Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
euro.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.36 Кб
Скачать

30) Хх ғ. 90-жылдардағы еуразияшыл ғалымдар еңбектеріне деген жаңаша көзқарас.

Астана қаласында 1996 жылы рухани зияткерлік қазақстандық еуразияшылдықтың көрнекті және тиімді нышаны пайда болды. Президент Н.Ә. Назарбаев еуразиялық идеяға үміткерлерді бұл тұста да басып озды (оң пайымдау мағынасында). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің құрылғаннан бері, оның қабырғасында ондаған мемлекет басшылары, көптеген белгілі шет елдік саяси, қоғамдық қайраткерлер мен оқымысты-ғалымдар студенттердің алдында сөз сөйледі. Солардың әрқайсысы, университет табалдырығын аттағанда да, оның мінберіне көтерілгенде де, сөз жоқ, Қазақстанның Еуразиядағы, ғаламшардағы алатын орны туралы ойланбай-толғанбай қалмайды. Президент Н.Ә. Назарбаевтың Еуразия идеясының ерекшелігі Елбасының көрегендігінде – ол жаңа еуразиялық ықпалдасушылыққа жете

зерттелген теория қажеттілігін де көре білді. Сондықтан да, 1996 жылы, Еуразия университетін құрар алдында, Қазақстан Президенті қазіргі заманға сай «ықпалдастықтың біртұтас үлгісін» құру үшін халықаралық «Ықпалдастық – 2000» жобасын іске асыруда ТМД елдерінің оқымысты-ғалымдарына ұсынды. Таңқаларлығы, Н.Ә. Назарбаев 2000 жылы дәл есептеп шығарған, нақ осы жылы іс жүзінде ықпалдастық үдерісінде айтарлықтай ілгері басушылық байқалды.

ТМД елдеріндегі ахуал 1996-1997 жылдары қарама-қайшылықтарға толы болды. Соған қарамастан, нақ 1997 жыл Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік болашағын, өзіндік стратегиясын ұғынуда табысты жыл болды, сондықтан да – еуразиялық тұжырымдаманы зерттеп білуде жаңа қадам жасалынды. Маңызды мәселе, Н.Ә. Назарбаев еуразиялықтың мән-мәтінін кеңейте түсті – енді еуразияның келелі мәселелер жиынтығы ТМД елдерін қамтып қоймай, Еуропа мен Азияның өзара әрекеттестігін де қамтыды. Қазақстан Президенті «Еуразия құрлығында түгелдей тату көршілік,

сенім арту қатынастары» орнатылуы қажеттілігі туралы мәлімдеме жасады. Қорытындысында, Қазақстан «әлемдік оқиғалардың көш соңында қалып қоймайды», керісінше, Қазақстан «Еуразияның белортасында тұрып, тез дами келе үш аймақтың – Қытай, Ресей және Мұсылман әлемдерінің арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарға дәнекершілік ролді атқарады». Еуразиялықтың мән-мағынасын түсіндіруде аса маңызды – приципті және жаңашыл – қадам, яғни, Қазақстанның XXI ғасырда жүретін жолына сәйкестігі туралы 1997 жылғы Жолдауында айтылды. Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей әр түрлі жол бар: батысеуропалық, шығыс азиялық, ресейлік,

жаңатүркілік.

53) Н.С.Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясының қалыптасуына қосқан үлесі

Трубецкой Николай Сергеевич 1920 ж. Болгарияға кеткен. Мұнда София университетінде профессор болған. Осы жылы «Еуропа және адамзат» деген әйгілі еңбегін шығарады. Еуразиялық идеология жасалады.

Осы кезде Трубецкойдың ғылыми қызметі екі бағытта дамыды:

1) таза ғылыми, филологиялық, лингвистикалық мәселелерге арналған. Прага үйірмесі, Венадағы зерттеулері;

2) Мәдени-идеологиялық, еуразиялық қозғалысна байланысты зерттеулер жүргізген.

Еңбектері:«Европа и человечество»;«Наследие Чингисхана»;«Об истинном и ложном национализме»;«О туранском элементе в русской культуре» Жиі-жиі Еуропа қалаларында баяндамалар оқиды. Ол саяси әрекеттерге тікелей қатыспағанымен, әр-түрлі мақалаларымен саясатқа әсер етіп отырған. Күрделі саяси ахуалдан алшақ болуды және конфликттік мақалалар жазуға тырысқанымен, оның көптеген мақалалары еуразияшылдық идеясына шақыру, оның мағынасын түсіндіруде болды. Мақалалары еуразияшылдық идеясыныы бастауымен қатар, оның негізгі мағыналарын ашып бере алды. Еуразияшылдық идеясын қолдаушылар арасында екі түрлі бағыт пайда болды. Біріншілер,

географиялық тұрғыдан бұл идеяны қарастырды яғни, Еуропа, Азия және олардың түйіскен жерінде екі йивилизацияға да жатпайтын континент болуы керек деп есептеді. Ал екіншілердің бағытында, бөлінушілік, яғни, Еуропа Азия деген ұғым жоқ. Олардың идеяларында тек қана еуразиялықтар бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]