Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
euro.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.36 Кб
Скачать

80. Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандық жол" еңбегі

Қазақстан Президентінің кітабы еліміздің жаңа тарихының ең қиын да жарқын кезеңдері туралы баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы жас,Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасу жолындағы қадамдарынан сыр шертеді. Бұл Қазақстанның2030 жылға дейінгі даму Стратегиясыныңжұмысы, ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай және газ желілері қорын игере бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банкжүйесін құру болып табылады.

Өткен жылдардың нақты деректерін, елдің ресми емес анық-қанығын, түрлі заңдар мен реформаларды қабылдау үрдісін, Қазақстан мемлекетінің құрылысындағы практикалық тәжірибені, сондай-ақ Әзірбайжанда біздің республикамызбен байланысты оқиғалар қатарын қамтитын бұл кітап әзірбайжан сарапшыларынан жоғары бағасын алып үлгерді.

Әсіресе, Парламент депутаты Валид Ахмедовтың айтуы бойынша, бұл кітапты жазудағы мақсат - түрік халықтарының бір-бірін жақсы тануыүшін ықпалдастығын қамтамасыз ету болып табылады. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас өзара танудың арқасында екі елдің игілігі үшін дамитын болады.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың болашақты болжай білу қабілеті мен даналығына деген таңданысын білдіріп, жалпыұлттық көшбасшы Гейдар Әлиевтың: «Мен Қазақстан және оның сәтті дамуы үшін еш алаңдамаймын, өйткені оның Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көрнекті көшбасшысы бар», деген сөзін келтірді.

Олжас Сүлейменов- көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі дипломат әрі саясаткер, әлемдік тұлға, ұлттардың дәнекері, белгілі ақын. Ол 1936 жылы 8 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетініңгеология факультетін 1950 жылы бітірген. Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының аударма бөлімінде оқыған. Олжас Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінде

бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлік-редакция алқасының бас редакторы болып қызмет істеген. 1983-1991 жж. Қазақстан жазушылары Одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қаз КСР-і Жоғары кеңесінің Х, ХІ шақыртылымдарының депутаты, КСРО Халық депутаты болған.1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты. 1995 Италияда, 1996

жылдан Грекия Республикасы мен Мальта республикасында Өкілетті және Төтенше елшісі болды. Оның тұңғыш өлеңдержинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О.

Сүлейменов есімін әлемгепаш етті.Сондай-ақ, оның "Нұрлы түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964), "Мешін жылы" (1967), "Қышкітап" (1969), т.б. өлеңдержинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты (1986).1961 жыл жас талапкер үшінәдебиғарышқасамғау жылы болды. "Арғымақтар" және "Адамға табын, жер, енді" атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қайтақырыпта сөз қозғасада, Олжас туындылары өткіртартысқа құрылыпотырады. Осыдан келіп

ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндікасқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі.

1975 жылы О. Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» зерттей келе, өзіндік ғылыми тұжырым жасады. Яғни, бұлжырдың түркі және славян мәдениеттерінің өзара ықпалы нәтижесінде туған шығарма екенін дәлелдеді. Кеңес идеологтары О. Сүлейменовтың тұжырымдарын пантюркистік және орыс мәдениетіне қарсы жазылған ұлтшылдықтың көрінісі деп айыптады. Мұны автордың өз сөзімен айтқанда: «Кейбір өркөкірек, ұлттық намысы қозғыш шамшылдарға қатты батқаны: көне орыс ескерткіштеріне басқа ұлт өкілінің талдау жасап, пікір айтуы. Олардың ойынша мұндай зерттеу, мұндай пікірді, әсіресе славян түркі халықтарының көне мәдениеті және олардың өзара қарым-қатынасы туралы әуелгі пікірді басқа ұлттың өкілі емес, тек орыс халқының өкілі ғана болатын». Дәл сол кезде «АЗ и Я» кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық қысым жағдайына түсті. Ал шын мәнінде Олжас

Сүлейменовтың өз айтуынша: «Мен“Аз и Я” кітабын жазуға Дала мен Русьтің тарихы ежелден қойындасып кеткенін, екі елдің тарихтыңұзына бойында негізінен жақындасумен, бауырласумен өткенін, халықтардың тіпті тілдері араласуға дейін жеткенін дәлелдеу үшін кірістім. Тіл деген тарихи ақпараттың ең бай қоймасы. Мәдениеттердің өзара жақындасуының ең толық суретін біз тілден таба аламыз. Түріктің“товарищ” деген сөзі орысқа ауысқаны бекер деуге бола ма? Ұрыс кезінен“ура” сияқты сөздер ғана ауысады. “АЗ и Я” кітабының ел назарын

ерекше аударғанының басты себебі– менің“Игорь жасағы жайындағы жырдың” ең алғашқы қостілді оқырманыболғандығымнан. Мен сізгебір-ақ мысал келтірейін. Жырда“Се уримъ кричатъ подъ саблями половецкыми” деген жол бар. Монолингвист аудармашылар оны “се у Римъ” деп оқыған. Сонда немене, Кончак қыпшақтары Римге дейін барған ба? Енді Русь жерінен Рим деген қала іздей бастаған. Одан кейін Мәскеуді кезінде “третий Рим” деп атағанын еске түсірген. Одан да болмаған соң Переяслав княздігіндегі Римов деген қаланы еске түсірген.

Ал енді қос тілді оқырманның көзімен қарасаңыз бәрі оп-оңай орнына келе қалады. “Уримъ” – кәдімгі түркі сөзі. Әйелдің өрім шашы. Қыпшақтар Игорь жорығынан кейін Руське қайта шапқанда әйелдердің шашын кескен, сөйтіп қорлаған.

