Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Иман курсач сдать (Восстановлен).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146.42 Кб
Скачать

III. Курстық жұмыстың ұйымдастыру бөлімі 3.1 Жұмыс орнын ұйымдастыру

Автокөлік кәсіпорнының техникалық қызметі қосымша бөлшектер және агрегаттармен, жану-майлау материалдарымен жабдықталған қозғалмалы құрамға техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарының кешенін ұйымдастырад.

Техникалық қызметтің атқаратын ісі қозғалмалы құрам минималды материалдық және еңбек шығынмен қолданылуы кезінде оның тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Осы мақсатта техникалық қызмет алдын ала жоспарланады. Техникалық қызмет парктің қабілеттілігі мен санын, автокөліктердің қолданылу жағдайларын, материалды-техникалық базаның жағдайын, жұмысшылардың біліктілігін ескере отырып ұйымдастырылады.

Техникалық қызметтің мақсаты:

1.Ұйымдастыру және басқару аймағында:

- автокөліктің ұдайы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін көрсетілетін ТҚ жоспарын жасау. Осы нысанда:

- жылжымалы құрамның күрделі жөндеуінің және техникалық қызметінің жылдық, кварталдық және айлық жоспары жасалады;

- қызмет көрсетудің техникалық процессі мен ұйымдастырылуы жетілдіріледі;

- автокөліктің жұмысы сенімді болуы үшін жүргізушілер құрамы техникалық дайындықпен қамтамасыздандырылады;

- тоқтаусыз ТҚ сапасын басқару іске асырылады;

2. Техникалық қызметке белгіленген есеп және жауапкершілік болады.

3. Технология аймағында іске асырылады:

- жылжымалы құрамға көрсетілетін техникалық қызметтің процессі;

- жұмыс мөлшерін азайтып, сапасын арттыру мақсатында диагностика жасау және ТҚ жұмыстарының регламенттері қайта қаралады;

- өндірістік процесстердің жаңа механикаланған және автоматтанған құралдарын енгізу және олардың жұмысын нормалайтын оптималды жағдайлар жасау;

- материалдық-техникалық қызмет жүйесі жұмысын және ағымдық жөндеуді қамтамасыз етеді. Осы мақсатта керекті материалдық және техникалық құрал-саймандардың қажетті есептері жасалады және оларға тапсырыс беріледі. Жұмыс орны – бұл жұмыс процессінің 3 элементі: еңбек объектілері (жөнделетін зат), еңбек жабдықтары (қондырғылар, саймандар) және еңбектің өзі (адамның) бірігетін бастапқы өндіріс буыны. Ол нақты жұмысы бар атқарушы тобынан тұратын белгілі бір өндірістік аумақтың бөлімшесі.

Жұмыс орнын ұйымдастыру өте маңызды және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруде басты бағыттарының бірі.

Жұмыс орнын ұйымдастыруға әсер тигізетін басты фактор – технологиялық процесстің мінездемесі және өндірісті ұйымдастыру. Олар жұмыс орнындағы операцияларды, құрал-саймандармен жабдықталуды, жұмыс орнынының қызмет көрсетуін, жоспарлауын белгілейді.

Құрал-саймандармен жабдықталу өндіріс сипатына және орындалатын жұмыс түріне тәуелді. Әдетте жұмыс орны келесі заттармен жабдықталады:

- негізгі технологиялық қондырғылар;

- негізгі технологиялық жабдықтар;

- еңбек заттары;

- қосалқы қондырғылар мен жабдықтар;

- өндіріс жиһазы;

- жұмыс орнын және еңбек заттарын күтуге арналған құрал-саймандар;

- сигнал беру жүйесі, байланыс, жарықтандыру және вентиляция құрылады.

Аспаптар, құрал-саймандар және жөндеу объектілері жұмысшының артық қимылын және жүрісін тудырмайтындай етіп орналасу қажет. Бәрі «қол астында» болу керек. Бірінші болып қолданылатын материалдар, детальдар және жиі қолданылатын құрал-саймандар жақын жерде орналасу керек. Оң қолмен алынатын заттар – оң жақта, ал сол қолмен алынатын заттар – сол жақта. Әрбір аспап пен сайман қолданылғаннан кейін өз орнына қойылу тиіс. Жинау кезіндегі детальдар мен жөндеу объектілері жұмысшының көз аясында болуы керек.

Жұмыс орнына қызмет көрсету – еңбектің өнімділігін арттыратын маңызды шара. Қызмет көрсету алуан түрлі болады, көптеген тұлғалардың және жұмысшының өзі қатысуын талап етеді.

Жұмыс тоқтамау үшін жұмысшыларды уақытылы керекті детальдармен, агрегаттармен, қондырғылармен, аспаптармен, құрал-саймандармен және материалдармен қамтамасыз етіп тұру керек. Жөнделетін объектілердің сапасын, тазалығын қадағалау қажет және қоқыстарды шығарып тұру керек.