- •69.Бәсекеге кабілетті тулғаны калыптыстыру
 - •35 Мұғалімнің кәсіби беделін арттырудың жолдары
 - •36, Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен құралдары
 - •37. Педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер
 - •46. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық қызметті таңдау мотивациясы
 - •49. Кәсіби педагог ретінде қалыптасудың негізгі бағыттары
 - •53. Педагог тұлғасына бағытталған негізгі мінез-құлық ерекшеліктері
 - •54. Болашақ педагогтарды кәсіби маман ретінде қалыптастыру қажеттілігі
 - •55. Педагогтың тұлғасының бойындағы құндылықтар
 - •58.Мұғалім тұлғасының кәсіби сапалар
 - •59.Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті
 
37. Педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру — педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
«Тәуелсіз елге — білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы – дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» — деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр – сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін», — айтады. Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс – тұрысы, қозғалысы, отырып – тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді: — педагогикалық іс — әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
— педагогикалық кәсіби білгірлігі;
— педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;
— педагогикалық техникасы.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми – зерттеу пайымдаулар мыналар:
— пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
— тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
— әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
— іс — әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Сонымен қатар әлеуметтік – қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер: 1. Педагогикалық білім бірлігі;
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;
3. Ситуацияларды меңгеру;
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
38. мұғалімнің өз білімін көтеру тәсілдері
Мектепте оқу мен тәрбие сапасын жетілдіру- тікелей мұғалімнің даярлық деңгейіне байланысты. Бұл деңгей үнемі өсіп отыруы керек. Ол- білім жетілдіру курстары, семинар, конференция, өзіндік білімін жетілдіру жоспары. Өзіндік білімді көтеру , бұл кез-келген кәсіпте жұмыс істейтін адамның шығармашылық, жауапкершілігі, адамның қажеттілігі. Қоғам алдында моральдық жауапкершілігі жоғары мұғалімдерге әсіресе, ерекше қажет. Педагогикалық сөздікте- бағытталған танымдық қызмет, жеке тұлғаның меңгеруі, белгілі бір ғылым бойынша білімінің болуы, қызығушылық, өзіндік білімді меңгеруі делінген.педагогикалық қызметтегі қажетті шарттардың бірі. Қоғам әрқашан да мұғалімге жоғары талап қояды. Біреуді үйрету үшін, өзің де одан да көп білуің керек. Жаңа тұрпатта мұғалім тек өз пәнін білумен ғана шектелмейді, әдістемені, жақын ғылымдарды, қоғам өмірін, саясатты, экономиканы білуі керек. себебі оның алдындағы оқушылар өзгереді, уақыт өзгереді, , оқушының қоғам, қоршаған орта туралы көзқарастары тереңдейді. Дипломдағы білім мұғалімге жетпейді, ол оны өсірмейді.
І. Педагогтың өзіндік білімін көтеруіне қажеттілікті тудыратын мотивтер: • Күнделікті ақпаратпен жұмыс; • Шығармашылық талпыныс; • Қазіргі заманғы ғылымның дамуы "педагогика, психология"; • Қоғам өміріндегі өзгерістер; • Бәсекелестік; • Материалдық стимул; • Қызығушылық
Мұғалімнің өзіндік білімін көтеруінің бағыттары:
• Әдебиеттер (әдістемелік, ғылыми, публиц, көркем); • Интернет; • Видео, аудио т.б; • Білім жетілдіру курстары; • Семинарлар мен конференциялар
Формалары: - жеке - топтық
Жүзеге асыру процестері:
- Жаңа педагогикалық технологияларды оқып- үйрену, енгізу; - Әріптестерінің сабағына қатысу және тәжірибе алмасу; - Кәсіби қызметіне өзіндік анализ жасап отыру; - Қазіргі педагогика және психология саласында өз білімін жетілдіріп отыру; - Қазіргі экономикалық, саяси, мәдени жағдайларға қызығушылық таныту; - Құқықтық және жалпы мәдениетін, өзінің эрудициялық деңгейін жетілдіру
Нәтижеге жету жолдары:
- Педагогтың өзінің білімін көтеруге, дамуға деген қажеттілігі; - Өзінің тәжірибесіне өзіндік анализ жасау ерекшелігі ; - Рефлексия жасай алу шеберлігі ; - Зерттеушілік қабілеті; - Шығармашылыққа деген ұмтылысы; - Жеке басы мен және кәсіби қызметінің өсуіне деген құлшынысы болса,онда, мұғалімнің кәсіби өсу деңгейі жоғарылайды.
Өзіндік білім көтеруді ұйымдастыру
- тақырыпты таңдау; - жеке өзіндік білімін көтеру жоспарын жасау; - бақылау (әкімшілік, әб жетекшісі); - анализ жасап отыру; - тәжірибесін тарату,есеп беру, - марапаттау Ұсыныстар: - дарынды балармен жұмысын жүйелеу; - ӘБ жетекшілері анализ жасап отыру; - ОПТ тарату Жоспардың жасалуы: -тақырыбы; (тақырыппен 5 жылдай жұмыс істейді) - мақсаты; - міндеттері - күтілетін нәтиже; - жұмыстың кезеңдері
38. мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің жалпы сипаттамасы
1.Шығармашыл мұғалім – зиялы тұлға. Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей біледі, ұстамды. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған. Ол саясаттағы, ғылымдағы, өнердегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып отырады. Зиялы тұлға ретінде өз бойына адамзат мәдениетіндегі ең жақсы үлгілерді жинақтайды.
2.Шығармашыл мұғалім – рухани бай тұлға. Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махабатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым –қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан – дүниесінің байлылығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзінде планетарлық ойлауды дамытуына негіз юолады.
3.Шығармашыл мұғалім - жаңашыл тұлға. Ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды, сондықтан жаңалыққа жаны құмар. Шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан ойлап табу, тудыру , жасап көру -–оның күнделікті кәсіби жағдайы.