Талайлар менің түпкі ойымды тым қарабайырлатып түсіндіреді. “АЗи Я” кітабы тап бір “Игорь жасағы жайындағы жырды” қазақ жазған деп дәлелдейтіндей айтады. Бұл – күлкілі нәрсе. Мен ол жырды қос тілді меңгерген адам шығаруы, нақты айтқанда, түркі тілдерін де білетін орыс адамы шығарған болуы мүмкін деймін. Тап-таза тілді табу мүмкін емес. Корей тілінің 75 пайызын қытай сөздері, француз тілінің 25 пайызын араб сөздері құрайды екен. Солардың соған намыстанып жатқанын естіп көрмеппін. Ал өткен ғасырдың 70-ші жылдарындағы ұлыдержавалық өркөкіректік орыс тіліне түркі сөздері араласқан дегеннің өзін кешіре алмады. Өркен жайған мәдениет – өзгелермен ұдайы,

жүздеген жылдар бойы араласып-құраласудың жемісі. Сөз алмасу деген тілдің кедейлігінің белгісі емес, бұл оның даму үстіндегі тіл екендігінің белгісі. Мәдениеттің ең басты құрамдас бөліктері қатарында поэзия мен музыка аталуға тиістігі талассыз. Бұл талассыз болса, онда түркі халықтарының дәл осы поэзия мен музыкада ешкімге дес бермейтіндігі тіпті талассыз. Өмір сүру салтына байланысты айтсақ, мысалы, ең таза музыка ХІХ ғасырға дейін көшпелі өмір салтын сақтап келген халықтарда екендігі даусыз. Ал отырықшылыққа ауысқан түркі халықтарында музыка көбіне сөздің немесе бидің сүйемеліне айналып кеткені белгілі. Көп нәрсе қалай түсіндіруге байла нысты. Батыстағы әдебиетте ғұндар талай уақыт бойы жабайылықтың баламасындай болып бейнеленді. Ақиқатында сол замандағы герман тайпалары

әлеуметтік, мәдени дамуы жағынан Еуропаға келген ғұндардан көп төмен тұрған. Германдық тар ғұндардан тұтас дүниетаным жүйелерін қабыл алған. А.Плетнева сияқтылардың көшпенділерге мәдениет жат деген сөзінің түккетұрғысыз екендігін тек Эрмитаждағы скиф алтын өрнектері-ақ даусыз дәлелдей алады. Ал олар классикалық көшпенділер ғой.Көшпенділер сөздің толық мағынасында мемлекет құрмаған деген ғылыми негізсіз тұжырымдама десе де болады. Әдеби жазба тіл – мемлекеттіліктің басты белгісінің бірі. Орхон мен Енисей бойларында сонау VІІІ ғасырда тасқа қашалған жазулардың тілі ғажап дүние. Әрі икемді, әрі қуатты тіл, ең кернеуі мол сезімдерді, поэтикалық ойдың ең нәзік нақыштарын жеріне жеткізіп айта білетін тіл. Еуропа мен Азиядағы талай отырықшы халықтар ол заманда мұндай байлыққа қол жеткізбеген болатын. Көшпенділер тіпті сол Орхон-Енисей жазбаларынан басқа ештеңе жасамаған болса да, әлем мәдениетінен ойып тұрып өз орнын алар еді. Ежелгі түрік тілі Орхон-Енисей мәтіндерінде ғана, басқа мәтіндер жоқ, ал бұл мәтіндер оғыз-қарлұқ тілдерінің нормаларына сай деген ұғым бар. Түркологиядағы догмалардың біреуі осы. Кейбіреулер осыдан шығарып, ол заманда қыпшақ тілдері болмаған деуден де тайынбайды. Олар қыпшақ тілдері оғыз тармағынан өрбіген дегенді айтқысы келеді. Сонда қыпшақ тілдерінің жасы біздің заманымыздың орта

ғасырларынан бері қарай есептелетін болып шығады. Ал дұрысында, қыпшақ және оғыз тілдерін салыстырып қарасаңыз, ежелгі оғыз тілді жәдігерліктерден ап-айқын кипчакизмдерді көресіз, олар грамматикадан да, лексикадан да танылып тұрады, мұның өзі екі тілдік бұтақтың даорхон-енисей жазбаларынан көп бұрын болғанын әрі бір-бірімен байланыстылығын айқындайды.Атамзаманғы түркілер (Тарихқа дейінгі түркілер) — 2011 жылы Алматы қаласы «Олжас Баспа үйі»баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — О. О. Сүлейменов, аударған М. Қазыбек. Беттер саны — 352.Қысқаша мазмұны Ойшыл ғалым көне түркі жазуының пайда болуы мен дамуын әлемдік өркенитке қосылған үлес деп бағалап, дәлелдеп келеді. Автор бір ғасырдан астам уақыт бойы славян және түркі тілдері бір-бірінен оқшау зерттелініп келгендіктен, мұның өзі этностардың өзара етене байланысты дамуының табиғатына қайшы келетінін, сондықтан жаңа түркі-славянтану пәнін енгізу қажеттігін негіздейді. Түркі тілдерін, славян үндіевропа және басқа да тілдермен салыстырып, көптеген сөздердің төркінін – этимологиясын талдап ашып беру арқылы ақын қазақ

тілін ғана емес, түркі тілдерін өте нәзік әрі терең білетіндігін көрсетеді. Жаңалығы мол кітап жазудың пайда болу тарихын, көне тарихымызды терең ірек білгісі келетін оқырмандарға, зерттеушілерге, тілшілерге, содай-ақ көпшілік оқырманға ар-нарған.

61)Олжас Сүлейменов- көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі дипломат әрі саясаткер, әлемдік тұлға, ұлттардың дәнекері, белгілі ақын.Олжас Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында бас редакторы болып қызмет істеген. 1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты.1996 жылдан Грекия Республикасы мен Мальта республикасында Өкілетті және Төтенше елшісі болды.

