
- •69.Бәсекеге кабілетті тулғаны калыптыстыру
- •35 Мұғалімнің кәсіби беделін арттырудың жолдары
- •36, Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен құралдары
- •37. Педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер педагогикалық білімін көтерудің тәсілдер
- •46. Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері және педагогикалық қызметті таңдау мотивациясы
- •49. Кәсіби педагог ретінде қалыптасудың негізгі бағыттары
- •53. Педагог тұлғасына бағытталған негізгі мінез-құлық ерекшеліктері
- •54. Болашақ педагогтарды кәсіби маман ретінде қалыптастыру қажеттілігі
- •55. Педагогтың тұлғасының бойындағы құндылықтар
- •58.Мұғалім тұлғасының кәсіби сапалар
- •59.Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті
69.Бәсекеге кабілетті тулғаны калыптыстыру
өзіндік айтар ой – пікірі бар, жоғары саналы, белсенді, бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеп шығару.Қоғамдағы түбегейлі озгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қызметін дамыту, ой пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірбиелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту – маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені сапалы шеше білетін тұлғаларды талап етуі қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігіне бастайды.Білім берудегі негізгі мақсат тек білімді, кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғанан емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қаблетті тұлғаны қалыптастыру, білім мазмұнын таңдауда қатаң ескерілетін мәселе екенін баса айтқан жөн.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да білім беру жүйесінің негізгі міндеті – баланың даралығын дамыту, тәрбиелеу және оқыту үшін жағдайлар жасау арқылы интелектісін байыту, бала тұлғасының рухани және дене мүмкіндіктерін ашу екендігін ерекшелеген еді. Осы орайда мектеп қабырғасынан басталатын жеке тұлға қалыптастыру бәсекеге қабіллетті болудың қайнар көзі.
«Тұлға» – адамның келешек өмірінің қалыптасу жобасының келбеті. Жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуында үш негізгі факторлардың ықпалы зор. Олар: – тұқым қуалаушылық (ішкі жағдайлар саласы); – орта - тәрбие (сыртқы әсерлер саласы) екенін жақсы білеміз.Осы аталған факторлардың ішінен тәрбиеге қатысты кейбір ерекшеліктерге тоқталайық, себебі, бұл фактор жоғарыда аталған қоғам сұранысын жүзеге асырушылардың бірі болып табылады. Адам тәрбие негізінде жетіліп қалыптасады. Адам болашағын шешетін де тәрбие екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық – психологиялық тұрғыдан келгенде «қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек» деген мәселе күн тәртібінен түспейтіні ақиқат. Адам өмірінде тәрбие мәңгілік категория болса, оны ұйымдастыру, жүзеге асыру еш уақытта ескерілмейтін, қайта күн озған сайын жаңарып, әрбір кезеңнің өз талабына сай жетіліп отыратын үздіксіз үрдіс деп түсінеміз. Демек, бұл үрдісте жеке тұлғаның психологиялық даму ерекшеліктеріне жете көңіл бөлу қажет екендігін ғалымдар дәлелдеп отыр. Ал қазіргі мектеп тәжірбиесінде оқушыны тапсырманы айнытпай орындаушы ретінде тәрбиелеу басым бағыт алып отыр. Ол оқушының өз бетімен ойлауына, өзіндік пікірін білдіруіне кері ықпал етіп, білім алуға деген қызығушылығын төмендетеді.Сондықтан рухани дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу рухани құндылықтың қайнар көздері негізінде және оны жеке тұлғаның қабылдауы арқылы жүзеге асады. Ал рухани құндылықтардың қайнар көздері сан алуан екендігіне біз ғылыми – педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында көз жеткіздік. рухани дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғаны төмендегі көрсетілген құндылықтарды оқушылардың бойына сіңіру арқылы қалыптастырамыз. Танымдық бағыт: таным мәдениеті, нителлект, білім, ақыл – ой мәдениеті, шығармашылық, сындарлы ойлау, сананы жетілдіру, ой – өрісініің кеңдігі т.б. Адамгершілік бағыт: жеке тұлғаның қасиеттері: сыйлау, мейірімділік, әділдік, т.б, адамгершілік ұстанымдар: қадір – қасиет, ұқыптылық т.б.
Әлемдік бағыт: азаматтылық, партиотизм, белсенді өмірлік позиция, ұйымдылық, адам құқықтары т.б. Ұлттық бағыт: салт – дәстүрді, тілді, дінді, әдет – ғұрыпты құрметтеу, ұлттық сана, ұлтжандылық, елін жерін сүю және т.б.
