шешу жолында ойлау үрдісін белсендіру әдісі.Оның идеясы – бір топқа болжам айтқызып, екінші топқа оған сыни баға бергізу, сол арқылы шығармашылық ойлауға, сыннан қорықпауға үйрету.
Жүргізу ережесі: жетекші басқаруымен шешуі тиіс мәселе қойылады. Бірінші кезеңде «Идея генераторлары» тобы берілген уақытта (20-40 минут) мүмкіндігінше көп кез келген болжамдарды айтады. Идеялар (әрқайсысына 2 минуттан) үздіксіз айтылып, бірін-бірі жалғастырып, дамытып, толықтырып отыруы тиіс, дәлелдеудің қажеті жоқ. Барлық идеялар хаттамаға түсіріледі, не таспаға жазылады. Идеяларға бұл кезеңде ешқандай сын айтуға, келемеждеуге болмайды. Келесі кезеңде екінші сарапшылар тобы ұсынылған идеяларға пікір айтады, қатаң сараптау жүргізіп, болжамдардың ішінен дұрысы тексеріліп алынады. «Штурм» барысында шешілмеген есеп қайтадан сол ұжымға мағынасын өзгертпей, айтылуы өзгертіліп беріледі. Идея айтуды белсендіру үшін қолданылатын тәсілдер: инверсия (керісінше істеу), аналогия (басқа шешімдерге ұқсас етіп жасау), эмпатия (өзіңді осы есепке қатысым бар, бір бөлігімін деп санау арқылы сезіміңді анықтау), фантазия (фантастикалық бір нәрсе жасау). Жасалынған болжамдар 10 балдық жүйеде бағаланып, барлық сарапшылардың берген бағасының орташа мәні есептелінеді
Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі. Дәріптеушілік – (идеализациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе материалдық объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол. 4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикальщ деректер қортыңдыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады. 5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады. 6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. 7. Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүтінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең ойланудағы талпындыруды. 8. Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет. Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады. Ранжерлеу әдісі деректердің, құбылыстардың, сапалардың, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке қелтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объетілері немесе құбылыстары нақтыланған бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық (интегративті) тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру, өзара үйлесімдік коэффициенттерді есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді. Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторлар және олардың ішкі мазмұнының фаторларын түсіндіруге бағытталған. Егерде эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде «құбылыс» деңгейінде зерттесе, онда теориялық әдістер «мәні» деңгейінде зерттейді. Болжауды бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәннің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір бірімен өзара байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің мәнін теориялык түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Зерттеудің теориялық және эмпирикалык әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір бірімен дилектикалық өзара байланысты және бір бірінсіз өмір сүре алмай әрі дамымайды. Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей -әдіснамалык деңгей.Танымның теориялық және эмпирикалық денгейлері негізінде өзгеше ғылыми ұстанымдар қалыптасады және ғылыми педагогикалық зерттеудің жаңа әдістері айқьгадалады; таным іс-әркетінің іргелі әдіснамалық теориясы құрылады. Жоғарыдағы аталған ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері төмендегі суретте көрсетілген. Атап айтқанда жоғарыдағы ғылыми-педагогикалық әдістер зерттеу іс-эрекеттерінін барлық құралдарын қамтамасыз ете алмайды.
Жоба әдісі – студенттің бірнеше пәннен алған білімдерін қолдана білуіне негізделіп, көбіне топпен орындалатын, пәнаралық сипатта болады. Жобаны студенттер өздері орындайды, оқытушы консультация беріп, бағыттап отырады. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегі курстық жоба жекелей орындауға негізделген.
22. Болжау типтері. Болжау функциялары ұғымдарына анықтама және құрылымдық талдау жасаңыз.
Әлеуметтік жобалаудың мәні Объектінің даму варианттарын белгілеу, онымен әрекеттесу стратегиясын,оны басқару, оған ықпал жасау технологиясын, жаңалықты еңгізу жолдарын білу- әлеуметтік жобалаудың мәні болып саналады.
Жобалау шындық көрінісінің озық формасының түрі. Ұйым қандай да бір әрекетті жасамас бұрын әрқашан да ең алдымен өзіне лайықты деген бірнеше нұсқаны ойластырады. Әлеуметтік проблемалардың шешілуінің әртүрлі варианттары жасалған кезде әлеуметтік мақсатқа бағытталған әрекеттің пайда болуы орын алады.
