- •1.Гидрофизика пәні және оның мақсаты
- •2. Гидрофизиканың дамуының қысқаша тарихы. Гидрофизиканың басқа аралас пәндермен байланыстылығы
- •3. Судың физикалық қасиеттері, құрылымының ерекшеліктері
- •4. Судың аномальдік қасиеттері
- •5. Судың бір күйден екінші күйге ауысу диаграммасы
- •6. Қардың сулық қасиеттері. Қар, мұз альбедосы
- •7. Мұздың физикалық және механикалық қасиеттері
- •8. Қардың физикалық қасиеттері
- •9. Судың араласу түрлері: конвективтік және динамикалық араласу
- •10. Су қоймаларындағы ағын және циркуляция
- •11. Су толқындары, олардың түрлері. Су толқының негізгі параметрлері, анықтау жолдары
- •12. Су объектілеріндегі су массалары. Су массаларының тұрақтылығы және типтері
- •13. Конвективтік жылу алмасу. Ньютон заңы
- •14. Жылу қозғалысының негізгі заңдары. Жылу қозғалысының жылу өткізгіштік жолмен атқарылуы
- •15. Күн радиациясының суға енуі және жұтылуы, Ламберт формуласы
- •16. Температуралық аймақ, температура градиенты, Фурье заңы
- •17. Өзендер мен көлдердегі су температурасының жылдық өзгерісі
- •18. Су қоймасының жылу балансы теңдеуі, құрамдас бөліктері
- •19. Көлдердегі жылу қорын есептеу. Ф.Форель, Хальбфасс, с.Д. Муравейский әдістері.
- •20. Су температурасының маусымдық өзгерісі. Көктемгі жылыну, жаздық қызу, күзгі салқындау және қыстық салқындау кезеңдері
- •21. Су бетіне түсетін жиынтық күн радиациясын есептеу. Су бетінің сәулеленуі (излучение). Стефан-Больцман заңы.
- •22. Жылу балансы теңдеуін құрайтын негізгі элементтерінің атқаратын рөлі және оларды есептеу әдістері. Су қоймасының жылу балансы теңдеуі
- •23. Буланудың физикалық мәні. Су бетінен буланудың негізгі факторлары. Су бетінен булануды бақылау жүргізу. Су әоймасы бетiнен булануды есептеу
- •1. Жалпы мәліметтер
- •24. Су бетіне түсетін жиынтық күн радиациясы, Савинов-Онгстрем, Кузьмин формулалары.
- •25. Аспаптар арқылы бақылау жүргізілмеген жағдайда су бетінен булануды есептеу әдістері
- •26. Булануды есептеудегі су балансы (теңдестігі) әдісі
- •27. Булануды есептеудегі жылу балансы (теңдестігі) әдісі
- •28. Булануды есептеудегі эмпирикалық формулалар
- •29. Булануды есептеудегі турбуленттік диффузия әдісі
- •30. Су объектілерінің салқындауы және мұздануы. Мұз қабатының пайда болу типтері
- •31. Мұз жамылғысының пайда болу жағдайлары, олардың типтері. Мұз бетінен булану және оларды есептеу әдістері
- •32. Мұз қалыңдығының өсу шарттары және мұз қалыңдығының өсуін есептеу әдістері
- •33. Су нысандарының мұз қату кезеңіндегі мұздық-термикалық режимі
- •34. Су қоймаларындағы судың араласу шарттары
- •35. Қар қабатындағы физикалық процесстер: режеляция, рекристаллизация, возгонка, сублимация
- •36. Конвекция және булану арқылы жылу алмасуды анықтайтын негізгі формулалар
- •38. Ағындының гидродинамикалық жылынуы. Су қоймасындағы жылу қорының өзгеруі
- •39. Су түбімен жылу алмасу.
- •40. Су массаларының тұрақтылығы және типтері
6. Қардың сулық қасиеттері. Қар, мұз альбедосы
Қар құрамындағы судың мөлшері қардың кеуектілігіне, құрамына, т.б. байланысты. Қардың кеуектілігі төмендегі формуламен есептеледі:
Әр түрлі қардың кеуектілігі әрқалай болып келеді, тығыздығы ρ к = 0.01- г/см3 -ке дейінгі қардың кеуектілігі 98,9%-ға дейін, ал тығыздығы ρ к = 0,70 г/см3 -ке дейінгі қар жамылғысының кеуектілігі – 23,5%-ға дейін өзгереді.
Тәжірибелік зерттеулер жүргізу арқылы анықталған [74, 90] қардың суды ұстау қасиетінің максимал мәндері 4.6-кестеде көрсетілген.