62)1975 жылы О. Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь жасағы туралы жырды» зерттей келе, өзіндік ғылыми тұжырым жасады. Яғни,бұл жырдың түркі және славян мәдениеттерінің өзара ықпалы нәтижесінде туған шығарма екенін дәлелдеді. Бірақ кейінен «АЗ и Я» кітабын оқуға тиым салынды. О. Сүлейменов қуғындалып, моральдық қысым жағдайына түсті.Кейн О. Сүлейменов шын мән жайын айтып беруі бойыншада еш пайдасы болмады.Сөйтіп біратала қуғындыққа ұшырады.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауында көрсетілгеніндей: еліміздің мүмкіндіктерін пайдалануымыз қажет, сондаймүмкіндіктердің бірі «біздің еуразия аймағындағы тоғыз жолдың торабында орналасқан жағрафиялық жағдайымыздан шығады», және бұны«ғаламдану үдерісі... шешуші факторлардың бірі ретінде алға шығарды». Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы сауда-саттық Жібек Жолыарқылы жүргізілген болса, тағы бір басы ашық мәселе, «болашақта да сауда, қаржы ағымы жүйелері және Еуропа мен Азия арасындағыкөші-қон барған сайын күшейе түспек. Тек осы себепке байланысты, - деп атап көрсетті Қазақстан Президенті, – басқа да көптеген саяси

тұрақтандырушы факторларды айтпағанда, мен еуразия идеясын алға шығардым, оның стратегиялық болашағына сенімдімін». Маңызды мәселе, Н.Ә. Назарбаев еуразиялықтың мән-мәтінін кеңейте түсті – енді еуразияның келелі мәселелер жиынтығы ТМД елдерінқамтып қоймай, Еуропа мен Азияның өзара әрекеттестігін де қамтыды. Қазақстан Президенті «Еуразия құрлығында түгелдей тату көршілік,сенім арту қатынастары» орнатылуы қажеттілігі туралы мәлімдеме жасады. Қорытындысында, Қазақстан «әлемдік оқиғалардың көшсоңында қалып қоймайды», керісінше, Қазақстан «Еуразияның белортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың – Қытай, Ресей жәнеМұсылман әлемдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекершілік ролді атқарады». Еуразиялықтың мән-мағынасын түсіндіруде аса маңызды – приципті және жаңашыл – қадам, яғни, Қазақстанның XXI ғасырда жүретін жолына сәйкестігі туралы1997 жылғы Жолдауында айтылды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей әр түрлі жол бар: батысеуропалық, шығыс азиялық, ресейлік,жаңатүркілік. Елдің нышаны ретінде қар барысын таңдай келе, Н.Ә. Назарбаев былай дейді: Азиялық жолбарыс тұқымдас бола тұра, ҚазақстанБарысының «өзіндік ерекшелігі бар» - ол ең үздік ұлттық, батыстық және шығыстық сапаларға ие болуы тиіс. Қазақстан Барысының мұндай

сапалық үйлесімі, Қазақстанның «еуразиялық ел» ретіндегі қасиетті нышандардың тоғыстырылуы еді.

Сонымен, Еуразиялық жоба және кең мағынадағы еуразиялық – доктриналық (ілімдік) деңгейге тұжырымды көтерді.

Еуразиялық жоба - 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егемендіҚазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент «халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМДелдеріндегі жағдайды жете талдап» «ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек» деген қорытынды жасады. Алғаш рет Еуразиялық бастамаелбасының 1994 жылы 22 наурызда Ұлыбританияға ресми түрде барған сапары кезінде тезистік түрде айтылды. Президент Н.Ә. Назарбаев«Chatһam House» аталатын Королеваның халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеп бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуында екібаста бой көрсетіп отырғанын көрсетті: бір жағынан – ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан – ықпалдасудың қажеттілігі.

Мемлекет мүддесін, аймақтың тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болды. Лондонда бірінші рет мемлекетаралықбірлестік – «Еуро-Азиаттық одақтың» аты ұсынылды. 1994 жылы наурызда Н.Ә. Назарбаевтың еуропалық аудиторияға өз елінің өркениеттік және геосаяси ерекшелігін түсіндіргенінің ерекшемәні болды: «Қазақстан – еуропалық және азиаттық тамырлар қабысқан Азиядағы бірегей мемлекет. Әр түрлі халықтардың өкілдері әр алуан

бірлікті құрайды. Әр түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің үйлесімділігі бізге еуропалық және азиаттық мәдениеттердің, Шығыс пенБатыстың ең үздік жетістіктерін сіңіруге мүмкіншілік береді. Қазақстанның орны ерекше – ел, «еуро-азиаттық құрылықтың жүрегінде»орналасқан, тағдыр еркімен Ресей мен Қытайдың арасында «аралық орынды» алады. «Біздің республикамыздың феномені сонда, біз біруақытта еуропалықта және азиаттықта аймақтық халықаралық ұйымдардың мүшесіміз, біз өзіміздің геосаяси жағдайымыздың мәнін

түсінеміз және оған қоса қауіпсіздікті нығайту бойынша орталық болуға да дайынбыз». Бұл тезистерде Қазақстанның еуразиялықжағдайының ерекшелігін түсінудің болашағы мен жетістігі мазмұндалды және қазіргі қазақстандық еуразиялықтың үш деңгейі көрсетілген:біріншіден, ұлттық-мемлекеттік деңгей, мұнда Қазақстан азиаттық та, еуропалық та ел ретінде түсініледі; екіншіден, аймақтық деңгей, мұндаөзара тиімді еуразиялық бірігуге көңіл бөлінеді; үшіншіден, ғаламдық деңгей, мұнда Қазақстан Батыс пен Шығыстың қатынасында

«ортадағы» жағдайды алатын ел ретінде қарастырылады. Н.Ә. Назарбаев Лондондағы сөйлеген сөзінде 1994 жылы Еуразиялық жобағакөзқарастың қалай қалыптасқанын көрсетеді. 22 наурызда Ұлыбританиядағы сөйлеген сөзі жобаны Мәскеуде ашық ұсынуға негізгідайындық болды.Бір аптадан кейін, 1994 жылдың 29 наурызында, Ресей Федерациясына ресми сапары шеңберінде Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы

ММУ-де сөз сөйлеп, онда Қазақстан басшысы жаңа аймақтық бірлестік – «Еуразиялық Одақ» құру жөніндегі идеяны дамытты. Аймақтықбағыттарды талдау негізінде бірігудің қажеттілігі жөнінде қорытынды жасады. Өйткені тіпті «көп ғасырлық мемлекеттілігі бар Еуропа елдерібірігуге келе жатыр», себебі «әлемдік нарықтың қатаң қарама-қарсылығын» түсінуде Президенттің реализмі «Еуразия Одағын» құру«Қазақстан мен Ресей» ядросынан басталуы мүмкін екендігін түсіндірумен айқындалды. Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы ғылыми ортаның

үлкен қызығушылығын тудырды. 1994 жылы 22 және 29 наурызда Мәскеу және Лондон қалаларындағы сөйлеген сөзінің тарихи мәніаймақтық үдерістердің болашағын, әсіресе Қазақстан мен Ресейдің құрлықтағы «аралық жағдайын » түсіндірумен де маңызды. Әлем елдеріеуразиялық жобаны талқылауда Қазақстанды посткеңестік республика ретінде емес, қазіргі халықаралық дамуда өзіндік жеке орны бармемлекет ретінде қарастырады. Қазіргі әлемдегі Қазақстанның Еуразиялық мемлекет ретінде ұстанған бағыты Президент Н.Ә. Назарбаевтың1994 жылы жасалған негізгітұжырымдарының дұрыс екендігін дәлелдеді.Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы ТМД аймағы үшін –жаңашыл жоба болып табылады. Еуразиялық бастама сол жылдардағықиындықтардың алдын алуға бағытталып, стратегиялық негізге ие болды. Елбасының «Мемлекеттердің Еуразия одағын құру жөніндегі»жобасы 1994 жылы 3 маусымда ТМД-ға қатысушы мемлекет басшыларына жіберіліп, оның нәтижесі 6 маусымда қазақстандық, ал 8

маусымда ресейлік баспасөзде жарияланды. Жобаның тұжырымдамалық кіріспесі маңызды мәнге ие, онда (наурыз айындағы сөйлегенсөзінде де) көрсетілгеніндей, ТМД елдерінің дамуы екі үдеріспен анықталады: бір жағынан, «ұлттық мемлекеттіліктің одан әріқалыптасуымен», сондай-ақ, екінші жағынан – «ықпалдасумен». ТМД елдерінің басты мәселесі – қабылданған шешімдердіңорындалмауында деп Н.Ә. Назарбаев атап көрсетті. Осыдан келіп, «барлық қатысушы мемлекеттер тарапынан бірлесіп қабылданғанміндеттемелердің сақталуына кепілдік беретін, ықпалдастықтың жаңа деңгейіне көшу» қажеттілігі туралы қорытынды жасалады. Қазақстан Президенті «жаңа ықпалдастық бірлестікке» төмендегідей анықтама береді: «ЕАО – әрбір қатысушы елдердің ұлттық-мемлекеттік

мүддесін іске асыруға бағытталған және тұтас бірігу әлеуетіне ие, тең құқылы тәуелсіз мемлекеттердің одағы. ЕАО егемен мемлекеттердіңықпалдасу нысаны болып табылады». Бұл тұжырым егемендік туралы принципті мәселеде ешбір күдікке орын қалдырмайды. Н.Ә.Назарбаевтың жобасы мемлекеттердің егеменділігін сақтай отырып ықпалдасу тұрғысындағы бастама. «Еуразиялық одақ» жобасыныңнегізіне алынған саяси қағидалар да осымен байланысты: теңдік, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, егемендігін сыйлау, территориялық біртұтастық пен мемлекеттік шекаралардың бұзылмауы. Осы өзекті қағидалардың әр қайсысы қатысушы мемлекеттердің өз егемендігін

сақтауына бағытталған. Атап айтқанда, «Еуразиялық одақта» жалпы немесе қос азаматтық қарастырылмаған – әр адам нақты ұлттық-мемлекеттік азаматтығына ие болуы тиіс. Егеменді мемлекеттердің «Еуразия одағына» кіруі ерікті түрде жүзеге асады, дегенмен жобадапринципті бір пункт бар, ол жаңа қауымдастықтың іс әрекет қабілеттілігіне мүмкіндік туғызатын – «ЕАО-ға мүшелікке қауымдасқан түрдекіруге жол бермеу». Жобаның негізгі ережелерінің ішінде, қабылданған шешімдердің орындалуының өзара «міндеттілігі» туралы мәселеніңерекше мәні бар (Н.Ә. Назарбаев бұл жайында кезекті пікірталастар барысында үнемі ескертіп отырды). «Еуразиялық одақ» қағаз жүзіндеқалмау үшін, жобада ұлттық ұйымдардан тыс құрылымдар айқындалған (мемлекетаралық ұйымдарда қабылданғандай): Елбасылар және

үкімет басшылары Кеңесі, ЕАО Парламенті, сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, мемлекетаралық атқару комитеті. Сонымен қатар«Еуразиялық одақта» «біртұтас экономикалық кеңістік» қалыптастыру ойластырылғанымен, біртұтас саяси кеңістік қарастырылмаған. Бұлөте қисынды, өйткені қатысушы мемлекеттер экономикаларын кіріктіре отырып, саяси егемендігін сақтап қалады. Н.Ә. Назарбаевтыңстратегиялық ұсыныстарына сай, еуразиялық аймақтық бірлесу – Қазақстан үшін де, сондай-ақ ТМД-ның басқа елдері үшін де, «ішкіәлеуетті» дамытудың тиімді құралы. Мұндай нәтижелі даму (дағдарыстан шығу және экономикалық өсу) «жаңа нарықтық негізде елдердің

