Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жай сурактар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
146 Кб
Скачать
☆

5. Агробизнес курсының пәнін, әдісі мен міндеттеріне анықтама беріңіз

Тадау және синтез. Бұл әдіс бойынша әуелі әрбір фактор немесе құбылысты жеке зерттеп талдайды, ал агробизнестің барлық саласына толық сипаттама беру үшін объектінің жеке элементтерін ойынмен біріктіру керек.

Индуктивті әдіс – жеке факторлардың негізінде жалпы қорытындыға келу, яғни жекешеден жалпыға қарай жүру.

Дедуктивті әдіс – керісінше, жалпыдан жеке факторларды бөліп алып зерттеу.

Тарихи әдіс – нақты құбылыстардың даму процесстердің тарихи тәртіппен динамика түрінде дамуын зерттеу. Тәжірибелі әдіс – бұл әдіс табиғи ғылымдарды зерттеудің негізі, ал экономикалық өзгерістерді зерттеу барысында қосымша болып есептелінсе де агробизнесте үлкен рөл атқарады. Айталық, ауыл шаруашылығында экономикалық реформаларды жүргізу барысында көптеген нарықтық жүйедегі шаруашылық формалар пайда болуда. Олар:Шаруа қожалықтары,Кооперативтер,Акционерлік қоғамдар т.б.

Статистикалық әдіс – бұл әдісті қолдану арқылы кейбір экономикалық, техникалық, табиғат және ұйымдастыру факторларының өндіріс нәтижелеріне тигізетін әсері, сонымен қатар қолайлы шоғырландыру, мамандандыру, интенсивтендіру сияқты факторларының деңгейі анықталынады.

6.Ауыл шаруашылық кәсіпорындары – агробизнестің негізгі өндірістік құрылымын өз бетіңізше түсіндіріңіз

Мемлекетгік кәсіпорындар — бұл асыл тұқымды мал өсірумен және аса сапалы тұқым өндірумен айналысатын мемлекеттік шаруашылықтар. Ғылыми-зерттеу мекемелері мен мемлекетгік оқу орындарының оқу және тәжірибе шаруашылықтары да осыған жатады. Жекеше кәсіпорындар — иелерінің санына карай, кәсіпорынның іс-әрекетіне деген жауапкершілігі бойынша және кәсіпорынның жалпы капиталына жекедара капиталын қосу тәсілі бойынша ажыратылады.Қазақстанның агробизнесінде кесіпорынның мынадай ұйымдастырушыпық-құқықтық түрлері анағұрлым кең таралған: — жауапкершілігі шектеулі серіктестік ,жауапкершілігі шектеулі серіктестік ,толық серіктестік; аралас (командитті) серіктестік, акционерлік қоғам,өндірістік кооператив; шаруа қожалықтары;азаматтардың жеке шаруашылықтары.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Ауыл шаруашылығында мұндай кәсіпорынды кұрудың негізгі кәсіпорын-ның жарғылық капиталына құрылтайшылардың үлестік қатысуы болып табылады.Толық серіктестік те өз мүшелерінің үлестік (пай) меншігі негізінде кұрылған, алайда серіктестіктің барлық мүшелері іс-әрекеттің нәтижелеріне өзінің жеке мүлкімен толық жауап береді. Бұл негізінен кәсіпкерліктің серіктесушілік тұрі.Аралас (коммандитті) серіктестік, ол да қатысушылардың үлестік меншігіне негізделген. Алаңда олар (катысушылар) серіктестіюгің толық мүшелеріне және салымшы мүшелеріне бөлшеді. Акционерлік қоғам (корпорация). Корпоративті капитал негізінде құрылған занды (юридициялық) тұлға болып табылады. Акшалай қаржы — акциялар шығару және сату жолымен, негізгі капитал жекешелендірілген мемлекеттік меншікті сатып алу есебінен құрылады. Мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын (кеңшарларды) қайтадан ұйымдастыру кезінде кәсіпорындардың мүлкі оның қызметкерлеріне үлестер бөліп беру жолымен ұжымдық-үлестік меншікке айналдырылуы мүмкін, яғни акционерлік кәсіпорын болады.