Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед мамае.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.3 Кб
Скачать

54. Болашақ педагогтарды кәсіби маман ретінде қалыптастыру қажеттілігі

Болашақ кәсіби мамандардың жоғары оқу жағдайындағы дайындығы жан-жақты

ұйымдастырылуы тиіс. Теориялық терең білімге қоса тәжірибелік дағдылары, адамгершіліктұрғысынан қалыптасуы, тұлғаның мүмкіндіктері және кәсіби бағдары жетілген мамандыдайындаудың күрделілігі сөзсіз. Дегенмен, жаңа заман маманын дайындауда атапөтілгендердің барлығы ескерілгенде ғана, ХХІ ғасырға сай жоғары білімді, әлемдік аренада бәсекелестікке қабілетті кәсіби маманды қалыптастырудың мүмкіндігі туады. Болашақ кәсіби мамандарға білім беруді әр мамандықтың өзіндік ерекшелігіне қарайұйымдастырудың қажеттілігі өте маңызды. Соның ішінде педагог кадрларды даярлаудыңпсихологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық және технологиялық негіздерін нақтылау міндеттерін шешу мәселелері тұр.Болашақ педагогтың кәсіби қалыптасуы оның педагогикалық қабілеттілігіне тікелей байланысты. Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың тұлғаны бейнелеу ерекшеліктерін аңғару және қажетті нәтижегежету үшін оларға әсер етудің мүмкін болатын әдіс-тәсілдерін орынды қолдана білу қабілетіболып табылады. Осы талаптардың ұстаздың жеке іс-әрекетіне сәйкес келуі жоспарланғаннәтиже мен нақты нәтиже арасындағы байланыс – педагогикалық қабілеттіліктің бастыкөрсеткіштері. Педагогикалық қабілеттілік екі деңгейде көрінеді:

1.Рефлексивтік;

2.Проективтік.

Рефлексивтік деңгей үш түрлі сезінуді қарастырады:

- объектіні сезіну – тұлға психологиясына ене отырып, нақты болмыстағы объектілердің оған

әсерін сезіну;

- өлшемді (мөлшерді) сезіну – педагогикалық әсер етулердің нәтижесінде тұлғада пайда

болған өзгерістер мен оның себептерін аңғару;

- өзінің қатысы бар екенін сезіну - өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін және іс-әрекетін

бағалауға қабілеттілігі.

Проективтік деңгей де осы тәрізді бірнеше қабілеттілікті қамтиды:

- гностикалық-педагогикалық жүйенің талаптарын сезіну, осы жүйенің нәтижелі, не

нәтижесіз жақтарының себептерін байқау;

- жобалық - тұлғада болатын өзгерістерді алдын ала болжап, сол өзгерістерге әсер етуші

педагогикалық құралдарды қолдана білу;

- конструктивтік - тұлғаның эмоциялық, интеллектуалдық және тәжірибелік ынтасын

оятатын оқу-тәрбие ақпараттарын құрып, қажеттілерін таңдай білу; - коммуникативтік -

тұлғамен педагогикалық жағынан тиімді байланыстарды қалыптастыру тәсілдерін меңгеру;

- ұйымдастырушылық – оқушылардың әр түрлі іс-әрекетпен айналысуына мүмкіндік жасай

отырып, ұжымды әрбір жеке тұлғаға ықпал етуші құралға айналдыру.

Педагогикалық қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс-әрекетті тез меңгеріп

кетері анық. Ал, соңғы уқытта біздің елімізде нарықтың экономикалық ықпалынан пайда

болған, мамандықты таңдауды қабілетіне қарай емес, мүмкіндігіне қарай қарастыру

тенденциясы жиі байқалады.

