Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
euro.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.36 Кб
Скачать

34. Л.Н.Гумелевтің теориялық тұжырымдамаларының мәнісі мен ерекшеліктері

Еуразияшылдар қозғалысының тарихына көз жүгіртсек, оның алдымен шетелдегі орыс эмигранттарының арасында дүниеге келгендігін байқаймыз. Олар бүкіл халықтардың рухани дамуына үстемдік етуге ұмтылған Еуропаорталық көзқарас пен романдық-германдық мәдениеттің өзгелерді «елемеуге» деген ұмтылысын сынға алған еді. Кейін қозғалыс мүшелерінің көпшілігі славяншылдықты өздерінің рухани негізі ретінде тани бастағандығы да белгілі.

1980-жылдардың соңына қарай тарихи еуразияшылыққа деген қызығушылық арта түсіп, осы идеямен қаруланған тұлғалар қатарының саны артқандығы да белгілі. Сондықтан, ХХ ғасырдың соңында орыс қоғамында еуразияшылық идея жандана түсіп, Ресей ғалымдары ұлттық-мемлекеттік идеологиясыз халықтың күш-жігерін державаны қалпына келтіруге бағыттай алмайтындығын да жазуда.Орыс ғалымдары Л.Н.Гумилевтің еуразияшылықты ғылыми теорияға айналдырғандығын, сондықтан осы теория негізінде орыс халқының, сонымен бірге Ресейдің өзге де жергілікті халықтарының мүддесін көздейтін ұлттық-мемлекеттік идеологияны жасау қажеттігін де іргелі

мәселе ретінде көтеруде. Ұлттық, бірінші кезекте орыс проблемасын шешу ісінде Л.Н.Гумилевтің қағидаларын қажеттеріне жаратып, Ресей мемлекетінің геосаяси дамуына идеялар ұсынуда.

Еуразияшылық идеясының славян-түркі байланысын қайта жандандыруға өзек болатындығы бізге тиімді екендігі де рас. Осы көзқарасты жақтаушы ғалымдар Еуразия құрлығындағы ортақ тарихи-мәдени құндылықтарды даму көзі ретінде қарастырады. Олар Ұлы дала тарихының әлемдік өркениетке қосқан үлесіне оң баға беріп, орыс тарихының «татарлармен» тығыз байланысатындығын көрсетті.Ең басты мәселе еуразияшылық идеясын тарихи жүріп өткен ізімен және оны заманауи түсінікпен (тарихи шындықты бетке ала отырып) ұғынуда болып отыр. Себебі, тарих – қоғамдық сананы қалыптастырушы қуатты құрал. Үстем мемлекеттердің тарихи көзқарасты өздерінің саяси мақсаттарына орай пайдаланатындығы да ешкімге құпия емес. Мәселен, тарихтың жеткіншегі ретінде қалыптасқан этнология, этногра -фия ғылымдарының саяси мәнін ешкім де жоққа шығармайды. Сондықтан, тарихи көзқарастарды зерделегенде ұлттық мүддені ешқашан естен шығармауымыз керек. Себебі, кейбір орыс ғалымдарының «Создание русским этносом из Московского княжества российской державыможно объяснить двумя основными причинами. Во-первых, высокой пассионарностью русского народа, которая поз-волила ему освоить необходимое жизненное пространство и навязать свою волю другим народам Евразии. Во-вторых, особенностью стереотипа поведения русских в области межнациональных отношений, в силу которой присоединенные народы не превращались в людей второго сорта, а

вовлекались на равных правах в процесс государственного строительства»-деп жазғандары тарихи шындықты дәл көрсете алмайды. Сөзімізді Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті Юрий Афанасьевтың: «Кез келген адамнан «Дмитрий Донской кім болған» деп сұраңызшы. Куликово шайқасы, татар езгісінен құтылу деп жауап береді …Егер «татар езгісінен құтылу» дегенді Дмитрий Донскойдың өзіне айтса, ол есінен адасып кетер еді. Себебі, ол мойындайтын патша татар патшасы ғана болатын. Ал Мамай өзін хан жасағысы келген көлденең көк аттының бірі болды. Донской осыған қарсы шығып, заңды патшаны қорғаған. «Татарлардан азат болу» деген сандырақты ол қабылдамас еді. Бірақ қазір осылай сөз саптау біздің тарихи қағидамызға айналып кетті» -деп айтқанымен дәлелдей аламыз. Ал, Л.Н.Гумилев көшпелі мәдениеттің тасымалдаушылары ғұндар, түрік халықтарының салт атпен жүріп Еуропа мәдениетіне шалбар киюді үйреткендігін де жазған-ды.Ресей ғалымдарының бірсыпырасы мемлекетті құрушы орыс этносы еуразияшылықты орыс идиологиясы ретінде қабылдамағандықтан, бұл идея құндылық деңгейінде қалып, күшке айналмады деп жазуда. Тіпті, еуразияшылықты орыс ұлтының дамуына қарсы идеология ретінде қабылдайтын да көзқарастар ара тұра кездесіп қалады. Сондықтан, бір ұлтты биіктетіп, екіншілерін аласартып көрсету тарихты бұрмалау