4.Шығармашыл мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірдегі, кәсіби әрекеттегі мәдени әлемдегі өз орнын анықтай алу қабілетінде жатыр. Оның ойлау, пайымдау және әрекеттену еркіндігі жеке кәсіби жауапкершілікті сезінумен сәтті байланысады. Рухани және материалдық құндылықтар әлемінде еркін бағдарлай алады, педагогикалық, пендешілік догмалардан еркін. Ол өз ісіне өте жауапты, кейде тіпті тәуекелді талап ететін шешімдерді өз мойынына алады. Өзінің өмірлік позициясы, ұстанымы бар.
5.Шығармашыл мұғалім – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен бабаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кезкелген уақытта өз оқушыларына, жалпы балалрға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес,ата – аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.
6.Шығармашыл мұғалім – азаматтық белсенді тұлға. Ол айналасында (ауылында, қаласында, елінде) айналасында болып жағдайларға бей жай қарамайды, ол жағдайларға үнемі өзінің қатысын білдіріп отырады.Қоғамдық өмірдегі өзінің азаматтық ролін дұрыс түсінетін, саяси сауаттылығы жоғары маман. Оқушыларын да өмірдегі өзгерістерге сын көзбен қарап, объективті бағасын беруге кемшіліктерге төзімсіз болып, түзету үшін үлестерін қосуға тәрбиелейді.
7.Шығармашыл мұғалім – бәсекеге төтеп беретін тұлға. Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта шығармашыл мұғалім өзініңғ шеберлігін үнемі арттырып отырады,өзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы өзіндік бағасы бар. Әлсіз тұстарын жетілдіру үшінозық тәжірибені шығармашылықпен қолдану, педагогикалық жаңалықтар кешенінен қалмауды басты назарда ұстайды.Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы өз ісінің нәтижелі болуына талпынады.
39. Мұғалім портфолиосының құрылымы Портфолионың негізгі мақсаты: мұғалімнің кәсіби өсу мониторингін қамтамасыз етумен бірге, мұғалім еңбегін саралай келе оның нәтижесін айқындау. Мұғалім портфолиосы: оқыту, тәрбие, шығармашылық, өздігінен білім алу саласындағы жұмыстарының нәтижесін шығарады. Портфолио - анықтамалар жинағы: - оқу жылы аяғында мұғалімнің кәсіби санатын көтеру, не бекіту кезінде және ақшалай заттай сыйлық беріп мадақтауға; - мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық ісіндегі нақты өсуді анықтау үшін; - мұғалімнің портфолиосы арнайы папкада сақталады; - портфолиоға ендірген әрбір материалдың мерзімі қойылу керек Портфолиода мынадай бөлімдер болу керек: 1-бөлім «Мұғалім туралы жалпы мәлімет» - Аты – жөні, туған жылы (мұғалімнің); - білімі, мамандығы, ЖОО қашан бітірді; - жалпы еңбек және педагогикалық өтілі; - аталынған білім мекемесіндегі педагогикалық өтілі; - біліктілікті арттыруы (қашан, қайда, жылы, айы, тақырыбы); - курстан өткендігі туралы құжат көшірмесі. Ғылыми атағы, мамандығын анықтайтын құжат; - мемлекеттік, облыстық мадақтаулары, грамоталары, алғыс хаттары; - мектептегі негізгі мадақтаулары; - түрлі конкурс, сайыс дипломдары; - басқа да қажетті құжаттары; 2-бөлім «Педагогикалық іс-әрекеттер нәтижесі» - әр жыл бойынша оқыу- тәрбие ісіндегі жетістіктері. ҰБТ - білім беру бағдарламасының нәтижесін игергендігін сипаттайтын және құзыретті (компетентті) пән мұғалім болып қалыптасуы туралы материал. - оқушының аудандық, қалалық, облыстық олимпаида, конкурстарда жеңімпаз болғаны туралы мұғалімнің салыстырмалы талдау жұмыстар - оқушылардың қорытынды және аралық бақылау жұмыстарының нәтижесі - медалистер (алтын, күміс белгі) туралы құжат - пән бойынша оқушылардың ЖОО түсуі туралы мәлімет. Мұғалімнің бұл бөлімдегі еңбегі оның белгілі мерзімдегі педагогикалық іс-әрекетінің динамикасын көрсетеді. 3-бөлім «Ғылыми-әдістемелік жұмыстары» (Білім беру технологиясын оқу және тәрбие ісінде қолдануы, конференция, семинар, конкурстарға қатысуы) Бұл бөлімде мұғалімнің кәсіби әдістемелік шеберлігі туралы материалдар жинақталады: - білім беру бағдарламалары және таңдап алынған оқу - әдістемелік әдебиеттер жиынтығы; - таңдап алынған оқыту технологиясының сипаттамасы; - технологияның сипаттамасы; - білім беру нәтижесін бағалаған оқыту құралдары диагностикасы; - білім беру үрдісіндегі ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану әдісін сипаттау және дамуы бойынша проблемасы бар балаларды оқыту технологиясы; - әдістемелік бірлестіктер (мектеп, аудан) жұмысы туралы анықтама; - кәсіби және педагогикалық шығармашылық конкурстарға қатысқаны туралы ақпарат; - 4-бөлім «Тәжірибені қорыту» - әдістемелік және пәндік апталықтарға қатысу; - семинар, дөңгелек үстел, шебер-сынып өткізуге қатысу; - ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу; - ғылыми-әдістемелік материалдар және авторлық бағдарлама жасау; - мақала жазу; - баяндама, реферат шығарғанына есеп беру; - диссертциялық материалдар (егер болып жатса). 5 – бөлім «Сабақтан тыс пәндік жұмыстар» Бөлімде мынадай құжаттар болу керек: - оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттар, оқу-зерттеу жұмыстары, жоба жасау бойынша тізімі; - олимпиада, конкурс жеңімпаздары туралы мәлімет; - сыныптан тыс, фото, видео материалдар өткізу, сценариі туралы мәлімет; - пән бойынша сабақтан тыс іс-әрекеттерді сипаттайтын құжаттар. 6-бөлім «Сынып жетекшісі жұмысы» Бөлімде мынадай құжаттар болу керек: - сыныптағы оқушылардың үлгерімі және білім сапасын талдау; - сынып оқушылардың мектеп іс-шараларына, әлеуметтік жобаларға, шығармашылық бірлестіктерге, аудандық, қалалық акцияларға қатысуы туралы анықтама; - сыныптағы оқушылар контингентін сақтау туралы мәлімет; - білім беру үрдісіне ақпараттық құралдар мен компьютерлерді пайдалану; - дидактикалық материалдар, есептер жинағы, жаттығулар, шығарма, рефераттарды пайдалану және ҰБТ-ке даярлау; - оқу-материалы базасын пайдалануды сипаттайтын басқа да құжаттарМұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері: • жүйелілік; • мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы; • ақпараттың объективтілігі; • көрнекілік. Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту; Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді. Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері: • жүйелілік; • мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы; • ақпараттың объективтілігі; • көрнекілік. Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту; Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинауына көмек береді. Портфолио • Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуына; • Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады. Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады. Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады. Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады. Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді. Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональды міндеттеріне: • педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуға; • педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау); • мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы); Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді. Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама «ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ Құрылымы: 1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет. 2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі. 1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет. Сыртқы беті: - фото (5х6), - тегі, аты, әкесінің аты, - диплом бойынша мамандығы; - жұмыс орны, атқаратын қызметі; - білім беру ұйымындағы еңбек өтілі, - үкімет наградалары, грамоталар мен алғыс хаттары, кәсіби жетістіктері туралы халықаралық, республикалық және қалалық дәрежедегі дипломдары; - аттестаттау парағы (Ереженің 8 - қосымшасына сәйкес формасы бойынша); - жеке куәлігінің және құжаттарының көшірмесі; - білімі туралы диплом көшірмесі; - ғылыми атағы туралы дипломының көшірмесі; - еңбек кітапшасының көшірмесі; - бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі; - мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі; - қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі; - алған (берілген) біліктілік санаты және оны растауға берілген педагог қызметкердің өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша). Ескерту: барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады. 2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде): - үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі; - дипломдар мен грамоталардың көшірмесі; - алғыс хаттарының көшірмесі; - сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі; Оқушылардың білім алудағы жетістіктері арқылы (соңғы 5 жыл ішінде) педагогтың кәсіби қызметін бекітетін нәтижесі, сертификатталған құжаттары: - дипломдар мен грамоталардың көшірмесі; - алғыс хаттарының көшірмесі; - cертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі; «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ Құрылымы: 1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары. 2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі. 3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау. «Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны 1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары. - Педагогтың кәсіби өсуінің жеке жоспары 3-5 жылға арналған; - Педагогтың озық іс-тәжірибе материалдарының бір формасын ұсыну: - педагогикалық іс-тәжірибесін сипаттау; ұсыну формасы: эссе, шығармашылық есеп; - өз тақырыбы бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.); - жаңа мазмұнға сай педагогикалық технологияларды пайдаланылған сабақ үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (5-тен көп емес); - пән бойынша сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері мен өзін-өзі талдаулары. (3-тен көп емес); 2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі. - Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезистері және бағдарламалары және тағы басқалар; әдістемелік кеңестің, - әдістемелік бірлестіктің, шығармашылық топтың отырыстарындағы баяндамалары, көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің тезисі; - бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары; - тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі; - оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы туралы қолда бар анықтамалар; 3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау. - Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау; Кері байланыс жұмысының материалдары: - сабақтан тыс шаралар және ашық сабақтар (5-тен кем емес) - оқушылардың сұрақ-жауап, сауалнамалары, - ата-аналардың сұрақ-жауап, сауалнамалары; - педагогикалық қызмет өнімдеріне сараптамалық пікірлер; - білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы: - сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші; - соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша да; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде) - Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші. Портфолио бөлімдері 1. Басылымдар (таблица түрінде) №,Мақала атауы, Басылым атауы, күні, № жылы 2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде) № Жұмыс атауы Оқу-әдістемелік құралдарының түрлері ( авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.Сынақ нәтижесі Күні 3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату ( шебер - сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер)(таблица түрінде) № Шаралар Қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде Дәлелдейтін құжаттар Күні 4. Өткізілген ашық сабақтардың қорытындысы (5-тен көп емес) (таблица түрінде) № Пән Тақырып Сынып / топ Сабақ бойынша ұсыныс, пікірлер Сабаққа қатысушының аты-жөні, қызметі Күні 5. Сабақтан тыс қызметтің қорытындысы (3-тен көп емес) (таблица түрінде) № Қызмет мазмұны Дәлелдейтін құжаттар Сынып / топ Сараптама қорытындысы Күні 6. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) № Пән Шаралар Нәтиже Дәлелдейтін құжаттар Күні 7. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде) № Пән Сынып / топ Сараптау түрі Нәтиже (білім сапасы) Күні 8. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер) (таблица түрінде) № Бағалауға қатысушылар Бағалау пәні Сараптау түрі Сараптау жұмысының нәтижесі Күні Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері. Мұғалім портфолиосының артықшылықтары: - Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы; - Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі; - Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы; - Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі. - Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты. - Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы. - Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.