Әлеуметтік жобалау ғылымы айналысатын мәселелері: жалпы принциптер, әдістер, тәсілдер және объектілердің құру ережелері, әлеуметтік күрделі міндеттерді шешуге бағытталған спецификалық жоспарланған әрекет туралы ғылым. Әлеуметтік жобалаудың айналысатыны әлеуметтік даму мәселесі емес, объектінің қазіргі жағдайы, оның содан бастап дамуы.
Әлеуметтану ғылым саласында ең алғаш әлеуметтік жобалау идеясы келесі ғалымдардың еңбектерінде көрніс алған И.И.Ляхова, В.Н. Дубровскидің, А.Г. Раппопорттың, В.М. Разина, Б.В. Сазонова, Г.П. Щедровицкидің және О.И. Генисаретскидің. Теориялық негіздері туралы Н.А. Аитова, Г.А. Антонюк, Н.И. Лапина, А.И Пригожина, Ж.Т. Тощенко, Н.Г. Харитонова және Т.М. Дридзе, Ю.А. Крючкова, О.Н. прогноз қою, құрастыру, моделдеу.
2001 жылы Курбатов В.И. әлеуметтік жобалау ұғымына анықтама берген.
Әлеуметтік жобалау – бұл үрдіс әлеуметтік әрекетті құрастыру жүйесі, әлеуметтік мәселелерді проблемаларды жеңуге, әлеуметтік жағдайды позитивті өзгертуге бағытталған.
Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.
Ғылыми болжам уақиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді. Модельдеу болжам жасаумен бірлікте болып,оның құрамдас бөлігі болып есептеледі. Модельдеу –көпаспекті зерттеу әдісі, таным әрекетінің бір жолы. Нақты заттар, құбылыстар, әлеуметтік процесстер,органикалық, органикалық емес жүйелерді зерттейді.
23. Басқарудағы болжау теориясы мен методологиясына талдау жасаңыз
Болжау-әлеуметтік таным теориясы. Ол теориялық доктриналармен, тұжырымдамалармен, жүйелермен спецификалық әрекетестікте болып, болашақты объекті ретінде қарап, оның мәселелерін теориялық, психолого-интуитивтік, тәжірибелік тұрғыдан зерттейді. Бұл ғылымның негізгі ұғымдары:прогностика, болжам,болжау, әлеуметтік болжау принциптері, әлеуметтік тәжірибедегі болжау.
24. Болжау типологиясы. Әлеуметтік болжау мен жобалаудың өзара байланысын ашып көрсетіңіз.
25. Болжау мен жоспарлаудың ғылыми негіздеріне түсініктеме бере отырып мысал келтіріңіз.
Болжау мен жоспарлаудың әдістеріне негізінен экономикалық заңдардың толық есебі, ғылыми тұжырымдар, әртүрлі жағдайлар, жоспарлау мен болжаудың мақсатқа сай жасалуы, жүйелер, құрылымдар, логика және ұйымдастыру жатады.
Болжаудың негізгі принципі – жоспарлық есептің ғылыми негізделуі және нақты шама болуы.Бұл барлық экономикалық заңдылықтарды, ғылымның жаңа жетістіктерін қолдануды, техника мен технологиялық жетістіктерді меңгеруді өнімділікті ұйымдастыра білу мен басқарудан құралады.
Экономикалық тепе теңдікті сактау және талдау жасай білу керек. Яғни, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың көрсеткіштерін толық зерттеу. Соған сай жоспар мен болжамды икемдеу керек.
Жоспарлаудың тағы да бір маңызды принципі бұл – мемлекеттің, қоғамның, шаруашылық субьектілерінің, салааралық, аймақтық ұйымдардың көзқарастары мен мүдделерін де қарастыру.
Жоспар жасауда ең бірінші айналысатын саладағы тиімді және ұтымды шешімдерді қарастыру керек. Бұл болашақта әр кәсіпорынның, әр саланың, шаруашылықтың дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.
Әлеуметтік жұмыста болжаудың атқаратын қызметі зор оны іске асыруда келесідей принциптерді басшылыққа алу керек: вариативтік принцип, стратегиялық шешімдерді қабылдауда көп критериалдық, ұйымдастыру формаларында конкурстық негізде түрлі технологияларды қолдану оның мәні келесідей:
- болашақта халыққа әлеуметтік қолдау көрсету үшін әлеуметтік экономикалық және ғылыми техникалық жағдайды болжамдау;
- тұлғаның қоғамдық даму жағдайында рөлінің өзгеруін көрсету;
- халықтың сұраныстарының өсу динамикасын, маманықтарға сұраныстардың өсуін;
-әлеуметтік жұмыстың мазмұнының,ұйымдастырылуының,құрылымының өзгеруі. т.б.
