
- •3. Берілген жай сөйлемдердің түрлерін айтылуына қарай анықтаңыз.
- •3. Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз. Олардың қандай сөйлем мүшесі екенін ажыратыңыз.
- •3. Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді аяқтаңыз.
- •3. Мына сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңыз.
- •3. Жай сөйлемдерді мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазыңыз.
- •3. Екі жай сөйлемнен бір салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
1–билет
«Қазақ отбасы» мәтінін оқып,негізгі ойды анықтаңыз
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз.Мәтінді мазмұндаңыз
Берілген жай сөйлемдердің түрлерін айтылуына қарай анықтаңыз.
2–билет
«Қазақ дастарқаны» мәтінін оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
«Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз.Мәтінді мазмұндаңыз.
Салалас құрмалас сөйлемнің ережесін айтыңыз. Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, құрамына қарай түрін анықтаңыз.
3–билет
1.«Айша Ғалымбаева » мәтінін оқып., негізгі ойды анықтаңыз.
2. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз, мәтінді мазмұндаңыз .
3. Жай сөйлемнің ережесін айтыңыз.Сөйлемдердің құрамына қарай түрлерін анықтаңыз.
4–билет
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» мәтінін оқыңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз, мәтінді мазмұндаңыз.
Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңыз.Бастауыштың ережесін айтыңыз.
5–билет
«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» мәтінін оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз, мәтінді мазмұндаңыз.
Кезектес салалас құрмалас сөйлемді аяқтаңыз.Ережесін айтыңыз
6–билет
«Отбасындағы мерекелер» мәтінін оқыңыз,негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз, мәтінді мазмұндаңыз.
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.Ережесін айтыңыз.
7-билет
«Көне қалалар» мәтінін оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз, мәтінді мазмұндаңыз.
Берілген жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.Ережесін айтыңыз
8–билет
«Киіз үй» мәтінін оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз.
Салалас құрмалас сөйлемнің ережесін айтыңыз,жасалу жолдарын, тыныс белгілерін түсіндіріңіз.
9–билет
«Ыбырай Алтынсарин» мәтінін оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз,жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз
Екі жай сөйлемнен себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз.Ережесін айтыңыз.
10–билет
« Қазақ –қонақжай халық » мәтінін оқыңыз,негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз, жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз
Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, сөйлемнің құрамына қарай түрін анықтаңыз.Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін айтыңыз
11–билет
« Үлкенді сыйлау -ұлылық » мәтінін әңгімелеп айтыңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз
Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасап, туынды зат есімдерді анықтаңыз.Туынды зат есімнің ережесін айтыңыз
12–билет
«Музыка аспаптары» мәтінін оқыңыз, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз, мәтінді мазмұндаңыз.
Екі жай сөйлемнен талғаулы салалас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз.Ережесін айтыңыз
13–билет
«Ахмет Байтұрсынов» мәтінін оқыңыз, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз, жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз
Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.Ережесін айтыңыз.
14–билет
1.«Ұлттық киім» мәтінін оқыңыз, негізгі ойды анықтаңыз.
2.Мәтін бойынша 3сұрақ құрастырыңыз, жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз.
3.Сөйлемнің сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз.Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің ережесін айтыңыз.
15–билет
«Қаныш Сәтбаев» мәтінін оқыңыз, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз, мәтінді мазмұндаңыз.
Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып, астын сызыңыз.Ережесін айтыңыз
16–билет
«Ә.Қастеев» мәтінін оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3сұрақ құрастырыңыз,жоспар жасаңыз, мәтінді мазмұндаңыз.
Оқшау сөздерді тауып, түрлерін анықтаңыз.Қаратпа сөздің ережесін айтыңыз
17–билет
«Қазақ тілі» мәтінін оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз ,жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз.
Берілген сөйлемдерден мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз.Ережесін айтыңыз
18–билет
«Гүлфайруз Исмаилова» мәтінін оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
2. Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз, жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз
Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіз.Ережені айтыңыз
19–билет
«Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы» мәтінін оқыңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз, жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз.
Берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.Қыстырма сөздің ережесін айтыңыз
20–билет
«Түркістан қаласы»мәтінін оқып, негізгі ойды анықтаңыз.
Мәтін бойынша 3сұрақ құрастырыңыз, жоспар жасаңыз,мәтінді мазмұндаңыз.
Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.Ережесін айтыңыз.
21–билет
«Әл-Фараби» мәтінін әңгімелеп айтыңыз.
«Менің қалам» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыз. Олардың қандай сөйлем мүшесі екенін ажыратыңыз.
22–билет
«Абайдың мұражай үйі» мәтінін әңгімелеп айтыңыз.
«Астана – арман қала» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді аяқтаңыз.
23–билет
«Кино өнері» мәтінін әңгімелеп айтыңыз.
«Теледидар» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Мына сөйлем сабақтас құрмалас сөйлемнің қай түрін жататынын аңықтаңыз.
24–билет
«Ш.Айманов» мәтінін әңгімелеп айтыңыз.
«Театр» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Жай сөйлемдерді мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерге айналдырып жазыңыз.
25–билет
«Шешендік сөздердің түрлері» мәтінін әңгімелеп айтыңыз.
«Қазақстан мерекелері» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Екі жай сөйлемнен бір салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
1–билетке қосымша
3. Берілген жай сөйлемдердің түрлерін айтылуына қарай анықтаңыз.
Көктем келді. Жылы жақтан құстар ұшып келді ме? Жомарт үйге тез келсін. Шіркін-ай, Көкшетауға барса ғой! Жеңістің 69 жылдығы жасасын! Соғыс ардагерлері мерекеге келді. Ертең қалаға немен барасың?
