Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
euro.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.36 Кб
Скачать

25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.

Бүгінгі күні қазақтың ұлан-ғайыр даласының дәл төсінде бой көтерген Астана қаласы еліміздің ұлы мұраттары мен игі бастамаларыныңұйытқысына айналса, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейлі заманауи жоғары оқу орны болыпсаналады.Ұлттық білім ордасын Еуразияның бел ортасында орналасқан Қараөткелде ашуды жоспарлаған алаш зиялылары білім және ғылым саласытурасында «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасының «Ғылым-білім үйрету» деп аталынатын ІХ бөлімінде оқу орындарында білім алужалпы халыққа қол жетімді, әрі тегін болуын, бастауыш мектептерде ана тілінде оқыту, ұлттық орта мектептер мен университет ашуқажеттігін көрсете келе, одан әрі: «оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкмет оқу ісінде кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өз арасайлаумен қойылуы» деген оқу-білім мәселесіне қатысты белгілеген басты бағыттар қазіргі күнгі әлемдік білім беру деңгейіне сәйкес келетіннегізгі талаптар екендігіне көз жеткіземіз. Ендеше, біздің ұлттық зиялыларымыз осыдан 90 жыл бұрын озық тәжірбиелі шетелдік білім беружүйесін таңдаған. Өйткені, Алаш идеологиясының түпкі мәнісі «Жұртта білім болса, байлық, құрмет, барша рахат та табылмақшы. Егердебілім, өнер жоқ болса, дүниедегі кеңшіліктің бәрінен де құр қалып, көрінгенге жем болып, шөліркеп, азып-тозып бітпекші» дегенге сайыпкелді.«Алаш» ұстанымы - халық ұстанымы, ұлт ұстанымы. Қазақ қанша өмір сүрсе «Алаш» сонымен бірге өмір сүретін болады.

11. Посткеңестік кезеңдегі жаңа еуразиялық бастаманың мән-маңызы

Кеңес үкіметі кезінді әрине еуразиящылдардың еңбектері қайта басылынған жоқ. Жалпы еуразияшылдық идесы КСРО-да көп мәлім болмады. Тіпті КСРО-да еуразияшылдар ұйым құрмақ болғанда, оларды кеңестік барлау органдарымен арнайы «Трест» деген операция жүргізілген болатын. Чол кезде кеңестік арнайы органдар қызметкерлері де

еуразияшылыдық туралы түсініктері болмаған. Не болмаса оларда көбінесе бұрмаланған пікір қалыптасты. Еуразияшылдардың еңбектері тек қана қайта құру жылдарының соңында жариялау мүмкін болды. 1990 жылы«Вопросы языкознания» журналының №2- де Н. С. Трубецкойдың «Общеславянский элемент в русской культуре» деген мақаласы жарияланды, осы жылы №4,5,6 және 1991 жылы"Вестник МГУ (серия 9 (филология)) журналының №1,2,3,4-де Широковбастамасымен келесідей еуразияшылдардың еңбектері жарыққа шықты: Н. С. Трубецкойдың «К украинской проблеме», «О туранском элементе в русской культуре», "предисловие к сборнику «Исход к Востоку», «Об истинном и ложном национализме». «Верхи и низы русской культуры (этническая основа русской

