- •Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі
- •Курстық жұмысқа арналған тапсырма:
- •1.1Бәсекелестік туралы түсінік
- •1.4 Техникалық қызмет көрсету және автокөлік құралдарын жөндеуге арналған мекеме туралы қысқаша түсінік.
- •II. Курстық жұмыстың экономикалық есептеу бөлімі
- •2.1. Сметалық шығындарды есептеу
- •2.1.1. №1Toyota Жетісу
- •2.2 Өндірістік жұмысшылардың қажеттілігін есептеу
- •2.2.1 №1 Toyota Жетісу өндірістік жұмысшылардың қажеттілігін есептеу
- •2.2.2 №2 Тжо Батыр Өндірістік жұмысшылардың қажеттілігін есептеу
- •2.2.3 №3 Тжо Арсенал Өндірістік жұмысшылардың қажеттілігін есептеу
- •2.3 Электроэнергияны есептеу
- •2.3.1 №1 Toyota Жетісу Электроэнергияны есептеу
- •2.3.2 №2Тжо Батыр Электроэнергияны есептеу
- •2.3.3 №3 Тжо Арсенал Электроэнергияны есептеу
- •2.4 Үстеме шығындар
- •2.4.1 №1 Toyota Жетісу үстеме шығындары
- •2.4.2 №2 Тжо Батыр үстеме шығындары
- •2.4.3 №3 Тжо Арсенал үстеме шығындары
- •2.5 Ғимараттың құны
- •2.5.1 №1 Toyota Жетісу ғимараттың құнын есептеу
- •2.4.2 №2 Тжо Батыр ғимараттың құнын есептеу
- •2.4.3 №3 Тжо Арсенал ғимараттың құнын есептеу
- •III. Курстық жұмыстың ұйымдастыру бөлімі 3.1 Жұмыс орнын ұйымдастыру
- •4.2. Автокөлік кәсіпорнындағы еңбектің қорғалуы
- •IV. Курстық жұмыстың еңбекті, қоршаған ортаны қорғау, техника және өрт қауіпсіздігі шаралары бөлімі.
- •4.1 Техникалық қауіпсіздік ережесі
- •Өрттің алдын алу шаралары
- •Өрт сөндіру тәсілдері
- •Өрт сөндіру құралдары
- •Өндіріс орындарындағы өрт
- •V. Курстық жұмыстың техникалық бөлімі 5.1.Автокөліктің калькуляциялық шығынын есептеу
- •5.2. Өзіндік қызмет көрсету бойынша жылдық еңбек көлемін анықтау
- •5.3. Өндірістік жұмысшылардың санын есептеу
- •5.3.1№1 Toyota Жетісу
- •5.3.2№2 Тжо Батыр
- •5.3.3№3 Тжо Арсенал
- •5.4. Жылдық экономикалық тиімділік
- •5.4.1№1 Toyota Жетісу
- •5.4.2№2 Тжо Батыр
- •5.4.3 №3 Тжо Арсенал
- •5.5. Капиталды қаражат салымын есептеу
- •5.6. Капиталды салымдардың өтемділік уақыты
1.1Бәсекелестік туралы түсінік
Бүгін сіз қандай да бір зат сатып алдыңыз ба? Мысалы, қалам немесе нан? Не сатып аласаңыз да бәсекелестік болмаса сізге қымбатқа түскен болар еді. Бәсекелестік еркін кәсіпкерлердің бір тармағы болып табылады. Ол сатушы мен сатып алушының қажеттілігіне қызмет етеді.
Бәсекелестік жағдайында нарықта өндіруші өз пайдасын жоғарлату үшін , өндісітік шығынды неғұрлым төмендетуге ұмьылады. Нәтижесінде өндіріс мөлшері ұлғайып , компания өз өнімінің бағасын төмендетіге қол жеткізеді. Осылайша өндіріс тиімділігін арттыра , отырып бәсекелестік бағаның төмендеуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар , бәсекелестік өндірушілердің өзі ұсыынп отырған тауарының сапасын жоғарлатып, тауарлар мен қызмет түрлерін түрлендіріп отырады. Тұтынушы қай фирманың шығарған өнімі сапалы екенін анықтайды, басқа бәсекелестеріне қарағанда бұл фирманың өнімі көбейеді.
Сәйкесінше бәсекелестікке төтеп беру үшін өндіруші жаңа тауардың және қызметтің түрлерін ойлап тауып нарықтың басым бөлігін жаулап алуға талпынады.
Бәсекелестік дегеніміз – бір текті өнімдер мен қызмет түрлерін көп мөлшердегі еркін сатып алушы мен сатушы болуын талап ететін және олардың әрқайсысының нарыққа енуіне және шығуына мүмкіндік беретін нарық жағдайындағы күрес. |
Өндіруші өткізу нарығында өз бәсекелесімен үнемі күрес жағдайында болуы шарт. Дамыған эканомика жағдайында бұл кұрес неғұрлым арзан бағаға сатылатын жоғары сапалы тауарлар мен қызметтің әр түрінің көбейюіне жол ашады. Бұл тұтынушы және қоғам үшін ұтымды болады.
Қазақстан эканомикасында бәсекелестік өндірістің көптеген салалары мен түрлеріне жеткілікті дамып отыр. Бәсекелестіктің дамуына мемлекет иелігіне алу, жекешелендіру,шетел капиталдарын тарту,шығын бизнес пен кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуі меен ұйымдастырылуына жағдай жасау белсенді әсерңн тигізеді.
