
- •1.Еуразияшылдық жағрапиялық, тарихи және философиялық түсінік ретінде.
- •2.Еуропоцентризм түсінігі
- •3. Еуразия тарихындағы ғұндардың тарихи орны
- •5. Түркі қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы:
- •6. Еуразия кеңістігіндегі XII-XVI ғғ. Арасындағы түркі халықтарының империялары:
- •7. Ұлы дала ұғымы:
- •8. Белгілі ғалымдардың көне түріктерге қатысты айтқан басты ой-пайымдаулары:
- •23.Алаш қайраткерлері нің ғылыми-шығармашылық қызметі(бір тұлға)
- •16. Түрік қағанаты Еуразия сахарасындағы алғашқы көшпелілер империясы
- •9.Шығыс славяндардың шығу тегі еуразияшылдардың еңбектерінде
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •11. Посткеңестік кезеңдегі жаңа еуразиялық бастаманың мән-маңызы
- •54) Н.С.Трубецкойдың өмір жолы және шығармашылығы
- •20. Көне түріктер туралы қазақ этнограф ғалымдарының зерттеулері:
- •24. Алаш зиялыларының еуразияшылдық ілімге қатысты көзқарастары:
- •25.Алаш заялылары идеяларының қазіргі замандағы Қазақстан қоғамында жүзеге асуы.
- •27 Хх ғ. 20-30 жылдарында жарияланған классикалық еуразияшыл ғалымдардың жинақтары.
- •28) Ксро-дағы еуразияшылдық ғылыми бағытының дамуы ерекшелігі
- •30) Хх ғ. 90-жылдардағы еуразияшыл ғалымдар еңбектеріне деген жаңаша көзқарас.
- •53) Н.С.Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясының қалыптасуына қосқан үлесі
- •55) П.Н.Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты идеясы мен тарихи тұжырымдамасы
- •56) П.Н.Савицкийдің өмір жолы мен шығармашылық қызметі
- •57) Н.Я.Данилевскийдің шығармаларының ғылыми бағыты
- •58) Н.Я.Данилевскийдің еуразияшылдық теориясының ерекшелігі
- •37) Н.Я.Данилевскийдің және г.В.Вернадскийдің еңбектеріндегі басты айырмашылық
- •38) Г.В.Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы
- •61) Г.В.Вернадскийдің «Биосфера ілімі» туралы тұжырымдамасы
- •62) Г.В.Вернадскийдің өмір жолы мен шығармашылығы
- •31.Л.Н.Гумилевтің өмірі мен өскен ортасы.
- •33. Лев Гумилевтің этногенездік Пассионарлық теориясы
- •34. Л.Н.Гумелевтің теориялық тұжырымдамаларының мәнісі мен ерекшеліктері
- •42. Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі Ұлы Дала тарихы
- •80. Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстандық жол" еңбегі
- •84Тәуелсіздіктің алғашқы жолдарындағы тмд елдеріндегі шиеленіс ошқтары және шиеленісті шешу жолдары
- •88. Біріңғай экономикалық кеңістік және Қазақстан Республикасының бұл кеңістіктегі алар орны:
- •84. Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеяының маңызы:
6. Еуразия кеңістігіндегі XII-XVI ғғ. Арасындағы түркі халықтарының империялары:
Сонау ХІ ғасырдан бастап-ақ Шығыс хан құрған империя мен одан кейінгі оның немересі Еуразия жазығында Бату хан ұйымдастырған империя әлем елдерінің ішінде тек қазіргі қазақ халқының маңдайына жазылған әрі осы елдің ру-тайпалары құрған ірі қағанаттар (державалар) деуге әбден болады.
Сол бір замандарда соғыс өнерін кереметтей меңгерген және жер бетіндегі көшпелі халықтардың ішіндегі ең көбі әрі мазасыз соғыскері осы біздің халық еді. Бұған ешбір ел дау айта алмайды.Жанын шүберекке түйе жүріп, біздің ата-бабаларымыздан екі ұлы империя құра білуі, оңай дүние емес. Мұндай ұлы істерді атқару, ұйымдастыру басқа көп халықтың пешенесіне жазылмаған.Түркі жұртының екінші бір халқы құрған ұлы қағанат, ол – Осман империясы. Бұлар да өз заманында ат үстінде өскен жұрт. Кәрі құрлықтың (Еуропа) тізгінін қолына алып, Азияның бірнеше еліне үстемдік еткен ел. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары орнатқан екі империя, сондай-ақ, Осман империясы, басқа ұлттардың шашылып жатқан княздықтары мен корольдіктерін біріктіріп бір-бір мемлекет болуына және олардың дамуына әкеп соқты. Сонымен қатар, Көшім хан билеген бүкіл Сібір жерінің (Ібір-Сібір өлкесі) кеңдігі де Рим империясының аумағынан әлде қайда үлкен болған.Көшім де Шыңғыс хан және Бату сияқты көне қазақ тілінде сөйлеген қыпшақтардың ұрпақтары. Оларды ұмытуға болмайды және кейінгі ұрпақтардың сана-сезіміне, оның ата-бабаларының қандай болғандығын дұрыс түсіндіріп, қалыптастыра білуіміз керек! Қазақ ең бірінші ішкі тай-таластан және аңғалдығынан өздері бір кездері құрған алпауыт мемлекеттерін құлатып алған.Мәселен; Кулиководаласындағы (Күлік алқабы) соғыста Алтын Орда билеушісі ер Мамай жеңілген емес. «Өлдің Мамай, қор болдың», – деп те айтпаған. Қайта «Жеңдің Мамай, ерледің Мамай», – деген. Кеңес итмпериясының сол кездегі орыс ғалымдары көбін керісінше жазған.
7. Ұлы дала ұғымы:
Ертедегі Ұлы дала көшпенділері сауыт-саймандары мен тұрмыстық бұйымдарын әшекейлеуге қола, күміс және алтын пластиналарды пайдаланып, өзіндік айшықты “жануарлар стилі” өнерін дамытуымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер бойынша, Монғолиядағы және Ордосстағы ғұндардың өнері мен скиф өнері бір мезгілде қатар дамыған.
Мөде қаған қытай патшасы сұратқан жақсы жылқылары мен сұлу қыздарын берсе де, жерге келгенде (мейлі ол құнарсыз шөлді аймақ болса да): “Жердің жақсы-жаманы болмайды. Жер мемлекеттің негізі. Ол ешкімге берілмейді ...”деп, қытайға соғыс жариялайды, сүйтіп оның көп жерін жаулап алады. Ғұндардың батыс бөлігі б.д. I-IV ғасырларында Жетісу, Арал теңізі арқылы өтіп, алдымен Жайық-Еділ өзендері аралығын мекендеп,одан кейін Қара теңіз бойын басып алып, Днепр мен Дунайға дейін жетіп, осы көштің жолында кездескен аландардың бір бөлігі мен
остроготтарды бағындырып, угр, визигот, герман тайпаларының батысқа жаппай көшуіне себепші болды. Еуразияның картасын түбегейлі өзгерткен осы “Халықтардың ұлы көші”кезінде Кавказдың солтүстігінде Терек пен Кубандағы аландардың көпшілігі ғұндарға бағынды. Қазіргі осетиндер аландардың ұрпақтары. Аландардың екінші бөлігі Батысқа көшіп, сол жақтағы батыс герман тайпаларына қосылды. Олардың бір бөлігі Луардың төменгі жағындағы Галға орналасса, қалғандары суявтармен немесе визиготтармен араласып, Испаниядағы Каталонияның (”Гот-Алан“) атауы болған жаңа этникалық элемент құрды.