- •1.Агробизнес түсінігіне анықтама беріңіз
- •2. Агробизнестің экономикалық мазмұнын және нысанын сипаттап жазыңыз
- •3.Агробизнес ғылымының пәні және басқа ғылымдар арасындағы ролін көрсетіңіз
- •4. Агробизнес курсын зерттеу әдістеріне анықтама беріңіз
- •5. Агробизнес курсының пәнін, әдісі мен міндеттеріне анықтама беріңіз
- •6.Ауыл шаруашылық кәсіпорындары – агробизнестің негізгі өндірістік құрылымын өз бетіңізше түсіндіріңіз
- •7.Меншік түсінігіне анықтама беріңіз
- •8.Ауыл шаруашылығындағы меншік түрлері мен нысандарын сипаттап жазыңыз
- •9. «Жер туралы» Заңды қолдану тәртібі, құрылымын сипаттап жазыңыз
- •10.Жер нарығын сипаттап жазыңыз
- •11.Еңбек нарығы түсінігіне анықтама беріңіз
- •12.Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін сипаттап жазыңыз
- •13.Еңбек өнімділігі көрсеткіштеріне анықтама беріңіз
- •14.Агроөндірістіккешен интеграциясының формаларын анықтаңыз
- •15.Ауыл шаруашылық инфрақұрылымының қалыптасуын сипаттап жазыңыз
7.Меншік түсінігіне анықтама беріңіз
Кәсіпорыңдардың әртұрлі ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын құрудың негізі — меншік түрлерінің алуан тұрлілігі (многообразие) болып табылады.Меншік тұріне байланысты кәсіпорындардың мынадай тұрпаттарын ажыратады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар, олар экономиканың қоғамдық бөлігін (секторын) көрсетеді; жекеше кәсіпорындар-экономикалық жекеше бөлімін танытады; ал меншіктің аралас тұрінің кәсіпорындары ерекше топты құрайды.
8.Ауыл шаруашылығындағы меншік түрлері мен нысандарын сипаттап жазыңыз
Ауыл шаруашылығында өндірісті ұйымдастырудың осы тұрі бойынша шаруашылык, аграрлық кәсіпорындар мен бірлестіктер, жекешелендірілген ірі кеңшар негізіндегі өндірістік бірлестік, кұс фабрикасы және акционерлік қоғамның басқа түрлері құрыла алады. Ғылым және қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғандай, жерді, еңбекті, техниканы, сондай-ақ қарқындандырудың басқа факторларын да үтымды қолданудың және осының негізінде өнімді молайту мен ауыл шаруашылық өндірісі тиімділігін арттырудың сенімді жолы — еңбектің одан өрі бөлінуі мен шаруашылықаралық кооперацияШаруашылық кооперация кезшде ауыл шаруашылық өндірюі салалары индустриялық негізгі көшіріледі, ал кәсіпорындардың өзінде қалдырылған салалар олардың жалпы саны юыскдртылуы нәтижесінде неғұрлым шоғырлана түседі.Кооперацияның мақсаты - ауыл шаруашылық өнімін өндіруді ұлғайту, еңбек өнімділігі мен негізгі және айналмалы кэржыларды пайдаланудың тиімділігін арттыру. Бірлестіктер ауыл шаруашылық өндірісін дамытудың жалғыз шаруашылықтың қолынан келе бермейтін мәсе-лелерін бірлесіп шешу үшін құрылады. Бірлестіктердің бұл түрлері ішкісалалық кооперациялауды, яғни бір саланың шеңберінде — ауыл шаруашылық өндірісіндегі кооперация-лауды білдіреді.
9. «Жер туралы» Заңды қолдану тәртібі, құрылымын сипаттап жазыңыз
"Жер туралы" Заң 13 тараудан тұрады:
1.Жалпы ережелер. Мұнда жер туралы заң, жерге меншік құқығы, жерлердің
құрамы, жер иемдену мен жер пайдалану негіздері, жер салығы мен жердің аренда ақысын анықтау тәртібі мазмұндалған.2. Жер иемденушілер мен жер пайдаланушылардың қүқық-тары мен міңцеттері. Жер пайдаланушылар мен жер иемдену-шілер жердің арналуына сәйкес шаруашылық іс-ерекетгі дербес жүргізуге кұқылы, өнімге дербес иелік етеді, үй-ғимарат және алуан құрылыс сала алады, сондай-ақ жерді ұғымды пайдалану мен қорғау жауапкершілігін арқалайды.3. Азаматтардың жер иемденуі мен жер пайдалануы. Жер учаскелері республика азаматтарына шаруа қожалықтарын, қосалқы шаруашылықгарды, саяжай мен тұргын үй құрылысын және баскзларды жүргізу үшін өмірлік және мұра етіп иемдену беріледі деп анықталған.4. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер. Жер құрамы, суландырылған, шалгандық және жайылымдық алқаптарды пайдалану төртібі, жерді әртұрлі кәсіпорындарға беру және пайдалану реті айқындалған.5. Тұрғын мекендер жері. Олардың пайдаланудың құқықтық негіздері мен тәртібі.6. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері. Оларды пайдалану ерекшеліктері мазмұндалған.7. Табиғат қорғау, жақсарту, тъщайту, тарихи-мәдени мақсат-тағы жерлер. Оларды үлъшды пайдаланудьщ заңцылық негіздері келтірілген.8. Орман қоры, су қоры мен мемлекеттік қордың жерлері, мұндай жерлерді пайдалану мен иемденудің ерекшеліктері белгіленген.9. Жер қорғау мен оның орындалуын бақылау. Жер қорғау-дың мақсаты, мағанасы мен тәртібі анықгалған, экологаялық талаптар, топырақга химиялық заттардың ең шекті мүмкін шоғырлану нормативтері, жерді пайдалану мен қорғауды бақылау мазмұндалған.10. Жер иемденушілер шеккен зияндар мен ауыл шаруа-шылығы және орман шаруашылығы өңдірісі шығындарының орнын толтыру.11. Жер кадастры және жерге орналастыру. Жердің сапасы мен санын есепке алу, топырақ сапасын айыру мен жерді экономикалық бағалау тәртібі келтірілген. Жерге орналас-тыруды кім және қалай жүзеге асыруға тиіс. Жерге орналас-тыру жобаларын қарастыру мен бекіту тәртібі.12. Жер дауларын шешу және жер туралы заңцы бүзғаны үшін жауапкершілік.13. Халықаралық шарттар. Мұнда қатысушы - Қазақстан болып табылатын халықаралық шартта басқа тәртіп көзделген болса, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылатыны ескерілген.