болып табылады деген пікірді ұстанамыз.Орыс ғалымдардың пікірінше, Л.Н.Гумилевтің еуразиялық көзқарастары еуразиялық идея дамуының жоғары сатысы болып табылады. Сондықтан, осы шағын мақалада Л.Н.Гумилевтің еуразиялық көзқарастарының тарихи мәнін және оның қазақ ұлтының этникалық өздік сана мәселелеріне қатысты қырларын зерделеу-ге ұмтыламыз.1970 жылдары кеңестік тарихнамада Л.Н.Гумилевтің еңбектерін зерттеу басталған-ды. Гумилевтің кеңестік тарихнаманың тезіне көнбеген этнос, этногенез, пассионарлық туралы көзқарастары, түйіндеп айтқанда, этнологиялық тұжырымдары бір жақты сынға ұшырағандығы оқырманға жақсы таныс. 1990 жылдардың соңында Л.Н.Гумилевтің тарихи тұжырымдарын еуразияшылықпен сәйкестендіріп, соны мен қатар этногенез мәселесінің жалпы заңдылықтарын айқындау ісіне алғашқы қадамдар жасауға ұмтылыс танытқан еңбектер жарық көре бастады.Л.Н.Гумилев орыс идеясынан сусындағандықтан, орыс идеологиясын насихаттады. Ғалымның «Ресей өзін Евразиялық держава ретінде ғана құтқарып қала алады, тек евразияшылдық арқылы ғана» -деп жазғаны да белгілі. Ғалым Н.С.Трубецкой, П.Н.Савицкий және Г.В.Вернадский секілді ойшылдардың негізгі тарихи-әдіснамалық тұжырымдарымен келісетіндігін бірнеше мәрте айтып, алайда, «олардың этногенез теориясындағы басты мәселе – пассионарлықты ұғынуды ескермегендігін» жазған еді. Ғалымның пікірінше, этностар пассионарлық сер-пілістің нәтижесінде туындайтын табиғи құбылыс болып табылады. Этнос өзінің өмір сүруіне қажетті әлеуметтік ин ституттарды, соның ішінде мемлекетті қалыптастырады. Сонымен қатар, этностардың тұрмыс-тіршілігіне табиғи ортаның тигізер ықпалы тұрғысында көптеген

тың ойларын қалдырған-ды. Мәселен, Л.Н.Гумилев 1966 жылдың 17 ақпанында өткен КСРО Географиялық қоғамының Этнография бөлімінің мәжілісінде «Этнос және ландшафт. Тарихи география халықтанудың бірі» атты баяндама жасайды. Ғылыми тұжырым-дарға негізделген баяндама «талқылау үшін» редакциялық белгісімен екі жылдан соң ғана жарияланған еді.Л.Н.Гумилевтің «Этностардың өзіндік сыртқы ерекшеліктерін анықтайтын этнография тәрізді сипаттамалы ғылыммен қатар этногенез және адамзат пен тірі және қатып қалған табиғат арасындағы өзара қарым-қатынастың мәселелерін шешетін халықтану (этнология) ғылымын шығару мүмкіндігі бар. Бұл жаңа ғылым өзінің пәні, аспектісі және әдістемесі бойынша гуманитарлық ғылым қатарына емес, жаратылыстану ғылымдарына жатады» -деген тұжырымы этнологияның дербес ғылым ретінде дамуы мемлекет ісінің алға басуына оңтайлы

әсерін тигізетіндігін айқындап тұр.Көшпелі халықтардың тарихы мен мәдениеті жөнінде көптеген еңбектер жазған зерттеуші, космолог, белгілі шығыстанушы, құрлықтардың өзара байланысы жөніндегі жаңа тұжырымдама мен жобаның авторы академик Джангар Пюрвеев Л.Н.Гумилевпен 1991 жылғы қазан айындасоңғы рет әңгімелескен-ді. Сол сұхбатта Лев Николаевич өзінің еуразияшылық көзқарастарын анық айтқан еді: «Ұлттар табиғи түрде үлкен

топтарға бірігеді, мен бұларды «суперэтностық топтар» деп атаймын. Этностық емес, суперэтностық. Біздің суперэтностық тобымыз Қытай мен Еуропаның аралығында жатыр және оның айрықша этностық нақышты тұтастығы бар. Бұл топтағы халықтар бірге болуға, бірін бірі жақсы көріп, құрметтеуге тиіс. Бірақ, бұл – бірге болу әлдекімге еліктеу немесе қайтадан оқып, үйрену негізінде емес, әр ұлттың өзінің дербес мәдениеттері негізінде жүзеге асырылады. Әр халықтың өз мінез-құлық стереотипіне құқығы бар, ол өзін өзіне ыңғайлы деп тапқан орайда ұстай алады, халықтың осы ерекшелігімен санасу керек және бұл құрметтелуге тиіс. Сол себепті мен орыстарды қалай сыйласам,

қалмақтар мен якуттарды да, қазақтар мен буряттарды да солай сыйлап, құрметтеймін. Олардың бәрінің де біртұтас еуразиялық отбасында бірге туған бауырлардай болуға толық құқығы бар». Сондай-ақ, ғалым халықтың тарихқа қосқан үлесі оның санына байланысты болмайтындығын, мәселен, Еуропа мәдениетіне саны миллионға жетпейтін байырғы гректер жұрттың бәрінен көп үлес қосқандығын түйіндеген еді. Осы тұста Алаш зиялыларының «Ел қалыңдауы мен мәдениет жоғарылауы арасында не сабақтастық бар? …Мәдениеттің негізгі себепкері ел тығыздығы деген тым көтеру болады…» -деген пікірін айта кеткеніміз жөн болар еді. Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі түркі халқы тарихының зерттелуі. Лев Николаевич Гумилев (1912 -1992 жж.) – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу нысанасы- Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л. Н. Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы-зерттеуші.Л. Н. Гумилев бар ғұмырын Батыс пен Шығыстың өздеріне тән әр түрлі мәдениеттерінің бір-бірімен байланысы, сонымен қатар ерте орта ғасырлардағы халықтардың тарихын тереңнен зерттеп-зерделеуге арнаған болатын.Ол «Политическая история первого тюркского каганата (546-656)» атты кандидаттық диссертация қорғағаны мәлім. Тұтқында жүргенде «Хунну» (1960) кітабын жазып, ол кітап кейіннен «Степная трилогия» кітабының бір бөлігі болды. Сондай-ақ, оның «Древние тюрки» (1967), «Поиски вымышленного царства» (1970) атты еңбектері бар. Алғашқы екі кітабында Л. Н. Гумилев Ұлы дала этносының тарихын суреттесе, «Поиски вымышленного царства» бөлігінде еуропалықтардың Еуразия даласының тұрғындарына алдын-ала жоспар бойынша жасалған қарым-қатынастарының қалай туындағаны көрсетілген.60-70 жылдарда Л.Н. Гумилевтің ғылыми еңбектерінің тарихи құрылымы жалпылама түрде қабылданған кеңестік тарихи ғылымнан түбегейлі айрықша болды, сондықтан да оның жұмыстары теріс бағаланды.Л.Н. Гумилевтің зерттеу әдістері толық көлемде «Этногенез и биосфера Земли» (1989) атты зерттеу жұмысында толық айқындалған. Оның тарих ғылымына қосқан негізгі үлесі «Древняя Русь и Великая степь» (1989) деген еңбегі болды. Онда IX-XII ғасырлардағы Еуразия этностарының бір-біріне өзара әсерлері қарастырылған. Автордың айтуы бойынша, тарих ұзақ уақыт бойы еуроорталықтандырушылық ұстаныммен бағаланды. Л.Н. Гумилев тарихтың міндеті цивилизацияның («суперэтностармен») ауысуына қатысты, тарихи процестердің мәніне байланысты этностардың дамуын оқып үйрену деп санады. Л.Н.Гумилевтің көне түріктер тарихына арналған кандидаттық және докторлық диссертациялар негізге алсақ, ол – тарихшы-шығыстанушы.