культуры)», «Религии Индии и христианство» и «Наследие Чингисхана (взгляд на русскую историю не с Запада, а с Востока)», П. П. Сувчинскийдің «Типы творчества (памяти А. Блока)». 1991 жылы «Новый мир» журналының №1 Карсавингің«Государство и кризис демократии» и работу Флоровского «Евразийский соблазн» (публикация Соболева )атты мақаласы шықты. Сонымен қатар, көрсетілген жылы «Литературная учебаның» №6 нөмірінде Трубецкойдың «Религии Индии и христианство», «Об истинном и ложном патриотизме», «О расизме»деген еңбектері қайта басылды.1991 жылы «Философские науки»журналының №12 нөмірінде П. Н. Савицкийдің «Евразийство» деген бағдарламалық мақаласы жарық көрді.1992 жылы «Нашего современник» журналының №№2,3 нөмірлерінде Савицктйдің «Евразийство», «К преодолению революции»,Трубецкойдың «Мы и другие», «К украинской проблеме», Вернадскийдың «Два подвига Св. Александра Невского»атты еңбектері басылды.Осы жылы «Вопросы философии» журналының 2 нөмірінде Карсавин мен Кожевниковтың «Философия и ВКП» деген ортақ атпен жарықкөрді.1992жылы «Пути Евразии. Русская интеллигенция и судьбы России»атты кітап(құрастырушыИ. А. Исаев) жарияланды. 1993 жылы Мәскеуде Н. Клепининнің «Святой и благоверный великий князь Александр Невский» (бірінші басылым — Париж, 1927)еңбегі шықты. 1995 жылы аталған басылымда жаңаантологияжарияланды, лгы құрастырушылар — Новиковпен Сиземсктй: "Мир Россия-Евразия. М,1995., Г. Флоровский«О народах неисторических (страна отцов и страна детей)», Сувчинского «Сила слабых», Савицкий«Подданство идеи»и «Географический обзор России-Евразии», Трубецкой «Вавилонская башня и смешение языков», Алексеев «Советский федерализм»,Бромберг «Еврейское восточничество в прошлом и будущем». 1997 жылы«Беловодье» басылымында «Русский узел евразийства. Восток в русской мысли. Сборник трудов евразийцев» жарық көрді. 1999 жылы Мәскеуде «Политическая история русской эмиграции. 1995 жылдан бастап еуразияшылдардың еңбектері шыққан болатын. Мәселен, Н. С. Трубецкойдың «История. Культура. Язык»кітабы. 1997 жылы «Добросвет» баспасында «Исход к Востоку» қайта жарияланды. Сондай-ақ, П. Н. Савицкийлің «Континент Евразия» атты еңбегі жарыққа шықты. 1999 эылы Трубецкойдың «Наследие Чингисхана» атты кңбегі қайта басылды. Срңғы жылдары «Аграф» баспасынан Бромбергтің «Евреи и Евразия», (М., 2002) және Э. Хара-Давананың «Русь монгольская» (М.,2003) және «Чингисхан как полководец» шықты. 2000 жылы Санкт-Петербургте «Лань» баспасында Г. В. Вернадсктйдың «Начертание русской истории» және Савицкийдің «Геополитические заметки по русской истории»мақаласымен қосымша жарияланды.

26 ХХ ғ. 20-30 жылдарында еуразияшылдық идеясының қалыптасу алғышарттары. Орыс еуразияшылдары Батыстануға, яғни атлантизмге қарсы тұрса, екінші жағынан еуразияшылдық идеясын бұрынғыша ықпал етудің идеологиялық құралына айналдырғысы келеді. Осы арада басын ашып алу керек, еуразияшылдық идеясының екі кезеңі бар. Біріншісі, 1920-жылдары Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий, Г.В.Вернадский дамытқан философиялық ой-пікірлер жүйесі болса, екінші кезеңін – 1990 жылдары Белгілі тарихшы Лев Гумилев атап өткендей: «ішкі Еуразия халқы славян-тұрандық қауымдастығымен көзге түседі, яғни қауымдастық жай этникалық қа на емес, суперэтностық мәнге ие» орасан зор кеңістік болып табылады. Онда батыс еуропалық, славяндық, түркілік этномәдени құндылықтарды топтастырған әр алуандылық байқалады. Сарапшылар арасында Еуразиялық одақты баяғы КСРО-ға қайта оралу деп бағалайтындар да жоқ емес. Алайда қайта оралу емес, интеграциялық қайта жаңғыру деп түсінген жөн. Бұл әлемде қалыптасқан дәстүр. Мәселен, Еуропалық одақта – 27 ел, 1999 жылдан бастап құрылған Африкалық одақта – 53 мемлекет бар. Еуразиялық идея теориядан шынайы практикалық кезеңге өтті деу қиын. Дегенмен бұған дейін әртүрлі деңгейде, әскери жағынан ҰҚШҰ-ға, экономикалық тұрғыдан ЕуразЭҚ-қа, саяси мүдде жағынан ШЫҰ-ға, АӨСШК-ке интеграциялану үрдісі жүзеге асты. Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссияға бүкіл ТМД-ның ЖІӨ-нің 94 пайызы, сауда айналымының 88 пайызы тиесілі екен. Посткеңестік елдер арасында «біз еуразиялықпыз!» деген ұстаным санаға дендеп еніп келеді.Қазақстан басшысы жиі көтеріп жүрген жаңа интеграциялық ұйым құру, жаңа аймақтық валюта қалыптастыру жөніндегі ойлары Еуразиялық одақтың алғышарты болса керек. Бұл үшін Еуропалық үлгіде Еуразиялық одақтың атқарушы комитеті мен жалпы парламент, әр сала бойынша комиссиялар құру керек.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Еуразиялық одақ құрудың төрт принципті мәселесі бар. Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады. Екіншіден, көпқабатты және түрлі жеделдіктегі интеграция идеясы. Үшіншіден, қауіпсіздікті бір ғана елдің күш-жігерімен қамтамасыз ету мүмкін емес, аймақтық қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі.Еуразиялық одаққа бес қадам:Бірінші:1994 жылы 29 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуде ТМД қатысушыларына тұңғыш рет Еуразиялық одақ құрутуралы бастама көтерді. Екінші қадам: 1995 жылы Қазақстан, Ресей, Белоруссия президенттері Кедендік одақ құру туралы келісімге қол қойды. Кедендікодаққа 1996 жылы Қырғызстан, 1999 жылы Тәжікстан қосылды. Үшінші қадам: 2000 жылы Бішкекте Кедендік одаққа кіретін Қазақстан, Ресей, Бело руссия, Қырғызстан, Тәжікстанның мемлекет-аралық кеңесінде жаңа халықаралық ұйым – Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.Төртінші қадам:2002 жылы Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Орталық азиялық ынтымақтастықұйымын құру туралы келісімге қол қойды. Бесінші қадам: 2003 жылы Мәскеуде төрт мемлекет басшылары – Қазақстан, Белоруссия, Ресей, Украина басшылары бірыңғайэкономикалық кеңістік құру туралы келісімге қол қойды.