экономикалық кірігуі жағдайында» ғана мүмкін. Жобаның басым бағыты – прагматикалық (өзара тиімді) экономикалық бірлесу. Бірақ, осыжағдай сай келетін «құралдарды», яғни «барабар саяси институттарды құру қажеттілігіне мәжбүрлейді». Экономика саласында, ЕуропалықОдақтың тәжірибесін талдай келе, Н.Ә. Назарбаев бірқатар «ұлттық құрылымдардан тыс үйлестіруші құрылымдарды» құруды қажет депсанайды: экономика, шикізат ресурстары бойынша комиссия, экономикалық және техникалық ынтымақтастық істері бойынша қор,инвестициялық банк т.б. сол сияқтылар. Қазақстан Президенті, 1990-шы жылдары шешілуге тиісті, бірқатар өткір мәселелерді көрсетті. Атап

айтқанда, - «біртұтас экспорттық саясатты» жасау, және оны «барлық қатысушы мемлекеттердің мүддесіне сай» жүргізу. Сондай-ақ, ТМДелдерінің ұлттық заңнамаларын жетілдіру мен жақындастыру жөнінде прагматикалық (өзара тиімді) мақсаттар қойылды, өйткені «олардыңарасындағы айырмашылықтар, экономикалық бірлесу үдерістерінде айтарлықтай кедергі келтірді». Жалпы алғанда, ТМД аумағында «жаңаэкономикалық тәртіп» орнықтыру, «экономикалық саясатты келісіп жүргізу» және «экономикалық реформаларды жүргізудің бірлескенбағдарламасын» қабылдау қажеттілігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, Еуразиялық жоба экономика саласымен ғана шектелмейді, онда, күш

біріктіруді қажет ететін: ғылым, мәдениет, білім, қорғаныс, қауіпсіздік, экология мәселелері өз орнын тапты.

Н.Ә. Назарбаев 1994 жылғы жобада Еуропалық мүддеге жергілікті, аймақтық мүдде тұрғысынан ғана қарап қоймайды. Қазақстан Елбасынағыз болашақты болжаушы саясаткер ретінде, экономикалық бірлесудің ғаламдық дәрежедегі мәселелерін де көре білген. Осы орайда«тарих қисыны мынадай, яғни әлемдік қауымдастыққа бірігу тек жұмыла кіріскенде ғана мүмкін болмақ». ТМД елдері үшін «алыс шетелдердегі қандайда бір аймақтық экономикалық бірлестіктерге қайта бағыт алу әрекетінің жүзеге аспайтындығы айқын болды». Бірақ

аймақтық бірлесу – бұл бүкіл әлем елдерінен тасалану амалы емес, керісінше, жобаның эпилогінде көрсетілгендей «XXI ғасыр қойнауынаөркениеттік жолмен ену» (мүмкіндігі. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық ықпалдасу жобасы, Қазақстан Республикасының жәнебасқа да әлем елдерінің ішінен Еуразия Одағына қатысам деушілердің, шынайы мемлекеттік егемендігінің күшейуіне бағытталған. Егемендімемлекет және аймақтық ықпалдастық жаңа Қазақстанның дамуын қамтамасыз ететін екі қажетті қозғаушы күш ретінде елестейді.Қазақстан Президентінің Еуразиялық даму тұжырымдамасы Еуразиялық жоба жарияланған соң үнемі дамытыла берді. Еуразиялық бастама

әлеуетін тәжірибеде жүзеге асыру да қатар жүргізілді. Жоба аймақтық мәселелерді парасаттылықпен ұғынудың қуатты көзіне айналды.Жобаны белсенді түрде талқылау 1994 жылы өтті. Жобаны жариялаған соң үш күннен кейін, яғни маусымның 11 күні, Н.Ә. Назарбаев«Независимая газета» да кең көлемді сұхбат берді. Мәскеу қаласында 14 маусым күні РФ Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялықакадемиясында өткен «Еуразиялық ықпалдастықтың болашағы» атты дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының ПрезидентіАппаратының Ақпараттық – сараптау орталығының бастығы М.М. Тәжин баяндама жасады. Ал, шілденің 5 күні РФ Мемлекеттік Думасындаөткен тыңдауда, жобаның мәні туралы Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Т.А. Мансұров

баяндап берді. Сондай-ақ, Мәскеу қаласында шілденің 18 күні Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасы туралы ТМД-ғақатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Кеңесі мәжілісінде Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қ.Б.Саудабаев арнаулы хабарлама жасады. Осылайша ТМД елдерінің зияткерлік өміріне жобаның енуі басталды. Еуразиялық жобаныңтүсіндірілуі мен одан әрі дамуында, әсіресе үлкен роль атқарған Қазақстан Президентінің, яғни автордың баяндамалары, мақалалары,сұхбаттары болды. Ол өткен 15 жыл (1994 жылдан бастап) бойына халықаралық кездесулерде, сондай-ақ әр түрлі ғылыми

конференцияларда, баспасөз бетінде Еуразиялық ықпалдастық тақырыбы бойынша сөз сөйледі.