Сонымен қатар Лев Николаевичті түрколог ретінде тануға болады, алайда бұл мамандық түркі халықтарының тілі мен әдебиетін зерттейтін филологиялық, лингвистикалық бағыт болып табылады, ал бұл Л.Н.Гумилевтің ғылыми қызығушылығымен мүлдем сәйкеспейді. Оның шығармашылығын жинақтай келгенде, біз оның белгілі бір шығыс тілінің, аймағының немесе кезеңінің шеңберіне сыймайтын – шын мәніндегі еуразиялық масштабтағы ғалым екендігін мойындауымыз керек.Л.Н.Гумилев – энкциклопедист, жалпы тарихтың білгірі. Ғұндар мен көне түріктерді оқу арқылы ол уақыт өлшемі бойынша кейінгі орта ғасырды зерттеді. 1930 жылдар мен 1990 жылдардың басына дейінгі аралықтағы оның ғылыми зерттеулерінің пәні тек бір ғана этникалық топ емес, тұтас Еуразия халықтары болды.

Л.Н. Гумилев Еуразияның дала халықтарының алдымен саяси, одан кейін этникалық тарихын зерттеу арқылы дәстүрлі филологиялық немесе әлеуметтік-экономикалық шығыстану ғылымының шеңберінен шығып кетті. Ол кез келген ғалымның бағына бұйырмайтын аймақтық (еуразиялық) тарих деңгейіне, содан барып әлем тарихының концептуалды деңгейіне көтерілді.Л.Н.Гумилевтің тарихшы ретіндегі тағы бір ерекшелігі оның бір жағынан ғұндардың, түркілердің, хазар мен монғолдардың тарихын зерттеуімен қатар, екінші жағынан өзінің жеке этнология нұсқасын, оның ішінде этногенез теориясын жасауы.Л.Н.Гумилев мұрасы – 1960-1980 жылдары өзінің еуразияшылдығын жарнамаламаған, бірақ еуразияшылық идеясының ғылыми негіздемесіне қомақты үлес қосқан еуразияшыл-ғалым.Жалпы алғанда, оның мұрасы қоғамдық-саяси ойлаудың тиімді бағыты ретінде терең негізделген еуразиятанушылық болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуразия университетіне1994 жылы Лев Николаевич Гумилевтің атын берді.Мемлекет басшысы – Қазақстанның ұлттық өрлеуінің және еуразия идеясының қолдаушысы. Қазақстан үшін Елбасының Еуразия халықтарының бірлігі контексіндегі түркілер мен славяндардың өзара қарым-қатынасы мәселесі бойынша, түркі-монғол әлемінің тарихын тану бойынша жұмыс істегені аса маңызды болып табылды

Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдық идеясын қалыптастыруға қосқан үлесі.

Л.Н.Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихын зерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдар қызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды. Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретінде Л.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевқа былай хат жазады: «Древние

кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненныйуклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылық сезіледі.

Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы ірі жетістігі, бұл оның пассионарлық идеяся мен этногенез теориясының негізін салуы. Ол «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс»- деген тұжырым жасаған болатын. Л. Н. гумилевтің пайымдауынша ғарыш Жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады. Пассионарлықтың осылайша ағылуы ұлттар (этностар) мен өркениетті (супер этностарды) туғызады.

Л. Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымға сіңірген негізгі қызметі болып қалады.1992 жылы берген соңғы сұхбатында Л.Н. Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысын былай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил».Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграциялану негізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы орайда Л.

Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н. Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзара үндес болып келеді.