41, 12 жылдық білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын талаптар
12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу. XXI ғасыр мектебі жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді, өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастырады. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бүкіл білім беру жүйесін жаңалауды, оны оқушылардың жас, жеке дара психологиялық және шығармашылық қабілеттеріне лайықтауды қажет етеді. Баланың бойында оның өміріне қажетті іс - әрекет тәсілдері мен технологияларын қалыптастыруға негізделген оқытуды ұйымдастырудың амал - тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау – қазіргі таңда кезек күттірмейтін көкейкесті мәселелердің бірі. 12 жылдық білім берудің мақсаты:• Өз ойын еркін айта алатын;• Өзін көрсете білетін; Өзін - өзі дамыта алатын;• Жоғары білімді;• Ұлттық тілді;• Тарихты жетік меңгерген;• Бәсекеге қабілетті;• Отандық, әлемдік мәдениеті бойында қалыптасқан;• Шығармашылығы дамыған ТҰЛҒАны қалыптастыру.Бұл мақсаттардан келесі міндеттер туындайды:- Тәрбиелеу және дамыту іс - әрекетін ұйымдастыру;- Құзіреттіліктерді қалыптастыру және дамыту;- Оқушының ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат - мүдделері мен қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау.Оқу – бұл, ең алдымен, бұл үрдіске қатысатын адамдар арасындағы қарым - қатынас. Мұғалім – оқушы мен оқу материалы арасындағы дәнекер. Ендеше, мектептің дайындығы, көбіне, мұғалімнің әр оқушының ерекшелігін байқап, түсініп, ескере алу қабілетіне және өз шәкіртіне көмектесе алу біліктілігіне байланысты. Мұғалім дайындығының екі аспектісін атайтын болсақ, олар: 1. Баланың даму ерекшелігін білу, оқушылардың қиындықтарын ғана байқап қоймай, олардың мықты жақтарын анықтауға көмектеседі. 2. Оқыту методикасы жағынан жақсы дайындалған болу, жағдайды дұрыс бағалап, оны шешудің тиімді әдістерін табуға көмектеседі. Демек, мұғалім а) жаңа оқу материалымен таныстыруда әр түрлі әдістерді қолдана білуі керек; ә) оқытуда, әр оқушының өз өмірлік тәжірибесі мен даму деңгейіне сәйкес, білімді меңгеруіне мүмкіндік беретін тапсырмаларды қолдануы керек;б) оқушыларға өз жетістіктерін көругежағдай туғызуы керек. Бұл мақсат - міндеттерді іске асыру үшін білім беру жүйесі оқытудың жаңа технологияларын: жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқытуды, зерттеу, жобалау әдістерін т. б. қолдана отырып, оқытуды ұйымдастыруы қажет.Мектеп баланың дамуында негізгі рөл атқарады. Баланың жеке тұлға ретінде жан - жақты дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы мен ой - өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында қаланады. Онда жан - жақты дамып, өз ой - пікірін еркін жеткізе алатын болады. Бұл мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – білім беруде оқушының жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететін тұлғаға бағытталған тәсілді қолдану.Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың тұжырымдамасы баланы жан - жақты дамытумен бірге, жеке және жас ерекшеліктеріне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады.Жеке тұлғаға бағытталған оқыту проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып, жаңа білімді іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет – баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Бала оқу үрдісінің субъектісі бола отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады. Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылады.Білім беру мен тәрбиедегі тағы бір бағдар – бұл «қалай дамыту керек?» деген сұраққа жауап беретін іс - әрекеттік бағдар. Мұның мәні қабілеттер іс - әрекетте байқалып, дамиды дегенді айқындайды. Екі жағдайда да адамның қарқынды дамуы оның қабілеті мен бейімділігіне сәйкес іс - әрекет барысында жүзеге асады. Іскерлік бағдардың маңызды оқыту әдістерінің бірі - зерттеулік әдіс. Осы бағытта білім алып отырған әрбір жас жеткіншек қоршаған ортаны әр қырынан зерттей отырып, өз бетінше білім жинақтап, оны тәжірибе жүзінде өмірде қолдана білуі тиіс.Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл - зерттеушілік ізденіс кез - келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда. Баланы зерттеушілік іс - әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.Соңғы жылдары өз тәжірибемде тиімді қолданып жүрген тәсілдер қатарына шебер - сыныпты жатқызар едім. Бұл екеуі бір - бірімен тығыз байланысты, бірі екіншісін толықтырады, сондықтан бұларды бірге қолданған да тиімді. Бұл мұғалімге өз оқушыларының ерекшеліктерін байқап, ескере отырып білім беруіне мүмкіндік туғызады.Жалпы мақсаты 12 жылдық мектепте әдіскердің жұмыс жасау жолдарымен таныстыру. Құзіреттілік тапсырмаларды көрсету. Құзыреттілік тапсырмалар жасау, 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу..
40. Педагогикалық үдерісте мұғалімнің іс-әрекетін бағалау әдістері
Әдіс - нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің, операцияларының жиынтығы.Педагогикада білім беру мен тәрбие әдістерін жасау мен оларды жіктеу проблемасы негізгілердің бірі болып табылады. Бақылау әдісі[Белгіленген ережелерді сақтауға, сондай-ақ қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына байқау жүргізу.
Бақылау құралдары:оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу;оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде есеп жасаулары.Байқап көру мен қателер әдісі[-Үйретудің бір типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы қол жеткізіледі.Жобалар әдісі[Оқушылардың білімдері мен дағдыларын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, яғни жобаларды жоспарлауы мен орындауы процесінде қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде кең қолданылған.Рейтинг әдісі[Қандай да бір тұлғаның қызметінің не бір оқиғаның бағасын анықтау. Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданылады.Басқару әдісіБасқару субьектісінің баскау обьектісіне мақсатты түрде әсер етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы.Білім берудегі әдістемеБілім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттау
Тәрбие әдістері
Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процесінде олардың санасының қажеттілік - мотивациялық саласын дамыту үшін, мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастыру үшін, сонымен бірге оларды түзету мен жетілдіру үшін қолданылатын тәрбие жұмысының өзіндік тәсілдері мен жолдарының жиынтығы.