4.6-кесте
Қардың суды максимал ұстау қабілеті
Қар альбедосы
Альбедо мөлшерін білу үшін су көлемінің қанша мөлшерде күн радиациясын алатындығын анықтауға мүмкіндік береді, себебі альбедо су бетінің күн радиациясының қанша үлесін шағылыстыратындығын көрсетеді. Альбедо көлемі арқылы барлық жиынтық күн радиация-сының шағылуын, тік және шашыранды радиацияны, спектрлердің белгілі бір учаскелерін т.б. сипаттауға болады. Қазіргі кезде альбедоны есептейтін сенімді теориялық формулалар бар. Мысалы, солардың бірі тегіс су бетіне түскен тік күн радиациясы үшін альбедоны анықтайтын
Френель формуласы:
мұнда φ − күннің зениттік тұру қашықтығына тең күн сәулесінің түсу бұрышы; λ − сыну
бұрышы.
Табиғи жағдайда тік күн радиациясы үшін альбедоны өлшеу мүмкін емес, өйткені тік радиациямен қатар шашыранды радиация да болады. Бұлтсыз ашық аспанда шашыранды радиацияның үлесі көп емес, 10%-дан аспайды деп саналады. Жете зерттеулер шашыранды радиацияның үлесі ашық бұлтсыз аспанда күннің тұру биіктігіне қарай 5-тен 12%-ға дейін болатындығын көрсетті, мұнда альбедо күн биіктеген сайын азая береді. Жиынтық күн радиациясы үшін альбедо таңертең 25-30% аралығында
және күннің жоғары тұрған уақыттарында 2-8%. Сонымен күннің биіктігі төмен болған сайын соғұрлым шағылысқан күн радиациясы мөлшері жоғары болады, ал күн неғұрлым жоғары көтерілген сайын күн энергиясының көп мөлшері суда жұтылады.
7. Мұздың физикалық және механикалық қасиеттері
Дистилденген судан компакты мұз пайда болғанда оның көлемі шамамен 9%-ға ұлғаяды және 0о С температурада оның тығыздығы 0,9168 г/смі болады. Температура төмендегенде таза мұздың тығыздығы біршама өседі де −20оС температурада 0,92 г/см3 –ге жетеді. Сонымен қатар оның қаттылығы да ұлғаяды. Мұздың тығыздығын далалық жағдайда 2 түрлі тәсілмен анықтауға болады:
1. Салмағы 100 г мұз үлгісін 0о С температурада 0,5 г дәлдікпен өлшейді де, ол үлгі керосин толтырылған мензуркаға салынады (көлемін анықтау үшін). Керосинге мұз түсірілгенге дейінгі және түсірілгеннен кейінгі деңгейлердің айырмашылығы бойынша мұз үлгісінің көлемі анықталады. ‡лгі массасының оның көлеміне қатынасы мұздың тығыздығы болып табылады. Бұл әдістің кемшілігі – оның тығыздығының салыстырмалы түрде алғандағы дәлдігінің төмендігінде.
2. Екінші, дәлірек тәсіл, мұз үлгісінің салмағын ауада және керосинде 2 рет өлшеу арқылы орындалады. Сонда мұз көлемі келесі формуламен өрнектеледі:
мұндағы gма-gмк – мұздың ауа мен керосинде өлшенген салмақтары; ρк –керосиннің тығыздығы, ол ареометрмен анықталады. Ареометр болмаған жағдайда керосин тығыздығын массасы және көлемі белгілі шариктің көмегі арқылы анықтауға болады. Ол келесі формулада көрсетілген:
мұндағы gша-gшк – шариктің ауа мен керосинде өлшенген салмақтары; Vш –шариктің тығыздығы
Практикалық есептеу жұмыстарында, егер мұздың тығыздығы белгісіз болса оны көбінесе 0,91 г/см3 -ке тең деп қабылдайды. Табиғатта мұздың тығыздығы тек қана судың сапасына ғана емес, оның қату жағдайына да байланысты болып келеді. Қату процесі ұзақуақыт жүрсе тығыздығы жоғары, әрі минерализациясы төмен болып келетін мұз пайда болады. Суды араластыру кезінде қатырғанда онда мұздың тығыздығын кемітетін ауа кеуектері пайда болады. Қабатты мұз пайда болғанда оның тығыздығы әркелкі болып келеді.
Мұз қатқанда тығыздығының кемуіне байланысты мұз суда қалқиды. Мұз пішінін тіктөртбұрышты параллелепипед ретінде қабылдап Архимед заңы бойынша мұздың су астындағы және су бетіндегі бөліктері биіктіктерінің қатынасын есептейміз. Мұздың су бетіндегі қалыңдығын h1 , ал оның жалпы қалыңдығын h , мұз бен судың тығыздығын ρ м және ρ с деп белгілейік, сонда мұздың жүзу теңдестігін мына түрде жазуға болады:
