- •1 Жалпы бөлім
- •1.1«Батыс Еуропа- Батыс Қытай»автожолы туралы жалпы түсінік
- •1.2 Құрылыс салынатын аумақтың ауа –райы жағыдайы
- •1.2.1 Климаты
- •1.2.2 Желдің соғу бағытты
- •1.2.3 Геологиялық жағыдайы
- •Топырақ қабаты мен өсімдік жамылғысы
- •2.1 Жер жұмыстарының көлемін есептеу
- •2.2. Табиғи бет белгілерін анықтау
- •2.3.Нөлдік белгісін анықтау
- •2.4. Жобалық белгілерді анықтау
- •2.5 Қажетті ресурстарды есептеу мен жұмыс ұйымдастырылуы
- •2.7 Алаңдарды скреперлермен тегістеу
- •2.8 Алаңдарды бульдозерлермен тегістеу
- •2.9 Жұмыс өндірісі үшін механизм комплектісін таңдау
- •2.10 Үйген топырақты механикаландырып тығыздау
- •2.11 Жетекші жер қазушы машиналардың еңбек өнімділігін анықтау
- •3 Жол төсемесін жобалау
- •3.1 Жол төсемесі қабатын құрылымдау
- •3.2 Жол төсемесінің негізгі типтері.
- •Кесте 3.1 Жол төсемесінің негізгі типтері және жол категориясы бойынша жмаылғының түрі
- •3.3Қатқыл емес жол төсемесін есептеу және құрылымдау
- •3.4 Есептік келтірілген қозғалыс қарқындылығы . Қажетті серпімділік модулі
- •3.5 Жол төсемесін шекті серпімді иілу бойынша есептеу.
- •3.6 Жол төсемелерін жер төсемесінің топырағындағы ығысу бойынша есептеу
- •4.7 Біртұтас қабаттарды иілудегі созылуға есептеу
- •Кесте 3.10 - Табиғи климаттық факторлардың әсерінен болатын беріктікті төмендеуінің коэффициенті
Топырақ қабаты мен өсімдік жамылғысы
Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады. Ертістің оң жағалауындағы құмдақ топырақта таспалы қарағай орманы, ал оңтүстік қара топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктер тараған. Қызғылт қоңыр топырақ Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктермен аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды-теректі ормандар кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің сұр, сұрғылт және далалық топырағы (сұр топырақ) тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар (Бозайғыр және Ақжан) тараған. Қазаншұңқырлардағы өзен жайылмаларында шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Зайсан қазаншұңқырында өсімдіктерден шашақты селеу, жусан, ал шағын өзен аңғарларында далалық шалғындар, Зайсан көлі мен Ертіс өзенінің жағаларында қамыс-құрақ көптеп кездеседі. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарының топырақ және өсімдік жамылғыларында биіктік белдемдер айқын байқалады. Кенді Алтайдың төменгі биіктіктеріндегі далаларда ауыр саздақ және саздақ қара топырақ тараған. Олардан жоғары сұр топырақ пен күлгінденген қара топырақ, ал одан биікте таулық сұр күлгін топырақ тараған. Келесі белдеуде таулық шалғынды топыраққа, одан кейін таулық тундраға ауысады. Оңтүстік Алтай мен Сауыр таулары жоталарының төменгі бөліктерінде (тиісінше 600 – 800 м-ге және 1200 – 1300 м-ге дейін) түпкі жыныстардың және саздақ шөгінділердің үстінде таулық күрең топырақ тараған. Олардан жоғары қаратопырақ белдеуі, тау беткейінде таулық қарашіріндісі аз және шымтезекті топырақ, тауаралық қазаншұңқырларда таулық қошқыл қаратопырақ қалыптасқан. Ең биік жерлерде таулық тундра топырағы орын алған. Тарбағатайда қызғылт қоңыр және қаратопырақпен бірге шөптесін өсімдікті таулық шалғынды және орманды телімдерде орманның сұр топырағы тараған.
2 ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛАТЫН МЕХАНИЗМДЕР ЖЕР ЖҰМЫСТАРЫ
2.1 Жер жұмыстарының көлемін есептеу
Жер жұмыстары кешенді процесс болып саналады. Оның құрамына әдетте топырақты уйіндіге төгіп немесе көлік кұралдарына артып өңдеу, оны ауыстыру, табанды тазалау, топырақты тегістеу және тығыздау жатады.
Осы жұмыстардың барлық түрі олардың көлемдеріне байланысты негізгі және қосымшаға бөлінеді. Және де негізгі жүмыстар көлемі, еңбек сыйымдылығы және құны бойынша үлкен үлес салмағымен сипатталады.
Негізгі және косымша жұмыстар біржолата көлемін есептеп және жұмыс тәсілін тандаған соң анықталады. Осыдан кейін орындалатын жұмыстардың көлеміне сәйкес жұмыс өндірісінін әдісін тандау, машина және механизмдер, қосалқы құралдарды тандау және есептеу жасалады, жер жұмыстарының ұйымдастыруы және кезектігі, олардын күні және ұзақтылығы анықталады.