Ұлттық психикологияны зерттеу әдістері[өңдеу]
Адамдардың ұлтық-психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін біркелкі тәсілдер мен әдістер. Бұл тәсілдердің арасында жиірек қолданылатындары:
Үдеріс-латынша алға жылжу,өзгеріс деген мағынаны білдіреді.Жағдай,даму сатысының қалыпты ауысымы. Мәселе-латынша міндет,тапсырма.Бұл субъектінің нақты жағдайда туындаған қиндықтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтынын ұғыну.Мысалы,балаларды оқытудың әдістемесін жетілдіру педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін.Алайда,мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес,себебі мәселе шешудің мол әдістері бар. Болжам-бұл мөлшерлік ерекшеліктегі тұжырым,алға ұсыну мен эксперименттік тексеріске ғылыми және тәжірибелік ерекшеліктегі негіздерді қажет ететін пікір. Рейтинг – білікті тұлғалар тұжырымына негізделген бағалау әдісі.Өзгеше айтқанда,рейтинг-қосалқы бақылау әдісі.Рейтинг немесе өрнектеу мәні зерттеушінің өзіне жақын таныс адмның кейбір қасиеттерін бағалау үшін "сотқа" жүгіну. Көрсеткіштік – сапалық белгілерді сандық мөлшерге айналдыру тәсілі.Өрнектеу оқушылардың кәсіби сапалық бағасын(қабілеттілігі,ұжымдағы қатынасы,кәсіби ерекшеліктері,т.б.)анықтауда,оларға мінездеме құрастыруда молынан қолданылады. Педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі,өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы. Аннотация-мәтіндердің,кітаптардың,қолжазбалардың, мақалалардың қысқаша сипаттамасы;мәтіндерде берілген ойлардың,бағалардың,автордың қорытындыларының маңызын ашу. Сұхбат – әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы хабарлар,сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу үшін ғана емес басқа да адамдар,оқиғалар т.б.туралы мәліметтер алу үшін қолданылады. Баяндама-зерттеу жұмыстарына қызығушыларын қалыптастыратын және таным-білімдерді кеңейтетін тақырыпты көпшілікке жариялау.
41. Кәсіби педагогикалық құзыреттілік түрлері
. «Кәсібилік» ұғымында қоғамда бар стандарттар мен объективті талаптарға сәйкес кәсіби қызметте адамның психологиялық құрылымын игеру деңгейі бейнеленеді. Кәсібилікті игеру үшін сәйкес келетін қабілеттер, ниет және мінездеме, үнемі оқуға және өз шеберлігін жетілдіруге дайын болуы керек. Кәсібилік ұғымы жоғары білікті еңбек сипаттамасымен шектелмейді, бұл және адамның ерекше дүниетанымы.
Кәсібилікті маманның дамуының әртүрлі бағыттарымен қатыстырып, кәсіби құзыреттіліктің төрт түрі анықталады: арнайы, әлеуметтік, жеке, дара.
1. Арнайы, немесе қызметтік кәсіби құзыреттілік жоғары кәсіби деңгейде қызметті меңгерумен және тек арнайы білімді игеріп қоймай, сонымен бірге оны тәжірибеде қолдануды білумен сипатталады.
2. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік кәсіби қоғамдастықта қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін, біріккен кәсіби қызмет және серіктестік әдістерін игерумен сипатталады.
3. Жеке кәсіби құзыреттілік өзін-өзі көрсету және өзін-өзі дамыту әдістерін, кәсіби деформацияға қарсы тұру құралдарын меңгерумен сипатталады. Және осыған маманның өз кәсіби қызметін жоспарлауды, өз бетімен шешім қабылдауды, проблеманы көруді енгізеді.
4. Дара (индивидуальды) кәсіби құзыреттілік өз-өзін басқара білу тәсілдерін, кәсіби өсуге дайындық, кәсіби қартаюға берілмеу, кәсіби мотивацияның табанды болуы қасиеттерін меңгерумен сипатталады.
Кәсіби құзыреттіліктің бір маңызды құрамдас бөлігі ретінде өз бетімен жаңа білім, білікті игеру және де оны тәжірибелік қызметте пайдалану қабілетін атайды. Кәсіби құзыреттіліктің келтірілген түрлерін педагогтың кәсібилігін бағалау міндеттеріне пайдалануға болады деп есептейміз.
Педагогикалық құзыреттіліктің иерархиялық моделі қызығушылық туындатып отыр, онда әр келесі блок келесі компоненттердің «өсуіне» арналған платформа» құра отырып, алдыңғысына сүйенеді. Блоктың құрамдас моделі педагогикалық құзыреттіліктің алты түрін ұсынады: білімдік, қызметтік, қарым-қатынастық, эмоционалдық, жеке, шығармашылық. Педагогты оқыту процесінде оның құзыреттілігінің қалыптасуына тікелей қатысы бар бірізділік ұстанымының ерекше мәні атап көрсетіледі. Мәтіннен алынған бөлек бір блок педагогқа қажетті кәсіби құзыреттілікті қамтамасыз етпейді. Кәсіби құзыреттілік мәселесі бойынша зерттеулерді талдауды ескере отырып, педагогикалық бейіндегі мамандарға қатысты қарастырылатын ұғымды нақтылаймыз. Жоғарыда айтылғандарға сай педагогтың кәсіби құзыреттілігі маманның тұлғалық сапалы сипаттамасын ұсынады, оған пәндік сала және педагогика психология саласы бойынша да ғылыми-теориялық білім жүйесі енгізіледі.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің келесі компоненттерін бөлеміз: мотивациялық-еріктік, функционалдық, қарым-қатынастық және рефлексиялық.
Мотивациялық-еріктік (мотивация – себептер жүйесі) компонентке мотивтер (себептер, дәлелдер), мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың болуын білдіреді.
Функционалдық (лат. functio – орындау) қандай да бір педагогикалық технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.
