
- •1 Жалпы бөлім
- •1.1«Батыс Еуропа- Батыс Қытай»автожолы туралы жалпы түсінік
- •1.2 Құрылыс салынатын аумақтың ауа –райы жағыдайы
- •1.2.1 Климаты
- •1.2.2 Желдің соғу бағытты
- •1.2.3 Геологиялық жағыдайы
- •Топырақ қабаты мен өсімдік жамылғысы
- •2.1 Жер жұмыстарының көлемін есептеу
- •2.2. Табиғи бет белгілерін анықтау
- •2.3.Нөлдік белгісін анықтау
- •2.4. Жобалық белгілерді анықтау
- •2.5 Қажетті ресурстарды есептеу мен жұмыс ұйымдастырылуы
- •2.7 Алаңдарды скреперлермен тегістеу
- •2.8 Алаңдарды бульдозерлермен тегістеу
- •2.9 Жұмыс өндірісі үшін механизм комплектісін таңдау
- •2.10 Үйген топырақты механикаландырып тығыздау
- •2.11 Жетекші жер қазушы машиналардың еңбек өнімділігін анықтау
- •3 Жол төсемесін жобалау
- •3.1 Жол төсемесі қабатын құрылымдау
- •3.2 Жол төсемесінің негізгі типтері.
- •Кесте 3.1 Жол төсемесінің негізгі типтері және жол категориясы бойынша жмаылғының түрі
- •3.3Қатқыл емес жол төсемесін есептеу және құрылымдау
- •3.4 Есептік келтірілген қозғалыс қарқындылығы . Қажетті серпімділік модулі
- •3.5 Жол төсемесін шекті серпімді иілу бойынша есептеу.
- •3.6 Жол төсемелерін жер төсемесінің топырағындағы ығысу бойынша есептеу
- •4.7 Біртұтас қабаттарды иілудегі созылуға есептеу
- •Кесте 3.10 - Табиғи климаттық факторлардың әсерінен болатын беріктікті төмендеуінің коэффициенті
1.2.2 Желдің соғу бағытты
Желдің таралуы, атмосфера қысымының таралуы мен жер бедеріне тікелей байланысты. Желдің климатқа әсері зор. Ол ауа массаларын қозғалысқа келтіреді, сонымен бірге жылу мен суық, ылғал әкеледі. Қазақстан жерін шығыстан батысқа карай шамамен 50° с.е. бойымен жоғары кысым (Воейков белдеуі) кесіп өтеді. Қыста да, жазда да қалыптасатын бұл жоғарғы қысымды белдеу республиканың жазық бөлігіндегі негізгі жел айырық болып есептеледі. Қыста осы жоғарғы қысымды белдеуден солтүстікке карай оңтүстік және оңтүстік-батыс желі, ал оңтүстікке қарай солтүстік және солтүстік-шығыс желі басым соғады. Жоғарғы қысымды белдеуден алыстаған сайын желдің жылдамдығы баяулайды. Қаңтар айында Орталық Қазақстанда желдің орташа айлық жылдамдығы 4-6 м/сек, ал оңтүстігінде ол 2-4 м/сек-қа дейін баяулайды. Жазда желдің жылдамдығы баяулайды. Олардың орташа айлық жылдамдығы шілдеде солтүстік аймақта 2-3 м/сек., оңтүстікте 1-2 м/сек.
Қазақстанда ең күшті желдер Жетісу кақпасымен соғатын және Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы желдер. Олардың орташа жылдамдығы 6-8 м/сек.
Қазақстанның биік таулы аймақтарында қыста да, жазда да желдің екпіні біршама жоғары болады. Сендер өткен курстан Жердегі ауаның тұрақты ағымы қалай пайда болатынын және Қазақстан орналасқан ендікте батыс желі тұрақты және басым екенін білесіңдер. Тауларда желдің негізгі бір түрі — жазда соғатын және тәулік ішінде бағытын өзгертіп отыратын (таңертең жазықтан, кеш бата таудан) жел түрлері басым. Бұларды may аңгарлық жел деп атайды.
Тау аралық аңғарларда және қазаншұңқырларда, мысалы, Жетісу қақпасы мен Іле аңғары сияқты жерлерде соғатын жергілікті жел де бар. Жетісу қақпасы арқылы жергілікті сайқан және Ебі желі, Іле аңғарымен шілік желі соғады. Жылдамдығы 15-20 м/сек-тан немесе сағатына 72 км/сағ-тан асатын қатты соққан желді дауыл деп атайды. Жылдамдығы 30 м/сек-тан жоғары болатын қатты желдерге тоқталайық.