2–билетке қосымша
3. Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, құрамына қарай түрін анықтаңыз.
Түстен кейін балалар мұражайға барды, бірнеше тарихи ескерткіштер көрді.
3–билетке қосымша
3. Сөйлемдердің құрамына қарай түрлерін анықтаңыз.
Әсет келесі оқу жылында не «Дарын» мектебіне ауысады, не болмаса «Мұрагер» мектебіне сынақ тапсырады. Тараз қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Кенже бала – қара шаңырақ иесі, өйткені әке-шешесі оған қара шаңырақты береді.
4–билетке қосымша
3. Тұрлаулы мүшелерді тауып, астын сызыңыз.
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той. Дастарқан жайылып, жастар домбыра тартып, ән салып, ұлттық ойындар ойналады. Сонда сәби қызықты өмір сүреді.
5–билетке қосымша
3. Кезектес салалас құрмалас сөйлемді аяқтаңыз.
Кейде дала қазағының қуанышы мен мұңы естіледі, кейде ... .
Олар кейде би билейді, кейде ... .
Биыл біресе қарлы бораны соқты, біресе ... .
6–билетке қосымша
3. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз.
Жарыстарға Қарағандының спортшылары барады немесе Көкшетаудың спортшылары қатысады. Қазақстан аз уақытта гүлденіп өзгерді және Астана қаласы да дамып келеді. Кітапханадан көркем әдебиет шығармаларын алдым, келесі жолы алатын кітаптарға сұраныс бердім.
7–билетке қосымша
3. Берілген жай сөйлемдерден себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Рәміздер халқымыздың бірлігін көрсетеді. Оларды мақтан ету керек.
Қазақтар ешқашан өз бетімен біреумен соғыспаған. Батырлар елдің бірлігін ойлаған.
8–билетке қосымша
3. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын, тыныс белгілерін түсіндіріңіз.
Мен сабақтан соң үйге кейде автобуспен барамын, кейде жаяу қайтамын. Ежелгі қалалар ертеде пайда болған, бірақ көпшілігі сақталмаған. Қорғанның қақпасы мықты, сондықтан оны бұза алмаған.
9–билетке қосымша
3. Екі жай сөйлемнен себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз.
Оқушылар өз білімдерін зерттеу жұмыстарымен шыңдайды. Олар ғылыми жобалар сайысына қатысады. Оңтүстіктің ауа райы жылы, суы мол. Егіншілік жақсы дамыған.
10–билетке қосымша
3. Сөйлемге синтаксистік талдау жасап, сөйлемнің құрамына қарай түрін анықтаңыз.
Қазақ халқы үлкендерді ерекше сыйлайды. Батаны сыйлы, жасы үлкен адам береді. Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен.
11–билетке қосымша
3. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасап, туынды зат есімдерді анықтаңыз.
Достықтың, мақалдарың, зерттеушімен.
12–билетке қосымша
3. Екі жай сөйлемнен талғаулы салалас құрмалас сөйлем құрап жазыңыз.
Ертеде әйелдер киіз басқан. Олар қой жүнінен кілем, мата тоқыды. Еркектер киіз үйдің қаңқасын, жиһаздар, қару-жарақтар жасаған. Зергерлер алтын мен күмістен әшекей бұйымдар соқты.
13–билетке қосымша
3. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрастырыңыз.
Ол жерде жайқалған өсімдік, көптеген жануарлар тіршілік етеді.
Оларды қамқорлыққа алу керек.
14–билетке қосымша
3. Сөйлемнің сабақтас құрмаластың қай түріне жататынын анықтаңыз.
Өзенді, көлді жерде құс көп болғанымен, бұл жердің балығы мол. Көп білу үшін, көп оқу керек. Ол жеті жасқа толғанда, әкесі қалаға оқуға берді.
15–билетке қосымша
3. Сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып, астын сызыңыз.
Киіз бүкіл үйді қардан, бораннан, желден, жауыннан қымтайды. Киіз үйдің шаңырағы арқылы ішке жарық түседі. Қонақтарға арналған киіз үй сәнді әрі салтанатты болады. Киіз үй – тез жиналып, тез құрылатын баспана.
16–билетке қосымша
3. Оқшау сөздерді тауып, түрлерін анықтаңыз.
Меніңше, бүгін барғанымыз дұрыс. Абайжан-ай, көптің көңілінде жүрген сөзді айттың ғой! Алақай! Емтиханнан бес алдым! Әже, сені алып кетемін.
17–билетке қосымша
3. Берілген сөйлемдерден мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Г.Н. Потанин Шоқанның еңбектерін жақсы білмек болып, шығармаларын көп зерттеді. Шоқантану ғылымында зерттеулер, пікірлер көп, сондықтан оның Европа тілдерін білетіндігі туралы деректер бар. Қазақ, орыс, француз тілдерін үйрену үшін, Шоқан көп еңбек жасаған.
18–билетке қосымша
3. Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңіз.
Қазақтың тұңғыш киносы – «Амангелді» көркем фильмі. Бұл фильмді халқымыз әлі күнге дейін сүйіп көреді. Ұлтымыздың жан-дүниесіндегі тазалық, мөлдірлік, шыншылдық жасай берсін!
19–билетке қосымша
3. Берілген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырыңыз.
Оның пікірінше, бәлкім, бақытыма қарай.
20–билетке қосымша
3. Сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.
Оқығанмен, жеңсе де, шаршағанына қарамастан.
21–билетке қосымша