Болжаудың түрлері: әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-саяси; әлеуметтік-мәдени болжаулар. Ізденістік болжам. Нормативтік болжам.
26. Болжаудың математикалық және статистикалық әдістеріне сипаттама беріңіз.
Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүтінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең ойланудағы талпындыруды. 8. Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет. Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады.
27. Ғылыми алдын-ала болжам жасаудың мәні неде? Және болжам жасауда қойылатын талаптар?
Болашаққа прогноз қою – бұл болжам жасаудың формасы, мақсат қоюдан, құбылысты басқарудан, дамудың тенденциясын, формасын анықтаудан тұрады.
Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.
Болашаққа болжам жасау- тар мағынада-болжамдау, кең мағынада –уақиғалар, құбылыстар туралы бар білімдер, бірақ тәжірибеде кездеспейтін.
Мысалы,болжаудың социологиялық аспектісіне жатады: отбасы келіспеушіліктерін болжамдық зерттеу мәселесі. Әлеуметтік болжау жүргізудің технологиясы. Еңбек нарығындағы жағдайларды болжау. Өмір сүру деңгейін болжау. Зейнетақы қамтамасыздығын болжау. Экологиялық процестерді болжау. Демографиялық процестерді болжаудың технологиясы. Мүгедектермен, қарт адамдармен, жетімдермен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты маңызды элементі ретінде болжау.
Әлеуметтік жұмыстағы болжаудың атқаратын қызметі мен принциптері
28. Әлеуметтанулық болжамдардың табиғи құбылыстарды болжаудан қандай айырмашылығы бар?
Әлеуметтік болжам — әлеуметтік теорияға көзқарас. Онда бірқатар тарихи тенденциялардың ықтимал жүзеге асуын жобалап белгілеу әрекеттері жасалады. Мұның классикалық мысалы Даниэль Беллдің "The Coming of Post Industrial Society" (1973) атты еңбегі, онда "A Venture in Social Forecasting" деген тақырыпша бар. Белл өзінің батыл ойларын жекелеген әлеуметтік іс жағдайы жөнінде болжам айту ережелеріне белгілі бір пошым беру әрекеттерінен бөліп қарайды. Ал әлеуметтік болжам тек ықтималдықты жобалауға тырысады және ол "заңдылық және оқиғалардың қайталап көрінуі" бар жерде ғана немесе бағыты "статистикалық уақыт-серия шеңберінде анықталуы мүмкін" тенденциялар бар жерде немесе олар тарихи тенденциялар ретінде тұжырымдала алатын жерде, "оқиғаларға ықпал ететін адамдар тарапынан парасаттылықтың жоғары дәрежесін топшылауға болатын жерде" мүмкін болады. Бұл шарттарға ілуде бір ғана қол жететіндіктен, деп мойындайды Белл, әлеуметтік болжамдар көбіне жасалатын қысымды дәлдей түсумен шектеледі, оның шеңберінде белгілі бір шешімдердің нәтижелерін болжау емес, кейбірін тиімді қабылдау ретінде көрінеді.
Табиғи болжам - табиғи ортаны тиімді пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау үшін оның жай-күйі мен даму беталысы туралы ғылыми негізделген пікірлер әзірлеу. Географиялық болжамдар салалық (метеорологиялық, гидрологиялық және тағы да басқалары) және кешенді болуы мүмкін; аумақтық қамтуы бойынша — ғаламдық, аймақтық және жергілікті; уақыттық қамтуы бойынша — қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді және тағы да басқалары болады. Болжамдардың жеделдігі бір мәнді болмайды, өйткені уақыт болжау нысанымен және әр түрлі жылдамдықпен дамитын табиғи ортаның бөліктерімен салғастырьшады. Географиялық болжамдар талдау, сараптық бағалау, экстраполяция және имитациялық үлгілеу әдістерін пайдалана отырып, арнайы жүргізілген географиялық зерттеулердің негізінде жүзеге асырылады
29. Модельдеу дегеніміз не? Модельдерге қойылатын талаптар.