1.2 Бәсекелестіктің қалыптасуы табиғаты Өндіріс және тұтыну қарама-қайшылықты құбылыс болып табылады. Өндіріс құрайды, ал тұтыну жояды. Қоғамдық өмір тауарлардың үздіксіз утилизациясымен тікелей байланысты болғандықтан, өндіріс те үздіксіз сипат алады. Яғни өндіріс пен тұтынушылық арасындағы қарама-қайшылықтардың табиғаты осыдан – үздіксіз біркелі даму және өндірісті, экономикалық процесстің жетілуі. өндіріс пен тұтынушылықтың қарама-қайшылықтарының кейбір ерекшеліктері бар. олардың пайда болу себептері: • Өндіріс негізінде (өндірістің өздігінен туындайды, қажеттіліктер оларды өтеу құралдарымен бірге туындайды және сайкестірілген өндірістік тұтынушылықпен байланысты); • Екінші жағынан - тұтынушылық – келешектегі тұтыну үшін идеалды өнімнің түрі болып табылады. Осы сапада олар тұтынудын және тұтынушылықтың негізінде пайда болды. Олардың пайда болуы себептерінен тұтынушылық айырбас, көпшілік инфляция, адамдар арасындағы басқа да байланыстар салдарынан неғұрлым мобильды сипатқа ие болады. Неғұрлым жетілген өмірлік құндылықтар жөнінде ақпарат өндірістің қарықынан қарағанда барынша жедел таралады. Осыған байланысты қоғамда тұтынушылықтардың артуы заңы таралады. Соы заңға сай адамдар қажеттіліктері санды және сапалы сипатқа ие болады. Экономикалық қажеттіліктер объективті себептерге ие болып және экономикалық прогресстің қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың материалдық қажеттіліктері негізінде олардың экономикалық мүдделері қызмет етеді. Экономикалық мүдделер деп адамдар назарының тұтынудың және иеленудің шынайы өмірлік және потенциалды объектілеріне бағытталуы. Яғни экономикалық мүдделер күнделікті өмір іскерлігіне адамдардың материалдық қажеттіліктерінің айқын көрінісі. Адамдардың экономикалық мүдделері өндіріс алдында өндіріс құралдарына, тұтыну заттарына, қызметтеріне өндіріске әлеуметтік тапысыры ретінде танылады. Өндіріске тікелей байланысатын форма ретіне экономикалық мүдделер өндірістің үздіксіз дамуы және үнемгі жетілудің стимулы болып табылады. Қоғам мүшесі ретінде кез келген адамға өзін-өзі айқындау және өзін-өзі бекітуге деген талпыныста тән. Адамлар өмірлік тіршіліктерінің басты саласы олардың еңбек іс-әрекеті болып табылады. Сондықтан да олардың өзін-өздерін бектіту және белгілеудің негізгі формасы еңбек процессінің басқа мүшелеріне қарағанда неғұрлым жоғары нәтижелерге жету болып табылады. Сондай нәтижелерге жету үшін адамдар еңбекте өзара бәсекелестікке, мамандығын көтеруге тырысады. Осы шараларға байланысты экономикалық прогресстің басты қозғаушы күші адамдардың өндірістік-шаруашылық процессте өзара бәсекелестік болып табылады. Адамзат еңбегі тұрақты түрде өзін-өзі бекіту және айқындау үшін ғана емес, сонымен қатар белгілі табыс табудың құралы болып табылады. Сондықтан барлық жағдайда еңбектің сылтауы тиімділеу және материалдық мадақтау қажет. Нарықтық экономиканың басты ерекшеліктерінің бірі – жеке меншік қатынастарына шарттас олардың эконмикалық оқшаулылық негізінде шаруашылық субъектілердің бәселелестігі боып табылады. Бәсекелестік – тауарларды өндеу, сату және сатып алу үшін нарықтық шаруашылықтың мүшелері арасында неғұрлым жақсы жағдайлар үшін бәсекелестік болып табылады. Нарықтық механизміндегі адамдардың шаруашылық-өндірістік қызметі негізіндегі олардың ара-қатынстарын салдарына байланысты. Сонымен экономикалық бәсекелестіктің пайда болуын келесі жағдайлары анықталады: • Экономикалық қатынстарда өндіріс құралдарымен жұмысшылардың экономикалық тұрғыдан бірлесуін нәтижесінде пайда болады; • Экономикалық қатынстарда өндірістік процессті ұйымдастыру жағдайында туады; • Экономикалық қатынастарда өндіріс нәтижелерін қолдану және иелену жағдайларында пайда болады. Адамдар арасында экономикалық бәсекелестік объективті, яғни олардың санасы мен еркіне байланысты емес, себебі олаодың шаруашылық-өндірістік іс-әрекеттері объективті. Бәсекелестік экономикалық тұрғыдан ғылыми-техникалық прогрессті стимулдайды, ол өндіріске неғұрлым жетілген технологияларды еңгізуге, сонымен қатар ресурстарды неғұрлым рационалды трде жұмсауға өндірушілерді итермелейді. Ол тауар өндірушілердің инициативаларын олардың шаруашылық-өдірістік іс-әрекетінің неғұрлым жоғары нәтижелерімен мадақтайды, сонымен қатар өндірісті-шаруашылық саладан инертті, инициативасыздарды олардың кедейленуі және құлдырауыарқылы ығыстырып тастайды. Осы сияқты сапалардың арқасында бәсекелестік нарықта ғылыми-техникалық прогресстің басы қозғаушы күштерінің бірі болып табылады.