Н.Ә. Назарбаев 1994 жылдың қыркүйек айының 20 күні Алматы қаласында өткен «Еуразиялық кеңістік: ықпалдастық мүмкіндіктері жәнеолардың жүзеге асуы» деген халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасап, Еуразиялық жобада «ұлттық мемлекеттікқұндылықтар мен жаңа негізде ықпалдасу қажеттілігі үйлесімінің, әсіресе экономика саласында, өркениеттік формуласы табылғанын» атапкөрсетті. Мәскеу қаласында Әлеуметтік ғылымдар Академиясында 1994 жылы қазан айының 22 күні жасаған «Еуразиялық одақ: идеялары,проблемалары, болашағы» атты баяндамасында Қазақстан Президенті былай деді: «Еуразиялық жобада «нарықтық қатынастарға негізделген

жаңа ықпалдастық, жаңа одақ туралы әңгіме өрбиді». Еуразиялық жоба бұрынғы бірлестіктерді қайталау емес, түбегейлі жаңа ықпалдастықболып табылады. 1995 жылдың басында, баспасөз толық негізде, Н.Ә. Назарбаевты «еуразиялықтың идеологы» және жаңа заман еуразисі,яғни өткенге емес,болашаққа – XXI ғасырға назар аударушы деп атады. Н.Ә. Назарбаев 1995 жылы еуразиялықты рухани зияткерлік тұрғысынан тиянақтауға

үлкен мән берді. «Россия» газетіне (1995 жылдың қазаны) берген тұжырымдамалық сұхбатында Президент былай деген болатын: «Еуразиядабірқатар елдер бар – «Солтүстікте Ресейден бастап, оңтүстікте Үндістанға дейін», әзірге олар «Шығысқа да, Батысқа да жатпайды» дей келе,бұл кеңістікті «аңдысын аңду белбеуі» деп атады. Еуропаның, әсіресе Азияның болашағы едәуір дәрежеде осы геосаяси белбеу елдерінің өзбағытын қалай анықтауына тәуелді болмақ. Оларға Ресеймен бірлесе отырып, «қауіпсіздіктің жаңа жүйесін» құруға болар еді. Көрініп тұрғандай, Н.Ә. Назарбаевтың пікірінше, тек Еуразиялық жоба ғана осы аймақты геосаяси «аңдысын аңду» саясаты жағдайынан алып

шығатын сындарлы күшке ие. Ықпалдастық проблемаларын жинақтап, қорытуда Н.Ә. Назарбаевтың 1996 жылдың қаңтарында жазылып біткен «Ғасырлар тоғысында»атты кітабының маңызы зор. Онда ТМД елдерінің қарым-қатынастары неғұрлым шиеленісті «ықпалдастық және ыдыраушылық»үрдістерімен айқындалған. Бірақ, «ықпалдастықтағы жаңа импульстың өзектілігі мен мүмкіндігін бұл жоққа шығара ма?» – деп Қазақстан

Президенті сұрақ қояды да, өзі жауап береді: «Сенімдімін, олай емес». Бірақта жаңа болмыс, өзгерген ахуал жобаға түзету енгізуді,«ықпалдастықтың жаңа стратегиясын» құруды талап етеді. Ықпалдастықтың жаңа стратегиясы бірқатар ережелерге негізделінуі тиіс: 1) «бірыңғайланған», «стандартталған» ықпалдастықтың орнынажағрафиялық жағынан неғұрлым жергілікті және неғұрлым іс-әрекетке (практикаға) ерекше мән берілген жолмен жүру, яғни бұл егемендімемлекеттердің экономикалық құндылықтарын ескеруге мүмкіндік береді; 2) посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастықты бұрынғы қалпынакелтіру мүмкін емес, КСР- ны қалпына келтіруге шақыру егеменді мемлекеттерді онан сайын бір-бірінен алшақтата түседі; 3) «ықпалдастықтуралы бос ұрандатудың қажеті жоқ», мақсаттар айқын болуы тиіс, яғни, тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің еркін қозғалыстағы«біртұтас нарығы»; 4) ТМД мемлекеттерінің ықпалдастығын сыртқы саясаттағы басымдылық ретінде тану. «Қазақстан барлық ТМД мемлекеттерінің еуразиялыққа «пісіп-жетілуін»күтпейді», «еуропалық» вектор мен «орталық-азиялық» – негізгі екібағытта көптеген байланыстар орнатады» - деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев. Нақ осы бағыттарда, «екі жылдамдықпен», Н.Ә.Назарбаев

көрсеткендей, 1990 жылдың орта шенінде ТМД елдерінде ықпалдастық «ядросының» қалыптасу үдерісі жүрді. Сол кезде, 1996 жылдыңбасында, ықпалдастыққа ұмтылыстың жаңа толқынында, Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев Ресей Президенті Б.Н. Ельцинмен жүргізгенкеліссөз барысында, тұңғыш рет аймақтық ықпалдастықтың ортақ валютасы ретінде – «алтынды» ұсынды, өйткені бұл ұғым «славяндардада, түркіліктерде де қолданылыста болған». Еуразиялық жобаның дамуындағы жаңа тұжырымдамалық қадам, аймақтық ықпалдастықтың«ықпалдастық ядролары», «векторлары» және «жылдамдықтары» туралы идея болды. 1996 жылы Н.Ә. Назарбаев Еуразиялық жобаның

барлық тұжырымдамалық (және іс-әрекеттік) диверсификациясын 1990 жылдардың шынайылықтарына сәйкестендіре отырып жүзегеасырады. Мұндай диверсификация Еуразиялық ықпалдастықтың Кедендік одақ көлеміндегі ықпалдастыққа қайшы келмейтіндігіне салмақтыдәлел болды. Бұл екі мемлекетаралық бірлестіктер неғұрлым кең көлемдегі ықпалдастықтың аймақтық компонентері, яғни болашақЕуразиялық одақ құрылымының «бейне-үлгісі» болды. Қазақстан Президентінің 1996 жылы жасаған жалпы қорытындысы:«Ықпалдасушылық, теңдікке, еркіндікке және прагматикалық құндылыққа негізделсе, – бұл Еуразияның лайықты болашағы, ол тек осы

жағдайда ғана әлемдік экономика мен XXI ғасыр саясатының жаһандық факторына айналмақ». Н.Ә. Назарбаевтың жаңа тұжырымдамалық көзқарастары бірте-бірте іс-жүзіне асырыла бастады. Соның мысалы, 1996 жылдың наурыз

айының 29 күні жасалған Экономикалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты тереңдету туралы шарты бола алады. Бірақ,ықпалдастық үдерісі тура жолда, бір мәнділікте болмады және бұл болашақта ықпалдастық іс-әрекетін дамыту мен қоса, еуразиялықғылымды да дамыту қажеттілігінің куәсі іспетті еді. 1996 жылдың мамырында Қазақстан Президенті Еуразия университетін құру туралышешім қабылдады. Бұл аяқ астынан қабылданған шешім емес, яғни 1994 жылдың қыркүйек айының 20 күні «Еуразиялық кеңістік:ықпалдастықтың әлеуеті, және оны іске асыру» атты халықаралық конференцияда Н.Ә. Назарбаев Еуразия университетінің идеясын ұсынды.