Модельдеу – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;
Модельдеу –көпаспекті зерттеу әдісі болғандықтан оны қолдану шексіз.Оның негізгі міндеті – ұқсастық негізінде түпнұсқаның қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін, аналогін жасау.Ол ұқсас болса да , бірақ түгелдей қайталамауы керек, онда модельдеудің мәні жойылады.
Модель және модельдеу әдісі тұпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесет ұпнұсқанызерттеуүлкенқаражатшығынынталапеткенжағдайдақолданылады. Модель мен тұпнұсқаарасындабелгілібірұқсастық болу керек. Мұндайұқсастықзерттеушініңмодельдізерттеукезіндеалғанақпараттарынтұпнұсқағакөшіругемүмкіндікбереді, ал көшіруүшінұқсастықтың, талдау мен жинақтауәртүрліформаларықолданылады. Модельдіңфизикалықтабиғатытұпнұсқаныңфизикалықтабиғатысияқты болу керек (тұпнұсқаныңтолықкөшірмесіболған модель, модель бола алмайды). Модельдіңтұпнұсқаданайырмашылығы оны зерттеуоңай, алайдаоныңбойындамодельге де, тұпнұсқаға да тәннегізгісипаттары мен өлшемдеріболуықажет. Модель ұқсастықретіндетұпнұсқа, оны жетілдіру, қайтақұружөне оны басқарутуралыбілімдізерттеу, сақтаужәнекеңейтуүшінқолданылады. Модельдеуделогикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілікболады. Модельдіңтүрінтаңдаутанымзерттеуобъектісініңкүрделілігінебайланысты.
Модельдердің бірнеше түрлерін бар:танымдық эвристикалық, болашақ моделі, қажет болатын модель. Күрделі әлеуметтік мәселелерді модельдеуде жоғарыда көрсетілген модельдердің барлық типтері қолданылады. Модельдеу түрлі функциялар атқарады: эвристикалық, прогностикалық, прагматикалық.. Модельдеунәтижелеріне қойлатын талаптар: біріншіден, модель қарапайым, ыңғайлы болуға тиіс, екіншіден, объектінің жақсаруына мүмкіндік туғызуы керек. Негізіне келесідей талаптар алынады: 1) толықтығы, адекватылығы, эволюциялығы; көп көлемді өзгерістерге еңгізу,әлеуметтік объектіні, құбылысты , процестердің көшірмесін жасау, 2) шамамен абстрактілі болуы, бірақ алынатын нәтиже пайдалы болуға тиіс, 3)белгілі уақыт шеңберінде өтуі, ;4) қоғамның даму кезінде қолданысқа ие болатындай болуы,5) әлеуметтік объекті туралы пайдалы, жаңа ақпарат алу, 6) белгілі ұғымдарын пайдалану арқылы, 7) әлеуметтік объектіге сәйкестігі, алынған нәтижені тексеруге мүмкіндіктің болуы.
Әлеуметтік модельдеу принциптері:жасалатын моделмен оның күрделігінің арасындағы компромисс, нақтылықтың балансы, модельдің түрлі элементтері, моделдің көрнекілігі, блок түрінде көрсету, модельдің специализациясы т.б.
30. Болжам жасау және прогностика ұғымдарын мағыналық жағынан саралаңыз.
Прогностика- болашақ туралы жүйелі ойлау әдістері, тәсілдері туралы зерттеумен айналысатын білім саласы. Прогностикалық зерттеу басқа ғылымдардың теориялық жетістіктеріне сүйенеді:философия, әеуметтану, психология, тарих,педагогика.
Болжам – бұл болашақ жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Зерттеу объектісінің даму жолдары, нәтижесі туралы көп вариантты гипотезасы.Болжам мақсаты- туындаған проблемаларға байланысты пайда болған сұрақтарға жауап беру.
Болашаққа прогноз қою – бұл болжам жасаудың формасы, мақсат қоюдан, құбылысты басқарудан, дамудың тенденциясын, формасын нықтаудан тұрады.
Болжам жасау- тар мағынада-болжамдау, кең мағынада –уақиғалар, құбылыстар туралы бар білімдер, бірақ тәжірибеде кездеспейтін.
Ғылыми болжам уақиғалар, құбылыстардың даму заңдылықтарына, қызметіне, себептеріне сүйенеді.
31.Әлеуметтік жобалаудың кезеңдері және жоба белгілерін атаңыз
Әлеуметтік болжау-қоғамен, қоғамға қатысты мәселелерді, қатынастарды, оның ортасында адамға қатысы бар мәселелерге болжам жасау.