.Л.Н.Гумилев еңбектеріндегі көшпенді халықтар тарихының зерттелуі. Л.Н.Гумилев- Ұлы дала мен көшпелілер әлемінің тарихынзерделеген, белгілі еуразияшыл ғалым. Оның Еуразиялық шығыстанушылығы 30-50-жылдары ресейлік миграциядан шыққан еуразияшылдарқызметімен қатар, бірақ олардан тәуелсіз түрде дамыды. Біз Л.Н.Гумилевтің шығармашылығының мәнін 20-30-жылдардағы еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарағыстыруға болмайды. Еуразияшылдар мен Л.Н.Гумилевтің мағыналы байланысының ақиқат растамасы еуразияшылдықтың негізін қалаушылардың бірі ретіндеЛ.Н.Гумилевтің шығармашылығындағы еуразияшыл дәстүрді қолдап, оны осы жолға салған П.Н.Савицкиймен жазысқан хаттары мен гумилевтік тарихи жұмыстардың рухы болып табылады. 1958 жылы П.С.Савицкий Прагадан Л.Н. Гумилевқа былай хат жазады: «Древние кочевники являются для нас великим примером того, как нужно сражаться и побеждать, защищать себя, сохранять свой быт, свой жизненныйуклад, свою самобытность». Ары қарай: «До самого основания обломить Западу рог его высокомерия – вот задача нашего времени. Наука окочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке хатында айтады, сол себепті ғылыми және адами жариялылықсезіледі.Сонымен бірге Л.Н. Гумилевтің ғылымдағы ірі жетістігі, бұл оның пассионарлық идеяся мен этногенез теориясының негізін салуы.Ол «этносты табиғат пен әлеуметтік ортаның ықпалдасуынан пайда болған ерекше құбылыс»- деген тұжырым жасаған болатын. Л. Н.Гумилевтің пайымдауынша ғарыш Жерге ауық-ауық энергия тасқынын жіберіп отырады. Пассионарлықтың осылайша ағылуы ұлттар(этностар) мен өркениетті (супер этностарды) туғызады.Л. Н. Гумилев өзінің бүкіл өмірін Еуразия халықтарының этникалық тарихын зерттеуге арнаған ғалым. Сондай-ақ, бұл оның ғылымғасіңірген негізгі қызметі болып қалады. 1992 жылы берген соңғы сұхбатында Л.Н. Гумилев өзінің ғылыми биографиясының қорытындысынбылай шығарды: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искреннеполюбил». Л. Н. Гумилевтің мұрасы саяси, халықаралық мәндегі көкейкесті мәселе, себебі ол- жаһандану мен аймақтық интеграцияланунегізіндегі мемлекетаралық және этносаралық қарым-қатынас тұжырымдамасы ретінде еуразияшылдықтың ғылыми-тарихи негіздемесі. Осы

орайда Л.Н. Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті- Н.Ә. Назарбаевтың еуразияшылдық идеясы өзараүндес болып келеді.

39-40.Лев Гумилевтың этногенездік Пассионарлық теориясы

тарихтағы оқиғаларды этностардың дамуы мен сол ландшафттың және басқа этностардың арасындағы қарым – қатынас ретінде сипаттайды. Негізінен мақала ретінде рецензиялық журналдарда басылып шығарылды, кейін диссертация негізінде көрсетілді, өзінің докторлық степендиясын қорғау мақсатында, бірақ ЖАК - мен қабылданған жоқ.

Лев Гумилевтың гипотезасы этнос ұғымын (дәлірек, этникалық жүйелердің бірнеше түрін) анықтайды және сипаттайды, сонымен қатар Пассионаризм ұғымын енгізеді және типикалық этногенез процессін және этностар арасындағы өзара байланысты сипаттайды.Этногенездің Пассионарлық теориясы КСРО - да және басқа мемлекеттерде түсініспеушілік пен қолдау таппады.Қазіргі уақытта ол теория Ресей, Қазақстан, Өзбекстан сияқты мемлекеттердің жоғарғы оқу орнындарында этногенездің даму теорияларының біреуі ретінде оқытылады.

48. Н.Я.Данилевскийдің «россия и европа» еңбегіндегі көтерілетін мәселелер. «Дарвинизм» еңбегінде Дарвиннің теориясын сынап, оның негізсіздігін дәлелдейді. «Россия и Европа» еңбегінде Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарайды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, Батыстың саяси, мәдени экспансиясынан сақтану қажет деп шешті. Данилевскийдің пікірінше, саяси тепе-теңдік әрқашан Рессейге қарсы бір-бірімен уағдаласқан Еуропа мемлекеттері үшін өте тиімді. Ресей қауіпсіздігінің кепілі Еуропа мемлекеттерінің бытыраңқылығы мен өзара келісімге келе алмауы болып табылады. Осы еңбегінде ХІХ ғасырда тарихнамада үстем болған еуропоорталықтық көзқарасты сынады. «Мәдени-тарихи түрлер» ұғымы - Данилевский ілімінің негізі. Ол тарих жүзіндегі негізгі мәдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1)египеттік, 2)қытайлық, 3)ассирия-вавилон-финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4)үнділік, 5)ирандық, 6)яһудилік 7)гректік, 8)римдік, 9)жаңа-семиттік немесе аравий және 10)герман-романдық немесе европалық, ал сонымен қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық және перуандық. Данилевскийгерман-романдық және славяндық түрлерге ерекше көңіл бөледі. Славяндық түрдің болашағы туралы тұжырымдап, болашақта герман-романдық түрдің құлдырауына орай Ресейде славяншылдық тарих төріне шығатындығын дәлелдеді. Еуропаның орнын Ресей басып, жоғары діни қуатымен және барлық славян халықтарын біріктіру миссиясын атқарады. Славяншылдықтың үстемдігі еуропаның «күйреуін»

көрсететін еді. Славяншылдар секілді еуропалық және славяндық мемлекеттілік түрлі тамырдан қалыптасты. Славян халықтарының германхалықтарына қарағанда үш ерекшелігі бар: этнографиялық (психикалық құрылысы); 2) діндарлығы; 3) тарихи тәрбиедегі ерекшелік. Данилевскийдің айтуынша: «Әрбр славян орыс, чех, серб, хорват, словенец, болгар (полякты да қосқым келеді) үшін – Құдай мен оның Қасиетті шіркеуінен соң – славян идеясы идеядан жоғары, бостандықтан жоғары, ғылымнан жоғары, білімнен жоғары, жер бетіндегі барлық игіліктерден жоғары болуы керек». Данилевский Ресейдің дамуы үшін күшті билік пен қатаң орталықтандырылу қажет деп шешіп, «мемлекеттің мақсаты халықтың өмірін, ар-ұяты мен бостандығын қорғауды» ұсынды. Ол Ресейдің саяси жүйесін өзгертпесе, өркениметке

жете алмаймыз деп түсіндірді. Күшті мемлекеттік саясат пен реформаның үйлесімділігі арқылы қоғамды дамытуға болатындығын ұсынды.

