- •1.Гидрофизика пәні және оның мақсаты
- •2. Гидрофизиканың дамуының қысқаша тарихы. Гидрофизиканың басқа аралас пәндермен байланыстылығы
- •3. Судың физикалық қасиеттері, құрылымының ерекшеліктері
- •4. Судың аномальдік қасиеттері
- •5. Судың бір күйден екінші күйге ауысу диаграммасы
- •6. Қардың сулық қасиеттері. Қар, мұз альбедосы
- •7. Мұздың физикалық және механикалық қасиеттері
- •8. Қардың физикалық қасиеттері
- •9. Судың араласу түрлері: конвективтік және динамикалық араласу
- •10. Су қоймаларындағы ағын және циркуляция
- •11. Су толқындары, олардың түрлері. Су толқының негізгі параметрлері, анықтау жолдары
- •12. Су объектілеріндегі су массалары. Су массаларының тұрақтылығы және типтері
- •13. Конвективтік жылу алмасу. Ньютон заңы
- •14. Жылу қозғалысының негізгі заңдары. Жылу қозғалысының жылу өткізгіштік жолмен атқарылуы
- •15. Күн радиациясының суға енуі және жұтылуы, Ламберт формуласы
- •16. Температуралық аймақ, температура градиенты, Фурье заңы
- •17. Өзендер мен көлдердегі су температурасының жылдық өзгерісі
- •18. Су қоймасының жылу балансы теңдеуі, құрамдас бөліктері
- •19. Көлдердегі жылу қорын есептеу. Ф.Форель, Хальбфасс, с.Д. Муравейский әдістері.
- •20. Су температурасының маусымдық өзгерісі. Көктемгі жылыну, жаздық қызу, күзгі салқындау және қыстық салқындау кезеңдері
- •21. Су бетіне түсетін жиынтық күн радиациясын есептеу. Су бетінің сәулеленуі (излучение). Стефан-Больцман заңы.
- •22. Жылу балансы теңдеуін құрайтын негізгі элементтерінің атқаратын рөлі және оларды есептеу әдістері. Су қоймасының жылу балансы теңдеуі
- •23. Буланудың физикалық мәні. Су бетінен буланудың негізгі факторлары. Су бетінен булануды бақылау жүргізу. Су әоймасы бетiнен булануды есептеу
- •1. Жалпы мәліметтер
- •24. Су бетіне түсетін жиынтық күн радиациясы, Савинов-Онгстрем, Кузьмин формулалары.
- •25. Аспаптар арқылы бақылау жүргізілмеген жағдайда су бетінен булануды есептеу әдістері
- •26. Булануды есептеудегі су балансы (теңдестігі) әдісі
- •27. Булануды есептеудегі жылу балансы (теңдестігі) әдісі
- •28. Булануды есептеудегі эмпирикалық формулалар
- •29. Булануды есептеудегі турбуленттік диффузия әдісі
- •30. Су объектілерінің салқындауы және мұздануы. Мұз қабатының пайда болу типтері
- •31. Мұз жамылғысының пайда болу жағдайлары, олардың типтері. Мұз бетінен булану және оларды есептеу әдістері
- •32. Мұз қалыңдығының өсу шарттары және мұз қалыңдығының өсуін есептеу әдістері
- •33. Су нысандарының мұз қату кезеңіндегі мұздық-термикалық режимі
- •34. Су қоймаларындағы судың араласу шарттары
- •35. Қар қабатындағы физикалық процесстер: режеляция, рекристаллизация, возгонка, сублимация
- •36. Конвекция және булану арқылы жылу алмасуды анықтайтын негізгі формулалар
- •38. Ағындының гидродинамикалық жылынуы. Су қоймасындағы жылу қорының өзгеруі
- •39. Су түбімен жылу алмасу.
- •40. Су массаларының тұрақтылығы және типтері
4. Судың аномальдік қасиеттері
Су табиғатта көп таралған элементтердің бірі. Судың химиялық формуласы Н2О қарапайым болғанымен, қасиеттері бойынша ол күрделі зат болып табылады. Су құрылысын анықтауға арналған бірқатар теориялар бар. Олардың бірі Уайтинг (1883 ж.) жасаған және Тамман (1892 ж.), Рентген (1892 ж.), Рамон-Рао (1933 ж.) қолдаған теориялар. Бұл теория бойынша су бір молекулалы – гидроль, қосарланған молекулалы – дигидроль және үш молекулалы – тригидроль жиынтығынан тұрады. Бұл агрегаттардың
құрамы су температурасына байланысты өзгеріп отырады.