Ол тек қана білім беру емес, «әдіснамалық» мақсаттарды да шешуі тиіс болатын.Қазақстан Президенті жаңа үлгідегі университетті Астана (ол кезде әлі Ақмола) қаласында құруды дұрыс деп тапты. Ол кезде қала әліастаналық мәртебеге ие болмаса да, болашақ астананың тәуелсіз Қазақстанның болашақ аймақтық стратегиясында алар орны зор екенін

байқатқандай еді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің құрылуы туралы Жарлыққа 1996 жылы мамырдың 23 күні қол қойылды.Бұл бірегей шешім олқылықтың орнын толтырды (ТМД елдерінің ғылыми қауымдастығында көпшілік үшін тосын жағдай еді) жәнеҚазақстанға келген шет елдік оқымыстыларға үлкен әсер етті. Шындап келгенде Еуразия университеті Астананың рухани зияткерлік қарашаңырағына, ғылым мен білімнің ордасына айналды.

Еуразиялық ұлттық университеттің құрылуы көп салалы мәнге ие. Біріншіден, жаңа астанада аса ірі университет құрылды, мұның өзі өсуүстіндегі мемлекет үшін төтенше маңызы бар. Екіншіден, жаңа университет тұжырымдамалық атауға ие болды. «Еуразиялық» - XXғасырдағы аса көрнекті еуразия тарихшысы Лев Николаевич Гумилевтің есімі берілді. Ғалымның 90 – жылдығына орай, 2002 жылы ЕҰУ –де Л.Н. Гумилевтің мұражай кабинеті ашылды, оған әйелі Наталья Викторовна Гумилева Лев Николаевичтің Мәскеудегі түпнұсқа жұмыс

кабинетін түгелдей әкеп берді.Атап айту керек, мұндай университетті құру абсолюттік жаңашылдық болды және ТМД кеңістігінде теңдесіжоқ. Үшіншіден, Қазақстан университеттік дәрежеде қазіргі заманғы еуразияшылдықтың ғылыми талдамасына негіз қаланды (2002–2007жылдары ЕҰУ–нің қабырғасында алты рет халықаралық «Еуразиялық ғылыми форумдар» өткізілді, оларды әртүрлі елдердің ғалымдарықазіргі заманғы еуразияшылдықтың өзекті мәселелерін талқылады). Төртіншіден, ЕҰУ – нің құрылуы еуразиялық идеяны білім берусаласына енгізудің, қолданудың іс – жүзіндегі қадамы болды. Бесіншіден, тек ЕҰУ-нің негізінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ-ніңҚазақстандық бөлімшесі табысты жұмыс атқаруда. Бұл Қазақстан Президентінің ынтасымен құрылып, еуразияшылдықтың іс-жүзіндегі бір

көрінісі болып табылады.Айталық, Астана қаласында 1996 жылы рухани зияткерлік қазақстандық еуразияшылдықтың көрнекті және тиімді нышаны пайда болды.Президент Н.Ә. Назарбаев еуразиялық идеяға үміткерлерді бұл тұста да басып озды (оң пайымдау мағынасында). Л.Н. Гумилев атындағыЕуразиялық ұлттық университеттің құрылғаннан бері, оның қабырғасында ондаған мемлекет басшылары, көптеген белгілі шет елдік саяси,

қоғамдық қайраткерлер мен оқымысты-ғалымдар студенттердің алдында сөз сөйледі. Солардың әрқайсысы, университет табалдырығынаттағанда да, оның мінберіне көтерілгенде де, сөз жоқ, Қазақстанның Еуразиядағы, ғаламшардағы алатын орны туралы ойланбай-толғанбайқалмайды.Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия идеясының ерекшелігі Елбасының көрегендігінде – ол жаңа еуразиялық ықпалдасушылыққа жетезерттелген теория қажеттілігін де көре білді. Сондықтан да, 1996 жылы, Еуразия университетін құрар алдында, Қазақстан Президенті қазіргізаманға сай «ықпалдастықтың біртұтас үлгісін» құру үшін халықаралық «Ықпалдастық – 2000» жобасын іске асыруда ТМД елдерінің оқымысты-ғалымдарына ұсынды. Таңқаларлығы, Н.Ә. Назарбаев 2000 жылы дәл есептеп шығарған, нақ осы жылы іс жүзінде ықпалдастықүдерісінде айтарлықтай ілгері басушылық байқалды. ТМД елдеріндегі ахуал 1996-1997 жылдары қарама-қайшылықтарға толы болды. Соған қарамастан, нақ 1997 жыл Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік болашағын, өзіндік стратегиясын ұғынуда табысты жыл болды, сондықтан да – еуразиялық тұжырымдаманы зерттеп білуде

жаңа қадам жасалынды.

