Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Иман курсач сдать (Восстановлен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.42 Кб
Скачать

1.4 Техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеуге арналған мекеме туралы қысқаша түсінік.

Жалпы техникалық қызмет көрсету (тқк) дегеніміз - техникалық құралды техникалық дұрыс жағдайда ұстау үшін жүргізілетін жоспарлы, еріксіз профилактикалық әрекеттер.Техникалық қызметтің түрлері:

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсететін және жөндейтін мамандарды дайындаудағы негізгі мақсат: машиналардың техникалық жағдайының өзгеріске ұшырауын; оларға техникалық қызмет көрсету тәртібін және қолданылатын құрал-жабдықтарды орынды пайдалана білуді; техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын талаптарға сай басқаруды ұйымдастыру болып табылады.

Қазіргі таңда автомобильдер және тасымалдау саласында ұйымдастыру мен басқару жұмыстарының өзгеруіне байланысты автомобильдерді техникалық талаптарға сай пайдалануда ауытқу пайда болды. Қазіргі нарықтық кезеңде табыс табу жағына көбірек назар аударылып, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету шаралары көлеңкеде қалып бара жатқанына көңіл бөлмеуге болмайды.

Автомобильдерге мерзімдік техникалық қызмет көрсетудің өз уақытысында міндетті түрде жүргізілуі қағидасының бұзылуы осы саладағы білікті мамандардың жетіспеушілігінен деп есептеуге болады.

Президенттің техникалық саладағы мамандарды дайындауға аса көңіл бөлуі - бұл саладағы мамандардың жетіспеушілігінен шыққан шешім. Техникалық мамандар даярлайтын оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс бойынша мамандар дайындалуда.

Бұрынғы ірі техникалық қызмет көрсететін, жөндейтін кәсіпорындардың орнына майда кәсіпорын пайда болып, қажетті жабдықтардың тапшылығының нәтижесінде, қазіргі күрделі жабдықтарда жұмыс істейтін мамандардың жетіспеушілігінен көліктердің жай-күйін анықтау, техникалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстардың сапасы нашарлады.

Әрбір автокәсіпорындарда автокөлікті сатпас бұрұн оған сатуға дейінгі дайындық жүргізіледі. «Жеңіл автокөліктерге алдын ала дайындық» әрбір мекемеде стагдартқа сайкес жүргізіледі. Осы стандартқа сәйкес сатуға дейінгі дайындықтың міндеттері автокөлікті тасымалдау және сақтау кезіндегі ақауларды тауып қалпына келтіру жәнеде қосалқы бөлшектерді орналастыру болып табылады. Автокөліктерді осы стандартқа сәйкес қарастырылған жұмыстардың барлығы орындалғаннан кейін ғана сатуға болады. Бұл автокөлік сатылғаннан кейін сатып алушыға сатуға дейінгі дайындықта жасалған жұмыстардың тізімі беріледі. Сатуға дейінгі дайындыққа кеткен шығын материялдардарға мекеме өз қаражатын жұмсайды. Әр мемлекеттік салада түрлі стандарттар қарастырылған (ОСТ). Әр салада стандарт белгілі бір тауар түріне жасалады. Ол стандарттардың құрамына : норма, ереже, талаптар, ұғым және белгілер, регламенттеу жатады. Олар белгілі бір саланың тауарының сапасын арттыру үшін қажет. Қазіргі кезде біздің елімізде машина саны артып келе жатыр. Көптеген автомобильдер жаңадан авто салондардан алынса, ал кейбіреулері ұсталған (б/у) көліктерді алады. Сол ұсталған автомобильдердің сату алдындағы жасалатын жұмыстарын арнайы мамандарылған орталықтарда жасайды. Бұл жұмыстарда автомобильдің ескірген жерлерін ауыстыру, сынған, майысқан жерлерін түзеу т.б жұмыстар атқарылады