Салауатты өмір салты: экологиялық мәдениет, спорт, санитарлық- гигиеналық нормаларды сақтау, жағымсыз қылықтардан арылу, дене шынықтыру т.б. Дүниетаным бағыты: ғылыми, білімділік дүниетаным, танымдық дүниені қабылдау, дүниені түсіну, әлем туралы ойлану, ой- толғаныс т.б.
33, қр білім туралы заңында білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау жөніндегі баптың маңыздылығы
48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау
1. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің науқастануын болдырмау, денсаулығын нығайту, тән саулығын жетілдіру, салауатты өмір салтына қалыптастыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
2. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде әзірленген білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады.
3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттер үшін үй-жайлар ұсынады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдары білім алушыларға және тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелер құруға құқылы.
4. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын тегін медициналық тексеруден өтіп тұруға міндетті.
5. Білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы және белсенді тынығуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуы көзделуге тиіс. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін жағдай жасалады. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.
6. Білім беру ұйымдарында оқытудың, тәрбиелеудің, еңбек пен тынығудың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі. 34, қр орта білім жүйесін оның міндеттері
Білім беру жүйесінің базалық деңгейі орта білім болып табылады. Оны тегін алу құқығына ел Конституциясы кепілдік береді.Орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту қажеттілігіне байланысты проблемалар орын алған.2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республикад жергіліктіатқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – БҒМ) ведомстволық бағынысты 7576 мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 2,5 млн.-ға жуық оқушы білім алады. Мектептердің жалпы санының 64,6 %-ы үлгілік, 35,4 %-ы – ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан, 201 мектеп апатты жағдайда. Мектептердің 37,4 %-ы тасымалданатын суды пайдаланады. 70 мектеп 3 ауысымда, 1 мектеп 4 ауысымда жұмыс істейді. Мектептердің 25,1 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді,Республиканың негізгі және орта мектептерінің 47,4 %-ы жаңа үлгідегі физика кабинеттерімен, 13,2 %-ы химия, 16,3 %-ы биология, 46,7 %-ы лингафондық мультимедиалық кабинеттерімен жабдықталған.Әрбір бесінші мектепте асхана мен буфет жоқ. Мектеп асханаларының жабдықтары мен мүкәммалының ескіруі 80 %-ды құрайды. Мектептердің 26,4 %-нда спорт залдары жоқ. Мемлекет қаржыландыратын арнайы автобустармен балаларды мектепке тасымалдау бағдарламасы жоқ.Осылардың барлығы 12 жылдық білім беру моделін енгізу мерзімін кейінге қалдыруға себеп болды Қазақстандық білім беру жүйесінің ерекшелігі – мектептердің жалпы санының 56,5 %-ын құрайтын (2005 жылы – 52 %) ШЖМ болуы. Оның ішінде, ауылдық жерлерде – 68,6 %.Іс жүзінде әрбір төртінші мұғалім ШЖМ-да жұмыс істеп, әрбір алтыншы қазақстандық оқушы ШЖМ-да оқиды.Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған.Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін барабар заңнамалық база мен жүйе құрылмаған. Жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де және одан да үлкен. Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %. Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр. Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалімдер) байқалып отыр. Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог кәсібінің беделінің болмауы жоғары білікті кадрлардың бұл саладан кетуіне ықпал етеді. 2000 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 400 %-ға өскеніне қарамастан, оның деңгейі еліміздегі төмен деңгейлердің бірі болып қалып отыр. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады. Алайда, білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық ұйымдарының тәрбие беру әлеуетінің тиімділігі төмен болып отыр. Мектептерде еңбекпен тәрбиелеу және кәсіптік бағдарлау жүйесі жойылған, мектептердегі және мектептен тыс ұйымдардағы көркем және музыкалық шығармашылық үйірмелерінің, спорт секцияларының саны жеткіліксіз. Балалар мен мектептің қоғамдық ұйымдарының қызметі дұрыс жолға қойылмаған. Балаларды қосымша білім берумен қамту басқа елдермен (30–50 %) салыстырғанда 21,5 %-ды ғана құрайды. Білім алушыларды спорт секцияларымен қамту бүгінде 20 %-ды құрайды. Орта білімге кері әсер ететін факторлар – ескірген әдіснамалар мен білім беру мазмұнын іріктеу қағидаттары. Ақпараттың шамадан тыс болуы оқуға деген ынтаның төмендеуіне және оқушылар денсаулығының нашарлауына әкеледі. Оқыту тұлғаны дамытуға емес, жалаң нәтижелер алуға бағытталған.