83) ТМД

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылғанхалықаралық ұйым.Тарихи шолу 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж.КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан,Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік

жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

ТМД-ның Қазақстанға әсеріТәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әр қайсысы өнім

түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД – ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 –жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айта аламыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған

мемлекетке қатысты – 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 – ке – 43,0% кіреді, АҚШ – 20,9%, 12 – мемлекет кіреді Евроодақ – 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 – мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД – ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 – 1998 жылығыАзия – Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы.Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен

салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты. Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі

Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 – жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 – есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданыңқарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының біріинвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала

береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржыресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы

шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инветсициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегіэкономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Европа

мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық

ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орыналады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша

бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд –қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Европалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап,2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті. Шикізат тауар экспортын тауарлы құрлымының көбісін алып отыр. Минералды өнімдер мен металлдар тауардың негізгі топтарын құрап отыр, срнда да осы

тауарлардың салыстырмалы салмағы өзгерді. Өткен жылдармен салыстырғанда минералды өнімдер ұлғайып, металл өнімдері азаюда. 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда азық-түлік тауарларының салыстырмалы салмағы 2 % және шикізат өнімі мен металл өніміінң үлесі 1 % қысқарып, минералды өнімдер 4 % көбейді. Азық-түлік тауарларының өсу көлеміне қарамастан, бидай, арпа жіне еттердің жеткізілу операциясы экспорт қорытындысы бойынша түсті. Металл өнеркәсіп өнімдерін өткен жылдармен салыстырғанда 48 %-ға өсті. Қазақстан өнімінің басты сатып

алушылар Швейцария (18,7 %), Италия (15,5%), Ресей (14,1%), Қытай (9,8%),Франция (7,3 %), Вергин аралы

(3,8%), Иран (3,5%), Нидерланд (2,3%), Израиль және Португалия (1,6%), Азербайжан, Испания, АҚШ және Украина (1,4%) тен алады. ТМД мемлекеттері үшін экспорттың жалпы көлемі 20,4 % құрайды. 2003 жылмен салыстырғанда ТМД мемлекеттеріндегі экспорт 38% өсіп, 4097, $ 2 млн. құрады. Осы аралықта Қазақстандық өнім, түгел ТМД мемлекеттерінде өсті. Әлемдегі басқа мемлекеттердің жалпы экспорт көлемі 79,6 % үлесін құрады. Қазақстан экспортының көлемін европа мемлекеттері құрайды, олардың салыстырмалы салмағы 54,6 % құрайды, оның 34,8 % Европа Одағына әкеледі. Европа мемлекеттерінің арасында Қазақстан экспортының негізгі тұтынушылары Швейцария, Италия, Франция, Нидерланд, Португалия, Ұлыбритания және Германия болып табылады. 2003 жылмен

салыстырғанда Европа мемлекеттерінің жалпы экспорты 2,6 % өсті. Азия аймағындағы мемлекеттерге Қазақстандық өнімді жеткізу көлемі 31 % өсті. Қытай Республикасының салыстырмалы салмағы аймақтағы жоғары болып қала береді. Америка елдеріне Қазақстан экспорты 2 есеге қысқарды. Импорт Экспорттың тауарлық құрлымын машина, құрал-жабдықтар, транспрот, химиялық өнімдер және осы салаға байланысты өнісдер, металл өнімін өндіру үшін шикізат жатады. Соңғы жылдарда минералды өнімдерді экспорттау үлесі ұлғаюда. Сол сияқты, металл өнеркәсібінің салыстырмалы салмағы белгіленуде. Экспорттың көбеюі физикалық жеткізудің көлемі секілді, көрсеткіштің тұратындығына байланысты көбеюде. Тауарлардың негізгі топтары бойынша көлем деңгейі өсті, олар: машина, құрал, транспорт, құбырлар және аппараттар. Металл өнеркәсібі, минералды өнім, химиялық өнеркәсіп өнімі бойыншаимпорттың түсу деңгейі байқалуда. Импорт өнімін негізгі жеткізушілері: Ресей,Германия, Қытай, Украина, АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Корея, Өзбекстан, Нидерланд болып табылады. ТМД мемлекеттері Қазақстандық нарықта өнімді импорттаушы болып табылады. Европа мемлекетіндегі импорттың жалпы

28,9 % түсуінен 50 % әр түрлі машина түрлерін әкелуден, Германия жәнеИталиядан әкелінетін бөлшек құралдардан, жеңіл автокөліктер, Италия жиһазынан өсті. Азия импортының өсуіне Жапония көлігі, Үндістан шайы, Қытай және Жапония құбыры, Қытай және Түркияның алюмин заттары әсерін тигізді. 2003 жылмен салыстырғанда АҚШ – тің импорты 30 % өсті. Тауардың негізгі бөлігі АҚШ-тан түседі.ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет – Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз

интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктіңтүрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны

одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМДЖарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл – энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.ТМД жеріндегі халықтар сөйлейтін тілдер. ТМД-да тұрушы негізгі халықтардың тілдері 130-ға жуық. Ол тілдерде сейлейтін кейбір халықтардың ТМД-даң тыс жерлерде өз мемлекеті бар. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі, типологиясы, сөйлеушілердің саны, жазу дәстүрі жағынан бір-бірінен ерекше. ТМД елдерінің тілдері шығу тегі (генетикалық туыстығы) жағынан мынадай топтар мен семьялардан тұрады:

 Үндіеуропа тілдері, оған:

1. армян тілі; 2. шығыс славян тілдері — беларусь, орыс, украин тілдері; 3. герман тілдері — идиш тілі;

4. иран тілдері — белудж тілі, Памирдегі шығыс-иран тілі, курд, осетин, тәжік, талыш, тат, ягноб тілдері, памир тілдері;

5. жаңа үнді тілдері — цыган тілі; 6. роман тілдері — молдова тілі кіреді.

 Кавказ (ибери-кавказ) тілдері, оған: 1. абхаз-адыгей тілдері — абазы, абхаз, адыгей, кабарды-черкес тілдері;

2. Картвел тілдері — грузин, зан, сван тілдері; 3. дағыстан тілдері — авар, андий тілдері; лезгин тілдері; цез тілдері;

4. нах тілдері — бацбий, ингуш, чечен тілдері кіреді.

 Қытай-тибет тілдері, оған дүнген тілі кіреді. Монгол тілдері, оған: бурят, калмак тілдері кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]