ЭТНОГЕНЕЗДІҢ ПАССИОНАРЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Жер бетінде әртүрлі замандарда өмір сүрген этностар мәңгі емес. Бұл мәселе туралы пікірталас көп. Немістің ұлы тарихшысы Ранке тарих ғылымында «халықтық рух» идеясын енгізіп, ұлтты, халықты «тарихи аренаға шығаратын уақыт» деп көрсеткен болатын. Ұлттың үнемі өзгеріске ұшырайтыны туралы идея кеңестік теорияда да бар, осыған сүйене отырып, кеңес өкіметі ұлтсыздандыру саясатын жүргізді. Алайда ұлт мәселесіне мұндай жауапсыздық пен жеңіл көзқараспен қараудың неге әкеп соқтырғаны тарихта белгілі жайт. Әлем халықтарының өзара байланыстылығы мен халықтарды «тарихи» және «тарихи емес» деп бөлетін евроцентризмге өмір бойы күрескен Л. Гумилев Еуразияның ерекше географиялық аймағы – Ұлы даланың тарихының Еуропа тарихынан әсте кем еместігін зерттеп қана қойған

жоқ, жаңаша тұжырымдар жасап, тарихи ақиқатты жақындататын зерттеулер әдістерін жаңартып, этногенездің жаратылыстық ғылыми теориясын жасақтады.Бұл зерттеулер 1965 жылы «Вестник Ленинградского университета» атты журналда «Ландшафт және этнос», «Тарихи география пәні туралы» деген мақалаларында жарияланды.

1976 жылы жазылып аяқталған «Этногенез және жер биосферасы» атты еңбегін, 15 жылға дейін жариялауға тыйым салынды. 1979 жылы бұл кітап қолжазба түрінде ВИНИТИ-ға тапсырылып, (депонирование) сақталды. Көп тиражбен басуға рұқсат етілмегендіктен, Л. Гумилевтің бұл еңбегімен танысуға қызығушылар саны толастамады. ВИНИТИ-ға 2 мыңнан аса тапсырыс түсті. Бұл ғалымның атағын дамытып, асқақтатты. Бірақ ғылыми орта мен оқырман арасында Л. Гумилевтің даңқы артқанмен, ресми билік оның себебін мойындамады. Тек Қайта құру кезеңінде ол кітап боп басылып шықты.Кеңестік ғалымдар Гумилев тұжырымдарын қолдамады. Мұның басты себебі – Кеңес этнографтары этносты –әлеуметтік құбылыс деп қарастырса, Гумилев этностың табиғи құбылыс екендігін дәлелдеді.Ұлт немесе халықтың бұрынғы анықтамасы бойынша, ортақ тілі, территориясы, ортақ тегі, экономикалық байланыстары, саяси бірлестігі және мәдени ерекшеліктері, діні, сана-сезімі сияқты белгілер негізге алынып, этногенез аяқталған процесс боп саналса, Гумилев этносты аяқталмаган процесс ретінде көрсетті.Мысалы, батыстық тарихнама мен әлеуметтануға тән «өркениеттік әдіс» субъективтік фактордың маңызын арттырып, дін және мәдениетке көп көңіл бөлді. Ал маркстік формациялық әдіс экономикалық детерменизмге бой ұрып, субъективтік факторлардың рөлін төмендетті.

Осындай жағдайларда батыс әлемін XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасыр басындағы тарих ғылымындағы методологиялық дағдарыстан шығу жолдарын іздестіріп, тамаша тарихшы социологтердің еңбектері жарияланды. Олардың тарихи концепция-лары тарихты зерттеудің әдістері мен жолдарын жетілдірді. Алайда XX ғасырдағы Ресейдегі жағдай мүлде өзгеше қалыптасып, Кеңестік дәуірдегі тарих ғылымы догматтық пен біржақтылыққа ұрынды. Осындай тиімсіз жағдайларда Л.Н. Гумилев өзінің тарихи ұстанымдары мен көзқарастарын өз еңбектері арқылы көрсете білді. Этногенез – ұлттың, халықтың пайда болуы, дамуы және жойылу процесі. Ежелгі түркілер тарихын зерделеген Л. Гумилев халықтар мен ұлттардың пайда болуы мен жоғалуына жауап іздеп: «Финикиялықтар бір кезде болды, ал қазір жоқ, финикиялықтар

кезінде француздар болған жоқ, олар IX ғасырда пайда болды, XIX ғасырда қалыптасты» деген сұрақ қояды.Л. Гумилев ұланғайыр тарихи процестерді талдау, қорытындылау анықтаманың: тіл, экономика, территория, мәдениет орталығы қате

екендігін дәлелдеді. Мысалы, ортақ тілді алсақ, тарихта әртүрлі тілде сөйлесе де, өзінің ұлттық бірлігін жоғалтпаған этнос аз емес. Мысалы, француздар орта ғасырларда 3 тілде сөйледі: Париж тұрғындары – ескі француз тілінде, Бретань провинциясында – бретандық тілде, ал оңтүстікте Прованс пен Лангедокта – провансаль тілінде сөйлесе де, француз этносын сақтап немесе 120 жыл бойына Ресей, Австрия, Германия империяларының қол астында болған поляктар ұлтын жоғалтпады.Жоғары мәдениет пен гүлденген экономикаға қол жеткізген этностар өздерінен әлдеқайда төмен ұйымдасқан халықтардың идеологиялық және әскери экспансиясына төтеп бере алмады, яғни экономикалық қуаттылық та ұлттың, халықтың мәңгі өмір сүруінің белгісі бола алмайды. Мысалы, Рим империясы ІV-V ғғ. варвар-герман, ғұн тайпаларына төтеп бере алмады.Л. Гумилев этносты-ұлтты анықтайтын бұрынғы белгілердің қате екендігін дәлелдеп, этногенезді – этностың пайда болуы мен дамуын – жаратылыстық ғылым тұрғысынан қарастыруды ұсынды. Яғни этностың қалыптасуы адам қызметінің нәтижесінде емес, Жердің биосферасындағы процестер арқылы жүзеге асады деген тұжырым жасады. Бұл бір қарағанда жаңалық емес сияқты, өйткені географиялық фактордың адам қызметі мен шаруашылығына, мемлекеттердің сипатына ықпал ететіндігі туралы пікірлерді араб ғалымдарынан бастап,

еуропалық гуманистер, ағартушылар айтқан болатын. Л. Гумилев еңбегінде бұл идея теория түрінде ғылыми негізделді.