Қарым-қатынастық (коммуникативтік) (лат. communico – байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын) құзыреттілік компонентіне ойын анық, нақты жеткізе білу, көз жеткізе білу, дәлелдеу, дәлел құра білу, талдау, ойын айта білу, рационалды және эмоционалды ақпаратты жеткізе білуі, өзара қарым-қатынас орната білуі, әріптестер әрекеттерімен өз әрекетін келістіруі, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың озық стилін таңдау, диалог ұйымдастыру және қолдау көрсету енгізіледі.
Рефлексиялық (лат. reflexio – артына назар аудару) компоненті өз қызметінің және өз дамуының, жеке жетістіктерінің деңгейінің нәтижесін саналы бақылай білумен; креативтілік, алға ұмтылушылық, серіктестікке бағытталу, шығармашылық, өзіндік талдауға бейімділік сияқты қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастырумен анықталады. Рефлексиялық компонент жеке жетістіктердің бағыттаушысы, адамдармен қарым-қатынаста жеке мағынаны іздеу, өз-өзін басқару, және де өз-өзін тануды, кәсіби өсуді, шеберлікті жетілдіруді, мағыналы шығармашылықты қызметті оятушы және жұмыстың дара стилін қалыптастыру болып табылады[70; 28-29бб].
Құзыретті педагог қалыптастырудың педагогикалық міндетінің таралу деңгейіне қарамастан оның шешімінің аяқталу айналымы «ойлау – әрекет жасау – ойлау» үштігіне тоқталады және педагогикалық қызметтің компоненттерімен және соларға сай білімдермен сәйкес келеді. Нәтижесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделі оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде орындалады. Бұл жерде педагогикалық біліктер төрт топқа біріктірілген.
1. Тәрбиенің объективті процесінің мазмұнын нақты педагогикалық міндеттерге «аудара» білуі: жеке тұлғаны және ұжымды олардың жаңа білімді белсенді игеруге дайындығының деңгейін анықтау үшін зерттеу және осы негізде ұжымның және жеке оқушылардың дамуын жобалау; білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері кешендерін анықтау, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау.
2. Логикалық аяқталған педагогикалық жүйені құра білу және қозғалысқа келтіру: білім-тәрбие міндеттерін кешенді жоспарлау; білім процесі мазмұнының негізделген таңдауы; оны ұйымдастыру түрі, әдістері және құралдарының дұрыс таңдауы.
3. Тәрбие компоненттері мен факторлары арасында өзара байланыстарды анықтай білу және орнату, оларды әрекетке келтіру: қажетті жағдайларды тудыру (материалдық, моральдық-психологиялық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және т.б.); оқушы тұлғасын белсендендіру, оны объектіден тәрбие субъектісіне айналдыратын іс-әрекетін дамыту; біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру және дамыту; мектептің ортамен байланысын қамтамасыз ету, бағдарлауға келмейтін сыртқы әсерлерді жүйеге келтіру.
4. Педагогикалық қызметтің нәтижесін есепке ала білу және бағалау: мұғалім қызметінің нәтижесін және білім процесін талдау және өзін-өзі талдау, басым және бағынышты педагогикалық міндеттердің жаңа кешенін анықтау.
42. Ы. Алтынсариннің мұғалімдік қызметтегі жаңашыл идеялары
Оқу үрдісіндегі жаңашыл идеясының бірі – оқулықтар мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде жасау болды. Ыбырайдың бұл ісі–ағарту саласындағы ұлттық тәлім-тәрбие мен білім мазмұнын сақтай отырып, күнделікті оқыту ісіне енгізу еді. Ал бүгінгі таңда Ы.Алтынсариннің бұл еңбегін мектеп тарихындағы білім беру ісіндегі бет ашары, ағарту саласына жаңаша сипат берген игілікті жұмыстарының төл оқу құралдарын дайындаудағы теориялық ізденістерінің бастамасы деуге болады.Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби мамандық беру мәселесін қолға алуы болды.Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училищесін, Қостанайда ауылшаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарына қажетті мамандар даярлау ісіне зер салды.Ыбырай Алтынсариннің ұсынысымен және Орынбор оқу округінің белгілі қайраткері В.В.Катаринскийдің қолдауымен қолөнер мектебі 1883 жылы Торғауда ашылды. Бұл мектеп Орскіде де ашылды.Қазақ жастарын орыс мәдениеті мен біліміне тартуда Ы. Алтынсаринның басшылығымен қазақ қыздары үшін ашылған пансионаты қыздар училищілерінің маңызы зор еді. Қазақ қыздарына тұңғыш білім беру ісіне жол ашқан да Ы.Алтынсарин болды. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап интернаты бар мектеп аштырды. Мұнда негізгі оқу пәндері-тігіншілік өнері болды, онымен бірге қазақ қыздары орыс тілін (жазу,оқу) және арифметиканы оқыды. Ыбырай Алтынсаринің педагогикалық жүйесінің жетістігі барлық типті мектептердегі қазақша-орысша оқытудың сабақтастығы еді.Ы.Алтынсарин мектептерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымы, оқулықтары мен оның мазмұны ұлттық білім беру талабына сай құрылды.Ұлттық мектептің өсіп-өркендеуіне, ұлттық білім базасын қалыптастыруда ұлттық өз ана тіліне жазылған оқулықтар қажеттілігіне ол ерекше көңіл бөлді. Оның 1879 жазылған “Қазақ Хрестоматиясы” оқулығын жазды. Оқулықтың құрылымдық мазмұны оның өз шығармаларынан, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілі шығармалары мен әлемдік әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерінен тұрды.Ы.Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясы” арқылы қазақ халқының арасына алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының, ағартушыларының және педагогтардың өзық шығармалары мен идеяларының кеңінен таралуына негіз қалады, Қазақстанға орыс мәденетінің таралуына баға жетпес үлес қосты.Ол К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабын”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралын”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсын” оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы “ атты екі оқу құралын бастырып шығарды.Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин біріншіден, қазақ халқының батырлары, шешен-билерін, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді енгізсе, екінші бөлімінде, дидактикалық әңгімелерді, үшіншіден, орыс, батыс классиктерінің тәлімдік-тәрбиелік мәні бар әңгімелерін енгізді.Ол өзінің хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра білді. Ол хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік қаситеттерді бойына сіңіру көзделеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқып үйренуіне жеңіл, жатық әңгімелерді беруге тырысты.“Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”(1879) деген еңбегінде ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдісін түзді. Оқушыларға үйрететін сөзді таңдау, сөздің айтылу ырғағын айқын естіртіп, оқушылардың тілін жаттықтыру, жаттығу- дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді пайдалану, ал ана тілін оқыту да жеке сөздерді оқи білуге, өз мәнерімен әрбір оқушының сөздік мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушының сөздік қорын молайту тәсілдерін қолдану ұстаздың әдістемелік жаңашыл нұсқалары еді.Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін қазақ халқының салт –дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыру бойынша “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазып тапсырды.
