Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
euro.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203.36 Кб
Скачать

1.Еуразияшылдық жағрапиялық, тарихи және философиялық түсінік ретінде.

Еуразия— Жер шарындағы ең үлкен құрлық.. Ауданы 53,4 млн. км2 (бүкіл құрлықтардың 37%-і), оның 2,75 млн. км2-ге жуығы аралдар.Еуразия екі дүние бөлігінен — Еуропамен Азиядантұрады (аталуы содан). Олардың арасындағы шартты шекара — Орал тауыныңшығысетегі, Жем өзені, Каспий теңізініңсолтүстік-жағалауы, Кума және Маныч өзендерінің аңғарын бойлап Донның сағасына өтеді. Одан әрі шекараАзов және Қара теңіздер, Босфор бұғазы. Мәрмәр теңізі, Дарданелл бұғазы арқылы Жерорта теңізінешығады. Біртұтас құрлықты Еуропа жәнеАзия дүние бөліктеріне бөлу ежелгі дәуірде қалыптасқан тарихи-дәстүрлі түсінік. Құрлықтың қиыр шеттері: солтүстігінде —Челюскин мүйісі(77º43’ с.е. ), оңтүстігінде —Пиай мүйісі (1º16’ с.е.), батысында Рока мүйісі (9º34’ б.б.), шығысында —Дежнев мүйісі (169º40’ б.б.)Солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км-ге, батыстан шығысқа 16 мың км-ге созылады. Еуразияға жататын бірқатар аралдар құрлықтан біршамақашық жатыр. Шпицберген, Франц Иосиф жері және Солтүстік Жер аралдары 80º с. е-тен әрі асады. Малай топаралдары оңтүстік жарты шарғаөтіп, 11º о.е-ке дейін барады. Атлант мұхитындағыАзор аралдары 28º б.б-та орналасқан. Еуразия — барлық мұхиттармен (Атлант, СолтүстікМұзды, Үнді, Тынық) және олардың шеткі теңіздерімен шектесіп жатыр. Мұхиттар мен теңіздер құрлыққа сұғына кіріп, әсіресе, оның батыс және оңтүстік шеттерін көбірек тілімдеген. Бірақ аумағының орасан зор болуына байланысты құрлықтың ішкі бөліктері теңіздер менмұхиттардан мыңдаған км қашықта орналасқан.Еуразия — Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың 3/4-і). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 км2 жерге 1000 — 1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс

Азияның шөлді аудандарында халық өте сирек. Араб түбегінің, Иран таулы қыратының ішкі аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ. Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен аралығы (Тигр,Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті, т.б. Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан ұлы далада көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында

тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан.Республикалық жәнемонархиялық мемлекеттер бар.Республикалық мемлекттер содцалистік,капиталистік,дамш елдер болып бөлінеді.Ал монархиялық мемлекеттерабсальюттік және кониституциялық болып бөлінеді.90 жылдарда содцалистік мемлекеттер күрт кеміді.Оған себеб КСРО-ның ыдырауы,шығыс еуропалық мемлекеттердің басқа бағытқа көшіуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]