Л. Гумилев этногенез процесінің энергетикалық табиғатына назар аударды. Тарихтағы қызметтің қайнар көзі, Гумилевтің айтуынша, биосферадағы тірі заттардың биохимиялық энергиясы. Биосфераның биохимиялық энергиясын кезінде В.И. Вернадский ашқан болатын.Этнос – бір-біріне ынталылығы мен мәдени деңгейлері жағынан ұқсамайтын әртүрлі адамдардан құралады. Адамдар қоршаған ортадан тұрақты түрде қабылдайтын биохимиялық энергиясы деңгейімен ерекшеленеді. Кейбір адамдарға қоршаған ортаға бейімделу үшін және қайшылықсыз өмір сүру үшін энергия қажеттілігі жеткілікті болады, біз мұндай адамдарды «гармониялық» адамдар дейміз. Кейбіреулерінің қабылдаған энергиясы тұрмыстық қажеттілігіне жетпейді, сондықтан олар өмірдің қызығына тоймайтын, өзгелер арқылы күн көретін,

болашағын ойламайтын «субпассионарларға» айналады. Ал тарихты, адамзат қоғамын қозғайтын күш – пассионар адамдар, олар биохимиялық энергиясын өмірді өзгертуге, қоғамды қайта құруға арнайды.Уақыт өте келе, бір этностың ішіндегі адамдардың 3 пассионарлық түрі өзгеріске ұшырайды. Субпассионарий адамдары көп этнос бірте-бірте әлсірейді. Пассионарлары көп этнос немесе халық күшейеді. Ол ұлы империялар мен мәдениетті қалыптастырған халықтардың (гундар, түркілер, моңғолдар, еуропалықтар т.б.) тарихи аренаға шығуын түсіндіреді.

Ұлттың қалыптасуының шешуші факторы – «пассионарлық» –биохимиялық энергияның сапалық көрінісі. Осы пассионарлық энергия Жердегі биосферадағы әртүрлі этникалық жүйелердің пайда болуы мен өмір сүруіне әсер етеді. Осындай фактормен біріккен адамдар ұжымдарының ортақ мінез-құлқы болады, сонысымен өздерін өзгелерден ажыратады.«Пассионарлық энергияны» адам қызмет ету үшін жұмсау қажет. Пассионар адамдар жаңа үйлер салады, кітап жазады, соғыс жүргізеді, билік үшін күресте белсенділік көрсететін, саясатпен айналысатын жігерлі адамдар болады. Осыған байланысты әртүрлі ұлттар мен халықтардан шыққан пассионар адамдардың әрекеттері өздерінің мақсаттарына сәйкес ұқсас болады. Сондықтан мысалы, Наполеонды – Юлий Цезарьмен, Александр Македонскиймен, Лобачевскийді – Евклидпен, ал Пушкинді – Дантемен салыстырып жатады.Бірақ осы ұқсастықтарына қарамастан, әртүрлі этностың адамдарының сырт көзге және іс-әрекеттеріне байланысты өзгешеліктері де болады.

Ол заңды да. Өйткені адамның мінез-құлқына, іс-әрекетіне оның географиялық ортасы – ландшафт пен шаруашылық жүйесі және мәдени дәстүрлері мен этникалық қоршауы (көршілес халықтар) әсер етеді. Осы 3 фактор Л. Гумилевтің айтуынша, ұлтты (этнос) өзге ұлттан ерекшелендіретін белгілерін қалыптастырады. Бұл ерекшелік ұлт пен ұлт арасындағы өзгешелікті ғана емес, бір ұлттың ішіндегі ерекшеліктерді де көрсетеді.Әрбір этнос субэтносқа бөлінеді. Орыс ұлтының (этнос) ішінде поморлар, старообрядцы, сибиряктар, казактар – субэтнос боп саналады.

Қазақ ұлтының (этносының) ішіндегі тайпалық бірлестіктер мен руларды да субэтнос деуге болады. Мысалы, үйсіндер мен наймандар арасында немесе беріштер мен шеркеш арасында өзіндік ерекшеліктер бар. Соған қарамастан бұлар қазақ халқын құрайды.Мұндай жағдайды этностар арасындағы қарым-қатынастардан да көруге болады. Тарихтан іс-әрекеттері мен мінез-құлқы бір-біріне жақын ұлттар мен халықтар үлкен этникалық одақ құрғанын білеміз. Бұларды суперэтностар деп атаймыз. Оларды «мәдениет», «өркениет», «әлем» деп те атауға болады. Мысалы, «христиан әлемі» деп Рим папасын, яғни католик дінін мойындайтын барлық католиктерді айтамыз. Немесе араб әлеміне барлық ислам дінін ұстанатын Арабия түбегі мен Жерорта теңізінің шығысы мен оңтүстігіндегі елдерді жатқызамыз. Мысалы,

ерте замандардағы ғұн, түркі, моңғол халықтары суперэтностар саналады. Л. Гумилевтің пассионарлық теориясы Еуразия халықтарының туыстығы туралы пікірді растайды.Сонымен қатар, этнос биологиялық құбылыс еместігін де көрсете отырып, Л. Гумилев оның географиялық сипатына ерекше мән береді. Жер ландшафтының әртүрлілігі – этностардың да әртүрлілігін калыптастырады дейді.Қазіргі кезде Л.Н. Гумилевтің этногенез теориясы көпшілік мойындаған, ғылыми ортадағы ең маңызды жаңалықтың бірі. Этносты – табиғи құбылыс деп қарастырған Гумилев, оны зерттеудің тәсілдеріне назар аударады.Этностың мәні мен маңызын түсіндіруде әртүрлі көзқарастар жүйесін қолдану керек. Мысалы, орта ғасырда Американы жаулап алған испандар ацтек, инктердің әйелдеріне үйленіп, балаларын испандық деп санады. Сөйтіп, Испанияның шекарасын Оңтүстік Америкаға дейін создық деп ойлады. Бірақ Оңтүстік Америка халықтары испандыққа айналмады, XIX ғасырда бұл халықтар Испаниядан бөліну үшін ұлт-азаттық көтеріліске шығып, тәуелсіздігі үшін күресті. Ақырында Латын Америкасында Бразилия, Аргентина, Чили, Венесуэла, Колумбия,