«Әлеуметтік жоба – қоғамға әкелетін пайдасы мен жоба қатысушыларының өздерінің еңбектерінің нәтижесін көретін адамдардың нақты категориясының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған, нақты жоспарланған әрекеттер бағдарламасы».
Жоба белгілері:
Зерттеу - Мәселе – Мақсат – Міндеттер – Әдістер – Қадамдар – Бюджет – Бағалау
Әлеуметтік жобалау бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Әлеуметтік жобалаудың бірінші кезеңде қоғамдық мәні бар қажетіліктерді анықтаудан, қандай идея жүзеге асады, оны орындау үшін қанша уақыт қажет т.б. мәселелерді анықтаудан басталады.Одан кейн мақсат белгіленеді. Мақсаты – жағдайды өзгеру, мәселені шешу, жаңашылдықтың пайда болуы.
2. Келесі кезеңде қажетті ақпаратты жинастыру болып келеді.Онда ғылыми әдебиеттерді талдау, негізгі идеяларды табу,, қазіргі жағдайда іске асыру құралдары, әлеуметтік мониторинг жүргізіледі. Әлеуметтік мониторинг- жинақталған ақпараты талдау, қортынылау , бағалау бойынша жасалған ғылыми дәлелденген жүйе, ол арқылы шешім қабылданады. Әлеуметтік мониторинг әлеуметтік менеджментің ақпараттық базасы болып маңызды бір бөлігі болып келеді. Жиналған ақпараттың негізінде тапсырмалалар,талаптар белгіленеді, жаңа бір идеялар қосылады,мақсатқа жету құралдары анықталады.
Жобаны орындау барысында түзетулер, нақылау еңгізіліп отырылады, шешімдер қабылданылады, матрицалар жасалады.Жобалау тұжырымдамасы бойынша тексеру теориялық тұрғыда талдау, эксперимент түрінде өтеді.
3. Қортынды бөлімде жасалған тұжырымдамалар бойынша шешімдер қабылданады.Ол шешімдер бойынша белгіленген бағдарламалар кезеңдер бойынша іске асады. Жобалаудың нәтижесі болып жасалған жоба есептеледі. Осыған дейін жоба техника саласында қолданылып келді, қазіргі кезде кез келген ғылыми зерттеу әрекеті ғылыми жобалауды жасау, орындаумен байланысты.
В.И.Курбатов пікірі бойынша әлеуметтік жобалаудың келесідей кезеңдері белгіленген:
Біріншіде жобалау проблемасын белгілеу, екіншіде, жобалау проблемасына байланысты әлеуметтік тапсырыс алу, зерттеу жүргізу, үшіншіде объектінің паспортын жасау,жобалау бағдарламасын жасау, төртінші кезеңде әректті жоспарлау, орындалу уақытын, шығынды белгілеу, бағалау критериларын, қойылған мақсатқа жетуін анықтау, жобаның толық жасалуы, жобалау үлгісін еңгізу.
32. Әлеуметтік- экономикалық болжам принциптеріне талдау жасаңыз.
