Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед мамае.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144.3 Кб
Скачать

49. Кәсіби педагог ретінде қалыптасудың негізгі бағыттары

Кәсіби даму - (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім  саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді.

Адамның кәсіби дамуының деңгейлік жоспары мынадай бағытта болғаны жөн: [1]

  1. Жұмыс, еңбек әрекеті – қандай дағдылар қолданылмайды және неге? Түсіндіріңіз.

  2. Кәсіби дағдылар – өз дағдыларыңызды 5 баллдық жүйеде бағалаңыз. Бұл сізге қандай дағдыларыңызды жетілдіруіңізді анықтауға көмектеседі.

  3. Құндылықтар – Сіздің құндылығыңыз  топтың өзекті деп санайтын құндылықтарымен  қаншалықты сәйкес екендігін тексеріңіз. Бұл өз құндылықтарыңызды қайтадан қарауға көмектеседі.

  4. Оқу – өзіңізге жаңа мәліметтерді меңгеруге қолайлы стратегияны таңдаңыз.

50. Педагогикалық біліктілікті арттырудың маңызы

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

  1. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

  2. Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

  3. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

51. Мұғалімнің біліктілігін арттыру және аттестациядан өткізу тәртібі   Аттестация комиссиясы аттестациялауды аттестацияланушы қызметшінің қатысуымен өткізеді.        Аттестацияланушы аттестация комиссиясының отырысына дәлелді себептермен қатыспаған жағдайда, оны аттестациялау мәселесін қарау комиссия көрсеткен анағұрлым кейін мерзімге ауыстырылады.

      27. Отырыс барысында комиссия ұсынылған материалдарды зерттейді және аттестацияланатын адамды тыңдайды.        Аттестацияланатын адамға берілетін сұрақтар кәсіби және біліктілік даярлық, іскерлік қасиеттер мәселелеріндегі құзіреттілігінің деңгейін анықтауға бағытталған болуға тиіс.        Аттестацияланушының кәсіби және біліктілік даярлығын, іскерлік қасиеттерін талқылау шынайы, сыпайы және жанашырлық жағдайында өтуі қажет.

      28. Ұсынылған материалдарды зерттеу және қызметшімен әңгімелесу нәтижесінде комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:        1) атқаратын қызметіне лайықты;        2) қайталап аттестациялауға жатады;        Комиссия оң шешім шығару кезінде қызметшінің біліктілік санатына (дәрежесіне) сәйкестігін бекітеді (растайды), не оны бекітуге негіз жоқ екендігін белгілейді.

      29. Аттестация комиссиясының шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Аттестация комиссиясы құрамына енген аттестациядан өтуші қызметші, өзіне қатысты дауыс беруге қатыспайды.

      30. Қайта аттестациялау бастапқы аттестация өткен күннен бастап алты ай өткеннен кейін осы Ережеде айқындалған тәртіппен өтеді. Қайта аттестациялауды өткізген аттестациялау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:        1) атқаратын қызметіне лайықты;        2) атқаратын қызметіне лайықты емес.        Атқаратын қызметіне лайық болған жағдайда Комиссия осы Ереженің 28-тармағының 4 абзацын ескере отырып шешім қабылдайды.

      31. Аттестация комиссиясының шешімдері, оның мәжілісіне қатысқан аттестация комиссиясы мүшелері мен хатшысы қол қойған хаттамамен рәсімделеді.

      32. Қызметші аттестация комиссиясының шешімімен таныстырылуға тиіс.

      33. Аттестация комиссиясының шешімдерін ұйымның басшысы бір ай мерзім ішінде бекітеді.

      34. Аттестация комиссиясының бекітілген шешімдері қызметшілердің аттестациялық парағына енгізіледі.

      35. Аттестациядан өткен қызметшінің аттестациялық парағы және оған берілген қызметтік мінездеме жеке ісінде сақталады. Аттестация комиссиясының ұйымның басшысы бекіткен шешімі де қызметшінің қызмет тізіміне енгізіледі.

      36. Ұйымның басшысы бекіткен аттестацияның теріс нәтижелері, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 56-бабы 6-тармағына сәйкес, қызметшілердің еңбек шартын бұзу үшін негіз болып табылады.

52. Мұғалім мамандығының қоғамдағы орны 

 Мұғалімдік – әлемдегі мамандықтар арасындағы ең – ең біріншісі алғашқысы, тұңғышы, құрметтісі, құдіреттісі, киелісі. Мұғалім туралы әлемдегі ұлы да ұлағатты, дана да дара адамдардың данышпандық пікір ойлары өте көп. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің «Мұғаліміңді құрметте, ол сенің көкірек көзіңді ашқан» деген даналық қасиеті бар. Адамның көкірек көзі ашылмаса, ол – көр соқыр, қара тобыр, хайуани тіршілікпен өмір кешеді. Заттық байлық адамды рухани мәртебеге көтере алмайды. Өскелең өреге, биікке рухани тамаша қасиеттер жеткізеді. Мұғалім – өскелең өре, рухани биіктік мамандығы.  Олай болса, халық пен мемлекеттің тағдыры мұғалімнің қолында. Мұғалімнің бұл қасиеттерін көр соқырлар, қара тобырлар білмейді, түсінбейді, сезбейді. Айта берсе, олар өздерін жаратқан Алланың кеуделеріндегі жандарының барлығын да сезбейді. Көршілеріне, туыстарына қасындағыларға тиісіп, ренжітіп жүреді. Адамға пайдасы тиер, ертең керек болар деген оймен қарайды, сәлемдеседі, сыйлайды, бас иеді, хамелеонша екі жүзділікпен құрдай жорғалайды. Себебі, олардың көкірек көздері ашылмаған. Сондықтан олар хайуани тіршілікпен өмір кешеді, тұңғиық шыңыраудағы бірдеңелер. Корольдер, императорлар, патшалар, президенттер, генералдар, өнертапқыштар, өнерпаздар – бәрі мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі биік, асқақ, ардақты, атақты. Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жасын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді. Құдіретті де мәртебелі, қасиетті де киелі, осы мамандықтың иесі мұғалімнің бірі – мен, сіз және біздің әріптестеріміз. Мұғалімнің бұл қасиеттерін үлкен жүректі жаны жайсаң, кең пейілді, меценат – Атымтай жомарт, парасатты адамдар өте жақсы біледі. Мұғалімдерді қадірлейді, оларға сый-құрмет көрсетеді.