Ебі желі — Жетісу Алатауының оңтүстік шығысында Қытайда орналаскан Ебінұр көлі қазаншұңқырында, жоғарғы қысым пайда болғанда соғады. Мұндай антициклонда шығыс желі тұрады да, Қазақстан аумағындағы Алакөл көліне карай соғады. Осы кезде төменгі қысым аймағы пайда болады. Жетісу кақпасы ені тар тектоникалық жарық, ені 20 км-ден 40 км болатын, ең тар жері 10 км шамасында. Ауа тау жоталарының арасымен қысылып, үйкеліске ұшырап өтеді, жылдамдығы секундына 60-80 м-ге жетеді. Қыс кезінде қысылып өткен ауаның температурасы қоршаған ортасынан 8-10°С жоғары болады. Сондықтан ол жылы желге жатады. Жалпы бұл жел жыл ішінде орта есеппен 70-100 күндей соғады. Жазда Еуразия материгі қызған кезде Ебінұр қазаншұңкыры үстінде жоғары қысым сирек кездеседі. Ебі желі де баяулайды. Ебі желін алғаш рет сипаттап жазған қазақтың ғұлама ғалымы Шоқан Уәлиханов. Жетісу кақпасынан ескен күшті жел Алакөл көлі маңынан балық аулауды қиындатады, жол қатынасына, басқа да шаруашылыққа зиянын тигізеді.
1.2.3 Геологиялық жағыдайы
Облыс жер қойнауының геологиялық құрылысы Каспий маңы ойысы мен тұзды күмбезді тектониканың солтүстік бөлігіндегі жағдайынан туындайды, соған негізделеді. Каспий маңы ойысының солтүстік бөлігі (оны кейде Солтүстік Каспий маңы деп те атайды) палеозой, мезазой және кайнозой шөгінділерінен түзілген. Тұзды күмбездер көтеріле жырымдаған беткейінде ғана жалаңаштанып, жер бетіне шыққан пермь шөгінділерінен басқа палеозойлық жыныстар қабаты 3,5-5 км-лік үлкен тереңдікте жатыр және олар солтүстік аудандардағы бұрғылау скважиналарымен ғана ашылады. Пермь шөгінділері сакмар және артин ярустарына жатады. Әдетте, бүл құм дақ-сазды шөгінді қабаттары бар пелицепод және маржан түзейтін организмдер фаунасының, теңіз шөгіндісінің қалдықтары болып табылады. Бүл шөгінділер мұнайлы-газды болып 19 келеді әрі олардың өнеркәсіптік құндылығы Батыс Теплов, Жданов, Ульянов, Цыганов және қарашығанақ учаскелерінде дәлелденген. қарашығанақта мұнай-газ шоғырлары 4-5 км-де, қалғандарында 3200-3600 м тереңдіктегі қабаттарда түзілген. Кейінгі пермь дәуірі өзінің төменгі бөлігінде кунгур ярусынан галогенді-сульфатты шөгінділерімен, жоғарғы жағында қызыл түсті құм дақ-сазды түзілістермен ерекшелінеді. Кунгур ярусы гипс, ангидрит және борға бай тұздармен қабаттаса келіп, тасты тұз, карналий, сильвиннен қалыптасқан. Каспий маңы ойысының бүйірлік зонасының түсында бұлар сыналана сұғынып, бір-бірімен қабаттасқан сипатта жатады да, орталық бөлігінде тұз күмбездері кейпін иеленеді. Галогенді- сульфатты шөгінділерінің қалыңдыгы Каспий маңы ойысының солтүстік бүйірлік зонасында 1 км-ге дейін, орталық жагы мен тұз күмбездерінде 5 км не одан да қалың келеді. Мульдалар (ойыстар) деп аталатын күмбездер арасындағы түз қабаттары әдетте барынша өте жұқа болып келеді, Бұлардың орташа қалыңдығы — 2,5 км. Галогенді сульфатты шөгінділердің түзілісі жердің терең қойнауынан шыққан тұз қышқылдарының әсерімен не көлтабандық жағдай- лармен байланыстырылады. Аймақтағы жоғары пермь шөгіндісі кірпішті қызыл саз, аргиллит, мол споралы-тозаңды құм дақтар түрінде кездеседі. Бояғыштар алу үшін минералды шикізат ретінде әбден жарамды қошқыл саз және саздақтар, комірге айналған қабаттар, ал мульдаларда өте тереңде жатқан битумға бай көмір қабаттары кездеседі. Жоғары пермь шөгінділерінің қалыңдығы тұз күмбездерінде бірнеше м-ден, мулвдаларда 2-2,5 км-ге дейін болып келеді.