т.с.с. мемлекеттер пайда болды. Сонымен қатар, бұл халықтарға христиандық католик дінін тарату да оларды испан ұлты ете алмады.Л. Гумилев этнография мен этнология деп екіге бөліп қарастырады, біріншісі халықтардың тұрмысы, шаруашылығы мен діни ерекшеліктерін зерттесе, этнологияның басты мақсаты – этностар мінез-құлқының импульстарын зерттеу. Мұны зерттеу үшін тарихтың әдістері жеткіліксіз. Дәстүрлі әдіс оқиғаларды белгілі бір аймақтарда іріктеуге, баяндауға әкеледі. Мұндайда осы оқиғалардың байланысын анықтау зерттеуші назарынан тыс қалады. Этнологиялық методика арқылы жекелеген елдер мен оның көрші елдер арасындағы ғана емес,

тұтас Еуразияның этникалық тарихындағы ақтаңдақтарды зерттеуге болады.Синхронды принцип (мысысалы, студент пен профессорды салыстыру), яғни ұлттардың уақыттық даму кезеңдерін ескермеу көшпелі халықтардың «артта қалғандығы» туралы тұжырымдарды шығарды, сондықтан синхрондық принципті этникалық процестерді зерттеуге қолдануға болмайды, себебі, этникалық процесс – дискретті (үзілмелі). Осы себептен ежелгі түркілер өздерінің арғы тегі – хұндарды білмеді, сол сияқты түркі қағанаты мен Шыңғысхан империясы арасындағы дәстүр жалғастығының үзілісі болды. Қазақ тарихын осылармен байланыстырмау үрдісі де осылайша қалыптасты.Л. Гумилев ұсынған диахрондық принцип қазіргі мәдениетті еуропалықтардың жастық кезеңінде жабайы франктер мен нормандар болғанын

көрсете алады. Осы әдістерге сүйене отырып, Л. Гумилев еуразиялық теорияны жасақтайды. Бұл теория жекелеген халықтардың қайталанбас ерекшелігі мен әлемнің әртүрлілігіне негізделеді. Бұл қазақ тарихын зерттеуде жаңаша тұжырымдарға шығуға мүмкіндік береді.Бұл идеялар жалпыадамзаттық, әлемдік мәдениет туралы тұжырымдарды жоққа шығарады. Керісінше, әлемдік мәдениеттік этностар мен суперэтностық мәдениеттерден құралатындығын тұжырымдайды. Ол Батыс Еуропадан да, Азиядан да ерекшеленетін еуразиялық суперэтностың бірлігі туралы пікірі ерекше құнды.Л.Н. Гумилевтің этногенез териясының негізгі ережелері қандай? Оның айтуынша, этностар тармағында – ру, тайпа, кең ұғымда «халық, ұлт». Этнос табиғи жағдайда өзіндік ортақ мінез-құлық, дәстүр-тұрмыс сипаты жағынан басқалардан ерекшеленетін адамдардың ұжымы, этнос комплиментарлық (ұнамды) негізде басқа ұлт, халықтармен байланысқа түседі. Сонымен этносты анықтаушы негіз – халықтың мінез-құлық, дәстүр-тұрмыс бірлігі. Яғни халықтар мен ұлттар – бір-бірінен нәсілі, тілі, діні, білімділігі арқылы емес, ұстанған мінез-құлық пен

тәртібімен ерекшеленеді.Мінез-құлық, тәртіп – адамдардың жер, табиғат жағдайларына бейімделуінің нақты көрінісі. Әртүрлі табиғи жағдайлар – әртүрлі халықтар мен ұлттарды қалыптастыратын негіз боп саналады. Ұлт пен ұлттың, халық пен халықтардың комплиментарлық байланысы жақсы, жаман және бейтарап боп 3-ке бөлінеді. Жақсы байланыс – халықтардың бір-бірімен келісімді өмір сүруіне ықпал етеді. Мысалы хазарлар мен ежелгі түркілер осындай қатынаста болған. Жаман байланыс халықтардың бір-бірін жау көруі немесе оны өзгертуге ұмтылуы. Мысалы,

хазарлар мен еврейлердің байланысы негізінде Хазария жойылды. Немесе қытайлар көшпелілерді жек көрді, сондықтан көшпелілермен үнемі соғысты. Л. Гумилев орыстар мен Еуразия түркілері арасында ұнамды қатынастар болды дейді. Үшінші бейтараптық байланысқа түсу.Өзара түсіністік, бейқамдық қатынастар боп саналады. Қытайлар мысалы, хұндармен жауласқанмен, үйсіндермен бейтараптық байланыста болды.«Комплиментарность» деген мінез-құлық тәртібін Лев Гумилев табиғи негізден шығарды. Әр адамның биоритмі болатыны сияқты, өзара ұқсас мінез-құлық негізінде жинақталған халықтың биоритмі немесе биоэнергетикасы болады. Халықтар арасындағы комплиментарность

деңгейі осы энергетикалардың үйлесу-үйлеспеуіне байланысты болады деп көрсетеді Гумилев.Пассионарлық теория бойынша ұлт немесе халық бір ортақ атадан шыққан ұрпақтар жиынтығы емес. Саналы адам пайда болған палеолит