Көбінесе, оқуға қабылдану көрсеткішінің де педагогикалық мамандықтар үшін аса жоғары

болмауы кез-келген қоғам үшін пайдасыз, тіпті, қауіпті десе де болады. Ендеше, қазіргі

педагогикалық жоғары оқу орындарының басты назары осы жастардың педагогикалық

мамандықты өз деңгейінде меңгеріп шығуына қажетті жаңа технологиялар мен әдіс-

тәсілдерді іздестіруде болуы қажет. Бұл орайда, мамандықты күштеп меңгерту емес,

қызықтыра оырып, ынталандырып оқыту басты міндет.

Сондықтан, жоғарғы мектеп педагогтары әрбір болашақ педагог маманды дайындау

ісіне ерекше мән бергені жөн. «Бала – адамның, мемлекеттің болашағы» екені қандай

түсінікті болса, сол мемлекеттің болашағын қалыптастырушы, оларға білім мен тәрбие

беретін педагог маманның алатын орны да соншалықты маңызды. Аталған мәселелерді

шешудің жолдары ішінде психология ғылымында ең бірінші болып қабілеттілік өтемі тураы

мәселе көтерген Б.М.Тепловтың теориясында қабілеттілік өтемін ұйымдастыруды түйсіктер

мен жүйке жүйесінің байланысы арқылы түсіндірсе, К.К.Платонов күрделі қабілеттер

құрамына енетін арнайы қабілеттердің көмегі түрінде қарастырады. Студенттің есте сақтау

ерекшелігі, байқампаздығы, белсенділігі, сондай-ақ кейбір мінез ерекшеліктері, яғни

сабырлылығы, ұқыптылығы, жоғары жауапкершілігі сияқты т.б. қасиеттері педагогикалық

қабілеттілікті қалыптастыруға негіз бола алады.

Мұғалім мамандығын дайындауда педагогикалық қарым–қатынасқа үйретудің

маңызы зор. Қазіргі таңдағы жаңа ақпараттық технологиялар жаңа заман мұғалімінен ең

алдымен тұлғмен жан-жақты, терең байланыс орнатуды міндеттейді, өйкені педагогикалық

байланыс кеңейген сайын жаңа ақпараттармен қарулану да жоғарылайды. Мұғалімдік

мамандықтың талаптарына сай, болашақ маман педагогикалық қабілеттілігі психикалық

ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің төзімділігі сияқты сипаттардан басқа,

балалармен тіл табыса білу қабілеттерімен де ерекшеленуі тиіс. Сол себепті көп қырлы

педагогикалық қарым–қатынастың қыр –сырына студенттік кезеңнен мән берген жөн. Педагогикалық қарым–қатынастағы гуманистік бағытты қолдаушы К.Роджерс

мұғалімнің тұлғамен арадағы бір-бірін түсіну мәселесін басты міндет етіп қояды, ал Р.Бернс

осы мақсаттағы технологиялық принциптерді толық қолдайды.

Болашақ ұстаз бұл жағдайға жетудің күрделілігін сезіне отырып, тәжірибелі,

оқушының жетегімен оған дайындық жасауға мүмкіндік алады. Жан–жақты, заман талабына

сай білікті, кәсіби–педагог мамандарды дайындау - жоғары оқу орнындағы оқу үрдісін

ақпараттандыру мәселесін жеделдеткенде, инновациялық оқыту технологиясын енгізгенде

және оқытудың әлемдік озық үлгілері мен халқымыздың ұлттық педагогикалық қағидаларын

пайдаланғанда мүмкін болары сөзсіз. Сондықтан, студентке педагогикалық тәжірибені

меңгерудің маңыздылығын ескергенде ғана, бұл міндеттерді шешудің жолдары ашылады.

Педагогтық тәжірибелік кәсіби іс-әрекеті технологиялық сипатқа ие, сонымен бірге бұл

тәжірибе қажетті педагогикалық міндеттерді шешу арқылы іске асады. Көптеген

зерттеулерде ғалымдар В.А. Сластенин, Н.В. Кузьмина, Л.Ф. Спилин және т.б. болашақ

педагогтардың кәсіби дайындығын жетілдіру үшін педагогикалық іс-әрекетті дәл осылай

қарастырудың тиімділігін дәлелдегені