43. Ы.Алтынсариннің әдіскерлік шеберлігі1850 жылы Орынборда мектеп ашылды. 1857 жылы оқуын “Өте жақсы” деген бағамен аяқтайды. 1859 жылы туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. 1859 жылы Ы.Алтынсарин атасының таныс кісісі В.В.Григорьевпен танысады. 1860 жылы Ы.Алтынсарин Торғай мектебінің мұғалім болуға рұқсат алады. 1864 жылы Торғай мектебі ашылады. Ы.Алтынсарин Н.И.Ильминскийге былай деді: “ Қазақ даласын үш жылдай аралаған сіздің қазақ халқы ұғымтал,ақылды,дарынды бірақ оқымаған дейтініңізге мен сенемін.Қазақ халқы қарапайым,өнері жоқ халық,бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз” 1876 жылы Ы.Алтынсарин Петербург,Қазан қалаларына барады,онда орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. 1879 жылы Ы.Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде Торғай, Ырғыз, Тройцк, Ақтөбе қалаларында жаңа мектептер ашты. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебі ұйымдастырылады. 1881 жылы Омбы қаласында түңғыш мұғалімдер мектебі ашылады. 1883 жылы Мұсылман мектептерде араб тілінде жазылған “Құран”, “Әпитек”, “Мұсылмандық тұтқасы “Мұқтасар” “Мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс” “Мұғалім – мектептің жүрегі.Мен жақсы мұғалімді дүниедегінің бәрінен де қымбат бағалаймын”, “мен мұғалімдерге туған бауырымдай қараймын,өйткені бізде бәрі де, пікір де,тілек те материалдық күш те ортақ” “Ы.Алтынсарин – Қазақ мәдениетінің зор қайраткері” М.Әуезов. “Мені Орта Азиядан ағартушы Алтынсарин қолдайды” И.Я.Яковлев. “Ы.Алтынсарин – ұлы педагог,ағартушы,жазушы” Ә.Дербісалин. 1883 жылы Торғай облысының әскери губернаторына жолдаған баяндамасында ол ,,Қазақтарға –осыдарынды,ақыл –есі мол халыққа –кешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру –қалай дегенмен де аса қажет болып отыр ,, -деп жазды.
44. Ы.Алтынсариннің әдістемелік еңбектері, педагогика ғылымына қосқан үлесі
Ы.Алтынсарин мектепті қазақтарға білім берудің шешуші құралы деп есептеді, сол арқылы қазақ халқының қоғамдық өміріне әсер етуді, қоғамдық прогреске бағыттауды көздейді. “Осы жылы январьдың 8 күні менің күткен ісім орынына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, не бары үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды…”,-деп қуана жазды ұлы ағартушы.Ы. Алтынсарин оқыту әдістерін жаңа бағытта оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздей отыра құрды. Мектеп оқуында, ана тілін үйретуде ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің терең ойларын басшылыққа алды.Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының өзіне тән ұлттық-тәрбие үрдістерін ағарту ісімен ұштастыра отырып, бүгінгі педагогика саласындағы бірнеше бағыттардың негізін салды. Халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесі негізінде ол Қазақстандағы ұлттық мектептердегі оқыту ісінің әдістемесінің іргетасын қалады. Ол Қазавқстандағы мектептердегі оқыту, білім беру ісін бір жүйеге келтіруді талап етіп, соны белгілі жолға қойды. Оның жаңашыл әдістерінің бірі - оқытудағы оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып, орыс тілін меңгеру болса, оқу үрдісіндегі жаңашыл идеясының бірі – оқулықтар мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит негізінде жасау болды. Ыбырайдың бұл ісі–ағарту саласындағы ұлттық тәлім-тәрбие мен білім мазмұнын сақтай отырып, күнделікті оқыту ісіне енгізу еді. Ал бүгінгі таңда Ы.Алтынсариннің бұл еңбегін мектеп тарихындағы білім беру ісіндегі бет ашары, ағарту саласына жаңаша сипат берген игілікті жұмыстарының төл оқу құралдарын дайындаудағы теориялық ізденістерінің бастамасы деуге болады.Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби мамандық беру мәселесін қолға алуы болды.Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училищесін, Қостанайда ауылшаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарына қажетті мамандар даярлау ісіне зер салды.Ыбырай Алтынсариннің ұсынысымен және Орынбор оқу округінің белгілі қайраткері В.В.Катаринскийдің қолдауымен қолөнер мектебі 1883 жылы Торғауда ашылды. Бұл мектеп Орскіде де ашылды.Қазақ жастарын орыс мәдениеті мен біліміне тартуда Ы. Алтынсаринның басшылығымен қазақ қыздары үшін ашылған пансионаты қыздар училищілерінің маңызы зор еді. Қазақ қыздарына тұңғыш білім беру ісіне жол ашқан да Ы.Алтынсарин болды. Ол Ырғызда қазақ қыздарына арнап интернаты бар мектеп аштырды. Мұнда негізгі оқу пәндері-тігіншілік өнері болды, онымен бірге қазақ қыздары орыс тілін (жазу,оқу) және арифметиканы оқыды. Ыбырай Алтынсаринің педагогикалық жүйесінің жетістігі барлық типті мектептердегі қазақша-орысша оқытудың сабақтастығы еді.Ы.Алтынсарин мектептерінің оқу жоспарлары мен бағдарламаларының құрылымы, оқулықтары мен оның мазмұны ұлттық білім беру талабына сай құрылды.Ұлттық мектептің өсіп-өркендеуіне, ұлттық білім базасын қалыптастыруда ұлттық өз ана тіліне жазылған оқулықтар қажеттілігіне ол ерекше көңіл бөлді. Оның 1879 жазылған “Қазақ Хрестоматиясы” оқулығын жазды. Оқулықтың құрылымдық мазмұны оның өз шығармаларынан, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілі шығармалары мен әлемдік әдебиеттің ең таңдаулы үлгілерінен тұрды.Ы.Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясы” арқылы қазақ халқының арасына алдыңғы қатарлы орыс жазушыларының, ағартушыларының және педагогтардың өзық шығармалары мен идеяларының кеңінен таралуына негіз қалады, Қазақстанға орыс мәденетінің таралуына баға жетпес үлес қосты.Ол К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н.Толстойдың “Әліппе және оқу кітабын”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралын”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсын” оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы “ атты екі оқу құралын бастырып шығарды.Хрестоматияға Ыбырай Алтынсарин біріншіден, қазақ халқының батырлары, шешен-билерін, ертегілерді, аңыз-әңгімелерді енгізсе, екінші бөлімінде, дидактикалық әңгімелерді, үшіншіден, орыс, батыс классиктерінің тәлімдік-тәрбиелік мәні бар әңгімелерін енгізді.Ол өзінің хрестоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра білді. Ол хрестоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден, әр халықтың тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрлерінен хабардар ету көзделсе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, еңбекке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа, адамгершілік қаситеттерді бойына сіңіру көзделеді. Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқып үйренуіне жеңіл, жатық әңгімелерді беруге тырыстыҚазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы”(1879) деген еңбегінде ұстаз тіл үйренудің нақтылай әдісін түзді. Оқушыларға үйрететін сөзді таңдау, сөздің айтылу ырғағын айқын естіртіп, оқушылардың тілін жаттықтыру, жаттығу- дағдыландыру жұмыстарын жүргізу, ол үшін пәндік және аудармашылық әдістемелерді пайдалану, ал ана тілін оқыту да жеке сөздерді оқи білуге, өз мәнерімен әрбір оқушының сөздік мағынасын терең түсіндіру, яғни әрбір оқушының сөздік қорын молайту тәсілдерін қолдану ұстаздың әдістемелік жаңашыл нұсқалары еді.Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін қазақ халқының салт –дәстүрлерінің ерекшеліктерін зерттеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей география қоғамының Орынбор өлкетану бөлімшесінің тапсыру бойынша “Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очеркі” мен “Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очерктері” атты екі еңбегін жазды  | 
	
  | 
	
  | 
	
45. Кәсіби педагогикалық мәдениеттің мәні Педагогикалық іс-әрекеттің мәніПедагогикалық іс-әрекет – мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық іс-әрекет жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға бағытталған. Осыдан шығатыны педагогикалық іс-әрекет адам баласын қоғамдық өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік және тұлғалық детерминацияланған іс-әрекет.
Берілген контекстте педагогикалық іс-әрекет оқытушы, тәрбиеленушінің оқушы немесе оқушыларға оның тұлғалық, парасатты және іс-әрекеттік дамуына бағытталған, әрі өзін өзі дамыту мен жетілдіру негізі ретінде шығатын тәрбиелейтін және оқытатын әсер. Ол үшін педагогикалық мақсат қоюшылық пен педагогикалық басқарушылық тән. Іс-әрекеттің бұл түрі В.В. Давыдов белгілеген өсіп келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік қимыл іс-әрекет нормалары мен өнеркәсіптік іскерлік үлгілерін (эталондарын) құру, сақтау мен беру сияқты қоғамдық маңызы бар есептерді шешу барысында өркениет таңының атуында пайда болды.Өзінің дамуы барысында қоғам «бір бірімен тығыз байланысты үйренуден», яғни балалар үлкендерден оларға еліктеуден класс, мектеп, гимназияларды құруға дейін қадам басты. Әртүрлі елдерде әртүрлі тарихи сатыларда білім беру мақсаты, мазмұны мен формаларында елеулі өзгерістерді басынан өткеріп, мектеп негізгі тағайындалуы – тиімді педагогикалық іс-әрекет ұйымдастыру болып келетін басты әлеуметтік институт болып қалыптасты. Ескере кететіні, бұл іс-әрекетті маманды түрде тек оқытушылар жүзеге асырады, ата-аналар, өнеркәсіптік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, көпшілік ақпарат құралдары білім-тәрбиелілік үрдістің ерікті немесе еріксіз қатысушылары болды.Мамандандырылған педагогикалық іс-әрекет қоғаммен арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында: мектепке дейінгі мекемелер, маманды-техникалық училищелерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындары, қосымша білім беру, квалификацияны жоғарылату мен қайта дайындау мекемелері. Педагогикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің кез келген түріне тән сипаттамаларға ие: мақсатқоюшылық, мотивтендіру, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін А. Н. Леонтьев белгілеген мақсат, мотивтер, әрекеттер (операциялар), нәтиженің бірлігі ретінде оның құрылымын талдау арқылы ашуға болады, сондай-ақ оның жүйе құрылымдық сипаттамасы ретінде ол мақсатты санады.Осылайша, педагогикалық іс-әрекет дегенде адамзат жинаған мәдениет пен тәжірибенің үлкеннен кішіге беруге олардың жеке дамуы үшін шарттарды құру мен қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін түсінеміз.Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсінуге ыңғайлы болу үшін жүйелік ыңғайды қолданып, мұғалімнің іс-әрекетін педагогикалық жүйенің бір түрі ретінде елестетейік
