Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
басы 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
354.4 Кб
Скачать
    1. Жылдық жұмыс мөлшерін анықтау.

Автокөлік ұйымының жылдық жұмыс көлемін адам/сағ. көрсеткіші бойынша анықтайды. Оған АТҚ, ТҚ- 1, ТҚ-2 және кәсіпорынның өз жұмыстарын орындау жатады.

АТҚ, ТҚ-1, ТҚ-2 жылдық жұмыс мөлшерін есептеу жылдық өндірістік жоспарға байланысты. АЖ-дің жылдық мөлшерін жүрген жолға және меншікті еңбек қажеттілігіне 1000 шақ. жүрген жолға бөлінген тиесілі еңбекке байланысты анықтайды. Ол арнаулы кестеде беріледі.

АТҚ көрсету жұмысының еңбек қажеттілігі төмендегі формула бойын- ша анықталады:

(28)

(29)

мұндағы: - АТҚ көрсетудің нормативтік еңбек қажеттілігі;

К2 - жылжымалы құрамдардың түрлерін ескеретін коэффициент;

К5- автопарктегі автомобильдер санын ескеретін коэффициент;

Км - АТҚ көрсету жұмысын механикаландырудан еңбек қажеттілігінің төмендеуін ескеретін коэффициент;

М - механикаландырылған тәсілмен орындалатын АТҚ жұмыс бөлігі, %.

М мағынасы АТҚ көрсету операцияларының механикаландырылу дәрежесіне байланысты қабылданады.

t АТҚ=10*1,6*0.9*0.7=10, 08 адам/сағ

KM=1-(30/100) =0.7 адам/сағ

Жобаланатын автопарктің жылжымалы құрамдары үшін (ТҚ-1, ТҚ-2) түзетілген еңбек қажеттілігі төмендегіше анықталады:

(30)

мұндағы: - ТҚ-1 немесе ТҚ-2 жұмыстарының еңбек қажеттілігі, адам/сағ.

ti=0.7*1*0.9=0.63 адам/сағ

АЖ-дің түзетілген еңбек қажеттілігі:

(31)

мұндағы: -АЖ-дің 1000 шақ. жүрген жолға есептелген еңбек қажеттілігі;

К1 К2 К3 К4 К5 - түзету енгізетін көэффициенттер.

tTPH= 70*0.8*1*1*1.6*0.9=80,6 адам/сағ

14

2. Жобаның ұйымдастыру бөлімі

Автокөлік кәсіпорнының техникалық қызметі қосымша бөлшектер және агрегаттармен, жану-майлау материалдарымен жабдықталған қозғалмалы құрамға техникалық қызмет және жөндеу жұмыстарының кешенін ұйымдастырад.

Техникалық қызметтің атқаратын ісі қозғалмалы құрам минималды материалдық және еңбек шығынмен қолданылуы кезінде оның тоқтамай жұмыс істеуін қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

Осы мақсатта техникалық қызмет алдын ала жоспарланады. Техникалық қызмет парктің қабілеттілігі мен санын, автокөліктердің қолданылу жағдайларын, материалды-техникалық базаның жағдайын, жұмысшылардың біліктілігін ескере отырып ұйымдастырылады.

Техникалық қызметтің мақсаты:

  1. Ұйымдастыру және басқару аймағында:

- автокөліктің ұдайы жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін көрсетілетін ТҚ жоспарын жасау. Осы нысанда:

- жылжымалы құрамның күрделі жөндеуінің және техникалық қызметінің жылдық, кварталдық және айлық жоспары жасалады;

- қызмет көрсетудің техникалық процессі мен ұйымдастырылуы жетілдіріледі;

- автокөліктің жұмысы сенімді болуы үшін жүргізушілер құрамы техникалық дайындықпен қамтамасыздандырылады;

- тоқтаусыз ТҚ сапасын басқару іске асырылады;

2. Техникалық қызметке белгіленген есеп және жауапкершілік болады.

3. Технология аймағында іске асырылады:

- жылжымалы құрамға көрсетілетін техникалық қызметтің процессі;

- жұмыс мөлшерін азайтып, сапасын арттыру мақсатында диагностика жасау және ТҚ жұмыстарының регламенттері қайта қаралады;

- өндірістік процесстердің жаңа механикаланған және автоматтанған құралдарын енгізу және олардың жұмысын нормалайтын оптималды жағдайлар жасау;

- материалдық-техникалық қызмет жүйесі жұмысын және ағымдық жөндеуді қамтамасыз етеді. Осы мақсатта керекті материалдық және техникалық құрал-саймандардың қажетті есептері жасалады және оларға тапсырыс беріледі