Уайтинг ұсынған гипотеза (1883 ж.) және оның қазіргі кезге дейінгі әртүрлі интерпретациялары бойынша су буының негізгі құрылымдық бірлігі болып Н2О молекуласы саналады. Н2О – гидроль немесе моногидроль деп аталады. Судың негізгі құрылымдық бірлігі (Н2О)2 – дигидроль; мұз үш молекуладан (Н2О)3 – тригидрольдан құралады. Су сұйық кезінде моногидроль, дигидроль және тригидроль жиынтығынан тұрады. Бұл молекулалардың судағы қатынасы әр түрлі, ол температураға байланысты болып келеді. Су молекуласы симметриялы емес болғандықтан (1.3-сурет) оң және теріс зарядтардың ауырлық центрлері бір-біріне сәйкес келмейді. Молекуланың екі полюсы бар – оң және теріс, олар өз кезегінде магнит түрінде молекулярлық өрістер туғызады. Мұндай молекулалар полярлық немесе дипольдар деп аталады, ал полярлық сипаттаманың сандық мөлшерін дипольдық электрлік момент анықтайды. Су үшін дипольдық момент өте жоғары: p=6,13·10-29 Кл ⋅ м. Соңғы жылдары жасалып жатырған басқа гипотеза (О.Я. Самойлов, Дж.Попл, Г.Н. Зацепина және т.б. модельдері) мұз, су және су буы сутегілік байланыс көмегімен топқа біріккен H2O молекулаларынан тұрады (Дж. Бернал және Р. Фаулер, 1933 ж.). Бұл байланыстар бір молекуланың сутегі атомдарының көрші молекуланың оттегі атомымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде туады. Сонымен бір молекуланың сутегі атомдарының басқа молекуланың теріс зарядты оттегі атомымен өзара әрекеттесуі нәтижесінде судың әр молекуласы үшін төрт сутектік байланыс орнайды. Бұл жағдайда әдетте молекулалар топтарға – ассоциаттарға бірігеді: әр молекула төрт басқа молекулалардың қоршауында болады. Судың (H2O) салыстырмалы молекулярлық массасы оны құрайтын атомдардың массаларына тәуелді, оттегі және сутегі атомдарының келесі изотоптары кездеседі:
оттегінің алты изотопы – 14О, 15О, . . . 19О, ал сутегінің үш – 1 Н (протий), 2 Н (дейтерий), 3 Н (тритий) бар. Бірқатар изотоптары радиоактивті, қысқа уақытта жартылай ыдырайды, сондықтан суда өте аз мөлшерде кездеседі, ал басқа изотоптарды жасанды жолмен алуға болады, олар табиғатта кездеспейді. Сонымен оттегі мен сутегінің изотоптарынан H2O молекуласының әр түрлі салыстырмалы массалар түрлерін алуға болады. Олардың ішінде кең тарағаны – 1 Н2 16О – салыстырмалы массасы 18 болып келетін кәдімгі су. Сондай-ақ табиғатта өте аздаған мөлшерде салыстырмалы массасы 20 болып келетін судың молекуласы 2 Н2
16О түріндегі болып келетін сулар кездеседі. Оларды ауыр су деп атайды.
5. Судың бір күйден екінші күйге ауысу диаграммасы
АС қисығы бойымен су қатты және сұйық күйлері аралығында тепе-теңдік күйінде (мұздың еруі және судың кристалдануы); АВ қисығы бойымен – сұйық және газ түріндегі фазалары аралығында тепе-теңдік күйінде (судың булануы және бу конденсациясы); АД қисығы бойымен – қатты және газ күйіндегі фазалары аралығындағы тепе-теңдік күйінде (су буының сублимациясы және мұз возгонкасы) болады.
1.1-суретте АВ, АС және АД қисықтары бойымен су фазаларының тепе-теңдігін динамикалық тепе-теңдік түрінде түсіну керек, яғни бұл қисықтардың бойымен бір фазадан жаңа пайда болған молекулалар саны басқа фазадан пайда болған молекулалар санына тең.
Судың агрегаттық күйлерінің барлық үш қисығы – АС (мұздың еру температурасының қысымға тәуелділігі), АВ (судың қайнау температурасының қысымға тәуелділігі), АД (қатты фаза буы қысымының температураға тәуелділігі) бір А нүктесінде қиылысады, бұл А нүктесі үштік нүкте деп аталады. Қазіргі кездегі зерттеулер бойынша бұл нүктедегі қаныққан будың қысымы және температурасы келесі шамаларға тең: Р=610,6 Па (немесе 6,1 гПа=4,58 сынап бағанасы бойынша), t=0,01 о С) немесе Т=273,16 К). АВ қисығы үштік нүктемен қоса тағы екі сипатты нүктелер арқылы өтеді. Олар: 1) судың қайнау температурасына сәйкес келетін нүкте – қалыпты қысымда Р=1,013⋅105 Па және температура t=100 о
С-та байқалады;