дәуірінен бастап, бүгінге дейін қаншама халықтар мен ұлттар ауысып, өзгерді. Бір халықтың ұрпақтары кейін қалыптасқан бірнеше халықтардың құрамында болуы мүмкін, себебі, этнос, ұлт дегеніміз – бір тектен таралған адамдардың жиынтығы емес, жүйе. Ұлт жойылғанда, оны құрайтын адамдар жоқ боп кетпейді.Гумилевтің зерттеу әдісі этностардың пайда болуы мен жоғалуының себебін анықтауға мүмкіндік береді. Халық немесе ұлт, мемлекеттің аты

жоғалғанмен, оны құрайтын адамдар жойылып кетпейді. Жаңа пассионарлық негізде басқа бір халықтардың құрамына кіріп, жаңа этносты қалыптастырады. Бұл тұжырым қазақ халқының Еуразиядағы ежелгі көшпелі мемлекеттермен тарихи сабақтастығын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық және genozіs – шығу, тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этн. топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан (қ. Қазақтар). Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады: 1) жергілікті бірнеше көне тайпалық топтардың биол. жолмен жаппай араласуы

арқылы қалыптасу; 2) жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде болатын қалыптасу. Осыған орай, отандық тарихнамадағы қазақ халқының қалыптасуына қатысты ой-пікірін айтқан ғалымдарды автохтондық және миграц. бағыттарды қолдаушылар деп екіге бөлген жөн. Қазақ халқының Этногенез үрдісі әр түрлі миграц. жолмен, яғни басқа жерден қонысаударып келгендердің бір-біріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасты деген ғалымдардың ( Н.Масанов, Б.Ермұханов, т.б.) ізденістері кездеседі.

Бұған қарсы тұжырымдама жасаған зерттеушілер (Ә.Марғұлан, М.Қозыбаев, К.Ақышев, О.Смағұлов, Б.Көмеков, т.б.) қазақ халқының тарихы бірнеше мыңжылдықты қамтитындығын дәлелдейді. Олар Этногенез үрдісін әрдайым кешенді түрде қалыптасатын күрделі үрдіс ретінде қарастырды, әрі өз зерттеулерінде бірнеше ғылымдардың (археология, антропология, лингвистика, этнология, тарих, деректану, т.б.) дерек көздерін пайдалана отырып, қазақ халқының Этногенез жайында салиқалы қорытындылар, дәйекті тұжырымдар жасаған.Гумилевтің пайымдауынша этногенез дегеніміз – этносфера аясындағы этникалық ұжымның жаңарып жанғыруы.Пассионарлық - [лат. passio - құштарлық, азап шегу] - этнологияға орыс тарихшысы әрі географы Л. Н. Гумилев енгізген ұғым. Гумилев пассионарлықтаң астарында индивидтің мақсатқа талпынысынан көрінетін белсенділігін (көбіне - қияли) және осы мақсатқа жету жолындағы жанкештілігі мен күйзеліске төзімділігін түсінді. Жанкештілік мұнда кеңінен алғанда - ең басты, тіпті, өмірлік маңызды қажеттіліктерден бас тарту, жоғары пассионарлық шиеленісте тіпті үстемдік етуші мақсат болып табылатын әлеуметтік және мінсіз қажеттілік жолында құрбан болып, өмірден де бас тарту. Жалпы, пассионари биологиялық қажеттіліктерден әлеуметтік және идеалдық қажеттіліктерді басым қоюымен сипатталады. Тарихи-биографиялық әдіс негізінде Л. Н. Гумилев пассионарлықты әртүрлі дәуірлер мен этностарға тән, тұрақты психикалық және мінез-құлықтық белгілер кешені ретінде анықтайды. В. И. Вернадскийдің биогеохимиялық идеяларына сүйене отырып, Гумилев пассионарилерді сыртқы ортадан өзінің жеке қорғанысына қажеттен тыс қуат алуға туа бітті қабілеті бар және осы қуатты қоршаған ортаны өзгерту жолында мақсатты жүмысқа айналдыратын елден ерекше адамдар ретінде қарастырады.

Сонымен қатар пассионарилердің айналадағы адамдардың мінез-құлқы мен психикасына белсенді ықпал ететінін айтқан. Адам ұжымдарының белсенділігінің өзгермелілігін этногенез фазалары бойынша зерттей отырып, жекелеген пассионарилердің белгілерін сипаттай келе Л.Н. Гумилев әр дәуірлерде мұндай тұлғалардың пайда болу жиілігі этникалық жүйенің жалпы белсенділігімен байланысты екендігіне тоқталады. Александр Македонский, Ганнибал, Корнелий Сулла,Шыңғысхан, Жанна д'Арк, Ян Гус, Протопоп Аввакум және басқада тарихи түлғалардың өмірі мен қызметін талдай келе Гумилев белсенді өмірге деген ішкі құлшынысы материалдық құндылықтарды іздеуден де, әлеуметтік ортаның шарттарын таңуынан да тұрмайтын оларды біріктіретін барлығына тән ортақ белгілер кешені бар екенін анықтады. Керісінше, көптеген пассионарилердің жоғары белсенділігі айналасындағылардың айыптауына ұшырап, түсініспеушілігін тудырды, ақыр соңы қазаға да әкелді. Пассионарлықты популяциялық деңгейде (этникалық ұжымдардың белсенділігі ретінде) және индивидуалды деңгейде (мінез- құлық шабыты) сипаттай отырып, Л. Н. Гумилев бұл феноменді түсіндіруде пассионарлыққа теориялық көзқарас ретінде В. И. Вернадский еңбектеріндегі қаралған биосфераның тірі бөлшектерінің қуатының тиімділігі жөніндегі ойын ұсынды.Пассионарлық(құштарлық) – ұлттың қалыптасуының шешуші факторы, биохиммиялық энергияның сапалық көрінісі. Пассионарлары көп

этнос күшейеді. Олар ұлы империя мен мәдениетті қалыптастырған халықтардың тарихи аренаға шығуын түсіндіреді. (ғұндар, түркілер, монғолдар, еуропалықтар және т.б.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]