17. Көне қытай мәдениеті Б.з.б. 6 – 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа). Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған. Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б.з.б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б.з.б. 720 жылы жазылған. Б.з.б. 138 – 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы» арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде (960 – 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап – «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды. Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 – 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б.з.б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс – Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі – қағаз жасау (2 ғ.). Кітап шығару тарихы Қытайда 5 – 6 ғасырларға саяды. Қытайда кітапты 2 түсті баяумен басу 1340 жылы жүзеге асырылды. 20 ғасырдың басына дейін Қытайда оқу жүйесі ертедегі классик. конфуцийшілдік діни кітаптарды оқытуға негізделіп келді. 1902 – 03 жылы оқу жүйесінде тұңғыш реформа жасалып, еуропалық үлгідегі мектеп жүйесі қалыптасты. 1953 жылдан негізгі ғылыми бағыттардың бірі ядролық физика мен энергетика саласындағы зерттеулер болды. 1964 жылы қазанда Қытайда тұңғыш рет ядролық құрылғы сыналды (жер бетінде). Ал 1967 жылы маусымда бірінші рет термоядролық құрылғы сыналды. 1966 жылы кезекті атомдық сынау кезінде басқару тетігі бар ракета қолданылып, ол бірнеше жүз километр қашықтыққа ұшты. 1970 жылы Қытай бірінші рет Жердің жасанды серігін (ЖЖС), ал 1971 жылы 2-ЖЖС-н ұшырды. Әдебиеті 3 мың жылдық тарихы бар Қытай әдебиетінің алғашқы поэтикалық ірі туындысы – «Шицзин» («Жыр кітабы», б.з.б. 11 – 6 ғасырлар) халық жырларының жиынтығы. Көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), «Чуньцю» («Жылнама»), филосафиялық трактаттардан «Чжуан-цзы», «Сюнь-цзы», тағы басқа шығармаларды атауға болады. Тан дәуірінде поэзия мен новелла дамыды. Юань әулеті (1289 – 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа Қытай әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 – 1936) болды. 1921 – 22 жылы реалистік және романтик. бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; «Мысықтар шаїары», 1972, тағы басқа) Өнері Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда болды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар сақталған. Инь мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь мемлекеті (б.з.б. 221 – 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі бөліктері салына бастады. Тан (618 – 907) және Сун (960 – 1279) мемлекеті дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Қытай музыкасы дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 – 6 ғасырлардағы жазбаларда кездесетін «юэ» (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу өнері деген ұғымдарды да қамтыған. Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде 100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті – сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы – барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері «байси» («жүз ойын-сауық») ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың жазба ескерткіштерінде «чан-ю» («әнші актер»), «пай-ю» («қуақы», «комик») деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғасырлар) ән мен бидің сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер дайындайтын «Алмұрт бағы»(«Лиюань») атты театр мектебі құрылды. 17 – 19 ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, тағы басқа құрылды.19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз. драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы цзинсида толық қамтылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]