Экономиялық болжамдау. Кез келген мемлекеттің қоғамдық өмірі болашақты анықтаусыз алдағы даму жолын болжамдаусыз дамуы мүмкін емес. Мемлекеттің басты міндеті – барлық ұжымдарға, кәсіпкерлікке, жалпы мемлекеттік халықтың мүдделерге тиімді жол жасау.Бұл міндеттерді іске асыруда маңызды роль атқаратын құралдардың бірі – болжамдау мен жоспарлау. Болжам немесе болжау дегеніміз – біріншіден, түп мағынасы гректің алдын – ала білу түсінігінде жатқан. Екіншіден, ғылыми негізінде – обектінің жағдайы немесе оның альтернативті даму жолы мен іске асырылу мерзімі көзқарас ұғымын білдіреді. Болжамдау – бұл болжамдарды жасау процесін атайды. Болжамдар гипотезаға негізделеді. Гипотеза дегеніміз – алдын – ала білуді жалпы ғылыми теория деңгейінде сипаттау. Яғни, гипотезаның негізін ғылыми теория, оның негізінде ашылған заңдылықтар зерттеу объектісінің дамуы және байланыстары анықтайтындығын көрсетеді. Гипотеза негізінде жоспарлар жасалынады. Әр түрлі салалардағы, деңгейлердегі (жалпы мемлекет, облыс, аудан, қалалар т.б.) жоспарларды жасау процесін – жоспарлау деп атайды. Жоспарлау – бұл мүмкіндіктер мен ресурстарды тиімді пайдалануға және халық шаруашылығы салаларында оптималды, пропорционалды байланыстардың болуын қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық жұмыстар жүйесі. Болжамдау мен жоспарлаудың экономиканы реттеу қызметтеріндегі қажеттіліктері келесідей анықталады: 1) алдағы тиімді жағдайларды сапалы пайдалануға мүмкіндік береді 2) алда болатын проблемаларды алдын ала бөлуге қол жеткізеді 3) басқару органдарына іс – қимыл жоспарларын, бағдарламаларын сапалы іске асырылуына мүмкіндік береді 4) экономика салаларындағы экономикалық қатынастарды ұтымды үйлестіруге, реттеуге қол жеткізеді. Мемлекттің шектеулі қаражаттарын халық шаруашылығы бағыттары бойынша тиімді бөлуге, пайдалануға ықпал жасайды 5) бөлінген, жұмсалынған қаражаттардың тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді. Қоғам өмірінің әлеуметтік – экономикалық дамуын болжамдаудың маңызды түрінің бірі бұл – экономикалық болжамдау. Экономикалық болжамдау – бұл экономикалық құбылыстардың түсінігін, ғылыми әдістерін және болжамдау мен экономикалық теория тәсілдерінің, құралдарының барлық жиынтығын пайдалануға негізделінген экономикалық болжамдар жасау процесі.
Экономика шаруашылығын реттеуде қолданылатын болжамдар — өздерінің объектілеріне, уақыт интервалдарына, функционалдық белгілеріне және т.б. жағдайларына қарай классификацияланады.
Әлеуметтік – экономикалық болжамдар классификациясы : I Болжамдау масштабына қарай: 1) макроэкономикалық болжамдар 2) халық шаруашылығы кешендерінің болжамдары 3) стратегиялық өнімдер болжамдары 4) құрылымдық болжамдар 5) негізгі буындар жүйелерінің болжамдары II Зерттеу объектілеріне қарай: 1) өндірістік қатынастардың даму болжамдары 2) ғылыми – техникалық прогресс болжамдары 3) еңбек ресурстары және оны толықтыру болжамдары 4) халықтың тұрмыс деңгейінің болжамы 5) сыртқы экономикалық байланыстар болжамы 6) сұраныс өзгеру болжамдары III Уақыт мерзіміне және бағытына қарай: 1) оперативті (немесе шұғыл) 2) орта мерзімді 3) ұзақ мерзімді 4) ізденісті 5) нормативті
Болжамдар принциптері. Болжамдау келесідей принциптерге негізделуі керек: 1) жүйелік принцип – біріншіден, жалпы халық шаруашылығын тұтас бірліктер, екіншіден, әртүрлі бағыттардағы деңгейлердегі болжамдардың жиынтығы деп қарастыруды білдіреді. 2) Ғылыми негізделік принцип – болжамдар қоғам өмірінің даму заңдылықтарына, макроэкономиканың жағдайлармен құбылыстар заңдылықтарына негізделініп жасалыну керек. 3) Баламалық принцип – болжамдардың көп вариантта сценарилері болу керек. Болжамдар көптеген даму бағыттарын қамту керек, сол кезде ішінен ұтымдысын, сапалысын таңдауға мол мүмкіндік болады. 4) Үйлесімділік принципі – бұл принцип ізденісті, нормативті, қысқа, орта, ұзақ мерзімді және макро, микро деңгейдегі болжамдар нәтижелерін бір – бірімен ұштастырып, келістіріп жасау қажет. 5) Үздіксіздік принцип – бұл принцип әр түрлі бағыттағы, мазмұндағы болжамдарды жасау үздіксіз процесс екендігін білдіреді, яғни шұғыл өте қысқа уақыт аралығындағы болжамдар негізінде қысқа мерзімді болжамдар мазмұндары анықталып, ал бұл болжамдар негізінде орта мерзімдегі болжамдар жасалынады. Сол себепті болжамдар күнделікті өмірдің ағымымен тығыз байланысты болып үздіксіз болу керек. 6) Тиімділік принципі – бұл принцип түрлі мақсаттағы болжамдар шығыны (қаржы, уақыт т.б.) қоғам үшін тиімді болу керек.